«Қамқорлыққа алу және асырап алу жағыдайлары»


Сабақтың тақырыбы: « Қамқорлыққа алу және асырап алу жағыдайлары»
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қараусыз қалған балаларды қамқорлыққа алу немесе асырап алу жағыдайлары мен жолдарын түсіндіру және қараусыз қалған балаларды асырап алған отбасыларына психологиялық әдіс - тәсілдерді қолдану жолдарын ұғындыру. Сонымен қоса қараусыз қалған балаларға көрсетілетін қамқорлық түрлерінен хабардар ету.
Сабақтың міндеті:
- Бала асырап алу және ата -аналардың қамқорынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу жөнінде түсінік қалыптасуы;
- Еліміздегі ата - ана қамқорынсыз қалған балаларды, шетел азаматтарының асырап алуы жөнінде ортаға өз пікірлерін айтып, ой тастап әділ шешім қабылдауға тәрбиелену;
- Қамқорлыққа алу мекемелерімен және бала асырап алған отбасыларымен болашақ мамандардың дайындығын анықтап, дұрыс бағытта қызымет етуіне жол сілтеу.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Слайдтта жасалған түрлі кестелер және т. б.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: теориялық мәліметтер, сұрақ - жауап, әңгімелесу, салыстыру
Сабақтың барысы
Ой қозғау.
- Құрыметті студенттер, бүгінгі қозғалып отырған тақырыбымыз қоғамдағы үлкен проблемаға айналып отыр.
- Сіздер бүгінгі тақырып жайында не айтар едіңіздер?
Сабақты ұйымдастыру:
- Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтерді түсіндіру
- Студенттерге тақырыпқа байланысты сұрақ қою
- Студенттер бүгінгі тақырып туралы толық мәлімет алу үшін аудиторияға қонақ шақыру. Олар:
- әлеуметтік педагог маманы Ахметова Эльмира ханым
- тәжірибелік психолог маманы Байболова Динара ханым
- Дінтанушы мамандығының кафедра меңгерушісі Мархаббат ханым
- Халықтың бала асырап алу агенттігінің бас директоры Алтынбаева Дильбар ханым.
Бүгінгі тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтер
Жоспар:
1. Бала асырап алу жөнінде заңдар мен құқықтар
2. Қараусыз қалған балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі мәселелер
3. Асырап алған балаларға көрсетілетін қамқорлық түрлер
4. Қазақ балаларын шетел азаматтарының асырап алуы
Кіріспе
Мектепке дейінгі баланы есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені, «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етіге үйрету.
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
- Әдебиетке, өнерге, мәдениетке тәрбиелеу.
- Ұқыптылыққа, адамгершілікке, ойшылдыққа тәрбиелеу.
Бұл мақсаттардың барлығы жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, балабақшада, ал кейіншелік мектепте тәлім-тәрбие беріледі.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата-ана». «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». «Әкеден ақыл, анадан мейір» алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын іскер ауқымын құрайды.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тарапынан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлармен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Баланың қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, баланың тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт баланың кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
76- бап. Бала ретінде асырап алуға жол берілетін балалар
1. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне сәкес қана ұл асырап алу немесе қыз асырап алуға жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағыдайларда ғана шетелдерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.
Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге аталған балалар осы Заңның 101 -бабының 3 - тармағында сәйкес орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асрап алуға берілуі мүмкін.
- Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай - ақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызыметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата- аналардың қаржы жағынан әл - ауқыты, отбасы жағыдайы, денсаулық жағыдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті.
77- бап. Баланы асырап алу тәртібі
1. Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бйынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.
Балаларды асырап алу жөніндегі істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдарының қатысуымен қарайды.
2. Бала асырап алушының және асырап алған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.
100- бап. Ата- ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
1. Ата - анасының қайтыс болуы, олардың ата - ана құқықтарынан айрылуы, олардың ата - ана құқықтарының шектелуі, ата - анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата - анасының сырқаттылығы, ата - аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата - аналар балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқытары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата -аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқада осығын ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай- ақ ата -аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағыдайларда, балалрдың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғанышы және қамқоршы органдарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғыи17 желтоқсандағы «неке және отбасы туралы» заңы болып табылады.
«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен 29 тараудан 213- баптан тұрады. Соның ішінде асырап алу немесе қамқорлыққа алу жөнінде қарастырған 4 - ші бөлімі болатын.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізде ата -ананың қамқорлығынсыз қалған балалр саны 51000- ға жуық болса, 3000- дай жетім бала бар. Бүгінде қараусыз, қаңғып қалған балалар саны азамат соғысы жылдарынан кейінгі жағыдайдан бетер асқынып барады.
Асырап алған балалрға көрсетілетін қамқорлық түрлері
Ата -анасыз баланы бағып алған отбасының жай - күйі әр түрлі болуы мүмкін: отбасының психологиялық климаты, материалдық ахуалы, бала тәрбиесіне деген көзқарасы, оны бағып алудағы мақсаты т. б. Ал баланы бағып алушылар оның туысқаны, немесе баласы жоқ бейтаныс адамдар болады. Бағып алушылар баланың дұрыс жетілуіне, дұрыс тәрбиеленіп, білім алуына, құқығының сақталуына жауапты. Сонымен қатар, егер бала ата- анасынан жастайынан айрылып, олардан белгілі бір дүние -мүлік, ақша қалған болса, соларды сақтап беруде солардың міндетіне енеді. Ал егер баланы бір жолата баланы ата - ана ретінде бағып алса, онда оған өз атын, тегін беру, бүкіл болашағын қамтамасыз етуді мойнына алады.
Уақытша бағуға алынған баланың отбасы мүшелері емханадан сауығып шыққанша, материалдық ахуалын түзеткенше немесе қалыбына келгенше, өз туысқандары мен қаушқанша баланың күн көрісі, материалдық - рухани жағыдайы жасалады. Осылардың барлығын үйлестіріп реттеу әлеуметтік педагогтың жұмыс ауқымына кіреді. Осыған орай оның бағып алушы отбасымен жұмысы бірнеше кезеңдерден тұрады:
- ата - анасы қалдырып кеткен баланы уақытша немесе біржола бағып алуға мүдделі отбасын іздестіру.
- бала бағып алуға ниет білдірген отбасы мүшелері сауалнама және басқада құжаттарды толтырады, ондағы сауалдарға жауап береді. Алынған мәліметтер компьютерге ендіріліп, талданып болған соң, баланы қай отбасына беру керектігі анықталады.
- баланы бағып алуға ниет білдірген отбасына паналау орындары, балалар үйіне барып олардың ахуалымен танысуға және әңгімелер өткізуге мүмкіндік жасайды.
- әлеуметтік педагог отбасы мүшелері, олардың туысқандары, отбасында үлкен- кіші адамдармен танысып, олардың көзқарастары, талаптары мен мүдделерін зерделеп, көршілері бірге істейтін әріптестері т. б. танысып, оларды қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.
- балаларды алатын ата - аналарды мекемеге шақырып, балалармен таныстырып, олар туралы мәліметтер берумен қоса, тәрбиелеу туралы кеңес береді.
- баланы бағып алушы ата -аналарға асырап алу құқығын тапсыру әділет мекемесі, құқық қорғау орындары, қамқорлық және бақылау секілді ұйымдары мекемелердің қызыметкерлері тарапынан жүзеге асырылады. Баланы белгілі бір отбасына берген соң, әлеуметтік педагог оның хал -жағыдайын үнемі біліп отырады.
... жалғасыЖетім балаларға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтар.
Әке - шешесінен айрылған балалрды басқа отбасы бағып алмаса, онда ол кәмелетке толғанша толығымен мемлекет қамқорлығына алады. Бұл міндетті алдымен бөбектер үйі атқарып, онда бала үш жасқа толғанша өмір сүріп, тәрбиеленеді. Одан кейінде оларды асырап алатын отбасылар болмаса жетімдерге арналған балалар үйіне, ал мектеп жасына толғандарды мектеп -интернаттарға бөлінеді.
Балалар үйі мектепке дейінгі жастағы, мектеп жасындағы және әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде балалар үйінің жаңа формасы « отбасылық балалар үйі» кеңінен таралуда. Олар сипаты жағынан балаларды уақытша қабылдайтын орындарға да ұқсап кеткенімен, оларға қойылатын басты талап - онда балаларға отбасылық шарт түзу, әр баланың өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, тәрбиеленіп, білім алуына жағыдай туғызу.
Қазақ балаларын шет ел азаматтарының асырап алуы
Қазақстанның шет елдегі мекемелерінде консулдық есепте 7247 бала тіркелген. Олардың басым бөлігі, яғыни 5925 бала АҚШ - та өмір сүреді. Бұл - ресми ақпарат. Болашақта олардың ұлан - ғайыр жерімізге иелік ететін қаншама қазақ ауылы өрбитін еді. Осдан барып, шетке бала беру мәселесі, ен бірінші, мемлекеттік қауіпсіздігінің әлсіреуіне ықпал етіп отыр деген ой түйесің. Миллярдттаған халқы бар Қытайдың өзі шетке бала беру мәселесіне аса сақтықпен қарайды. Американдықтардың қазақ балаларын асырап алу құмарлығыда заңымыздың осалдығын байқатса керек. Қазақстанның АҚШ - тағы консумы Алмат Айдарбекеовтың айтуынша, Америкада бала асырап алуға бір отбасы шамамен 25 мыңнан 35 мың долларға дейін қаражат жұмсайды. Оның 7 мың доллары бала асырап алу жөніндегі халықаралық агенттіктердің қалтасына құлайды. Егер Қазақстан балаларының құқығы жөніндегі ГААГА конвенциясына қосылса, елден шетке бала беру азайяды.
Неге Американдықтар өзге ұлттың ұрпағын алуға құштар? Мұның бірнеше себебі бар. Мәліметтер бойынша АҚШ халқының 50 пайызы бедеуліктен зардап шегеді, кеш отау құрады. Кейбіреулер бала көтеру қабілеті бола тұрсада, ата -ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді асрап алуды жөн көреді. Мұны діни тұрғыдан қайрымды іс деп таниды. Оның үстіне, біріншіден, мемлекет тарапынан салыққа жеңілдік жасалса, екіншіден мемлекеттен арнайы ақша бөлінеді. Тіпті жекеленген шарттарда шіркеулер бала асырап алуға отбасыларға қомақты қаржы төлеп, өз дініне тартып алуға тырсады екен. Біз сұхбаттасқан американдық отбасыларының басым бөлігі Ресейден бала алғысы келмейтіндерін айтып қалады. Олардың пайымдауынша орыс балаларының, басым бөлігі ішімдік зардабынан туылғандар. Осы жағынан алып қарағанда, американдықтар қазақтың қанының тазалығына қатты мән береді екен.
Асырап алу балалар әдісі.
Бұл әдіс психогенетикалық ең кең тараған, дамыған әдіс. Бұл генетикалық және орталық факторларының ықпалын бақылаудың жалғыз ғана тәсілі болып табылады. Кейбір ата - аналар өз балаларынан бас тартып айрылып қалып отырады. Дамыған елдерде асырап алу процедурасы құқықтық және дәрігерлік бақылауға алынады. Сондықтанда генетикалық ата- аналарымен олардың бірге өмір сүру жағыдайын, сондай - ақ асырап алған ата -анасының өмір сүру ерекшелігін анықтап алу қажет. Балалар өздерінің алғашқы ата -аналарын генетикалық жағынан 50 пайыз ұқсас болып келеді. Ал асырап алған ата -аналарымен ортақ гені болмасада өзгеде қылықтары ұқсау мүмкін. Генетикалық ата -аналармен балалардың психологиялық қасиеттерінің жоғары өзара байланысы туралы генотиптік сөз етуге, ал асырап алған балалары мен ата- аналарының психологиялық қасиеттерінің өзара байланысына бақылау жүргізіп, белгілері бойынша дара айыпрмаларына орталық ықпалы жайында сөз етуге болады. Балаларын тастап кеткен ата -аналардың биологиясының асырап алған ата -ананың орта үлесіне байланысты. Асырап алған балаларды салыстырудың әдісіне төменгі сыналушы топтар кіреді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz