Мәліметтер үлгілері жайлы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мәліметтер үлгілерінің түрлері
• Реляциялың есептеу тілдіері
• Реляциялың алгебра тәсілімен қатынастарды өңдеу
• Реляциялың мәліметтер қоймасы қатынастарының қасиеттері
• Қатынастарды қалыптандыру
• Қалыпты түрлер
2. Мәліметтердің желістік үлігісі
3. Мәліметтердің иерархиялың үлгісі
4. Мәліметтер үлгілерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасыңда мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс.
Онда ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді. Мәліметтер қоймасындағы мәліметтердің қолданушыға сипатталуы осы ақпараттық үлгі арқылы атқарылады. (1сурет).
Мәліметтер қоймасын басқару жүйесін (МҚБЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер қоймасын басқару жүйесінің (МҚБЖ) жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысыңда бейнеленелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер қоймасы мәліметтердің біріктіріліп (интегрирленіп) және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріліп сипаттаған дұрыс.
Егер мәліметтер қоймасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау - қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтандан тәуелсіз болса, ондай үлгіні
пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады. Ол
мәліметтер банкісін жобалау барысынд пәндік саланың мамандары мен мәліметтер қоймасының әкімдері арасындағы байланысты орнатады.
Даталогиялық үлгіні сақталу ортасына байланыстыратын болсақ, онда физикалық деңгейдегі мәліметтер үлгісін қолдануға тура келеді. Бұл үлгі қолданылатың сақтау құрылғыларын, жадыдағы элементтердің орналасу тәсілін, мәліметтердің элементтері арасындағы логикалық қатынастарды жүзеге асыру әдістерін анықтайды.
Даталогиялық деңгейдегі мәліметтер үлгісінің негізінен үш түрі бар:
— реляциялық;
— желістік;
— иерархиялық.
МҚБЖ осы мәліметтер үлгілерінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Мәліметтер үлгісінің иерархиялық түрін өздеріне арқау ететін "ДИАМС", "ИСХОД", "ОКА", ИНЕС" жүйелерін атауға болады.
Мысалы "ОКА" жүйесінде тармақтардың әрбір ұшында сегмент деп аталатын ақпараттық бірлік болады. Яғни, сегмент дегеніміз - аты бар алаңдардың сызықты бірігуі. Сегменттердің иерархиялы байланысқан аты бар бірігуін мәліметтер қоймасының жазылуы деп атайды. Иерархиялық құрылымда түбірлі сегменттен басқа, әрбір сегментке бір бастапқы сегмент сәйкес келеді және онымен келесі сегмент арасында тек бір байланыс орнайды. Сол себепті де мәліметтер қоймасының қисынды құрылымын бейнелеу үшін мәліметтерді сипаттау тілінде әрбір сегмент үшін оған бастапқы болатын сегментті көрсету мүмкіндігін қарастырған жеткілікті.
1. Симонович С.В. и др.Информатика.Базовый курс роб:учебник .м 2002.
2. Волков А.К.и др «Информационные технологии(для экономистов)»2001
3. О.Каймердинов «информатика» Учебник 2006
4. А Хоменко и В Гофман «Робота с базами данных»2005Санкт-Петербург
5. Конюховский П.В.КолесоваД.Н «Экомическая информатика»учебник 2001
6. Ахметов К.А Есептеу техникасы және программалау Алматы 1996
7. Бөрібаев Б.Информатика және компютер Алматы 1996
8. Робинсон С Microsoft Access2000Спб 2000

МӘЛІМЕТТЕР ҮЛГІЛЕРІ
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мәліметтер үлгілерінің түрлері
• Реляциялың есептеу тілдіері
• Реляциялың алгебра тәсілімен қатынастарды өңдеу
• Реляциялың мәліметтер қоймасы қатынастарының қасиеттері
• Қатынастарды қалыптандыру
• Қалыпты түрлер
2. Мәліметтердің желістік үлігісі
3. Мәліметтердің иерархиялың үлгісі
4. Мәліметтер үлгілерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мәліметтер үлгілерінің түрлері
Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды
және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасыңда мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі
деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті
болатындай түрде бейнелеуі тиіс.
Онда ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара
байланысы, қасиеттері болып келеді. Мәліметтер қоймасындағы мәліметтердің
қолданушыға сипатталуы осы ақпараттық үлгі арқылы атқарылады. (1сурет).

ПЖ-ның
Ақпараттық Қолданбалы ақпараттық МҚБЖ Мәліметтер
үлгісі бағдардама үлгісінің ішкі
қоймасы
нобайы

1-сурет. Компьютерде ПЖ-ны ақпараттық үлгілеу

Мәліметтер қоймасын басқару жүйесін (МҚБЖ) қолдайтын мәліметтер
үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер қоймасын басқару жүйесінің (МҚБЖ) жабдықтарымен
қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі
деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды
байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде
сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысыңда бейнеленелі отырған пәндік
саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер қоймасы мәліметтердің
біріктіріліп (интегрирленіп) және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол
себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріліп
сипаттаған дұрыс.
Егер мәліметтер қоймасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат
қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау - қолданылатын бағдарламалық,
техникалық жабдықтандан тәуелсіз болса, ондай үлгіні
пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық
үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады. Ол
мәліметтер банкісін жобалау барысынд пәндік саланың мамандары мен
мәліметтер қоймасының әкімдері арасындағы байланысты орнатады.
Даталогиялық үлгіні сақталу ортасына байланыстыратын болсақ, онда
физикалық деңгейдегі мәліметтер үлгісін қолдануға тура келеді. Бұл үлгі
қолданылатың сақтау құрылғыларын, жадыдағы элементтердің орналасу тәсілін,
мәліметтердің элементтері арасындағы логикалық қатынастарды жүзеге асыру
әдістерін анықтайды.
Даталогиялық деңгейдегі мәліметтер үлгісінің негізінен үш түрі бар:
— реляциялық;
— желістік;
— иерархиялық.
МҚБЖ осы мәліметтер үлгілерінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді.
Мәліметтер үлгісінің иерархиялық түрін өздеріне арқау ететін "ДИАМС",
"ИСХОД", "ОКА", ИНЕС" жүйелерін атауға болады.
Мысалы "ОКА" жүйесінде тармақтардың әрбір ұшында сегмент деп аталатын
ақпараттық бірлік болады. Яғни, сегмент дегеніміз - аты бар алаңдардың
сызықты бірігуі. Сегменттердің иерархиялы байланысқан аты бар бірігуін
мәліметтер қоймасының жазылуы деп атайды. Иерархиялық құрылымда түбірлі
сегменттен басқа, әрбір сегментке бір бастапқы сегмент сәйкес келеді және
онымен келесі сегмент арасында тек бір байланыс орнайды. Сол себепті де
мәліметтер қоймасының қисынды құрылымын бейнелеу үшін мәліметтерді сипаттау
тілінде әрбір сегмент үшін оған бастапқы болатын сегментті көрсету
мүмкіндігін қарастырған жеткілікті.
Иерархиялы үлгілерде әрбір бастапқы сегментке жалпы туындалған бірнеше
N сегмент сәйкес келеді. Ол пәндік салада 1:N түріндегі қатынасты
бейнелеуде ыңғайлы. Иерархиялық құрылымды тек оның түбірлі ұшынан шолуға
болады. Иерархиялық жолда берілген сегментте жету үшін сегментті аттауға
болмайды.
Мысалы "ОКА" жүйесі арқылы "Автотауар" мәліметтер қоймасы
2-суреттегі түрде сипатталады.

2-сурет. "ОКА" жүйесіндегі "Автотауар"

Қатынас 4ҚТ-да болуы үшін ол БКҚТ-да болып және онда тәуелсіз көп
мәнді тәуелділік болмауы тиіс.
Қатынастарды қалыптандыру — олардың нобайларын декомпозициялау немесе
ыдырату арқылы орындалады. Ыдырату — бастапқы қатынастардың проекцияларына
қосу амалын орындау арқылы оны кері алуға мүмкіндік береді. Дегенмен
ыдырату барысы ұдайы кері қалыпқа келтіруді орындай бермейді. Қатынас
проекциялардың қосындылары арқылы ешбір өзгеріссіз сол бастапқы қалпына
келуі мүмкін, егер ол қосылу бойын-ша тәуелді болса. Көп мәнді
тәуелділіктегі қатынастарда 4ҚТ артықшылықтарды жоя алмауы мүмкін. Сондай
жағдайда бесінші қалыпты түр (5ҚТ) қолданылады.
4ҚТ-дағы қатынасты 5ҚТ-ға ыдырату орындалғанда, нәтижесі қосылу
бойынша тәуелділікті қанағаттандыруы тиіс. Яғни, 4ҚТ-дан алынатын әрбір
проекция бірден кем емес мүмкін болатын кілтті және бастапқы қатынастағы
кемінде бір кілттік емес атрибутты қамтуы.
Сонда 5ҚТ-да қосылу бойынша тәуелділік мүмкін болатын кілтпен
анықталып, 5ҚТ артықшылықты немесе жаңартудағы тосын жағдайларды
болдырмайды.
Сонымен, қатынастарды қалыптандыру кезеңі келесі түрдегі атқарымдық
тәуелділіктерді жояды:
- кілттік емес атрибуттардың кілттерден аракідік тәуелділігін;
- кілттердің кілттік емес атрибуттардан тәуелділігін;
- кілттік емес атрибуттардың кілттен транзитивті тәуелділігін және
т.б.
Осы тәуелділіктерді жою мәліметтердің қайталануын және ендіру, жою,
жаңарту амалдарының тосындьтлығын болдырмау шараларын жүзеге асырады.
Мәліметтер қоймасын жобалау барысында қалыптандыру үрдісінің алатын
орны былай ерекшеленеді:
- пендік саладағы объектілерді және олардың арасындағы байланысты
бейнелеу үшін объектілік-байланыс үлгілерін қолдану арқылы алдымен
мәліметтер қоймасы жобасының бастапқы қатынасы құрастырылады;
- сосын, бастапқы қатынастарды жинақтау-ыдырату немесе композициялау-
декомпозициялау жүзеге асырылып және қалыптандыру ережелеріне сәйкес, жаңа
қатынастардағы кілттер тағайындалады;
- келесі, қалыптандырылған қатынастар схемасы МҚБЖ жабдықтары арқылы
сипатталынып, компьютер жадына ендіріледі.
Жалпы, қалыптандыру түрлері мәліметтер қоймасындағы қатынастар санын
көбейтіп, әрі өңдеу уақытын ұзартады, бірақ, мәліметтердің
дұрыстылығына және қайталануын жоюға байланысты мәліметтерге ену амалы
жылдамдатылады.

2. Мәліметтердің желілік үлгісі
Қазіргі МҚБЖ желістік үлгілер негізінде тұрғызылған. Мәліметтер
қоймасының құрылымы графикалы, түрде сипатталғанда желіс түріндегі графтар
қалыптасады. Графтың басты үшына жазба деп аталатын АҚБ сәйкес келеді де,
жазбаның даналары файлды құрайды. Жазба құрылымы сызықты немесе иерархиялы
болуы мүмкін.
Көптеген МҚБЖ қарапайым желістік құрылымда болады, яғни әрбір жазба
түрлері жұбының арасыңд 1:М қатынасы орнайды.
Желістік мәліметтер қоймасының қатынастар жиыны және тармақтармен
шоғырланған қатынастар ретінде бейнеленіп, ондағы қатынастар негізгі және
тәуеді болып келеді.
Тармақтармен шоғырланған қатынастар W(Т1,Т2 деп негізгі бір Т1
қатынасы мен Т2 жалғыз тәуелді қа тынасынан тұратын және тәуелді қатынастың
өрбі мәні негізгі қатынастың бір мәнімен байланысқан жағдайда ғана өзара
байланысатын екі қатынастың жұбы аталады.
Осы шарт мәліметтердің желістік үлгісіне сәйкес, шектеуге жатады. Әр
түрлі желістік МҚБЖ-да бұл шектеуді компьютерде жүзеге асыру біртекті емес.
Желісті мәліметтер қоймасыңдағы қатынастардың тармақтармен шоғырланған
қатынасқа кіруіне байланысты, көп деңгейлік және екі деңгейлік желістер
болып бөлінеді. Екі деңгейлік желістің шектеуіндегі әрбір қатынасқа
төмендегі шаралардың бірі тән болуы мүмкін:
- қандай да бір тармақтармен шоғырланған қатынастан тыс болуы;
- саны қанша болса да, тармақтармен шоғырланған қатынастардағы
негізгі қатынасқа саналуы;
- саны қанша болса да, тармақтармен шоғырланған қатынастардағы тәуедді
қатынасқа саналуы. Бір мезетте бір контекстегі негізгі қатынас болатын және
басқа контекстен тәуелді болатын қатынастың болуына жол берілмейді.
Көп деңгейлі желісте өзара байланысып тармақтармен шоғырланған
қатынастарға ешбір шектеулер қойылмайды. Дегенмен, қазіргі уақытта жиі
қолданылып жүрген МҚБЖ-ларда екі деңгейлік желісті қолданатын жүйелер
кеңірек тараған.
Компьютер жадында тармақтармен шоғырланған қатынасты ұйымдастыру
барысында байланыс мекені деген түсінік қарастырылады. Негізгі және тәуелді
қатынастарға қосымша атрибут ендіріліп, ол байланыс мекені деп аталады.
Байланыс мекенінің мәні - тармақтармен шоғырланған қатынастағы Т2 тәуелді
қатынасының әрбір мәнін Т1 негізгі қатынасының жалғыз мәніне бірігіп
сәйкестендіретіндігінде.
Компьютер жадындағы сақтаулы қатынастардың мәні жазба түрінде болса,
байланыс мекені деп бастапқы мекен сақталған жазба құрамындағы атрибут
немесе келесі өнделетін жазба аталды.
Тәуелді қатынас мәні мен негізгі қатынастың жалғыз мәнінің байланысы
келесі түрде жүргізіледі: негізгі қатынастың кейбір жазбаларының байланыс
мекендері қатынас жазбаларының бірін көрсетеді де, тәуелсіз қатынастың
көрсетілген жазбасының байланыс мекені – негізгі қатынастың жазбасы мен
байланысқан тәуелді қатынастың келесі жазбасының және тағысын таңы әрі
қарай көрсете береді. Осы тізбектегі тәуелді қатынастың соңғы жазбасы
жоғарыда көрсетілген негізгі қатынастың жазбасына жолданады. Тармақтармен
шоғырланған соңғы қатынастағы байланыс мекендері құрылымының сақинасы
қалыптасып, тармақтармен шоғырлану түбін негізгі қатынастағы жазба
сипаттайды.
Желістік мәліметтер қоймасы келесі құрылымнан тұрады:
S(rel) = А, R, WW, Dom, Rel, Net, V(s),
мұндағы А — атрибуттар атының жиыны;
R — қатынастар атының жиыны;
WW— тармақтармен шоғырланған қатынастар жиыны;
Dom — атрибугтардың доменге енуі;
Rel — қатынастар құрылымының сипаты;
Net — қатынастар жиынының тармақтармен
шоғырланған қатынастарға енуі;
V(s) — МҚ-дағы шектеулер жиыны.
Мәліметтерді тармақтармен шоғырланған қатынастарға ендірудің немесе
одан шығарудың стандартты түрде келісілген тәсілдері бар.

Ендіру тәсілі автоматты және автоматты емес түрде: сипатталуы мүмкін.
Автоматты түрде — негізгі қатынаста жаңа мән пайда болса, ол тәуелді
қатынастың қандай да бір мәніне сәйкестендіріледі. Осы ереже сақталса, ол
автоматты емес түрде сипатталады.
Мәліметтерді шығару әдістері міндетті және міндетті емес болып келеді.
Міндетті әдісте мән негізгі қатынасқа енген болса, ол тұрақты мүше болып
қалады да, оны жаңартуға болады. Дегенмен оны қатынастан жойып тастауға
болмайды.
Міндетті емес әдісте негізгі қатынастан кез келген мәнді жоюға болады.
Тармақтармен шоғырланған қатынас пен атқарымдық тәуелділік туралы
келесі тұжырымдаманы айтуға болады: егер тармақтармен шоғырланған қатынас
бар болса, онда тәуелді қатынастың кілті негізгі қатынастың кілтін
атқарымды түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«АТФ Банк» АҚ
Өмірбаянның жазылу ережесі
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі
Шетелдік әлеуметтік жұмыстың теориялық үлгілері
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Қазақ халық музыкасының тарихы
Көмекші мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды оқыту жолдары
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Пәндер