Оқушылар білімін көтеруде ұлттық салт- дәстүрлердің ролі


Оқушылар білімін көтеруде ұлттық салт- дәстүрлердің ролі.
Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс- әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыруда білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық, негізін айқындау- басты мәселе.
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік экономикалық саяси, мәдени өзгерістер оқу- тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыруды талап етеді. Бұл қазіргі күнгі өмір талабынан туындап отыр. Халықтың ұлттық- тарихи дәстүрлері, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалы білімі осы оқу- тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.
Тарихы сан ғасырдан бастау алатын шежіреге толы Отанымызды қорғау, ұлттылығымыздың айғағы, тілімізді, салт дәстүрлерімізді сақтау, оны зерттеу, білу, нелер ұрпаққа жеткізу - азаматтық парыз. Қазақ халқы өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын іс-әрекетін, жүргізетін шаруашылығын, кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырумен қатар рухани өмірін адамгершілік - эстетикалық тәрбиесімен ұштастыра білген. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ.
Десек те, ата-ана тәрбиесінен кейінгі жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру - басты міндет. Сондықтан да оықту мен тәрбиелеуді бір-бірінен бөлінбейтін бір -тұтас процесс ретінде қарастыруымыз керек.
Тәрбиені оқытудан бөліп алып, сынып сағатына асыра бюеруге болмайды. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген Әл - Фарабидің сөзі сабақты ұйымдастыруда негізгі ұстам болуы керек.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Бұған байланысты көптеген тәрбиелік бағыттағы салт- дәстүрлер қалыптасқан. Бұл дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік сипатқа ие болып отырған. Жеке бас мүддесімен қоғамдық мүдделердің туыстық, қандастық, адамгершілік негізінде тоғысы үйлесімді жас ұрпақтың қайырымды, адал азамат болып қалыптастыруына зор ықпалын тигізген. Оның танымдық қағидалары жас ұрпақты көк пен жердің, табиғат пен адам жаратылысының ата- баба рухы мен тірілер өмірінің белгілі бір табиғи тұтастығын, рухани жақындығын түсінуге негізделген. Осы ұғымдарды қазақ түсіндіру, қызықтыру, үгіттеу, сендіру, үйрету, жаттау әдістері арқылы қалыптастырған. Олдарды тікелей ауыз әдебиетінен байланыстырып отырған. Оларға ертегілер, мақал- мәтелдер, жаңылпаштар, шешендік сөздер, баталар, өлең жырлар, тұрмыс - салт жырлры, тұсау кесу жырлары, санамақтар, балалар жыры, аңыздар, батырлар жыры, өтірік өлеңдер, айтыс терме т. Б. Мысалы: «Өлі разы болмай, тірі байымайды», «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» - деген мақалдар соған жатады.
Қазақтың тарихи -этикалық поэмалары жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятса, мақал - мәтелдері мен билердің шешедік сөздері бірлікке, адал еңбекке шақырған. Оған мысал: Төлебидің «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деген сөзі немесе халықтың «Көргенсізбен құрдас болма, опсызбен сырлас болма » деген мақалы.
«Жеті атасын білген бала жеті рулы елдің қамын ойлайды» деп халқымыз ата - тегін, өз халқының тарихын салт-дәстүрін білуге талаптанған жастарды бағалаған.
Қандайда болмасын халықтың ұлттық ерекшеліктері мен ұлттық психологиясына салт-дәстүріне мән бермеу, ұрпақтар сабақтастығының жойылуына әкеліп соқтырады. Сондықтн тәпрбие жұмысын жүргізуде халық педагогикасына сүйеніп, оның бай тәжрибелерін кеңінен қолдануымыз керек.
Ата-бабаларымыз тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мейрас етіп қалдыруында терең сыр жатқандай. Тарих қойнауына үніліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып, оны жас ұрпақты тәрбиелеуде тыйымды пайдалануымыз қажет. Салт -дәстүрлер деп аталғанымен әр бірінің өзіндік түсініктері бар.
Салт-әр ұлттың халықтың діні мен сеніміне тыныс- тіршілігіне, ұлттық құрылыфм ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақтған өмірдің өзі туғызған ғұрыптар негізі.
Дәстүр - ұлттық ғұрыпқа жатады. Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік мәдени тұрмыстық, кәсіптік салт - сана, әдет- ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс- әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Дәстүр мәдениеттің белгісі. Дәстүр байлығы мәдениет байлығы. Ол ел өмірімен бірте қанасып кеткен рухани байлық мысалы: шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, ат қою, атқа мінгізу, тіл ашыр, сүндет той, саыс, асар, бата, наурыз көже, сау малық, жыл санау, аластау, айтыс түрлері байғазы ата-ананы сыйлау, сәлемдесу және т. с. с.
Баланы жан-жақты тәрбиелеп, білімін кқөтеруде осы салт- дәстүрлерді пайдаланамын. Балаларға шілдехана тойындағы болатын ырым тиымдар туралы түсінік беріп, жас нәрестені күтіп, бәле жаладан сақтау деген ырымды қолданылғанын айтты. Балаға ат қойғанда адамның есімінің мән мағанасына көңіл бөлгенін ескерген. «Әліппе», «Ана тілі» сабақтарында баланы бесікке салу салтымен таныстырдым. Алдымен бесікті аластау оны жаман истен арылту. Мақсатында жасалатының түсіндірдім. Баланы жұбатқанда бесік жырымен әлдилегенде бесік жырының мазмұнына көп көңіл бөлінген. Онда үміт тілек, бата тілек (сенім атру), ғалым болуын армндау, еңбекшіл болып өсуін тілеу арқылы жұбата білгенін балаларға ашып түсіндірдім. Сондай-ақ «Тұсау кесу» салтында баланы адал болсын деп, біреудің ала жібін аттамасын деп ескерттпе ретінде ала жіп алатынын, көк сөпті бала көгерсін өнсін өссін деген ырыммен алған, тоқ ішекті мал бітсін, бай болсын, майлы болсын деп ырымдап қолданатынын айтып түсіндірдім. Тұсауды алғыр да, тәрбиелі, өнегелі адамға кестіретінін ұғындырдым.
Салт- дәстүрлерді ырым-тиымдарды сабақтан тыс тәрбие беруде көптеп қолданып отырды. Өмірімен байланыстырып, теле арнадағы «Өз салт-дәстүріңді сақта» хабарын талқылап отырдық.
Матеметика сабағында сандарды дұрыс санауда санамақты пайдаландым. Ол санауды ол санауды оңай үйрену, есте ұстау қаблетін дамытуда мына өлең түрінде пайдаландым.
Бас бармақ, балаң үйрек, ортан тебек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек, - деп саусақтарды бүктіріп санатып:
Сен тұр, жылқыңа бар,
Сен тұр, қойына бар,
Сен тұр, түйене бар,
Сен тұр, сиырыңа бар,
Сен қария, үйде жат, - деп саусақтарды ретімен жазып санауға ұйретіп, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, үлкенді сйлауға, мейрісділікке баулыдым.
Сонымен қатар шамаларды елі- 2-2, 5 см, сере - 10-12 см, тұтам - 8-10 см, сынық сүйем- 13-15 см, сүйем 17-20 см, қарыс 20-22 см, кел 70-75 см, арқан бойы - 10-12 метр, найза бойы 3-5 метр, оқ бойы 1-1, 5 метр. Т. с. с. өлшемдерді пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz