Сөз таптарының адвербиалдануы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Сөз таптарының адвербиалдануы

Дереккөзі: Вестник КАСУ №2 - 2005

Авторлары: Жетпысбаева Н. Г., Адишева А. О.

Түркі тілдері жүйесінде сөз таптары өз заңдылықтарымен, ерекшеліктерімен түрліше сипатқа ие. Әрбір сөз табы тек өзіне ғана телінген лексика - семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, әрбір сөз табының қалыптасу, даму жолдары бар. Тілдің дамуы сөз таптарының түрлі тұлғаларымен толығуының, лексика -грамматикалық ерекшекліктерінің артуының нәтижесіне байланысты. Тілдегі сөз таптары единицалары мағыналарының қалыптасуы, жаңаруы, көнеленуі сол сөз табының ішкі жүйесімен қатар сыртқы факторлар, яғни, өзге сөз таптарының ықпалымен де жасалып отырады. Сондықтан сөз таптарының сөзжасамдық, сөзөзгерімдік, мағына қалыптастырушылық қасиеттерін санамағанда олардың ішкі және сыртқы факторлармен байланысты екендігін ескеру керек. Тілдік жүйеде жаңа сөз табының пайда болуына өзге сөз таптарының ықпалы мол. Әрбір сөз табының қалыптасуына тигізетін әсері де ерекшелігі түрлі-түрлі. Мысалы, үстеулердің пайда болу, қалыптасуына өзге сөз таптары түрлі жағдайларда, түрлі қасиеттерімен әсер еткен. Барлық сөз таптарының үстеу жасау қабілеті де алуан түрлі болады. Өйткені, әрбір сөз табының бір-біріне ұқсамайтын белгілері, өзгешеліктері бар. Десек те, оларды бірімен-бірін байланыстырып тұратын ортақтықтар да мол. Даму мен қалыптасуында да үзілмес байланыс бар. Тілде бір сөз табы ерте пайда болған, бірі кеш пайда болды, бәрібір олардың арасында қатынас сақталады. Сондықтан сөз таптарының осындай айырым - белгілері мен ортақ қасиеттерін сараптай отырып, барлық сөз таптарының бірін-бірі толықтыруда, қалыптастыруда алатын орындары бар деген тұжырым жасауға болады.

Адвербиалдану процесінің негізгі ұйтқысы болып табылатын жекеленген сөз таптары. Адвербиалдану яғни, өзге сөз таптарының үстеулер қатарына өтуі басқа тілдік құбылыстар сияқты белгілі бір заңдылықтар мен тілдік нормаға сүйенеді. Жоғарыда атап айтқандай әрбір сөз таптарының үстеулер қатарына өтуге бейім единицалары бар. Сол тілдік единицалардың үстеуге айналуына белгілі мөлшерде грамматикалық формалар ықпал етеді. Мысалы, мезгілдік және мекендік мағыналары бар зат есімдер, сапалық сын есімдер, сұрау және сілтеу есімдіктері, белгісіздік сан есімдер мен көсемшелер.

Адвербиалдану процесіне күрделі, жай және туынды сөз құрылымдарының барлық түрлеріне қатысады. Әрбір құрылымның үстеу сөз табын қалыптастыруда алатын алуан түрлі орындары бар. Арадағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарды санамалаған жағдайдың өзінде бұл құрылымдар бір-бірімен өте тығыз байланыста дамып отырады. Осындай сөздер мен тілдік құрымдар адвербиалдық мән-мазмұнға ие болады да семантикалық мазмұн бірлігі, функционалдық дистрибуция және ситуативті контекске байланысты - мекендік, мезгілдік, өлшем бірлігін, қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіру мәнінде қолданысқа түседі.

Түркологиялық еңбектерде көрсетілгендей адвербиалдану құбылысы лексика-грамматикалық, морфология-синтаксистік тұрғыдан зерттеу объектілеріне ілінді. Адвербиалдану процесінде семантикалық факторлардың үстем болуын барлық сөз таптары негізінде есептей келе мынадай тұжырымдар жасауға болады. Яғни, белгілі бір сөз таптарының үстеулер қатарына ауысуы лексика-семантикалық, және синтаксисті -тәсілдер нәтижесінде жүзеге асады. Әрбір тәсіл тұлға қалыптастыруда өзіндік ерекшеліктерімен, айырым белгілерімен оңашаланады. Үстеулердің қалыптасуында есім сөздер елеулі роль атқарды. Әрбір сөз табы үстеулерді туындатуда түрліше ерекшеленеді, танылады. Зат есімдер үстеулер тобына көбінесе екі жағдайда ғана ауысады. Біріншіден, зат есімдер сөз түрлену жүйесінің жалғауларымен грамматикалық қарым-қатынасқа түседі. Белгілі бір септік формаларымен тұрақтанған сөз пысықтауыштық функциалы сөз топтарын жасайды. Грамматикалық көрсеткіштер әрбір сөздің бойына сіңісіп, оның құрамдас бөлігіне айнала бастайды. Сөз төл мағынасынан айырылады, түрлендіруші форма өзінің бастапқы қасиетінен алшақтап, өлі формалар қатарына өтеді. Сөз бен форма тұтастай өздеріңің алғашқы сөз түрлендірушілік қабілетінен айырылып, нәтижесінде бір ғана сұраққа жауап беретін, бір ғана сөз табының единицасы болып қалды. Тілдегі аталмыш процесс көне түркі жазбаларынан белгілі. Көне заманның өзінде түрлі сөздер үстеулер қатарына осындай жолдармен өте бастаған. Мұндай сөз формаларын тарихи тұрғыдан ғана бөлшектеуге келеді. Адвербиалданған зат есімдердің құрамындағы грамматикалық көрсеткіштерді сөз тұрлендіруші септік формалары деп есептеуге болмайды. Олар тек тарихи тұрғыдан ғана септік формалары деп аталады. Қазіргі уақытта мұндай жалғаулар формалық нормада ауытқып кеткен өлі элементтер түрінде ғана қаралады. Мысалы, көне түркі ескерткіштері мәтіндерінде кездесетін, қазіргі түркі тілдерінің барлығында үстеулік тұлға, тек үстеулік мағынаға ие сөз ретінде танылған йоқар у -«жоғары», ілгеру - «ілгері», керу - «кері», ташқару - «сыртқа, тысқа» т. б сөз құрылымдарын алайық. Ескерткіштер тілінде үстеу түрінде қолданылған йоқару - «жоғары» сөзі 5-8 ғасырларға дейін қалыптасудан өткен. Мәтінде аталмыш сөз үстеу ретінде толық мағынаға ие болған, қызметі жағынан да үстеулік мәнге ие. Сөздің құрылымдық-семантикалық сипатына келетін болсақ, мынадай ерекшеліктерін көруге болады: сөздің түбірінен септік жалғауын бөліп алайық. Түбір йо - йоқ сөзінің қысқарған түрі. Форма еш өзгеріске түспеген, ал түбірдің мағынасы, тұлғалық сипаты өзгерген. Көне түркі деректерін салыстыра зерттеу барысында аталмыш форманың нақты формасы табылды. Сөз көне жазбалар тілінде йоқ -«қырат, шоқы» деген мағынада қолданылған. Зат есім сөз ескерткіштер тіліне дейін грамматикалық форма - ғару және шылауын қабылдап өзгеріске түскен. Алғашында зат есімнің түрленуі болғанымен, кейіннен сөйлем ішіндегі қызметі өзгерген. Функциялық жақтан әуелі өзге сөз табына тән болған сөз, кейіннен мағыналық жақтан да үстеулер қатарына жылжып ауыса бастаған. Көне заманда өз алдына жеке лексикалық единица ретінде қолданылған йоқ сөзі йоқ иер - «биік жер, қырат, үстірт» септік формасымен бірігіп, оның ажырамас бөлігі болып қалған. Процесс тілдің дамуында ұзақ мерзімді сұрыпталу мен қалыптасуды басынан кешірген. Пайда болған жаңа тұлға түрленбейтін сөздерге айналған. Осындай процестің нәтижесінде туынды сөз түбір сөзге айналады. Аталмыш үстеу жасаушы түбірдің жеке лексикалық единица екендігін толық көз жеткізу үшін мынадай фактілерді салыстыра қарастырған дұрыс. Үстеу жасаушы түбір түрік тілінде йоқуш - «төбе, қырат», азербайжан тілінде йүксәк «биік, қырат», йүксәл «көтерілу, жоғарылау» т. б. түрінде кездеседі.

Көне түркі тілдері ескерткіштері мәтіндерін қарастырғанда үстеу ретінде қалыптастыратын тұлғалары себепші формалардың функциялары мен түрлері де молынан кездеседі. Қазіргі түркі тілдердегі деректермен салыстыратын болсақ, тілдің дамуы барысында адвербиалданатын тұлғалар мен формалар өсіп отырған. Тілімізде қолданып жүрген бірқатар үстеулер сөздер сонау көне түркі дәуірінде, орта ғасыр жазбаларында үстеу ретінде әбден қалыптасқан, өзге сөз таптарынан іргесін бөліп алған. Ал қайсыбірлері кейінгі жылдары пайда болған. Мысалы, қазақ тілінде кездесетін кешке сөзіне тоқталайық. Аталмыш сөз үстеу ретінде кейінгі жылдары ғана қалыптасып, толық мағынаға ие болған. Құрамы тек тарихи тұрғыдан талданбаса, қазіргі тіл тұлғасынан еш ажыратуға, талдауға келмейді. Аталмыш сөздің құрамын қазіргі қазақ тілі бойынша талдасақ -ке формасы бойынан жалғауға тән қасиет ауытқып кеткен көрсеткіш ретінде танылады. Яғни, сөз құрамындағы жалғауда сөз түрлендіруші қасиет жоғалған, өлі форма түрінде ғана көнеленген септік жалғау десе болады. Ал егер аталмыш форманы өз түрлендіруші барыс септігі ретінде қараса, онда сөз тарлығымен үстеулер қатарынан алшақтап кетеді. Ал егер аталмыш форманы сөз түрлендіруші барыс септігі болса, онда қимылдың, іс-әрекеттің бағытын білдірген болар еді. Мұндай жағдайда түбір мен қосымшаны бөлшектеуге әбден болады. Бірақ, сөз сөйлем ішінде түрленбейтін қасиетімен үстеулер тобының сұрағына жауап беріп пысықтауыш болғандықтан үстеу деп танылып отыр. Сөз бойында септік жалғауының ешбір белгісі байқалмайды. Өйткені кешке бұл жерде мезгілді, белгілі бір уақыттың мөлшерін білдіріп тұр. Сол сияқты қазіргі тілде кездесетін түрлі септік жалғаулары нәтежесінен жасалатын шалқасынан, түнімен, ретімен, алға т. б. сөздері тұрғысынан да дәл осы процесті айтуға болады.

Зат есімдердің үстеулер тобына дайын единица күйінде ауысуы тілде аса қарқынды дамуға ие емес. Сөз немесе сөз тіркестерінің үстеулер тобына өз формасын еш өзгертпестен өтуі сол сөздің лексика-семантикалық ерекшелігінің әсері деп білуі шарт. Шындығында да мезгіл үстеулері уақыттың белгілі бір өлшемін, мезгілін білдіретін сөздермен байланысты, ал мекен үстеулері заттың мекенін, орнын білдіреді. Сөздердің мағыналық бөлшегіндегі осындай қасиеттерін қарастыра отырып, түрік тілін зерттеуші, профессор А. Н. Кононов зат есімдердің үстеулер қатарына өтуін төмендегіше сипаттайды: «Характерным признаком перехода имени существительного в наречие, точно так же, как и в русском языке, является следующее: имя существетельное утрачивает возможность сочетаться с определением» [1, 309] .

Аталмыш процесте сөздің лексикалық мағынасы бастапқы мағынасынан алшақтайды. Сөз өзінің нақтылығынан айырылып, жалпылық сипатқа ие бола бастайды. Сөз мағынасының өзгеруі оның семантикалық ерекшелігіне тән болады. Сөз жеке өзі ешбір қатынассыз үстеулер тобына ауыса алмайды. Бұл жерде белгілі бір дәрежеде байланыс бар. Ол байланыс сөздердің тiркесу қабілетіне байланысты. Яғни, сөз өзі тіркесетін сөзбен барлық заңдылықтарды сақтай отырып тіркесе алады. Белгілі бір сөздердің етістікпен тіркесі сол сөз мағынасын сөйлем ішінде ғана өзгертіп, қызмет аясына байланысты уақытша үстеулер қатарына өтуіне мумкіндік береді. Сөз сөйлем ішінде пысықтауыштық мәнге ие болады. Мұндай қатынас сөздердің үстеулер тобына өтуіне ықпал етеді. Тілде болатын мұндай лексика-семантикалық құбылыс баяу, ұзақ мерзімдік дамудан өтеді. Тілдің ішкі қатпарларында әбден сұрыпталады. Мағыналық жақтан да, функциялық жақтанда толық үстеулер қатарына өтуі үшін тұрақты пысықтауыш ретінде ұзақ мерзім қолданылуы керкен. Аталмыш процес түркі тілінде пассив құбылыс.

Сөз таптарының ішінде адвербиадану процесіне бейім сөздер сын есімдер. Түркі тілдерінде кездесетін көптеген үстеулер өздерінің шығу төркіні жағынан сын есімдермен негіздес, төркіндес болып келеді. Тілші Ж. Сарбалаев сын есім сөздердің үстеулер қатарынан орын алып, кейіннен толық үстеу болып қалыптасу тұрғысында мынадай дәләлдер мен сипаттамалар береді: Сын есімдер тобынан үстеулер қатарынан ауысқан сөздер, әсіресе, қимыл-сын және күшейіткіш үстеулердің құрамына жиі ұшырасады» [2, 35-39] .

Ғылымның пікірін қолдай отырып, шынында да зат есімдер категориясынан ауысқан сөздер көбінесе мекендік, мезгілдік мағынаны білдірсе, адвербиалданған сын есімдер қимыл мен іс-әрекеттің сипатын, белгісін, мөлшері мен көлемін білдіруге бейім тұрады.

Жекелеген түркі тілдері деректерін салыстыра отырғанда сын есімдердің үстеулерге айналуының басты белгілерінің бірі ретінде коверсия құбылысы ерекше сипатқа ие. Өйткені, көп жағдайда сын есім сөздер өздерінің тұлғалық сипатын сақтай отырып, контекстік мағынасына, функциясына байланысты үстеуге айналады. Мысалы, башқұрт тілінде кездесетін алыс, қыйын, йәтеш, яқшы т. б. тұлғалар кейде контекске байланысты үстеу болса, кей жағдайда сын есім ретінде қолданылады. Мұндай сөздер тек башқұрт тілі емес, барлық түркі тілдеріне тән құбылыс. Сөйлем ішінде ерекше қызметтеріне қарай кейде сөздерді сөз таптары арасындағы функциялық тұрғыдан аралық категориялы тұлғалар деп топтасада болады. Тек сөйлем ішінде ғана белгілі бір сөз табына телінгеннен соң біз мұндай сөздерді контекстік үстеулер деп атауымызға тура келді. Демек, мұндай аралық жағдайда қолданылып жүрген сөздердің жігін ажыратып, олардың мағыналық, қызмет аясына өлшемдер айтуға болады деп есептейміз. Аталмыш сөздердің сөйлемде екі жақтылық сипатқа ие болуы сөйлем ішіндегі қызметінің шартына тәуелді. Сөз сөйлем ішінде есіммен тіркесіп, анықтауыш ретінде заттың сапасын, сынын білдірсе, сын есімге телініп, ал етістікпен тіркесетін болса қимылдың белгісін білдіріп үстеу болады. Сын есімдер мен үстеулерді ажыратудың бірден-бір белгісі ретінде осы анықтаманы айтуға болады. Мысалы башқұрт тілінде яқшы һүз ташты иретә «жақсы сөз тасты ерітеді» (мақал) - сын есім, көн яқшы уқйылытқан - «күн жақсы жылына бастады» - үстеу. Ал өзбек тіліндегі адвербиалдану құбылысына көңіл бөліп жүрген зерттеуші А. Гулямов өз мақаласында сын есімдердің сөйлемдегі қызметтерін атай келіп, етістікпен жақындасқан тұлғаның үстеулер қатарына ауысып кететін бейімінің бар екендігін айтады. Мысалы, яхшы уқийды - жақсы оқиды. Ғалымның айтуынша, бұл жердегі сөз синтаксистік қызметінің арқасында өзге сөз табына ауысу барысында.

Тілдегі үстеулердің осылайша қалыптасуы олардың синтаксистік қызметімен тікелей байланысты. Өйткені, бір сөз табынан екінші сөз табына ауысып келген сөздер өзінің бастапқы функциясына ұқсас қызмет атқаратыны белгілі. Мұның өзі әрбір сөз таптарының арасында өзара ұқсас сөз формаларынның, мағыналық топтарының қалыптасуына әсерін тигізеді және үстеу сөз табына сын есімнен ауысып келген сөздердің бастапқы функциясы мен кейінгі жаңа қызметінің арасында байланыстың үзілмегендігін, әлсіз де болса белгілі бір қатынастың бар екендігін байқатады [3, 3-16] .

Үстеуге айналған сын есімдерді тұлғасына қарай төмендегіше сипаттауға болады. Қазіргі түркі тілдерінде мүлдем, біржолата үстеуге айналған үстеулер және әлі де болса өзінің бастапқы сөз табындық ерекшелігінен арыла алмай жүрген сөздер. Алғашқы топ сын есімдер әлдеқашан өзінің лексика-семантикалық категориясынан алшақтап, тілдің қазіргі тұрғысынан қарағанда қай жағынан алса да үстеулік мән мағынаға ие болған сөздер де, ал кейінгі топтағы үстеу деп танылып жүрген сөздер өздерінің алғашқы лексика-семантикалық белгілерінен толық ажырамаған, екі жақты қызметі мен сипаты бар, қолданылу ыңғайына қарай аралық жағдайда сипатталатын, толық адвербиалданған сөздер.

Үстеулердің қалыптасуына сын есімнің шырай формалары да көптеп кездеседі. Қазақ, өзбек, башқұрт тілдерінде шырай формаларымен адвербиалданған көптеген тілдік единицаларды кездестіреміз. Олар үстеу сөз табын қалыптастыруда ерекше сипатқа ие.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі жазба ескерткіштері тіліндегі үстеу сөздердің даму ерекшеліктері
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері
Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: субстантивтену
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Орта ғасырлар лингвистикасы
Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Сөз таптарының қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz