Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы ақыл-ой танымын қалыптастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І.тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын қолдану
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындарының рөлі ... 6
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... ..8
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... 11

ІІ. тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой танымын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
2.1.Мектепке дейінгі балалардың ақыл. ой тәрбиесі.
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ойының дамуына көркем әдебиеттің әсері...20
2.3. Мектеп жасына дейінгі балдардың танымдық үрдістерін қалыптастырудың жолдары ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ..32
Ел басымыздың 2010 жылдың 28-ақпан айындағы жолдауында білімге соның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге көп көңіл болді. 2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін ,түбегейлі жаңғыртатын болады. Білім берудің әрбір деңгейде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіңдіктері ұсынылады. Мемлекет барлық балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім беруге көшуі іске асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға міндетті білім беруді және екі жыл ішіндегі бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оку бағдарламаларының мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзіреттілікті дамытуға бағытталатын болады.
Орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түпкілікті жобалардың бірі "Назарбаев.. Зияткерлік мектептер" жоспары болады. Бұл мектептер балабақшасы мен мектеп алдында, сондай-ақ 12 жылдық білім беру бағдарламасы ісін оқу-төрбие бағдарлшаларын өзгерулер, енгізу жөне сынау жөніңдегі бастапқы алаңдар болып табылады.
1. Э. Аглакова «Ойын- балалардыы тәрбиелеу және дамыту құралы»// Отбасы және балабақша № 1,2008 ж.
2. А.Қ.Егенисова.«Бастауыш мектеп»-N5,2008[21-24б]
3. Ш.Ақхожина. «Тәрбие құралы»,2\2009[41-43б]
4. Қ.Хұсман. «Бастауыш мектеп»-N12,2009[62-63б]
5. Рональд У. Ричардсон. Поле семейных уз. СПб., 1994.
6. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология. СП., 2001.
7. Т. Қараева «Т. Тәжібаев зерттеулеріндегі ойын әрекетінің мәселелері»// Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары, І – том, Алматы, 2000
8. Ә. Н. Нысанбаев « Адамзат ақыл –ойдың қазынасы» Алматы -2005ж
9. А.Қ.Ахметова.«Бастауыш мектеп»-N12,2005
10. Егемен Қазақстан 12.02.2009ж.[10б]
11. А.Қ.ЕГЕНИСОВА.«Бастауыш мектеп»-N5,2008[21-24б]
12. С.Фейзулдаева .«Бастауыш мектеп»-N8-9,2007[24-25б]

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде
дидактикалық ойын материалдарын қолдану
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындарының рөлі ... 6
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... ..8
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... 11

ІІ- тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой танымын қалыптастырудың
әдістемелік негіздері
2.1.Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуына көркем әдебиеттің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Мектеп жасына дейінгі балдардың танымдық үрдістерін қалыптастырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .32

Кіріспе
Ел басымыздың 2010 жылдың 28-ақпан айындағы жолдауында білімге соның
ішінде мектепке дейінгі мекемелерге көп көңіл болді. 2020 жылға қарай білім
беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге
дейін ,түбегейлі жаңғыртатын болады. Білім берудің әрбір деңгейде білім
алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты
түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіңдіктері ұсынылады. Мемлекет
барлық балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке
дейінгі тәрбие және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім беруге көшуі іске
асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға міндетті білім беруді және екі жыл
ішіндегі бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оку бағдарламаларының
мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзіреттілікті дамытуға
бағытталатын болады.
Орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түпкілікті жобалардың бірі
"Назарбаев.. Зияткерлік мектептер" жоспары болады. Бұл мектептер
балабақшасы мен мектеп алдында, сондай-ақ 12 жылдық білім беру бағдарламасы
ісін оқу-төрбие бағдарлшаларын өзгерулер, енгізу жөне сынау жөніңдегі
бастапқы алаңдар болып табылады. Осы бағдарламалар, Қазақстандық білім
берудің озық үлгілерінің әлемдік педагоггық тәжірибенің озық үлгісімен
үндесетін, физика-математикалық, химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша
бағдарлануды қарастыратын, көп тілде білім беру орташажасауға ықпал ететіт
болады. Білікті кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі
жоспарлармен байланыстырылатын болады. Кәсіптік жөне жоғары білім беру
жүйесінде мемлекет" негізгі" жүмыс беруші ретінде білім беру стандарттарын
белгілеген кеңестік жүйеден мазмұны қалыптасатын нарық біліктілік жүйесі
аркылы кесіби стандарттармен ынтымақтасатын; нарық жүйесіне көшу
жоспарлануда.
Орта техникалық, кәсіптік және жоғары білім электронды оқыту жүйесі
енгізілді. Жоғары оқу орындарына корпоративтік менеджмент принцптерін
енгізе отырып, академиялық еркіндік берілетін болады.
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық
тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез - келген бала
еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол
арқылы бала бір- бірімен өзара қарым- қатынас жасайды. Ойын балалар үшін
айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын
жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай жазады: Бала ойында қалай
болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек
қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.Ойынның негізгі
ерекшелігі – ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс-
әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым- қатынасын
бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны
да болуы мүмкін. Балалар үн- түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде
сөйлесу қарым- қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар
пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті, сюжеті немес мазмұнын
анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынныі түпкі
ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен
туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы
анықтамасы. Мысалы, Дүкен, Аурухана, Ұшақтар, Отбасы, Бала
бақшасы және т.с.с болып ойнайды.
Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым- қатынастарының дамуын, көпжақтылығын
және өзара байланысын анықтайтын нәрсе Ойынның мазмұны оның қызықты етеді,
ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері
ойнаушылардың мінез- қүлқы мен өзара қарым- қатынасын анықтайды және
реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды
ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші
балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.
Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып,
ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың
өзара қарым- қатысын бағыттап отырады. Өзі де сол рольге қатыса алады.
Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан, аулада арнаулы құрылыстар,
ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары- күректер,
доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен
де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызығушылығын жоғалтпайды, тек
оның мазмұны, сипаты өзгереді.[1.11-13]

І-тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы ақыл-ой
танымын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындарына сипаттама
Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы В.А.Сухомлинский былай деп
жазды. Ойын дегеніміз-орасан зор жарық терезе,осы терезе арқылы баланың
рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің,ұғымдардың ширек
тасқыны келіп құйылады.Ойын дегеніміз-бұл ынталық пен құмарлықтың отын
жағатын ұшқын.Дидактикалық ойындарды оқыту процессінде кеңінен пайдалана
отырып балалардың тілін дамытудың тиімділігін арттыруға болады.Әрбір ойының
өзіндік ережесімен ойнау тәртібін біліп,рөлдік сипатын сақтап,дұрыс
ұйымдастыра білу қажет.Ол балалардың білімге деген ынта-ықыласын
оятып,танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.Олар:
-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
- дидактикалық ойыңдарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-
ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;
- ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және
оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек;
- дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы
материалдарға, оның ішіңде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың
мәнін ашу керек;
- дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер
қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайыңдалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу,
ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге
ықпал жасайды. Дидақтикалық ойындарға "Лото", "Домино", "Қуыршақты киіндір"
т.б. Арнайы таңдалып алынған ойындар ("Не жоқ?", "Тал", "Жоғары-төмен",
"Сиқырлы сандық", "Ғажайып қоржын" т.б.). Ойын түрлері оқушының сабақта
тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.
Ойын жаттығулар жүргізілсе де, сабақта көп уақыт алмайды. Бұл ойындар
белгілі бір іс-әрекеттерден тұрмайды. Олар баланың белгілі бір қабілетін
жетілдіруге бағыт-талған. Мұндай ойындарға викториналар, сөзжұмбақтар,
жаңылтпаштар, чайнвордтар, "Кім не істеді?", "Не қалай дыбыстайды?", "Қай
дыбыстан басталады?". Осындай ойындарды түрлеңдіріп отырудың пайдасы зор.
Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез
бейімделеді.
Кимыл-қсзғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады.Бұл ойын түрі
оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар
өзінше бәланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигіеді.
Мысалы: "Кім керек?", "Мысық пен тышқан", "Сыңарыңды тап", "Көңілді по-
езд", "Ақ терек, көк терек" т.б.
Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну,
қабылдау,ойлау сөйлеу процестері дамып,заттарды пішініне,түсіне,көлеміне
қарй іріктеуге,әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Ауызша ойналатын дидактикалықойындарда сұрақ,өтініш келісімді
білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін
қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, "Дүкенде",
"Дәрігерде", "Кітапханада", "Қонақта" және т.б. ойындарды ойнау барысында
үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Сонымен қатар, бұл ойындар балаларды кішіпейлділікке, бауырмашылдыққа
тәрбелейді. Балалардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамытады [2. 21-
24 бет].

1.2.Ойының бала өмірінде алатын орны және рөлі.
Баланың өмірдегі алғашқы қадамы,бірінші әрекеті-ойын,сондықтанда
мәнісі ерекше.Жас баланың өмірді танып,еңбекке қатысуы,психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ойын арқылы балалардың келешек
қоғамдық,мінез-құлқы,өмірге, бір-біріне көз қарасы,қарым-қатынасы
қалыптасады.
Ойын балаларға ақыл-ой,адамгершілік, дене шынықтыру,эстетикалық және
шығармашылық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болды.
Дидактикалық ойындар, аты айтып тұрғандай баланың ақыл-ойын
дамытып,таным-түсініктерін кеңейтеді, ойнай білуді,сөздік қорды молайтып,
ақыл-ой қызметін жақсартады.
Ойының бала өміріндегі орны туралы жасалатын тұжырым мынадай болмақ:
а) ойын-тәрбие құралы,ақыл-ойды кеңейтеді,тілді ұстартады,сөздік қорды
байытады, өмірді танып,сезімді кеңейтеді.
ә)ерік және мінез қасиеттерін бекітеді,адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б)ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі
в)эстетикалық-шығармашылық қабілеттерін дамытады
г)еңбек тәрбиесін шешуге мүмкіндік береді
ғ)дене күшінің жетілуіне көмектеседі
Демек,ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздерін құрайды.[3.41-43 б]
Ойынның бала өмірінде алатын орны бөлек. Бала кішкентай кезінен-ақ,
ойынға құмар болып, соның жетегінде өседі. Ойын баланың ақыл-ойының дамуына
жол ашатын алғашқы құрал. Соған сай ата-ана да баланың қандай жерде кіммен
ойнауына басты мән беруі міндет.
Жалпы білімнің негізі бастауыш сыныпта қалыптасады. Бүгінгі талапқа сай,
баланы басты тұлға деп есептесек, жаңа буын оқулықтарымен жаңаша жұмыс
істеуде әр мұғалімнен шығармашылық ізденісті талап ету орынды және заңды.
Елбасының "Халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты" атты Жолдауында да білім саласы өзекті талқыланған. Және ертеңге
сенімді білімді ұрпақ тәрбиелеуде жаңа қоғамдағы жаңаша үрдістерге аса
назар аударғанымыз жөн болар. Соған сай, сапалы білім алудағы басты
міндеттер мен мақсаттар ортаға салынып, атап керсетілген. Білім беру
реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Осы орайда әрбір оқушының
білімге деген құштарлықтарын арттырудың негізгі қағидаттарын сабақта
ескерген жөн.
Бастауыш сыныптар үшін бұл тәсілдің орны тіпті бөлек. Жас жеткіншек
апғаш білім алуға келген сәтінен бастап күнделікті білім алу процесі оған
қызықты болса. оның болшақта үлкен нәтижелерге қол жеткізері анық.
Бұл тәсілдің басты козі, яғни тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастыру мен
тілін дамыту ойыннан басталады. Осы орайда, күнделікті сабақ барысында ойын
тәсілдерін қолдана отырып, мән бергеніміз абзал. Тәрбиеленушінің құрбы-
құрдастарымен әртүрлі ойындар ойнауының өзі тілінің, жеке тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы М.Жұмабаев баланың ойыны
туралы: "Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады.
Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала әсерлерімен
пайдапанады. Айналасында тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазак
баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық сапады. Шырпыларды тізіп-тізіп
көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды", - деп ұлттық
тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттейді.
Мектепке дейінгілердің тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше.Ойында
адамдар омірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-
тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен жігерлілікке құлшынысы
керініс табады. Халық педагогикасыңда ойындар өте көп және мазмұндары да,
бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан әрі қызғылықты. Олар
Алақан соқпақ, Тақия тастамақ,Аңдардың айтысы тағы басқа.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларға дидактикалық ойындарды
оқыту процесінде кеңінен пайдалана отырып тәрбиеленушілердің тілін
дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол тәрбиеленушілердің білімге деген
ынта-ықыласын оятып, танымдыльқ белсеңділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Әрбір сабақ барысында әсіресе ұлттық ойындарды пайдалана отырып,
сабақты қызықты етіп жүргізу ушының да белсенділігін арттыра түсетіндігі
сөзсіз. Міне, осындай тәсілдерді әсіресе, жас мұғалімдер өз сабағында кең
пайдалана түссе Елбасының Жолдауында айтылған білімге қатысты мәселелер де
өз шешімін біртіндеп таба түсер еді.[4.62-64 б]

1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы.
Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып
оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол балалардың сабакқа деген ынтасын
оятып танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.Дидактикалык
ойындарға материалды тандап алу кезінде біз мына жайттарды есепке алдық:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
- білім көлемі мен сипаты,оларды меңгерудің қолайлылығы;
- ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ал дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Топтағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай
болып, тапсырманың мәнін ашу керек.
2. Талсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, акыл-ой іс-
әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет.
3. Ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және
оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер
карапайым болып, олардың жасалуы мен дайыңдалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
6. Дидактикалык ойындардың нәтижелері объективті түрғыдан бағалануы тиіс.
Дидактикалық ойындарды таңдауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және
дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялык
аспектіге сүйендік. Атап айтқанда, олар төмендегілер:
— оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі,
оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай-күйі;
— оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
— нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.
Осы өлшемдерге сәйкес біз математика және дуниетану сабақтарында
дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдаландық. Ал сауат ашу бойынша
дидактикалык ойындарды төмендегідей топтарға жіктедік.
1. Сөйлем, сөз олардың өзара байланысы туралы түсінікгерді калыптастыруға
бағытталған дидактикалық ойындар: "Қай сөзді жоғалттым?", "Үндемес",
"Сөйлем қуаласпақ". "Не қажет?". "Орамал тастамақ", "Өз орныңды тап",
"Домино". "Кім жылдам?", т.б.
2. Дыбыс және әріп ұғымдарын бекітуге бағытталған дидактикалық ойындар:
"Бұл қалай өзгерген?, "Тапшы, кімнің дауысы?", "Әріп таңдау", "Кім жылдам',
т.б.
3. Буын, тасымал туралы білімдерін бекітуте бағытталған дидактикалық
ойындар: "Қай буынды жоғалттым?", "Өз атынды буынға бөл?", "Ойлап тап".
"Сақина салу", "Бәйге", "Ұшты-ұшты". т.б.
4. Заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратуга
бағытталған дидактикалық ойындар: "Суретті лото", "Сұрақ қой". "Айдаһарды
өлтіру", "Ғажайып алаң", "Жеті күн". "Жеті қазына", санамак-ойындар жұмбақ-
ойындар, т.б.
Ересек топта грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысында жоғарыда
көрсетілген дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдалану өте тиімді болды.
Бұл ойындарды грамматикалық ойындар десе де болады. Олар "деректіден
дерексізге, қарапайымнан күрделіге" ұстанымы негізінде дамып отырды және
оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін арттырды. Мәселен, 1-сыныпта
көптеген оқушылардың кейбір әріптерге. әсіресе "Р". "Л". "С", "Т"
дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш-ойындарды
пайдаланудың мәні зор.
"Ғажайып алаң" ойынының мақсаты - сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білуге
үйрету. Ортаға "Ғажанып алаң" қақпасы қойылады. Барабан бірнеше бөлікке
бөлінеді де,әр бөлікте заттардың суреті болады және оның артында
тапсырмалар жазылған. Мысалы, "Атма" суретін 'алайық. Оған "Қандай" деген
сұрақ койылған.Бала осы сұраққа жауап беру керек.
Сауат ашу пәнінен пайдаланылған дидактикалык ойындар балалардың білімін
жетілдіруге, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруғ, ақыл-ой әрекеттерін
белсендіруге септігін тигізеді.
Тіл дамыту пәнінен дидактикалық ойындарды мынадай топтарга жіктеуге
болады.
1. Балалардың тілін дамытуға бағытталған дидактикалык ойындар: жаңылтпаш
ойындар, "Қуыр-куыр қуырмаш", "Бәйге", "Көкпар". "Малдың төлін емізуге
шақыру". "Сурет сырың",Сейлем қуаласпақ". т.б.
2. Оқушылардың оқу дағдысын калыптастырута бағытталған дидактикалық
ойындар: "Поэзия сәті". "Тізбек". "Кім жылдам". т.б.
3. Мәнерлеп оқуға жаттыктыруға бағытталған дидактикалык ойындар: рөлдік
ойындар - "Құстар айтысы". "Мақта кыз бен мысык". драммалық ойындар
-"Наурыз - жыл басы". "Алдаркөсенің айласы". "Жыл басына таласқан
хайуанаттар", "Бота", т.б.
Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын
молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында колдануға,тез, жылдам сөйлеуге
жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Мәселен.
оқушылардың тілін дамыту мақсатында пайдатанған "Сурет сыры" ойынында қыс
мезгілінің сыр-сипатьн бейнелеген әр түрлі суреттерге әңгіме құрастыру
кезделеді. Бұл ойынға оқушылар аса қызығумен белсене қатынасты.Мәнерлеп
оқуға жаттықтыруда рөлдік және драмалық ойындардың мәні өте зор. Өйткені 1-
сынып окушылары рөлді ойнауға ерекше ықыласпен қарайды.
Математикадан пайдаланылған дидактикалық ойындардың
төмендегідей болды.
1. Он көлеміңдегі сандардың атауын, ретін меңгертуге бағытталған
дидактикалық ойындар: санамақ-ойыңдар, жанылтпаш-ойындар, жұмбақ-ойындар,
"Тіз "Поезд", "Орнынды тап", "Жалғастыра санау", "Көрші, көрші", т.б.
2. Он келеміндегі сандардың құрамы туралы білімді бекітуге бағытталған
ойын: "Мынау кімнің үйі?", 'Допы қай ойыншыға беру керек?, "Хаттың иесі
кім?", "Керекті саңды қой", т.б.
3. Он көлеміндегі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыруға
бағьтталған дидактикалық ойындар: "Айға кім бұрын жетеді?, "Есептеуіш
машиналар", "Дүкен", "Десанттар", "Баспалдақ", "Аң патшасы", "Орамал
тастамақ", "Хан талапай", "Қасқыр мен қой", "Тенге алу", т.б.
4. Қарапайым геометриялық материалды меңгертуге бағытталған дидактикалық
ойындар: "Геометриялық эстафета", "Ою құрастыру", "Фигураны тап", "Бірден
сызып шық, "Сыр сандықты ашып қара", т.б.
Дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалану оқушының
алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік
жасайды. Математика сабағында ойындарды пайдаланудың түрлі жолдары бар.
Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.
Ойынды сабақтың басында пайдалану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына, өткенді қайталауға оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын
көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында пайдаланылатын болса, онда
мұғалімнің мақсаты - оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын
ұмыттыру, ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не
сол сабақтан алған білімді жинақтау, пысықтау мақсатында пайдаланылады.
Оқушыларға ойындар арқылы берілетін білім балалардың санасына тез жетіп,
есінде ұзақ сақталады. Әрине, белгілі бір білімді меңгертуге бағытталған
дидактикалық ойындарды пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Ең
бастысы, математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану
оқушылардың білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді.
Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі мынадай болып
бөлінеді.
1. Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат,
құстар, жан-жануарлар жөніндгі жұмбақ-ойындар, "Бақытты сәт", "Иесін тап",
"Бұл қай аң?", "Кім тез айтады?", т.б.
2. Тазалық пен күн тәртібін сактауға байланысты дидактикалық ойындар: "Күн
режим", "Тап-таза", "Күн мен түн "Бір минут", т.б.
3. Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: "Кім күшті",
"Қуыршақты киіндіру", "Спорт", "Өнер көрсет", т.б.
Дүниетану сабақтарында жұмбақ-ойындарды көбірек пайдалану өте
тиімді,олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен
құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен
септігін.тигізеді. Біз сабақтарда оқушылардың білім деңгейін молайту
мақсатында төмендегідей жұмбақтарды пайдаландық: құс тураты "Бір-ақ уыс
көлемім, Шыбын шіркей қорегім. Бау-бақшаны қоргаймын, Ал атым ше?"
(торғаймьш); аспан әлеміне байланысты "Тақиям толган сөк, Таңертең турсам
дым да жоқ"(жүлдыз); табиғат кұбылыстары туралы "Аппақ-аппақ, ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып" (кар), адамның дене-мүшелері туралы "Қимылдаса қос
шебер, Қыруар-қыруар іс өнер" (қол). өсімдіктер туралы "Іші жумсақ, сырты
қатты, Еті қызыл, сүті тәтті ' (қарбыз); киімдер туралы "Барады, барады,
Аузын ашып қалады" (кебіс), жануарлар туралы "Таптым-таптым тап жорга,
Табаны жалпақ боз жорга" (түйе).
Ұсынылып отырған жұмбақ ойындар сабақта жарыс түрінде көрнекі
құралдарды пайдалана отырып өткізіледі. Олар балаларды тапқырлыққа үйретеді
ой-қиялдарының өсуіне көмектеседі,қызығуы мен белсенділігін арттырады.
Сондай-ақ, балалардың өз бетімен шығармашылық ізденісін, эстетикалық
талғамын жетілдіру мақсатында оларға үйде жұмбақтар даярлатып, оның
суреттерін салдыртатын болады.
1-сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде біз пайдаланған жоғарғыдағы
дидактикалық ойындар төмендегідей міндеттерді атқарады.
Білімділік - жаңа білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру,алған
білімлерін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелік - қоршаған ортаға кұнды. сыйлы қатынасты калыптастыру.
Дамытушылық - баланын физиологиялық және психикалық (қабылдау, ес,ойлау,
қиял, зейін, ерік) дамуын қамтамасыз ету.
Диагностикалык - оқыту тәрбиелеу және дамыту нәтижелерін сараптау.[5.67-69
б].

ІІ – тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой танымын
қалыптастырудың әдістемелік негіздері
2.1.Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой тәрбиесі.
Ақыл- ойдың дамуы – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы
мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда
болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта
білімнің қорлануы шапшаң қарқын мен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала
ақыл- ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл- ой дамуын
қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс- әрекеті үшін зор маңызы бар.
Ақыл- ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге
асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым- қатынас
құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін
игереді. Ақыл- ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде
жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі
көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық
ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызымет әдістерін меңгереді
деп есептейді.
Карл Юнг интеллектуал ретінде анықтайтын адамды онша жақсы көрген
жоқ. Ол бір клиенттің мінез-құлқын былай талдады: Бұл науқас нағыз
қылмыскер ретінде болмаған, тек, атап айтқанда, интеллектуал болып, ақыл
күшіне сенгені соншама, істеген жаманынан өз ойынан қайта алады деп
түсіндірді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл- ойын дамытуды дұрыс
ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту негізі
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Баланың психикалық танымдық процесін дамытуға арналған ойындар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын қолдану
Ойын арқылы балаларды оқыту және тәрбиелеу
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту
Ойлаудың логикалық формасын үйрену
Пәндер