Тағдыры таңғажайып Гете
«Фауст», «Жас Вертердің қасіреті», «Торквато Тассо», «Батыс - Шығыс диуаны», «Эгмонт», «Вильгельм Мейстер», «Эрлкенинг»... Саналы ғұмырын тек шығармашылықтың отымен кіріп, күлімен шығуға жұмсамаған ұлы ақын! Адамзатқа «әлемдік әдебиет» концепциясын ұсынып, көкжиегін кеңейткен ұлы неміс! Гете шын мәнінде бақытты ақын! Ол Данте секілді қуғын-сүргіннің дәмін татпады. Дуэльге шығып, оқ тигізіп өлім құшқан Пушкиннің кебін киюден дін аман! Инквизицияның ойыншығына айналған Джордано Бруно болған жоқ. Гомер мен Эсхилдің трагедиясы Гетенің маңайына жуыған емес. Өзге ұлылардың қатігез өмірбаянын Құдай Гетеге бермеді. «Тағдырының серкесі, тәңірінің еркесі» - дейтіні сондықтан. Бірақ, біз нағыз бақытты деп тапқан Гете: «Егер мен өмірімнің қайғысыз, тек бақытты күндерін ғана санар болсам, ең көп дегенде төрт жұма шығар-шықпасы белгісіз» - дегеніне таң қаласың. Ақынның бұлай деуінің астарында терең мән жатыр. Ұлылар өздерін әрдайым бақытсыз сезінуі заңды құбылыс. Өмір жолына үңілсеңіз, ақын тағдырының аспаны қара бұлтсыз, трагедиясыз-ақ, кемеліне жетіп, ұлылыққа жол ашқан. Жас кезінде әдебиетке құлай берілмеді. Бірақ, он бес жасынан өлең жаза бастаған ол небәрі жиырма екі жасында поэтикалық даңққа бөленеді. Тынымсыз, үздіксіз шығармашылық еңбекпен кейінірек шұғылданды. Ғылымның көптеген саласын игерді. Әдебиетпен шектеліп қалғысы келмегендіктен емес, атақ, даңқа әуестіктен де емес, өз көкейін тескен мың-миллион сауал әр саланы ашып, тексеруге мәжбүр етті. Ол өмірінің мәнін алғашқыда ғылымнан табуға тырысты. 19-20 жасында философияға әуестігі оянды. Философия дегенде ол Пифагормен бірге сандарды санап отырмады. Ол философияға сұрақ қойып келді. Кеңістікке үлкен күдікпен көз салды. Ақиқатты іздеді. Мына әлемнің бастау бұлағы қайда жатыр? Біз кімбіз? Қандай тылсым күштер өсімдіктерді өсіруге мәжбүр етті? Сансыз көп жұлдыздарды айналып жүрген планеталар, жер, су, ауа, от және ойлауға қабілетті жан иелерінің түпкі жаратылысын іздеуге кірісті. Ол өз сұрағын жануар-жәндіктерге де қояды. Сүйтіп, философиядан басталған білуге деген құштарлық пен сұрақтар тасқыны биология, медицина, анатомия ғылымдарына даңғыл жол ашты. Өзі заң факультетін бітірді. Страсбургте оқып жүр деген аты болмаса, ақын ол кезде танцмейстерден би сабағын үйреніп жүрген. Несі бар, ақынға биші болған да жарасады. О баста әкесі Гетені оқуға аттандырғанда өзі сияқты бір қаланың империя кеңесшісі болатынынан үміттенді. Бірақ, ақынның жолы әкесінікімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын еді. Араға бірнеше жылдар салып, сурет, дін, химия, мистика, жаратылыстану, ботаника, саясат, мәдениет... Қаршадайынан бірнеше көне және еуропалық тілдерді меңгергенін қосып қойыңыз. Француз мәдениетін жіліктеп шағады. Шығыс ойшылдарымен жете таныс.
Ұлылар да еліктейді. Бір кездері Гете Гомерге еліктеп «Соңғы Гомерид» болғысы келген. Иллиадаға ұқсас «Ахиллеаданы» жазды. Бірақ, аяқтамай тастап кетті.
Гете адам адасса көптеген қателіктерді белуардан кеше жүріп, ақырында шындыққа жетеді дейді. Оның заманында адасқандар аз болмаған. Әр қайсысы әртүрлі ағымдардың жетегінде кетіп, бір-бірін терістеген кездер де кездескені тарихтан аян. Тарихта Гете ғұмыр кешкен заман екіжақты суреттеледі. Қатігез, аяусыз езгі, қатал, үлкенді-кішілі революцияларымен қоса мейірімді, думаншыл, сауықшыл, тұмансыз жағы да болды. Қайраткерлер мен ұлылардың жанына батқаны сол кездегі феодализмнің қыспағы мен әртүрлі жеке князьдіктердің ішінара қақтығыстары еді. Осындай бастары бір қазанға сыймайтын берекесіздіктен ақын әбден мезі болып, Италияға қашып кеткен кезі болды. Жанына, рухына тыныштық іздеді. Ұсақталған ұлыстардың қақтығысы мен күйбең тіршіліктен бойын аулақ салғысы келді. Бұл бір. Екіншіден, өз заманында шіркеудің қысымы мен қоғамдық құрылыстың шиеленісуіне байланысты ол сапарға шығуы қажет болды. Ал, Дубинскийдің жазуынша, ақынның Италияға кетіп қалуына сүйген қызы Лили себеп болған дейді. Араларында туындаған үлкен ренжісулерден кейін, Лили Страсбургтың банкиріне тұрмысқа шығып кетеді. Бұған жаны шыдамай, осының бәрін санасынан сызып тастау үшін Гете Италияға кетуге белін бекем буады. Кетерінде: «Қош бол, Лили! Бірінші рет қоштасқанда тағдырымыз қосылар деп үміттеніп ем. Бәрі басқаша шешілді. Өз ойынымызды бөлек ойнауға жазыпты. Сен үшін де, өзім үшін де қорықпаймын. Бәрі шатасып кеткендей. Қош бол!».-деп хат жазады. Бірақ, жасы жиырма алтыға қараған Гетенің әйел махаббатынан гөрі шығармашылыққа деген ынтасы басым болды. Ақынның алдағы уақытта атқарар ұлы істері шаш-етек тұғын. Лилиге үйленуге даярланып жүрген кезінде ақын кенеттен Швейцарияға жол жүріп кетеді. Осының өзі ақынның үйлі болуға онша ықыласы жоқтығын аңғартады. Сүйтіп, Италияда жүріп, көне гректердің мифологиясын, философтарын құлшына оқиды. Кейінірек, өз шығармаларынан орын тепті.

ТАҒДЫРЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ГЕТЕ
Немістің ұлы ақыны - ГЕТЕ!
Фауст, Жас Вертердің қасіреті, Торквато Тассо, Батыс - Шығыс
диуаны, Эгмонт, Вильгельм Мейстер, Эрлкенинг... Саналы ғұмырын тек
шығармашылықтың отымен кіріп, күлімен шығуға жұмсамаған ұлы ақын! Адамзатқа
әлемдік әдебиет концепциясын ұсынып, көкжиегін кеңейткен ұлы неміс! Гете
шын мәнінде бақытты ақын! Ол Данте секілді қуғын-сүргіннің дәмін татпады.
Дуэльге шығып, оқ тигізіп өлім құшқан Пушкиннің кебін киюден дін аман!
Инквизицияның ойыншығына айналған Джордано Бруно болған жоқ. Гомер мен
Эсхилдің трагедиясы Гетенің маңайына жуыған емес. Өзге ұлылардың қатігез
өмірбаянын Құдай Гетеге бермеді. Тағдырының серкесі, тәңірінің еркесі -
дейтіні сондықтан. Бірақ, біз нағыз бақытты деп тапқан Гете: Егер мен
өмірімнің қайғысыз, тек бақытты күндерін ғана санар болсам, ең көп дегенде
төрт жұма шығар-шықпасы белгісіз - дегеніне таң қаласың. Ақынның бұлай
деуінің астарында терең мән жатыр. Ұлылар өздерін әрдайым бақытсыз сезінуі
заңды құбылыс. Өмір жолына үңілсеңіз, ақын тағдырының аспаны қара бұлтсыз,
трагедиясыз-ақ, кемеліне жетіп, ұлылыққа жол ашқан. Жас кезінде әдебиетке
құлай берілмеді. Бірақ, он бес жасынан өлең жаза бастаған ол небәрі жиырма
екі жасында поэтикалық даңққа бөленеді. Тынымсыз, үздіксіз шығармашылық
еңбекпен кейінірек шұғылданды. Ғылымның көптеген саласын игерді. Әдебиетпен
шектеліп қалғысы келмегендіктен емес, атақ, даңқа әуестіктен де емес, өз
көкейін тескен мың-миллион сауал әр саланы ашып, тексеруге мәжбүр етті. Ол
өмірінің мәнін алғашқыда ғылымнан табуға тырысты. 19-20 жасында
философияға әуестігі оянды. Философия дегенде ол Пифагормен бірге сандарды
санап отырмады. Ол философияға сұрақ қойып келді. Кеңістікке үлкен
күдікпен көз салды. Ақиқатты іздеді. Мына әлемнің бастау бұлағы қайда
жатыр? Біз кімбіз? Қандай тылсым күштер өсімдіктерді өсіруге мәжбүр етті?
Сансыз көп жұлдыздарды айналып жүрген планеталар, жер, су, ауа, от және
ойлауға қабілетті жан иелерінің түпкі жаратылысын іздеуге кірісті. Ол өз
сұрағын жануар-жәндіктерге де қояды. Сүйтіп, философиядан басталған білуге
деген құштарлық пен сұрақтар тасқыны биология, медицина, анатомия
ғылымдарына даңғыл жол ашты. Өзі заң факультетін бітірді. Страсбургте
оқып жүр деген аты болмаса, ақын ол кезде танцмейстерден би сабағын үйреніп
жүрген. Несі бар, ақынға биші болған да жарасады. О баста әкесі Гетені
оқуға аттандырғанда өзі сияқты бір қаланың империя кеңесшісі болатынынан
үміттенді. Бірақ, ақынның жолы әкесінікімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
еді. Араға бірнеше жылдар салып, сурет, дін, химия, мистика,
жаратылыстану, ботаника, саясат, мәдениет... Қаршадайынан бірнеше көне
және еуропалық тілдерді меңгергенін қосып қойыңыз. Француз мәдениетін
жіліктеп шағады. Шығыс ойшылдарымен жете таныс.
Ұлылар да еліктейді. Бір кездері Гете Гомерге еліктеп Соңғы Гомерид
болғысы келген. Иллиадаға ұқсас Ахиллеаданы жазды. Бірақ, аяқтамай тастап
кетті.
Гете адам адасса көптеген қателіктерді белуардан кеше жүріп, ақырында
шындыққа жетеді дейді. Оның заманында адасқандар аз болмаған. Әр қайсысы
әртүрлі ағымдардың жетегінде кетіп, бір-бірін терістеген кездер де
кездескені тарихтан аян. Тарихта Гете ғұмыр кешкен заман екіжақты
суреттеледі. Қатігез, аяусыз езгі, қатал, үлкенді-кішілі революцияларымен
қоса мейірімді, думаншыл, сауықшыл, тұмансыз жағы да болды. Қайраткерлер
мен ұлылардың жанына батқаны сол кездегі феодализмнің қыспағы мен әртүрлі
жеке князьдіктердің ішінара қақтығыстары еді. Осындай бастары бір қазанға
сыймайтын берекесіздіктен ақын әбден мезі болып, Италияға қашып кеткен кезі
болды. Жанына, рухына тыныштық іздеді. Ұсақталған ұлыстардың қақтығысы мен
күйбең тіршіліктен бойын аулақ салғысы келді. Бұл бір. Екіншіден, өз
заманында шіркеудің қысымы мен қоғамдық құрылыстың шиеленісуіне байланысты
ол сапарға шығуы қажет болды. Ал, Дубинскийдің жазуынша, ақынның Италияға
кетіп қалуына сүйген қызы Лили себеп болған дейді. Араларында туындаған
үлкен ренжісулерден кейін, Лили Страсбургтың банкиріне тұрмысқа шығып
кетеді. Бұған жаны шыдамай, осының бәрін санасынан сызып тастау үшін Гете
Италияға кетуге белін бекем буады. Кетерінде: Қош бол, Лили! Бірінші рет
қоштасқанда тағдырымыз қосылар деп үміттеніп ем. Бәрі басқаша шешілді. Өз
ойынымызды бөлек ойнауға жазыпты. Сен үшін де, өзім үшін де қорықпаймын.
Бәрі шатасып кеткендей. Қош бол!.-деп хат жазады. Бірақ, жасы жиырма
алтыға қараған Гетенің әйел махаббатынан гөрі шығармашылыққа деген ынтасы
басым болды. Ақынның алдағы уақытта атқарар ұлы істері шаш-етек тұғын.
Лилиге үйленуге даярланып жүрген кезінде ақын кенеттен Швейцарияға жол
жүріп кетеді. Осының өзі ақынның үйлі болуға онша ықыласы жоқтығын
аңғартады. Сүйтіп, Италияда жүріп, көне гректердің мифологиясын,
философтарын құлшына оқиды. Кейінірек, өз шығармаларынан орын тепті.
Гетенің заманы Канттың, Гегельдің диалектикасы дәуірлеп тұрған кезеңмен
тұспа-тұс. Ақын кейбір ойшылдардың идеялистік бағыттағы ағымдарын шындыққа
апаратын жол емес деп, концепцияларына қарсы пікір айтқан. Ол Спиноза
пантеизмімен де әуестенеді. Адамға деген шынайы махаббатымен дараланған
Прометей, ізгіліктің жоғары моралін дәйекті ұстаған Христос, тынымсыз
ізденістегі Мәңгі Жид, Фауст бейнелеріне үңіледі. Антиктік мәденитке құлаш
сермейді. Антиктік дүниетанымға Ғарышпен үйлесімділік тән. Гете әлемге
ғарыштан қарауына антиктік мәдениеттің тигізген ықпалы мол болды. Қазіргі
өнер мен ғылымның бастауларын, көркемөнер мәдениеті, этика тағы да көптеген
құндылықтар антиктік мәдениеттің тамырнан алынған. Гетенің түсінігі
бойынша, Ежелгі Грекиядағы антиктік өнер мен әсемдік - еркін тұлға мен
қоғам арасындағы үйлесімділіктің көрінісі. Тек осы жағдайда ғана адам адам
бола алады. Осындай мұратты азаматтық салада қоғамдық қайшылықтар
теңестіріп, үйлесімділік шешеді. Үйлесімділік тұрғысынан кез келген саяси
күштеу тұлғаның жан-жақты дамуын шектеу болып табылады. Гете сол кездегі
елдің сорын қайнатқан Француз төңкерісін қабылдамады. Жаңа бір дәуір әлем
парақтарына таңба болып түсе бастағанын көрегендікпен сезіне білді.
Француздардікіндей Германияда төңкерістер болмауы үшін әрекет жасады.
Революцияға қарсы сатиралық пьесалар жазды. Реформация кезеңіндегі
бүлікшіл рыцарьдың бейнесін ашып көрсеткен Гец фон Берлихинген атты
драмасы бар. Гете бытырап кеткен герман халқын біріктіру үшін әуелі оның
тілін жетілдіру керектігіне баса назар аударады. Неміс әдеби тілінің
негізін қалаушы қайраткерлердің бірі ретінде 18 ғасырдың басына дейін толық
қалыптасып бітпеген әдеби, бейнелі, ойлы тілін жетілдіруге қосқан үлесі
ауыз толтырып айтарлықтай. Жүздеген княздіктер мен ергежейлі мемлекеттерге
бөлініп, қырық пышақ болып қырқысқан халықты тұтастыру үшін бәріне бірдей
түсінікті ортақ неміс тілін жасау ең басты мәселе болды. Гете бастаған
филолог ғалымдар, мен басқа да сала мамандары бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығарып жұмыс істеді. Оның рухани достары Гердер мен Шиллер елдің
саяси, мәдени жағдайына араласуға үлкен әсер етті. Гердер неміс философы,
ағартушысы болып, Адамзат тарихы философиясының идеялары атты көп томдық
еңбектерімен танымал тұлға еді. Ақынға достарының қозғаушы күші біраз
септігін тигізген.
Гете өз еліндегі ырың-жырыңдардың түбіне терең бойлай жүріп, Веймарда
Карл Августың бірінші миинстрі қызметін атқарады. Ол кезде 30 жаста еді.
Басқару қызметімен шектеліп қалмайды. Веймарды үлкен мәдени орталыққа
айналдырып, қоғамдық, саяси қатынастарды ретке келтіру мақсатымен
ағартушылық, білім беру, денсаулық сақтау істерімен де өзі тікелей
айналысты. Келбеті ергежейлі көрінетін мемлекеттің іші-сыртын құлпырту
үшін тау-кен өндірісі, театр, мұражай, ескерткіш құрылыстарын жүргізуді
насихаттады. Гете Веймарға қыруар еңбек сіңірді. Қажымай, талмай, өнімді
ғылыми жұмыстар атқарды. Табиғаттанушы ғалым, сонымен қатар физика,
минерология, геология және метерология салаларына үлесін қосып та үлгерді.
Өсімдіктер мен жануарлар жүйелеріндегі құрылымдық бірлік туралы идеялары
дарвинизмге жол ашқаны бар. Сүйтіп жүргенде он-он бес жылдан астам уақыты
желге ұшыпты. Бұл еңбектерінің бәрі ақынның шығармашылығына едәуір нұқсан
келтірді. Бүкіл қажыр-қайратын мансапты қызметке, ғылым саласына
жұмсағандықтан, бірнеше жылдық өмірі жазусыз өтті. Тіпті, іште
буырқанған жыр жолдары көкірегіне лықсып толып, оны қағазға түсіре алмай
қиналып, көз жасына ерік берген кездері болған деседі зерттеушілер.
Гете қазақ оқырмандарына Фауст арқылы жақсы таныс. Фауст тек
әдебиетшілер мен сыншылардың зерттеу обьектісіне айналып қана қойған жоқ.
Фауст философ, психолог, биолог, астролог, социолог, политолог, филолог
т.б сала мамандары мен ғалымдарының да қызығушылығын оятып, әр қырынан
зерттеу еңбектерін жаздырды. Фаустты қазақ тілінде түпнұсқадан аудару
үшін Медеубай Құрманов 20 жылдық уақытын жұмсаған деп жазды белгілі
қаламгер Герольд Бельгер. Фауст негізі жан дүниесі өте күрделі тұлға.
Оның рухани әлемін, философиялық ой-толғамдарын, дүниетанымын айтпағанда,
болмысының өзі былайғы жұртқа түсініксіз, жұмбақтау. И. Киреевский деген
әдебиеттанушы: Фаусты жаратпай, жартылай роман, жартылай трагедия,
жартылай философиялық диссертация, жартылай ертегі, жартылай аллегория,
жартылай өмір шындығы, жартылай ой мен ән, соның қайсысы болса да, әйтеуір
театрға қоюға келмейтін шығарма-деген. Жалпы, Фаусты түсіне алмаған
әдебиетшілер аз болмаған. Себебі, Фаусттың болмысына бүкіл әлем сыйып
кеткен. Фауст – адам өмірінің мәнін тынбай іздейді. Не ғылым, не
қанағаттану, не қуаттылық, не сұлулық бұл сұраққа толыққанды жауап бере
алмайды. Жалғыз жауап деп есептейді Гете – мейірімділік, еңбек, іс-әрекетке
адалдық. Мұнда ақын үлкен философиялық ой тастайды. Құдай адамға бақытты
болу үшін кедергі келтіретін қателіктер жібермейді, оның іс - әрекетсіздігі
кінәлі дейді. Фауст Мефистофельмен бәстесуде жеңіске жетеді. Қалай дейсіз
бе? Ол қателік жіберсе де, күнә ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz