Құқық негіздері Оқу құралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Л. Қ. Садуақасова, А. М. Абілмажина
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқу құралы
Өскемен
2011
ӘОЖ 340 (075. 8)
КБЖ 67. 0я 73
С 15
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Әдістемелік кеңесі ұсынған
№5 хаттама 21 желтоқсан 2010 ж.
Рецензенттер:
А. Д. Дюсюпова - з. ғ. к.
Л. А. Темиржанова - з. ғ. к.
Р. А. Мурсалимов - з. ғ. к.
С15 Садуақасова Л. К., Абілмажина А. М. Құқық негіздері: - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы - 2011. - 185б.
ISBN 978-601-80108-8-0
Оқу құралында «Құқық негіздері» пәні бойынша дәрістер, бақылау сұрақтары, реферат тақырыптары, реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар, тесттік тапсырмалар және әдебиеттер тізімі берілген. «Заңтану» мамандығынан басқа мамандықтардың күндізгі және сырттай бөлімдері студенттеріне арналған.
ӘОЖ 340 (075. 8)
КБЖ 67. 0я 73
© С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ . . . 3
1-тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
2-тақырып. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 17
3-тақырып. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 29
4-тақырып. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ . . . 36
5-тақырып. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ . . . 50
6-тақырып. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 54
7-тақырып. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 82
8-тақырып. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 90
9-тақырып. ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ . . . 96
10-тақырып. ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ . . . 113
11-тақырып. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 129
РЕФЕРАТТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ . . . 140
РЕФЕРАТ ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР . . . 143
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 145
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР . . . 147
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, батыл экономикалық реформалар жүргізу және қоғамды сапалы жаңа жағдайға жеткізу әр түрлі (құралдарды) саяси, экономикалық, идеологиялық, ұйымдастырушылық құралдарды қолдануды талап етеді. Бұл істе маңызды рөлді құқық, заң алады.
Құқықтық мемлекетті құруда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекіту, заңның беделін көтеру және оны барлық адамдардың қатаң орындауы, адам құқығы мен еркіндігінің кепілін нығайту ерекше маңызды болып отыр.
Қазақстанда құқықтық қамтамасыз ету бойынша ірі шаралар жүзеге асырылып, кең құқықтық реформалар жүргізілуде. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемдігіне кепілдік береді, құқықтық тәртіпті нығайту және қолдау механизмін күшейтеді.
Құқық қоғамдық қатынастарды бекітудің күшті құралы, мемлекеттік және қоғамдық істерді басқарудың, шаруашылық механизмін, экономиканы дамытудың тиімді құралы.
«Құқық негіздері» оқу пәні жоғарғы оқу орындарының жалпы оқытушылық пәндерінің міндетті бөлімін құрайды.
Оқу құралы «Заңтану» мамандығынан басқа мамандықтар студенттеріне арналған.
Курстың мақсаты - студенттерді мемлекет және құқық туралы, Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің негізгі салаларымен, конституциялық, азаматтық, қылмыстық, отбасылық, еңбек қатынастардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Курстың міндеттері:
- Студенттерге курстың өзекті мәселелерін оқыту;
- Құқық бұзу мен заңдық жауапкершіліктер туралы түсініктерді оқыту;
- Бұл білімдерді тәжірбиелік жұмыстарда және күнделікті өмірде қолдана білу және нормативтік құқықтық актілерді дұрыс қолдана алу.
Осы пәнді оқу үшін жасалған бұл оқу құралы дәрістерден, бақылау сұрақтарынан, реферат тақырыптарынан , реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаудан, тесттік тапсырмалардан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тақырып
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1. Мемлекет түсінгі, белгілері, функциясы және механизмі.
2. Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы.
3. Құқық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері.
Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы;
2. Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу;
3. Салық жүйесі;
4. Егемендік;
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси - бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік;
2. Аппараттық билік;
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның мақсат - міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.
Мемлекеттің функциялары ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөлінеді. Мемлекттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция- мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі бар:
- Салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп басқару;
- Экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту;
- Ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру;
- Мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты - адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп, басқарып отыру.
4. Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдебиет, өнер, музыка, тәрбие т. б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.
5. Экологиялық функция.
6. Құқықтық тәртіпті және қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы.
7. Ғылыми - техикалық прогресті дамыту функциясы.
Мемлекеттің сыртқы функциялары:
1. лттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету немесе өзін -өзі қорғау.
2. Басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту.
3. Әлемдік келелі мәселелердің шешімін табуға қатысу.
4. Халықаралық қатынастарда мелекеттің мүддесін қорғау, сақтап қалу.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық -регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.
Мемлекет механизмі - бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай -ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в) өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы-бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді.
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот.
3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша - құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4. Иерархия бойынша - республикалық және жергілікті.
5. Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады) .
6. Құзырлығының сипаты бойынша - жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер) .
Мемлекет нысаны - бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - мұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - мұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламентті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, мұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады.
Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер-министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады. ; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай-ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар - бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерациялардың империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.
Федерация - бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет, онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады. Федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады, формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі. Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антидемократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік - жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет - ғұрыптар адамдардың сана - сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілеріне мыналар жатады:
1. ерікті сипаты;
2. жалпыға міндеттілігі;
3. нормативтілігі;
4. мемлекетпен байланысы;
5. формалды анықталғандығы;
6. жүйелілігі.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет-мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы - бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні - мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды және мазмұнды.
Объективті құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі. Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнамасы, құқықтық әдет - ғұрыптар, заң преценденттері және нормативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана - сезіміне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық - бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез - құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т. с. ) . Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана - сезіміне, ерік -жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.
Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай - да бір құжаттарда бекітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті, субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама - қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.
Көпшілік (бұқаралық) құқық - бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір-біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.
Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде - құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.
Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:нормативті тәсіл, табиғи - құқықтық тәсіл, теологиялық, құқықтық - тарихи, психологиялық, әлеуметтік және т. б.
Құқық қағидасы - бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.
Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.
Құқық функциялары - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы) .
Құқықтың қайнар көздері - бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативті құқықтық актілер;
2. Құқықтық әдет - ғұрыптар; .
3. Заң прецеденті;
4. Нормативті шарт.
Нормативті құқықтық актілер - бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.
Заң - бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік-жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заңның түрлері: 1) Конституция; 2) Конституциялық заңдар; 3) Жай заңдар.
Заң күшіндегі актілер - бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:
1. Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2. Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
3. Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
4. Ведомствалық актілер.
Бақылау сұрақтары;
1. Мемлекет дегеніміз не?
2. Мемлекеттің белгілерін атаңыз.
3. Мемлекеттің функциясы дегеніміз не?
4. Мемлекеттің сыртқы функцияларын атаңыз.
5. Мемлекеттің ішкі функцияларын атаңыз.
6. Мемлекет механизмінің құрылымы неден тұрады?
7. Мемлекет нысаны дегеніміз не?
8. Басқару нысаны дегеніміз не?
9. Құрылым нысаны дегеніміз не?
10. Саяси режим нысаны дегеніміз не?
11. Мемлекет механизмі дегеніміз не?
12. Құқық дегеніміз не?
13. Құқыққа тән белгілерді атаңыз.
14. Объективті құқық дегеніміз не?
15. Субъективті құқық дегеніміз не?
16. Құқық қандай функцияларды атқарады?
17. Құқық қағидасы дегеніміз не?
18. Құқықтың қайнар көздері дегеніміз не?
19. Құқықтың қайнар көздерін атаңыз.
2-тақырып
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі .
2. Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж. ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері.
Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрылыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz