Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстардың кескінделуі және оның экологиялық, әлеуметтік- саяси жағдайлары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстардың кескінделуі және оның экологиялық, әлеуметтік- саяси
жағдайлары.
Табиғат пен қоғамның өзара байланыстары күрделі процесс болып, ол мекенінем және мезгіліне байланысты өзгеріске ұшырайды. Адам табиғат байлықтарын қаншалықты көп пайдаланса, оған соншалықты зиян келтіреді. Табиғат байлықтарын қажетіне жараса пайдалану және олардың орнын әр уақытта толықтырып, табиғатты үнемі байытып отыру әдісі және де оған сөзсіз амал қолданылуы қажет. Сонда ғана өзара байланыс жақсы тұстарға ие болады, табиғат адамнан өз жақсылығы мен мейірімін аямайды.
Адамның тас дәуірінен кейінгі табиғатқа деген әсері ақырындап артып келген. Ең алғашқы адамдар - архантроптарының - сүйек қалдықтары мен тас құралдары экватор мен тропикалық телдеулерде табылған. Африкада (Эфиопия) бұдан 3 млн. жыл алдын жасалған тас құралдары табылған, бұл жағдай сол кездердегі ыстық клематта, алғашқы адамдар өмір сүру үшін табиғатпен тығыз байланыста болғандығын білдіреді. Ең қарапайым және мықты тас құралдарын пайдалана бастауы, олардың табиғаттағы жеміс-жидекті теріп, жеуге мүмкін болған барлық нәрселерден тамақ ретінде пайдалануға өтуге мүмкіндік берген. Бұл жағдай ең алдымен аңшылықтың пайда болуына алып келді. Аңшылық алғашқы адамдардың тропикалық ормандарда экологиялық жағынан табиғатқа мойынұсынуын кемітті. Бұдан шамамен миллион жыл бұрын архантроптар тропиктік- экваторлық белдеуден шығып, қоңыржай белдеуіне өтті. Алғашқы адамдар жер шарында үлкен аймақтарға таралып өмір сүре бастады. Бұдан 300-400мың жыл бұрын алғашқы адамдар алауды (отты) көп пайдаланатын болған. Оттың пайда болуы және оны пайдалану, адамдардың көптеген түрлі мекендерге қоныстанып, өмір сүруінің басты себебі болды.
От адамдардың тамақ түрлерінің әр түрлілігін көбейтіп қана қоймай, оны дайындауға да мүмкіндік берді. Оттың көмегімен аң құралын жасау дамыды. Бұл жағдай Мустье дәуірінде кеңінен қолданылды. Бұл уақыттарда алғашқы адамдардың табиғаи пен болған байланыстарында оншалықты зиянды әрекеттер болмаған, бәлкім жабайы аңдардың көлемі жағынан кемуі себеп болған.
Бұдан 12-15млн. жыл бұрын (мезолит) Өзбекстан территориясында алғашқы қауымдық құрылыс кезңінде жаңа дәуір басталды, еңбек құралдарын дамытуда үлкен жетістіктер болды. Найзаларды ұзаққа ататын құрылғы жасап шығарылды, бұл оқиға адамзавт тарихындағы үлкен жетістіктердің бірі еді. Аң құралдарының дамуы нәтижесінде тез жүгіретін және ұшатын құстарды аулайтында жағдай туды. Саз- балшықтан ыдыстар жасап шығаруда осы дәуірге тура келеді. Неолит (жаңа тас дәуірі) дәуірінде саз-балшықтан жасалған ыдыстарды отқа күйдіру әдісі пайда болды. Бұл алғашқы адамдар өміріндегі үлкен жаңалық еді. Дәл осы дәуірден бастап адамдар егін шаруашылығымен шұғылдана бастады.
Сондай-ақ, б. э. б. 3мың. жылдарда рудадан - мыс ерітіп алынып, одан әртүрлі еңбек құралдарын жасай бастады. Егіншілікте дәнді дақылдар егуге кірісті, еден тәрізді жерлерді суару (Нұрата жоталарының солтүстік етектері) басталды, үй жануарларын асырау және көбейтумен айналысатын болды. Қола металын құйып (бронза), түрлі шаруашылық құралдарын жасап шығару нәтижесінде (бұл қола дәуірі д. а. ) егіншілікте және қолөнершілікте үлкен жетістіктерге жете бастады. Металл жер жыртатын соқаның қолданыла бастауы егіншіліктің дамуына үлкен тәсерін тигізді. Б. э. б. 1 мың жылдықта Амудария, Сырдария, Зарафшан, Қашқадария етектрінде еден тәрізді тақыр жерлер суарыла бастады. Оншалықты ұзын емес арықтар іске түсті.
Б. э. б 1 мыңжылдықта таулы өлкелерде темір рудасы ерітіліп, одан алғашқы кезде темір алына бастаған. Мыс, қола, иемір және басқа да металлдарды құюдан алдын «пісте көмір» негізінде жүзеге асырылған, кейіннен қоңыр көмірден пайдаланды.
Мезолит, неолит, қола және б. э. б. 2-1 мыңжылдықтарда Өзбекстан территориясында табиғат пен алғашқы қауымдық құрылыс арасындағы байланыстары нәтижесінде, жалпы күшті және орташа өзгерістер болған. Әрине, табығаттағы бұл өзгерістер толық жақсару қабілетіне ие еді. Табиғатта, кейбір кішігірім жерлерді ( металл құйылған жерлер) есепке алмағанда, оншалықты күшті әсері көрсетілмеген. Өзгерістер, көбіне өсімдік, жануарлар дүниесі, кейбір жерлерде топырақпен байланысты болып, уақыт өте келе олардың алдыңғы табиғи жағдайы толық бірігіп тұрған. Жалпы алғанда табиғат пен адамзат арасында кескін бір-біріне қарама-қарсы процесстер болмаған, табиғатта тек кейбір өлкелерде жануарлар дүниесінің кемуі рөл атқарған, бірақ бірде-бір жануарлар дүниесінің түрі алғашқы адамдар тарапынан қырып- жойылмаған. Кейбір түрлердің жойылуына табиғат жағдайларының кескін өзгеруі (мысалы: таулардағы мұз басу) себеп болған.
Б. э. д. 6-4 ғасырларда төменгі Амудария, төменгі Сырдария, Зарафшан өзенінің етектерінде, Ферғана аңғарларының көп жерлерінде суармалы егіншілікпен айналысқан. Б. э. д. 1 мыңжылдықтың орталарында Түркістан өлкесі көлемінің ирригациясы тарихында жаңа кезең басталды: үлкен арықтар (каналдар) қазылып, олардың басты құрылыстары жаратылды, өзен атырауларының көп жерлерінде кең көлемде суаруға көшті. Көбіне қазіргі ірі суару каналдары сол кездерде, яғни Күшәни дәуірінде (б. з. б. 1-4ғ) құрылған немесе қайталан қалпына келтірілген. Мәселен, Ташкент аймағында Бозсу, Салор; Самарқанд аймағында Ескі Аңғар, Тұятортар; Бұқара аймағында Шохруд, Ролитонруд; Хорезм аймағында Қырыққыз, Черменияб және т. б. . 1ғасырда Зарафшан мен Қашқадарияның төменгі бөлігіндегі суарылатын жерлердің жалпы ауданы шамамен 600 мың га. көлемінде болған. Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысында жалпы 3, 5-3, 8 млн. га. жер суарылған. Бірақ, негізінде жерді пайдалану коэффициенті 10-15пайыздан аспаған. Өйіткені ол кездерде адамдар әлі жердің сорлануы, құм басуы, батпақтануы, тағы сол сияқты жағдайлармен күресе алмаған. Жер сорланғаннан кейін оны тастап, басқа жерлерге, жаңа жерлерге көшкен, оны да сорлануы немесе құм басуы, болмаса батпақтануы нәтижесінде тастапжаңа жерлерге көшіп барған. Сол себепті, үлкен аумақтарды суаруға қол жеткізді.
Ру-тайпаның құлауынан құлдырауға бет бұруы мен феодал қоғамының басталуында, әсіресе 7ғасырдан бастап Түркістан аумағындағы ирригациямен суармалы егіншілік тез суреттеле бастады және 9-13 ғасырларда әсіресе, кең көлемді жерлерде егілген. Сырдария мен Амударияның төменгі ағымдарына байланысты суарылатын жерлердің көлемі 1, 4млн. га. шамасында. Бұл қазіргі уақытта сол жерлердегі суарылған көлемінен өте көп. 1914ж жалпы пайдалануда болған суарылған жерлер көлемі Өзбекстан территориясында 1817, 5мың гектарға ұлғайған.
Жоғарыда айтылғандай суармалы егіншілік, алғашқы қауымдық құрылысынан 20 ғасырдыңбас кезіне дейін (1914) Түркістан аймағында көптеген жерлерде іске асырылады. Бірақ бұл жерлердің барлығы да суармалы егіншілікте көп пайдаланылмаған. Мұның басты себебі табиғат заңдылықтарын жақсы білмеу, табиғат компаненттері арасындағы өзара байланыстарды дұрыс түсінбеумен байланысты болған.
Егінші мен суарушы сор жерлерді және сорланудың өзіне қатысты қасиеттерін толық есепке алмаған жағдайда суарған. Мұның салдарынан суарылған жерлерде 2-3 жылдан сорлану, кейде батпақтану басталған, нәтижесінде олар жарамсыз тастанды жер есебінде пайдаланудан шығып отырған. Қазірде Амударияның Ақшадария, Сарықамыс алды аңғарларындағы жайлаудан тұратын сор тақырлы жерлер, тақырлар мен сорлар, құмдақтар сол кездердің дәлелі бола алады. Оларда түрлі ғасырлдарда құрылған суару каналдарының іздері мен тіпті суарылған жерлердің орындары жақсы сақталып қалған. Қазіргі құрғақ Дариялық, Довдан, Узбой, Ақшадария өзендері атырауларындағы, сондай-ақ Амударияның қазіргі аумағының шығыс бөлігіндегі құрғақ өзендер атырауындағы тақырлы жерлер мен тақырлардың бір кездері суарылғандары жақсы сезіліп тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz