Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І - тарау. Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері . 5
1. 1. Сырттан тартылған қаражаттарды инвестиция жасайтын қаржы инструменттері және оларға сипатама . . . 5
1. 2. Депозиттердің инвестициялық портфельді қалыптастырудағы рөлі . . . 12
ІІ - тарау. Депозиттік ресурстарды инвестициялаудың негіздері
(«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - ның материалына негіздей отырып) …… . . . 23
2. 1. Инвестициялық портфельдің табыстылығы және оның депозиттік сыйақымен байланысы . . . 23
2. 2. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері, ………38
2. 3. Инвестициялық портфельдің диверсификациясы . . . 46
2. 4. Коммерциялық банктерде инвестициялық
портфельді қалыптастырудың тәртібі. . 49
ІІІ - тарау. Коммерциялық банктерде депозиттік ресурстардың тиімділігін арттырудың жолдары . . . . 52
3. 1. Депозиттерді инвестициялаудың шетелдік тәжірибесі . . . 52
3. 2. Инвестициялық портфельді басқаруды жетілдіру жолдары . . . 60
Қорытынды . . . 67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі , . . . 70
Қосымша . . . 72
Кіріспе
Дипломдық жұмыс коммерциялық банктерде депозиттік портфельді басқару тақырыбына арналған.
Қазақстан Республикасы алдынғады міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, арлас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым ( депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері - банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (депозит және жинақ сертификаттары ) болып табылады. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды рөл атқарады. Банктік ресурстың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларын жүргізунен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы депозиттік операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты. Осыған байланыстыресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналды.
Осыдан, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып Қазақстанның қаржылық нарық жағдайымен байланысты салымды объективті түрде талап етеді және нарық табысқа бағытталады. Осының барлығы дипломдық жұмыстың тақырыбын талдауға әсер етті.
Осы жұмыстың зерттеу объектісі болып - Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердегі депозиттік портфельдің қазіргі жағдайы және жүзеге асырылу механизмі болып табылады, сондай -ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - ның депозиттік портфельді басқару мәліметтері бойынша есептік көрсеткіштері мен практикалық тәжірибелері алынды.
Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің депозиттік операцияларды жүргізу процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Жұмысты жазу барысындағы зерттеудің жаңалығы - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің жүзеге асырып жатқан депозиттік операцияларының кейбір шарттары толықтыруды қажет ететіндігі анықталады. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделгенде депозиттік портфель сапасын әрі қарай жетілдіру арқылы депозиттік базаны көбейтуге болатындығы айқындалды.
Банктің ең негізгі мақсаты - максималды табыс табу болып табылады, ол банктің мобилизацияланған ақша ресурстарын неғұрлым тиімді орналастырып, пайдалану арқылы жүзеге асады. Депозиттік портфельді басқару банктің сырттан тартылған қаражаттарды орналастырудың тиімді жолдарын тиімді пайдаланумен байланысты. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер сырттан тартылған қаражаттарды орналастырған кезде тек нарықтық критерийлерге, яғни өтімділікке, табыстылыққа және тәуекелділікке негізделеді. Бұл өз кезегінде банктің депозиттік портфеліне әсер етеді.
Осы жұмыстың мақсаты банктің депозиттік портфелінің теориясы мен практикасына талдау жүргізу, депозиттік портфельді басқару түрлерін, әдістерін анықтау және бағалау және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:
- банктің депозиттік портфелінің мәні және түрлері мен ерекшеліктері;
- коммерциялық банктер инвестиция жасайтын қаржы инструменттері;
- инвестициялық портфельдің табыстылығына талдау және оның депозиттік сыйақымен байланысы;
- депозиттік саясаттың банктердегі қолданылуын талдау;
- коммерциялық банктерде депозиттік портфельді басқаруды жетілдіру жолдары;
- ҚР -ның депозит нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Осы жұмыстың методологиялық негізі - депозиттік портфельге талдау жасаған шетел және отандық экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, Д. Т. Бохаев, У. М. Искаков, және Э. А. Рузиеваның «Финансовые рынки и посредники» оқулығын, С. Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабын, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілірі, Ұлттық Банктің ережелері мен нұсқаулары алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысын жазу барысында статистикалық, аналитикалық зерттеу әдісі қолданылды.
І - тарау. Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция
жұмсаудың қаражат көздері
- Сырттан тартылған қаражаттарды инвестиция жасайтын қаржы
инструменттері және оларға сипаттама
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өтімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Депозит дегеніміз не дейтін болсақ, бұл түсінікке әр түрлі авторлардың анықтамалары бар. Еліміздегі авторлардың көзқарастарын қарастыратын болсақ, С. Б. Мақыш оған келесідей анықтама берген: депозит - бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады. Ғ. С. Сейтқасымовтың берген анықтамасы бойынша депозитік операциялар - бұл банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары болып табылады. Ресей авторы Колесниковтың айтуынша, депозит (латынша depositum - сақтауға берілген зат) - бұл клиент қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады. Банктік депозит мәнін зертей отырып, З. С. Каценеленбум депозиттің екі жақтылық сипатын атап көрсеткен. Депозиттер салымшылар үшін потенциалды қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы үшін екі рөлде көрінеді: бір жағынан ақша рөлінде, ал екінші жағынан пайыз әкелетін капитал рөлінде.
Депозиттік портфель дегеніміз - коммерциялық банктердің табыс табу мақсатында әртүрлі қаржы инструменттеріне инвестиция жасау нәтижесінде қалыптасқан активтер портфелінің құрамдас бөліктерінің бірі және несиелік портфельден келетін табысты көбейтуге мүмкіндік туғызады.
Инвестиция банктердің серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды. Олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді; жаңа кәсіпорынды сатып алады; бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әр тараптандырады.
Барлық инвесторлар:
- кезкелген түрдегі инвестициялық әрекет жасауға;
- инвестицияланатын объектіні иемденуіне, пайдалануға, өнім жасауға;
- инвестицияның көлемін және бағытын өз еркімен анықтауға;
- инвестициялық әрекетке келісім бойынша басқа субъектілерді қалыптастыруға;
- инвестициялық қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жасауға және тағы басқалармен тең құқықты.
Депозиттік портфельді қалыптастырудың басты мақсаты - кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарын қамтамасыз ету. Инвестициялық портфельді қалыптастырудың ең негізгі мақсаттарына мыналар кіреді:
- салымдардың ұзақ мерзімге қамтамасыз етілгендігі;
- ағымдағы кезеңде жоғарғы деңгейде табыс алуын қамтамасыз ету;
- инвестициялық портфельдің өтімділігінің жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз ету;
Жоғарыда аталып кеткен инвестициялық портфельді қалыптастыру мақсаты жоғары дәрежеде өзекті болып келеді.
Капитал өсімінің дәрежесі ұзақ мерзімді қамтамасыз ету деңгейі депозиттік портфель табысының ағымдағы деңгейі есебінен қол жетеді. Капитал өсімінің дәрежесі және депозиттік портфельдің табысының ағымдағы деңгейі тікелей инвестициялық тәуекелдің деңгейіне тәуекелді.
Депозиттік операциялар - кең мағыналы түсінік, өйткені оған банктің салымдарға қаражат тартумен бйланысты барлық қызметі жатады. Депозиттік операцияларды ұымдастыру келесі қағидалардың сақталуымен жүзеге асырылады:
- пайда табу;
- банктің өтімділігін қолдау үшін депозиттік операцияларды басқару кезінде икемді саясат жүргізу;
- депозиттік саясат пен активтердің табыстылығының арасында сәйкестілік болу;
- клиенттерді тарту мақсатында банктік қызмет көрсетулерді дамыту.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаржаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты екі үлкен топқа бөлінеді:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозиттердің қолма-қол ақшамен салыстырғанда артықшылығы - ол пайыздық сыйақы әкеледі, ал кемшілігі - капиталдың әдеттегі әкелетін пайызынан азырақ пайыз әкеледі. Депозит тек клиентке ғана емес, сондай -ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттер банке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларөптеген депозиттер банке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларға орналастырады. Банктің «алтын ережесі» бойынша пайыз бен несие бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады. Банктердің осы табысты көбейтуге ұмтылуына әкеледі.
Қаржылық инвестициялаудың бұл үлгісінің негізгі мақсаты болып депозиттік табысты реттеу, сондай - ақ кейбір жағдайларда ол әртүрлі компанияларда, стратегиялық тапсырмаларды шешу үшін қаржылық әсер ету үлгісін бекіту үшін қолданылады. Нарықтық қарым - қатынас шартында ақша ресурстарының қалыптасуы және табысты объектілерге тиімді инвестиция жасау қаржылық нарықтың көмегімен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанды дамыту мақсаттарының айқындығы және нақтылығы: байыпты экономикалық іргетасын қалау және ашық, демократиялық әрі өркендеу үстіндегі қоғамды құру; алға қойылған мақсатқа жетудегі мақсаткерлік және дәйектілік; қысқа мерзімде Қазақстан мемлекеттік - бюрократиялық экономикадан нарықтық экономикаға, бірпартиялық өктемдіктен саяси сан алуандылыққа; жеке тұлғаның идеологиясынан адам құқықтары мен еркіндіктерінің әмбебап құндылықтарына көшудің күрделі жолынан өтті; қоғамдық өзгерістерді жүзеге асырудағы нақтылық және жауаптылық;
Халықаралық «Standart and Poor’s» рейтинг агенттігі өзінің тиімділігі жағынан Қазақстанның банк жүйесі Ресейдің және ТМД - ның басқа елдерінің банк жүйесінен озып келгенін атап өтті. Бағалы қағаздар рыногы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі айтарлықтай серпінді дамып келеді.
Қаржылық инструменттер - қаржылық міндеттемелердің әртүрлі формалары (қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялау үшін) саудасы қаржылық нарықта орындалады. Қаржылық инструменттерге ақша қаражаты және бағалы қағаздар жатады. Төмендегі кестеде қаржылық инструменттердің бірнеше түрі көрсетілген.
1 - кесте. Қаржылық инструменттер
Бағалы қағаздар бойынша сатылатын және сатып алынатын қаржылық құжат түсіндіріледі. Ол құжат иесіне кемшілікке ақша түсімін алуға құқық береді. Бағалы қағаздарды келесі түрлерге бөлуге болады:
-тұрақы табыс әкелетін бағалы қағаздар - облигация, депозиттік сертификаттар, вексель.
- тұрақсыз табыс әкелетін бағалы қағаздар - акционерлік қоғамның акциялары, акция сертификаты
- аралас форма - мысалға опцион, фьючерс.
Эмиссиондық бағалы қағаздар - әртүрлі бағалы қағаздарға, соның ішінде құжатсыз келесідей белгілермен сипатталады: жиынтық мүліктік және мүліктік емес құқықтарды бекітеді.
Негізгі эмиссиялық бағалы қағаздар болып акция және облигация табылады.
Акция - эмиссиялық бағалы қағаз, акционерлік қоғамға түскен табыстың дивидент түрінде алуға құқық береді, акционерлік қоғамды басқаруға қатысады.
Акция дегеніміз - ол үлесті және меншікті куәландыратын бағалы қағаз яғни акционерлік қоғам шығаратын және олардың түрлері мен категорияларына қарай дивиденттер алуға акционерлік қоғам басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігін құқықтарын куәландыру.
Облигация дегеніміз - осы бағалы қағаздар иесінің ақша қаражаттарын енгізгеннен номиналды құны бойынша қайта сатып алуға міндетін айқындайтын және де міндетті түрде табыс алатын бағалы қағаз.
Акцияларды корпорациялар шығарады. Ал облигацияларды корпорациялар да үкіметте шығарып отырады. Акция мен облигацияның инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни инвесторлар үшін тартымдылығы әртүрлі облигациялар әдетте акцияларға қарағанда жинақты сақталу кепілдігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік облигациялардың төлем қабілеттілігі өте жоғары.
Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп қаржыгерлердің қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивидент ретінде алып отырады.
Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде және қарыз % - н төлеуге міндетті. Ол - заим арқылы алынатын пайданың бір бөлігі дивиденттен % - ң өзгешелігі тұрақты әрі банк ставканың өзгерісіне тәуелсіз. Сондықтан да облыстарды белгілі бір табыс әкелетін бағалы қағаздар деп те аталады. Әдетте % заимның қызмет мерзімі бойына бірдей үлеспен төленеді.
Эмиссиялық бағалы қағаздардың сертификаты - құжат, бағалы қағаздар санында сертификатта көрсетілген жиынтық құқықты куәландырады және эмитент шығарады. Бағалы қағаздардың иесі эмитенттен сертификатқа негізделе отырып оның міндеттемесінің орындалуын талап етеді.
Жай акция - дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығы мен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидент алуға сондай - ақ акционерлік қоғам таратылған жағдайда ҚР -ң заңдарында белгіленген тәртіппен қоғам мүлкінің бір бөлігін алу мүмкіндігін береді. Жай акциялардың бірнеше түрі бар - тік, шектелген, атаулы.
Артықшылығы бар акция - акция иемденушілер, акционерлер жиналысына қатысады. Бірақ дауыс беруге құқы жоқ. Сондай - ақ тұрақты ставка бойынша дивидент алуға жәй акцияның иесімен салыстырғанда бірінші ретті қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қоғам мүлкінің бір бөлігін алу мүмкіндігін береді. Артықшылығы бар акцияның бірнеше түрі бар - тік, қайтарымды, қалқымалы курспен өлшенетін, конвертацияланатын.
Инвесторлар үшін инвестициялық бағаның жоғары көзқараспен қарағанда активті акция және өсім акциясы деп бөлуге болады.
Активті акция - акция бағалы қағаздар нарығында жиі сатады және жеткілікті дәрежеде кең нарықты иеленеді, өтілділігі жоғары операциялар ереже бойынша нарықтың курс бойынша орындалады.
Өсім акциясы - компаниялардың өсетін акциялары, бірнеше жыл ішінде жоғары өсім қарқынымен сипатталады. Жәй ғана бағаның жоғарылауы акцияның өсімінің өскенін білдірмейді. Бағаның жоғарылауы тұрақты факторларда базаланады - кем дегенде жоғары табыс нормасында, активтің құндылығының өсуі, айналым капиталының өсуінде.
Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық дамуының ағымдағы кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларда әлдебір «қамқоршы» құрылымдар құруға айтарлықтай алғышарт бар. Бұл кезеңнің бір ерекшелігі - елде технологиялық жаңғарту мақсатында пайдалануға болатын елеулі қаржы ресурстары бар (зейнетақы қорларының екінші деңгейдегі банктердің сақтандыру компанияларының және басқалардың қаржысы) . Алайда олар қолданыстағы нормативтік шектеулер жағдайында бұл үрдіске тікелей қатыса алмайды. Мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорларының нақты фирмаларды тікелей қаржыландыруына болмайды. Заңнама еліміздің қаржы институттарының инвестиция салу бағыттарын сенімділік пен өтімділік өлшемдеріне сай келетін белгілі бір құралдардың шағын тобымен орынды шектеп отыр.
Нақ осы жағдай отандық қаржы жүйесінде «артық өтімділік» болып отырған кезде нақты сектор үшін соның ішінде оның әсіресе технологиялық бөлігінде қаржы тапшылығы орын алуы қаржы институттарының қаражаты мен оларды тұтынушылар арасында делдал бола алатын технологиялық компаниялар ыңғайында мемлекеттің қатысуымен ірі компаниялар құрған жөн екендігін көрсетеді. Капиталдандырылуы жоғары мұндай құрылымдар несие ресурстарын «көтерме» қарыз алушылар немесе сенімді және өтімді бағалы қағаздар эмитенті ретінде әрекет етіп, қаржыны шоғырландырып және оны «аздаған маржамен» республика экономикасының технологиялық дамуымен өлшемдеріне жауап беретін кәсіпорындар мен фирмалардың қажетіне қарай қайта бөле алар еді. Сонда жоғары технологиялық компаниялардың дамуын ынталандыру осы мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметі есебінен бюджетті толықтыру сияқты функцияларды іске асыру мүмкін болады, сондай - ақ қазір инвестициялық қызметте пайдалы бағыттардың жетімсіздігін өткір сезініп отырған институттық инвесторлардың қаржы ресурстарын жоғары тиімділікпен орналастыру міндетін де шешуге болады.
Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компоненттерін - борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногымен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда сегменттер алғашқысы ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы - акциялар рыногының «көгілдір фишкалар» бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымен жасауға және оларға деген төлем қабілеті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс - әрекеттер болуы керек бұл орайда негізгі ұсынымен қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді. Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады.
- жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;
- ұлттық және мемлекеттік компанияларды акционерлендіру және олардың акцияларын биржалық айналысқа шығару. Мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін осы компаниялардың жарғылық қоры мөлшерін алдымен активтерінің құнын және рыноктағы жағдайын тура көрсететіндей көлемге дейін ұлғайту қажет, ал бұл қайта бағалауға танымал шетелдік аудиторлық компанияларды тарту керек.
- еліміздегі орта және шағын компаниялардың қор рыногына шығуын ынталандыратын жағдайлар жасау.
Қазақстандық эмитенттердің акцияларына төлем қабілеті сұранысты қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар болуы керек:
- институттық инвесторлар топтарын ең бірінші кезекте - өзара қорларды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
- Қазақстан рыногына шетелдік портфельді инвесторлар тарту;
- қор рыногына жеке инвесторлардың қаржысын тарту.
Облигация бұл - оның иесі мен белгілі бір тұлғаның арасындағы қарыздың қатынастарын дәлелдейтін бағалы қағаз. Облигацияның қарыздық міндеттеме және қарыздық куәлік деп айтса да болады. Оның екі элементтері бар:
- облигацияның титулдық бетінде көрсетілген соманы келіскен уақытын мерзімінің өтуіне байланысты оның иесіне эмитенттің қаржы сомасын қайтару міндеттемесі.
- эмитенттің облигацияның номиналдық құнынан немесе басқалай мүліктік эквивалентінен тұрақты түрде процент төлеп тұру міндеттемесі.
Облигация мен акция инвестицияның қайнар көзі болып табылады. Бірақ бұл бағалы қағаздарды бір - бірінен айрықша ерекшеленеді.
Облигациялар эмитентіне байланысты бөлінеді:
- мемлекеттік
- мемлекеттік емес
- шетелдік
- жергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздары.
Конвертацияланатын облигациялар - табыс әкелетін облигацияларға немесе эмитенттің акцияларына айырбастауға құқық береді. Қорды кейінге қалдыру облигациялары - эмитенттің облигациясы, ол жерде арнайы өзінің қорын құрады. Өндірістік қаржылық инструменттері жасалған шартты толтыру болып табылады. Белгілі бір мерзімде негізгі қаржы инструменттерін сату және сатып алу кезінде келісім - шартты толтырады. Өндірістік бағалы қағаздарға қаржылық фьючерстер, орцион, варрант және тағы да басқаларды жатқызуға болады.
Қаржылық фьючерс - қаржылық инструменттердің сату және сатып алу туралы келісім, сондай - ақ келешекте күнінің, мерзімінің және келісілген бағада сатып алу туралы келісім шартта көрсетілуі керек.
Опцион - шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз және тұрақты бағамен акцияны сату немесе сатып алу.
Варрант - бағалы қағаз, оны иеленуші бағалы қағазды белгіленген бағамен, белгілі бір уақытта сатып алуға құқығы бар.
Бағалы қағаздардың бағасын және инвестициялық сипаттамасының негізгі көрсеткіштеріне төмендегілер кіреді:
Дивидент - акционерлердің өзіне тиесілі акциялары бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі.
Бағалы қағаздар бойынша пайыз - пайыздық бағалы қағаз иесінің табысы.
Бағалы қағаздың табыстылығы - дивидент немесе бағалы қағаздардың пайызы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz