Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні



Синтоизм
Мифтегі айна
Кокутайдың компоненттері
Буддизм рухты мәңгі деп танитын дін
Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. "Синто” ("құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін ("ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы.
Синтоизм қағидалары VІ-VІІІ ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: "Кодзики”, "Нихон секи” (тарихи-жылнамалық жинақ), "Синсэн седзироку” (генеалогиялық тізімдер)
Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырады. Екінші концепция жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды. Үшінші концепцияда табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі (себебі табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір сүреді) айтылады. Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана іздеудің қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұдайлықты көрсетеді, себебі синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық және тайпалық құдайларға табынудан пайда болған. ХХ ғасыр тізімдемесіне сәйкес синтоның құдайлар пантеоны 3132 құдайдан тұрған, кейінірек олардың саны едәуір өскен. Бесінші концепция бойынша синто жапон ұлтымен етене байланысты, дегенмен, бұл жақындық жапондыққа кез келген басқа дінді ұстануына кедергі жасамайды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Синтоизм

Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні.
"Синто” ("құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен
рухтар әлемін ("ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-
анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау
алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты
құдайы.
Синтоизм қағидалары VІ-VІІІ ғасырларға жататын басты үш дереккөзге
негізделген, олар: "Кодзики”, "Нихон секи” (тарихи-жылнамалық жинақ),
"Синсэн седзироку” (генеалогиялық тізімдер)
Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, ол басты
бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем өздігінен пайда
болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырады. Екінші
концепция жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды. Үшінші концепцияда табиғат
пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі (себебі
табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір сүреді) айтылады.
Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана іздеудің
қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұдайлықты көрсетеді, себебі
синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық және
тайпалық құдайларға табынудан пайда болған. ХХ ғасыр тізімдемесіне сәйкес
синтоның құдайлар пантеоны 3132 құдайдан тұрған, кейінірек олардың саны
едәуір өскен. Бесінші концепция бойынша синто жапон ұлтымен етене
байланысты, дегенмен, бұл жақындық жапондыққа кез келген басқа дінді
ұстануына кедергі жасамайды.
Синто дінінде әр түрлі культтердің ортақ сипаттары біріктіріліп, біртұтас
рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік діни табынудың негізінде
Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау алатын ата-баба культі жатыр. Адам
әлемі "ками” әлемінен бөлінбегендіктен, белгілі мағынада адамның өзі де
"ками” болып табылады, сондықтан оған о дүниедегі аман қалуды іздеу жат
нәрсе. Діни тазалық "камиге” және өз ата-бабаларына деген қастерлеуді,
табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, құдайылықпен рухани байланысты қажет
етеді. Синтоизм этикасы өте қарапайым: ирригациялық жүйелерді бұзбау,
қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға қамқорлықпен қарау.
Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан жасалған әшекейлер
бейнеленген. Оларды мифологиялық дәстүрге сай, құдай ана жапондықтардың
алғашқы императоры ретінде немересі (кейбір деректер бойынша күйеуі)
Нинигиді жерге аттандырар алдында оған тарту етіп, бүкіл әлемді нұрға
бөлеп, билік құруды, бағынбағандарды бағындыруды өсиет етеді. Мифтегі айна
– адалдықты, семсер даналықты рәміздейді. Бұл қасиеттердің бәрі император
тұлғасында толық көрінісін табады. Синтоистік храмдар кешеніндегі ең
негізгісі Исэдегі храм – Исэ дзингу (VІІ ғ. соңында негізі қаланса керек).
Исэ дзингу Аматэрасудың храмы болып саналады.
Синто дамуындағы маңызды кезең – "Исэ синто” тұжырымдамасының қалыптасуы.
Оның басты мақсаты – император культін нығайту. Бұл тұжырымдама пайда
болуының бір себебі моңғол шапқыншылығы және одан кейінгі (1261-1281 жж.)
кезеңдегі храмдардың, әсіресе, Исэ дзингу храмының ықпалы мен беделінің
артуы болды. Осы уақытта император әулетінің ілкі тегі әрі қорғаны исэні
мекендейтін Аматэрасу культі өте кең таралды. XVІ ғасырдың екінші
жартысында "Исэ синтоның” дамуы белгілі бір адамды құдай деп қарауға жол
ашатын жаңа культтің пайда болуына әкелді. Оған императорлық әулетке
жақындық емес, сол адамның ірі саяси және қоғамдық еңбегі негіз болды. Бұл
XІІ ғасырдың соңында-ақ елде қалыптасқан жағдайды, билікке әскери-феодалдық
ақсүйектердің (самурайлардың) келуін бейнеледі. Олар император әулетінің
билігін синто культінің саласымен ғана шектеді. Сөйтіп императорда таза
номиналды билік қана қалды. Феодалдық диктатор Ода Нобунага (1534-1582 жж.)
елді біріктіру үшін күрес барысында өзін ками деп жариялап, өзіне камидей
табынуды талап етті. Оның әріптесі диктатор Тоетоми Хидэйсиде (1576-1596
жж.) құдай деп танылды. Токугава Иэясу (1542-1616 жж.) сегунның (әскери-
феодалдық басқарудың басшысы) өсиеті бойынша оның аруағына табыну үшін
бірнеше храмдар мен шырақ орындары салынуы керек болды.
Токугава династиясы (1603-1867 жж.) билік құрған кезеңде конфуцийшілдіктің
әр түрлі ағымдары синтоны этикалық идеялармен байытып, синто-конфуцийшілдік
синкретизмі күшеюінің ауқымды негізін қалады. Тарихи деректер негізінде
императорлық билік культі мен институтын негіздеуді мақсат еткен мектептер
қалыптасты. Көне мифологиялық жинақтарға сүйенген бұл мектептер жапон
императорлары әулетінің құдайылық тегі мен іс-әрекеттерінің нанымдылығы
идеясын жан-жақты баяндап, насихаттайды. Олар "ұлттық” бірегейліктің
бейнесі мен бастауы ретіндегі "тэнно” (император) рөліне басты назар
аударады. Ұмытылған Жапон "жолы” — "мити” (қытайша – "дао”) даналығы қайта
өркендеп, "көне синто” ("фукко синто”) қалпына келтірілді. Императорды
қорғау, императорлық билікті реставрациялау идеялары сегунат жүйесін
құлатуға бағытталған оппозициялық қозғалыстың идеологиялық негізіне
айналды.
XІX ғасырдың ортасындағы ел есігінің ашылуы, шетелдіктердің келуі мен батыс
мәдениетінің ағыны тұрғындардың басым көпшілігінің тұрмысын қиындатып
жіберді. XX ғасырдың басында Мито мектебінің ғалымдары, әсіресе, оның
көрнекті өкілі Аидзава Сэйсисайдың (1781-1863 жж.) "сонно дзей”
(императорға табыну, варварларды қуу) ұраны қоғамның әр түрлі таптары
тарапынан, оппозициялық самурайлар арасынан қолдау тапты. Шетелдіктерге
және сегунға қарсы қозғалыс бір ұранның төңірегіне шоғырланды.
Сегунат жүйесінің талқандалуына алып келген күрестің аяқталуы және
императорлық биліктің реставрациялануы, Жапонияның жаңа жолды таңдағанын –
елдің жаңартылуын, қоғамдық өмірдің, соның ішінде діни сананың да
өзгертілуін білдірді. Алайда алған мақсаттарға жету үшін жаңа өкімет
органдарына елдің тарихи қалыптасқан ұлттық ерекшелігімен және мәдениеттің
өзінділігімен санасуға тура келді. Бұл бағыттағы оңтайлы жол "вакон есай” –
"жапон рухы, еуропалық білім” қағидаты болып көрінді.
1868 жылдың наурызында діни ритуал (әдет-ғұрып) жүйесі бірлігіне қайтып
оралу және мемлекеттік істерді басқару (дін мен саясат бірлігі) туралы
жарлық жарияланды. Дзингихан – "көк” және "жер” тәңірлері ісі жөніндегі
басқарма қалпына келтірілді, жапон тарихының мифологиялық кезеңі император
Дзимму таққа отырған – "Жапон империясының негізі қаланған б.з.б. 660 жыл”
жыл санаудың бастауы деп жарияланды. Сонымен қатар, император әулетінің
діни және саяси беделін көтеру үшін көне синтолық рәсімділік қайта
жаңғыртылды. Император культі – тэнноизм, көп құдайлықты жалғыз "тірі
құдайға” табынумен алмастырып, мемлекеттік синтоның негізіне айналды.
Тэнноизмнің теориялық негізі – ұғымдардың күрделі жүйесі "кокутай”
(мағыналық аудармасы "ұлттық мән”, сөзбе-сөз "мемлекет тәні”) болды.
Кокутайдың компоненттері – жапондықтардың шығу тегі мен мемлекеттілігінің
"құдайлық” бастауы, ғасырдан ғасырға жалғасқан императорлық әулет,
жапондықтардың менталитеті мен моральдық ізгіліктері ретінде танылған
императорға берілгендік пен үлкенді сыйлаудан көрініс тапқан ұлттық
ерекшелік.
Тұтас алғанда мемлекеттік синтоға император отбасының ұлағаты болып
табылатын династиялық синто, жалпы жапондық және аймақтық құдайларға
табынатын храмдық синто; қасиетті рәсімдер атқарылатын храмның кішкене
көшірмесі – үй камиданы кірді.
Жапония екінші жаһандық соғыста жеңіліс тапқан соң, жалпы демократиялық
өрлеу жағдайында ел демократиялануға бағыт алды. Осы орайда милитаризм мен
тэнноизмнен тазару шаралары жүргізілді.
1946 жылғы жаңа жылдағы халыққа жолдауында император Хирохито ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Синтоизм
Жапонияның астанасы
Синто діні
Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм
Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
Жібек жолының қалыптасуы
Жапонияның тіл - жазу мәдениеті
Пәндер