Сәлем - сөздің атасы
Құрметті, мұсылман қауым! Аллаһтың мейірімімен көбіміз Ислам дінін ұстанып жүрміз. Аллаһтың қалауымен намазға да бет бұрып, рухани шөлімізді Исламның қайнар бұлағы Құраннан, шарапатты хадистерден білім көсіп, жанымыздың азығы, тәніміздің сәні, көкейіміздің нұры етіп келеміз.
Ата-бабамыз мұсылман, оған шүбә келтірмейміз. Аталарымыздың Ислам дінін ұстанғанын олардың бізге қалдырған мұраларынан байқай аламыз. Үлкен келсе “ассалаумағаликум” деп, қол алысып, төс тигізетіні, пайғамбар есімі аталса “алейһис салам” деп, салауат айтатыны, біреу о дүниелік болса “иманды болсын” дейтіні осының айғағы. Абай атамыздың “Қара сөздерінің” өзі ұлы кемеңгердің Ислами сауатының бір айнасы.
70 жыл бойы дінсіздік түнегіне тұншығып, әбден діннен алыстай бергенде Аллаһтың мейірімімен еліміз егемендік алып, дініміз қайта оралды. Мешіттер саны көбейіп, тиісінше мұсылмандар да арта түсті. Енді бұрынғы “салам братандардың” орны “әссалаумағаликуммен” ауыстырылып, сөзіміз сәнделе бастады. Пайғамбар есімін естісе болды, тілі келгені арапшалап, келмегені қазақшалап, салауат айтуға беттеді.
Бұл өте қуанышты жағдай. Сөзің түзелсе өзің түзелесің демекші, бұл бір жақсы бастама. Байқап қарасақ, қазіргі таңда Ислам тұрғысында көптеген еңбектер жарық көріп жатыр. Шариғат саласында да, сенім мәселесінде де, мінез-құлық жағынан да сөз қозғап, ой түйнектеп жатқандар аз емес. Бұл жолы мен дін жаюшы бауырларымыздың жасап жатқан көл-көсір еңбектеріне кішігірім тамшы ретінде осы бір шағын еңбегімді әзірлеп, мұсылмандар арасында кең қолданыста жүрген кішігірім сөйлемдер мен сөз тіркестерін түсіндіріп, мағыналарын ашып көруге тырыстым. Мағынасыз айта салғаннан гөрі ендігі кезде өзінің не деп, не тілеп тұрғанын түсінсін деген мақсат біздікі. Ондай болса Ұлы Раббымызға тәуекел еттік. Аллаһым, осы бір кішігірім еңбегімізді қабыл алып, мұсылман жұртшылығының жүрегіне қондыра гөр!
“Сәлем - сөздің атасы”
Ертеректе араб салты бойынша әр тайпаның, әр топтың өзіне тиісті сәлемдесу үлгісі болатын. Оған қоса олар өздерінің сәлемдерінде “таң немесе күн нығметті болсын”, “күнің берекетті болсын”, “мың жаса”,-деп, тұрмыстың жақсы, өмірдің ұзақ болуын тілеп, амандасатын. Кейде тіпті бірі-біріне бас иіп, тағзым ететін.
Уақыт өте Ислам діні келіп, әр топтың өзіне тән амандасу үлгісін ауыстырып, бас ию сынды әдетті жойып, жалпыға ортақ “әссәләму ғаләйкум” сәлем сөзін енгізді. Анығына келсек, бұлай амандасу үлгісі ең бірінші бабамыз-Адам пайғамбар кезінен бастау алады. Әбу Һурайрадан жеткен хабарда Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): “Аллаһ адамды бойын алпыс кез етіп жаратты, сосын оған: “Барып анау періштелерге сәлемдес және олардың саған не сәлем қайтаратынын тыңда, бұл сенің сәлемдесуің және сенің ұрпағыңның сәлемдесуі болады”,-деді. Адам оларға барып: “Әссәләму ғаләйкум”,-деді. Олар: “Әссәләму ғаләйкә уа рахмәтуллаһ”,-деп, оның сәлеміне: “уа рахмәтуллаһ” дегенді қосты”,-деген. (Бұхари, Муслим).
Бұл кішігірім сөйлемнің мағынасына келер болсақ, “Әссәләм” дегеніміз “амандық” мағынасын береді. Мұсылман адам осылай айтуы арқылы өзінің бауырына: “Ашу, ыза, кек, қастандық, жамандық атаулының бәрінен де аман бол, менің саған ешбір жаман ойым жоқ, менен сескенбе, бейбітшілікпен келдім”,-дегенді білдіреді. Ондай болса бұл сөйлем барлық жамандық пен апаттан аман болуын тілеп айтылған дұға болмақ. Сірә, “сәлемдесу” сөзінің баламасы “амандасу” деп аталуының сыры да осында жатыр.
“Ғаләйкум”,-деген сөз “сендерге” дегенді білдіреді, яғни көп адаммен амандасу барысында және кей жағдайда жеке адамға “ғаләйкум” деп айтса да болады. Жалпы “ғаләйкум” немесе “ғаләйкә” деп айту сәлемдесудің мәні мен мағынасына ешбір нұқсанын келтірмейді, себебі бұл бар болғаны есімдіктің “сендер” немесе “саған” деп өзгеруі ғана. Алайда, сүннетке сай келетін түрде амандасамын деген жан жеке адамға “әссәләму ғаләйкә” деп айтқаны дұрыс әрі бұл абзалырақ, себебі періштелер Адам пайғамбарға жауап қатқан кезде: “Әссәләму ғаләйкә”,-деген.

Сәлем- сөздің анасы
дайындаған: Азамат Махыпбекұлы Саденов (Әл-Азһар университетінің 2 курс
студенті Каир қаласы, 2008 жыл)
“Әріптері санаулы, мағынасы алаулы сөздер мен сөз тіркестері” сериясынан
Құрметті, мұсылман қауым! Аллаһтың мейірімімен көбіміз Ислам дінін ұстанып
жүрміз. Аллаһтың қалауымен намазға да бет бұрып, рухани шөлімізді Исламның
қайнар бұлағы Құраннан, шарапатты хадистерден білім көсіп, жанымыздың
азығы, тәніміздің сәні, көкейіміздің нұры етіп келеміз.
Ата-бабамыз мұсылман, оған шүбә келтірмейміз. Аталарымыздың Ислам дінін
ұстанғанын олардың бізге қалдырған мұраларынан байқай аламыз. Үлкен келсе
“ассалаумағаликум” деп, қол алысып, төс тигізетіні, пайғамбар есімі аталса
“алейһис салам” деп, салауат айтатыны, біреу о дүниелік болса “иманды
болсын” дейтіні осының айғағы. Абай атамыздың “Қара сөздерінің” өзі ұлы
кемеңгердің Ислами сауатының бір айнасы.
70 жыл бойы дінсіздік түнегіне тұншығып, әбден діннен алыстай бергенде
Аллаһтың мейірімімен еліміз егемендік алып, дініміз қайта оралды. Мешіттер
саны көбейіп, тиісінше мұсылмандар да арта түсті. Енді бұрынғы “салам
братандардың” орны “әссалаумағаликуммен” ауыстырылып, сөзіміз сәнделе
бастады. Пайғамбар есімін естісе болды, тілі келгені арапшалап, келмегені
қазақшалап, салауат айтуға беттеді.
Бұл өте қуанышты жағдай. Сөзің түзелсе өзің түзелесің демекші, бұл бір
жақсы бастама. Байқап қарасақ, қазіргі таңда Ислам тұрғысында көптеген
еңбектер жарық көріп жатыр. Шариғат саласында да, сенім мәселесінде де,
мінез-құлық жағынан да сөз қозғап, ой түйнектеп жатқандар аз емес. Бұл жолы
мен дін жаюшы бауырларымыздың жасап жатқан көл-көсір еңбектеріне кішігірім
тамшы ретінде осы бір шағын еңбегімді әзірлеп, мұсылмандар арасында кең
қолданыста жүрген кішігірім сөйлемдер мен сөз тіркестерін түсіндіріп,
мағыналарын ашып көруге тырыстым. Мағынасыз айта салғаннан гөрі ендігі
кезде өзінің не деп, не тілеп тұрғанын түсінсін деген мақсат біздікі. Ондай
болса Ұлы Раббымызға тәуекел еттік. Аллаһым, осы бір кішігірім еңбегімізді
қабыл алып, мұсылман жұртшылығының жүрегіне қондыра гөр!
“Сәлем - сөздің атасы”
Ертеректе араб салты бойынша әр тайпаның, әр топтың өзіне тиісті сәлемдесу
үлгісі болатын. Оған қоса олар өздерінің сәлемдерінде “таң немесе күн
нығметті болсын”, “күнің берекетті болсын”, “мың жаса”,-деп, тұрмыстың
жақсы, өмірдің ұзақ болуын тілеп, амандасатын. Кейде тіпті бірі-біріне бас
иіп, тағзым ететін.
Уақыт өте Ислам діні келіп, әр топтың өзіне тән амандасу үлгісін ауыстырып,
бас ию сынды әдетті жойып, жалпыға ортақ “әссәләму ғаләйкум” сәлем сөзін
енгізді. Анығына келсек, бұлай амандасу үлгісі ең бірінші бабамыз-Адам
пайғамбар кезінен бастау алады. Әбу Һурайрадан жеткен хабарда Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.а.с): “Аллаһ адамды бойын алпыс кез етіп жаратты, сосын оған:
“Барып анау періштелерге сәлемдес және олардың саған не сәлем қайтаратынын
тыңда, бұл сенің сәлемдесуің және сенің ұрпағыңның сәлемдесуі болады”,-
деді. Адам оларға барып: “Әссәләму ғаләйкум”,-деді. Олар: “Әссәләму ғаләйкә
уа рахмәтуллаһ”,-деп, оның сәлеміне: “уа рахмәтуллаһ” дегенді қосты”,-
деген. (Бұхари, Муслим).
Бұл кішігірім сөйлемнің мағынасына келер болсақ, “Әссәләм” дегеніміз
“амандық” мағынасын береді. Мұсылман адам осылай айтуы арқылы өзінің
бауырына: “Ашу, ыза, кек, қастандық, жамандық атаулының бәрінен де аман
бол, менің саған ешбір жаман ойым жоқ, менен сескенбе, бейбітшілікпен
келдім”,-дегенді білдіреді. Ондай болса бұл сөйлем барлық жамандық пен
апаттан аман болуын тілеп айтылған дұға болмақ. Сірә, “сәлемдесу” сөзінің
баламасы “амандасу” деп аталуының сыры да осында жатыр.
“Ғаләйкум”,-деген сөз “сендерге” дегенді білдіреді, яғни көп адаммен
амандасу барысында және кей жағдайда жеке адамға “ғаләйкум” деп айтса да
болады. Жалпы “ғаләйкум” немесе “ғаләйкә” деп айту сәлемдесудің мәні мен
мағынасына ешбір нұқсанын келтірмейді, себебі бұл бар болғаны есімдіктің
“сендер” немесе “саған” деп өзгеруі ғана. Алайда, сүннетке сай келетін
түрде амандасамын деген жан жеке адамға “әссәләму ғаләйкә” деп айтқаны
дұрыс әрі бұл абзалырақ, себебі періштелер Адам пайғамбарға жауап қатқан
кезде: “Әссәләму ғаләйкә”,-деген.
Ғұламалардың бір тобы: “”Әс-Сәләм” деген Аллаһтың көркем есімдерінің бірі
болып табылады. Ондай болса мұсылман адам екінші бауырына “Әс-Сәләму
ғаләйкум” деп айтуы арқылы “Әс-Сәләм сендерді бақылап тұр” немесе “Амандық
пен есендік иесінің есімімен сендерді қарсы аламын”,-деген мағына шығады”-
деген.
Кей жағдайда “Әссәләму ғаләйкум” сәлем сөзіне “уа рахмәтуллаһ”,-деп қосып
амандасуға болады. Хадистерде айтылғанындай, бұлай амандасу жиырма
жақсылыққа тең. Сондай-ақ, “Әссәләму ғаләйкум уа рахмәтуллаһи уә
бәрәкәәтуһ” деп айтуға да болады әрі бұл отыз жақсылыққа тең келеді.
“Уа рахмәтуллаһи”-дегені “Аллаһтың мейірімі, рақымы жаусын” деген мағына
берсе, “уә бәрәкәәтуһ”-дегені “Аллаһтың берекесі жаусын”,-дегенді
білдіреді. Әр кездескен сайын осылай сыйы көп, тілге жеңіл, мағынасы
ауқымды сөздер арқылы өзара дұға айту шынымен-ақ мұсылмандар арасында
махаббат пен теңдікті тудыратыны сөзсіз!
Байқап қарасақ, сәлемдесудің бұл түрі “қайырлы таң, қайырлы кеш, мың жаса”
дегендей сәлем сөздеріне қарағанда өте ауқымды, кең мағыналы. “Қайырлы таң”
немесе “қайырлы кеш” десең, күннің өзге бөліктері айтусыз қалып, келте
аяқталмақ. “Мың жаса” дегені ұзақ өмір тілеу екені рас, алайда ол ұзақ
өмірі жамандық, зұлымдық, қиындықпен өтсе ұзақ өмірден әбүйір бар ма?! Ал
енді “Әссәләму ғаләйкум”,-деген сәлем сөз өмірдің барлық сәтін қамтып,
толық амандық тілеуді білдіреді. Адамның бұл дүниеде жетістікке қол
жеткізуі екі нәрсе арқылы жүзеге асады: жамандықтан аман болу және
жақсылыққа қол жеткізуі. Сол үшін де алдымен оған амандық тілеп,
жамандықтан аман болуын дұға етеміз.
Сәлемдесудің шариғи дәлелдері
Ұлы Раббымыз қасиетті Құран Кәримде: “Әй, иман келтіргендер! Өздеріңнің
үйлеріңнен өзге үйге рұқсат алмайынша және үй иелеріне сәлем бермей тұрып
кірмеңдер”,-деген. (Нұр, 27). Тағы бір аятта: “Қашан үйлерге кірсеңдер,
өздеріңе Аллаһ тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!”,-
делінген. (Нұр, 61).
Ал сүннеттегі дәлелдерге келер болсақ, Аллаһ елшісінің (с.а.с) сәлемдесу
мәртебесін баян еткен сөздері өте көп әрі оны осы тақырып ішінде де көптеп
кездестіресіздер. Бірақ, әдеттен озбай, көп сөйлеп созбай бір мысал
келтірер болсақ, бірде бір адам пайғамбардан (с.а.с): Қай Ислам жақсы?-
деп сұраған екен. Онда ол кісі (с.а.с): Адамдарды тамақтандыруың және
танитыныңа да, танымайтыныңа да сәлем беруің-дейді. (Бұхари, Муслим).
Сәлем беру үлгілері мен әдептері
Сәлемдесу мәселесінде адамдарды екі топқа бөлуге болады. Бірінші тобы –
қарапайым мұсылмандар, екіншісі – кәпірлер, дінге қарсы келушілер. Төменде
осы екі топты жеке-жеке қарастырып, оларға сәлем беру үлгілері мен
әдептерін талқылаймыз. Оған қоса Аллаһқа, періштелерге, пайғамбарларға
сәлем жолдау үлгілерінен де бірер мысалдар келтіріп өтеміз.
а) Пасықтығы байқалмайтын қарапайым мұсылмандарға сәлем беру:
Жалпы, сәлем беруші адам: “Әссәләму ғаләйкум уа рахматуллаһи уә
бәрәкәәтуһ”,-деп айтуы мустахаб, яғни жақсы, ал жауап қатушы адам: “Уа
ғаләйкумус сәләм уа рахмәтуллаһи уә бәрәкәәтуһ”,-деп жауап қатады. Бұлай
сәлемдесу отыз жақсылыққа тең. Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с) қасынан бір
адам өтіп бара жатып: “Әссәләму ғаләйкум”,-деп, өтіп кетеді. Сонда ол кісі
(с.а.с): “Он жақсылық жазылды”,-дейді. Біраз уақыттан кейін басқа бір адам
өтіп бара жатып: “Әссәләму ғаләйкум уа рахматуллаһ”,-деп, өтіп кетеді.
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с): “Жиырма жақсылық жазылды”,-дейді. Біраз
уақыттан соң үшінші адам өтіп бара жатып: “Әссәләму ғаләйкум уа
рахматуллаһи уә бәрәкәәтуһ”,-деп, өтіп кеткенінде Аллаһ елшісі (с.а.с):
“Отыз жақсылық жазылды”,-дейді. (Нәсәи, Бұхари “Әдәбул муфрад”. Сахих
сенімді хадис).
* Ғұламалар Құрандағы: “Егер де сендерге сәлем берілсе одан абзал түрде
жауап қатыңдар немесе дәл солай қайтарыңдар”,-деген аятты негізге алып,
біраз үкімдер шығарған. (Ниса, 86). Бұл аяттағы “абзал түрде немесе дәл
солай” деген шектеу жауаптың “түрі”, “көлемі” және “кейпіне” қарасты
айтылған. Сәлем “түріне” мысал келтірер болсақ, мәселен, бір адам “Әссәләму
ғаләйкә” деп, екінші адам: “Сәлеметсіз бе, қайырлы таң, мың жаса”,-деп
жауап қататын болса, бұл жауабы дұрыс болмайды, себебі бұл жауап түрі сәлем
сөзінен абзал емес әрі дәл өзіндей де болмайды.
Сәлем “көлеміне” мысал келтірер болсақ, мәселен, біреу “Әссәләму ғаләйкум
уа рахматуллаһ”,-деп, екінші адам “Уағәләйкум”,-деп жауап қатса, оның бұл
жауабы дұрыс болмайды, себебі бұл жауап сәлем көлемінен аз. Осыған орай
“Әссәләму ғаләйкум” деген адамға “уағәләйкумус сәләм уа рахмәтуллаһ” деп
немесе “уағәләйкумус сәләм уа рахмәтуллаһи уә бәрәкәәтуһ” деп жауап берген
дұрыс. Ал бұлай айтуды қиынсынатын болса, онда сәлем берушінің сәлеміндей
етіп жауап қатуға болады.
Сәлем “кейпіне” мысал келтірер болсақ, мәселен, бір адам түсінікті, жоғары
дауыспен, жымиып сәлем беріп, екінші адам бәсең, ұғынықсыз түрде, қабақ
шытып жауап қатса, бұл жауап та дұрыс болмайды.
* Кездескен кезде қол алысып амандасу-сүннет амалдарына жатады себебі
сахабалар осылай жасайтын. Әнастан: “Аллаһ елшісінің сахабалары қол
алысатын ба еді?”,-деп сұрағанда ол: “Ия”,-деп жауап берген. (Бұхари). Қол
алысу оң қолмен жасалады әрі қол алысып амандасу кезінде екі мұсылманның
жасаған күнәлары кешіріледі. Бұған Әбу Дәудте келген сахих хадис дәлел. Ал
егер де жалпы жиын немесе көп адамдарға кезіксе, қол алыспайды, бәлкім,
“Әссәләму ғаләйкум” деп, жалпы сәлем жолдаса да болады.
* Намаз соңында екі иыққа қарап: “Әссәләму ғаләйкум уа рахмәтуллаһ”,-деп,
сол жаққа да дәл осылай сәлем жолдау – сүннет амалына жатады. Алайда намаз
оқыған кезде қасындағы адамның қолын қысып, онымен құшақтасып жату сүннетке
қайшы амал болып табылады.
* Аллаһ елшісі (с.а.с): “Көліктегі адам жаяу адамға, жүріп келе жатқан адам
отырғанға, аз адам көп адамдарға сәлем береді”,-деген. (Бұхари, Муслим).
Тағы бір риуаятта: “Жасы кіші жасы үлкенге сәлем береді”,-делінген.
(Бұхари). Бірақ, жасы үлкен адам жасы кіші амандаспайынша күтіп отыруы
керек немесе көп адамның аз адамдар сәлемін күтіп отыруы керек деген сөз
емес. Қайсыбірі амандасуды ұмытып бара жатса, екінші тарап амандық айтып,
сәлем жолдауында еш оқасы жоқ. Тіпті қай тарап болса да бірінші болып сәлем
беруге тырысқаны жақсы. Себебі Аллаһ елшісі (с.а.с) бір хадисінде: “Бірінші
болып сәлем берген адам адамдардың арасындағы Аллаһқа ең жақыны”,-деген.
(Әбу Дәуд, сахих хадис).
* Бір күнде болса да бірнеше рет кездескен екі адамның әр кездескен сайын
амандасуы да жақсы амал. Әбу Һурайрадан жеткен хабарда бір адам намаз оқып,
намазын аяқтаған соң пайғамбарға келіп, оған сәлем бергені айтылады. Сонда
пайғамбар (с.а.с) оның сәлеміне жауап қатып: “Кері қайт та намазыңды қайта
оқы. Сен намазыңды дұрыс оқымадың”,-дейді. Әлгі адам кері қайтып, намазын
қайта оқып, болған соң қайта келіп пайғамбарға сәлем берді. Осылай үш рет
жасады. (Бұхари, Муслим). Кейбір адамдарға бір күнде екі рет сәлем беріп
қойсаң: “Бүгін ғана кездестік емес пе?”-деп таңқалуы осы хадисті білмеуінің
салдарынан.
* Алыстан өткен кезде: “Әссәләму ғаләйкум”,-деп айтып, қолымен ишарат
жасаса болады. Хадисте: “Аллаһ елшісі (с.а.с) мешіттің қасынан өтіп бара
жатқанында бір топ әйел адамдар отырған болатын. Сонда ол кісі сәлем
жолдап, қолымен ишарат жасады”,-деп келген. (Әбу Дәуд, сахих сенімді
хадис). Имам Науауи осы хадиске сілтеме жасап: “Аллаһ елшісі (с.а.с) сөзі
мен ишаратты қатар жасаған”,-дейді. Сол үшін кейбір ғұламалар қазіргі таңда
көлік мінген адамның сырттағы біреуге сәлем бергісі келген кезде сигнал
басып, соны амандасу көруінің сәлемге кірмейтінін айтады. Бәлкім, көлікте
болса да қолымен ишарат жасап, аузымен айтуы керек етіледі. Ал егер сигнал
беріп, сырттағы адамды өзіне қаратып алып, сосын қолымен ишарат жасап,
аузымен сәлем жолдайтын болса, онда бұл рұқсат.
* Көп адамдар отырған жиын немесе ілім отырыстарына келген адам жағдайға
қарай сәлем айтады. Егер де оның сәлем айтуы жиындағыларға кедергілік
келтіретін болса, онда тыныш келіп, сәлемсіз қосылады. Ал егер оның сәлемі
жиынға зияны тимейтіндей жағдай болса, онда әркіммен жеке-жеке емес, жалпы
түрде: “Әссәләму ғаләйкум”,-деп, жиынға қосылады.
* Егер адам намаз оқып тұрғанында біреу келіп сәлем беретін болса, ол адам
сәлем берушіге жауап қатпайды, бәлкім қолымен ишарат жасайды. Ибн Омар
(р.а) Білалдан (р.а): “Аллаһ елшісі (с.а.с) намазда тұрғанында келіп сәлем
берушілерге қалай жауап қататын еді?”,-деп сұрағанында ол: “Қолымен ишарат
жасайтын”,-деп жауап қатқан екен. (Ахмад, Әбу Дәуд. Сахих сенімді хадис).
* Егер адам басқа біреулердің сәлем жолдағанын айтып: “Бәлен саған сәлем
жолдап жатыр”,-десе, естіген адам: “Уа ғаләйкә уа ғаләйһис сәләм” немесе
“Уа ғаләйкә уа ғаләйһимус сәләм”,-дегені абзал, яғни “саған да оларға да
сәлем болсын”,-деген сөз. Пайғамбарымыз (с.а.с) Айшаға: “Жәбрайл саған
сәлем жолдап жатыр”,-дегенінде Айша: “Уа ғаләйһис сәләм уа рахматуллаһи уә
бәрәкәәтуһ”,-дегені риуаят етіледі. (Бұхари, Муслим). Арапшасын айта алған
адам осылай айтқаны абзал. Ал арапшасын айта алмаған адам: “Сәләмәт
болсын”,-дегеннен гөрі “Саған да, оған да сәлем болсын”,-деп, сәлемді
жеткізушіге де, сәлем жолдаушыға да жауап қайтарғаны абзал. Бірақ тек сәлем
жолдаушыға ғана айтса да болады. Ислам әдебінің кемелдігін осы жерден
байқауға болады.
* “Бәленге сәлем жолдай салшы”,-деген сөзді естіген адам сәлемді жеткізуі
міндет, себебі Аллаһ тағала Құранда: “Шын мәнінде Аллаһ тағала аманаттардың
өз иелеріне қайтарылуын бұйырды”,-деген. Ондай болса “Бәленге сәлем айта
сал” деген сөз аманаттың бір түрі саналып, естіген адам келісетін болса,
сол аманатты жеткізуі шарт. Ал егер сәлем жолдаушы адам: “Егер оны көрсең
сәлем айт” десе, онда әлгі адамды көрген кезде есіне түссе ғана сәлем айтуы
керек етіледі. Бірақ ғұламалар: “Бәленге сәлем айта сал”,-деп, көрінген
адамның мойнына аманат арта берудің дұрыс еместігін айтады. Тек егер
кездесу немесе байланысу қиын жағдай болса біреу арқылы сәлем жолдауға
болады.
* Әнас ибн Мәлик (р.а): “Пайғамбар бір сөз сөйлейтін болса, түсінікті болуы
үшін оны үш рет қайталап айтатын, ал егер бір қауымға келіп сәлемдесетін
болса, олармен үш рет сәлемдесетін”,-деп риуаят етеді. (Бұхари). Бұл
хадистегі үш рет сәлемдесу барлық кезде сүннет амалына жатпайды. Бәлкім,
естімей қалды-ау, түсінбей қалды-ау деп күмәнданса, немесе қария адамдармен
кездессе, онда бір рет, екі рет сәлем беруіне болады. Ал егер сонда да
естімей немесе түсінбей тұрса, онда үшінші рет айтуына болады әрі үштен
артық қайталап жатудың керегі жоқ.
* Түнде немесе ұйықтап жатқан адамдары бар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz