Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде, оның мәні мен мазмұны


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . . 3-5

1. СУИЦИД ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ, ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ . . . 6-12

2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНЕ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ . . . 13-24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28-29

ҚОСЫМШАЛАР . . . 30-32

І КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы - қалыптасуы мен дамуының қиын кезеңін басынан кешіріп отырған, жас егеменді мемлекет. Біздің ата заңымызда «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі» деп көрсетілген. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай-ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе. Қазақ халқы көз ашқалы адам шығынын көріп келе жатқан халық. Аумалы төкпелі заманның өзі солай етуге мәжбүр етті. Ал енді елге тыныштық орнаған мына бейбіт заманда біздің Қазақстан адам шығыны жағынан әлем бойынша алдыңғы қатарда тұр. Оны біреулер денсаулық сақтау саласының нашарлығымен де байланыстырып жатады. Алайда бір таң қаларлығы- біздің еліміз суицид бойынша да, яғни азаматтардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша да «көшбасшы» елдердің бірі екенбіз. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары мен ықпалы, толық негізде қоғам өмірін зерттейтін гуманитарлық ғылымдардың, соның ішінде әлеуметтану ғылымы үшін өзекті және маңызды мәселе болып табылады. Қоғамымыздың аумалы-төкпелі шағында өзін-өзі өлтіру (суицид), секілді түрлі керітартпа әдеттердің тым көбейіп, жұқпалы дерт секілді таралуы, олардың әсері мен қауіптілігі - бұл әлеуметтік проблема. Бұл проблеманы зерттеудің өзектілігі осы жасөспірімдер арасындағы суицидтің біздің елімізде үздіксіз өсуімен және оның қауіптілігінің күшеюімен түсіндіріледі.

Бұл мәселеге деген қызығушылықтың артуы да жасөспірімдер арасындағы суицидті тудыратын себептерді іздестіруге, әсіресе, бұл мәселеге жастардың көбірек араласуы, оның көбеюін дер кезінде тоқтатуға және алдын алуға, жалпы айтқанда қоғам өміріндегі осы бір дерттің толық шешілуіне өз үлесімді қосуды мақсат еттім.

Өзін-өзі өлтіруді жіктеп зерттеу барысында қоғамдағы техникалық өркендеу, информациялық ресурстардың алшақталуы адамның қажеттілігінің өсуі, адам психикасындағы ауытқушылықтардың көбеюімен қоса жүріп отыратындығы байқалған. Теріс мінез-құлықтың бір түрі болып табылатын суицидті жасаушылар жігері мықты адамдар емес, керісінше, өз қиыншылықтарын жеңе алмайтын әлсіз адамдар типі.

Жасөспірімдер суициді олардың арасындағы теріс мінез-құлықтың бір түрі ретінде қарастырылады. Бұл мәселе әрқашан актуальды болған және болып қала береді. Оның себебі біріншіден көптеген елдерде тууға қарағанда өлімнің саны өсіп барады, ал суицид әлемде өлімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Екіншіден, қоғамда болып жатқан өзгерістер әрқашан жасөспірім санасына ықпал етпей қоймайды және үнемі өзін-өзі өлтірудің деңгейіне елеулі әсерін тигізіп отырады. Үшіншіден, бұл әлемдік деңгейдегі мәселені түбегейлі шешу мүмкін болмай отыр. Айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі - қалыпты құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, өз-өзін өлтіруге талпынып аман қалған жасөспірімдердің келесі талпынысы міндетті түрде өлімге алып келуі мүмкін.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі: Жағымсыз мінез-құлықты әлеуметтік тұрғыдан зерттелуіне көптеген зерттеуші ғалымдарымыз өз үлестерін қосты. Олар, Батыс Европадан француз социологы Э. Дюркгейм, психолог және криминолог Г. Тард, Социолог Р. Мертон, Э. Сатерленд, психиатр З. Фрейд, Философ Э. Фром, Ч. Ломброзо, У. Х. Шелдон, Ч. Беккариа, Н. Смелзер, А. Кемью, және т. б. ойшылдардың еңбектерін айтуға болады.

Ресей зерттеушілерінен Я. И. Гилинский, В. Н. Кудрявцев, А. А. Габиани, Е. И. Каиржанов, А. К. Катова, И. И. Рогова, И. С. Кон, Ф. М. Достоевский және т. б. ғалымдарымыздың есімдерін атауға болады.

Ал, отандық зерттеушілерден социолог Ш. Е. Жаманбалаева, Д. Қазымбетованың еңбектерін атауға болады.

Адамзат тарихын басып өткен өркениеттер өзін-өзі өлтіру мәселесін түрлі дүниетанымда қарастырады. Мысалға, Ежелгі Грецияда бұл мәселені теріс қабылдады және суицидті заң арқылы жазалау керек, тіпті өзін-өзі өлтіруге ниеттеліп, іске асыруға барған адамдардың қолын кесу керек деп есептеген екен. Ислам дінінде де, христианда да өзін-өзі өлтірушілерді жақтамайды, исламда олардың жаңазасы шығарылмайды, христиан дінінде де бейіт шіркеуге апарылмайды.

Бұл жерде дін осы мәселенің азаюына тосқауыл жасай алмаған. Ал шығыс елдерінде, мысалы, Қытайда өзін-өзі өлтірушілікке басқаша көзқараспен қарады. Қытай дүниетанымында, адам өзін-өзі өлтіру арқылы өз жанын азат етеді деп түсіндіріледі.

Үндістанда да осындай дүниетаным қалыптасқан. Ал, Жапонияда мынадай харокира әдет-ғұрып бар: өзін-өзі өлтіру данышпандықтың, шыншылдықтың, тәртіптіліктің биік шыңы деп түсіндірілген. Дегенмен де харокира дәстүрі бойынша, өзін-өзі өлтіру әр түрлі сипатқа ие. Оның бірі егер адам өмірмен қоштасқысы келсе, жанұя мүшелерін түгел шақырып, бастан-аяқ түгел ақ қиім киіп, ішін күйдіреді, осы кезде баласы немесе жақын досы басын кесуі керек. Бірақ мұның барлығы әдет-ғұрып тұрғысында толық қамтылмайды. Өйткені, қазіргі күнде дүниежүзілік өркениетте араласқан мәдениеттің көбеюіне байланысты адамға көбіне діни және әлеуметтік-мәдени факторларға қарағанда экономикалық факторлар өз ықпалын тигізіп отыр. Яғни, бүгінгі күндегі суицидтің басты факторы деп экономикалық факторларды алуымызға толық негіз бар.

Қазір өзін-өзі өлтіруді құлдырауды сипаттайтын өркениеттің өркендеу кезеңінің ақыры деп танылатын үлкен қоғамдарға тән деп есептеу кең таралған. Бұл мәселенің барлық философиялық, психологиялық және әлеуметтік жақтарын әлеуметтанушы Э. Дюркгеймнің «Өзін-өзі өлтіру» деген еңбегінде егжей-тегжейлі айтылған. Ол мына пікірді ұсынады: Өзін-өзі өлтірушілік дегеніміз жәбірленуші адам өзін мәжбүрлеуші етіп те көрсететін, және өз өлімі туралы айғақты соңғы көрген жағдайда айтамыз.

Дюркгейм өзін-өзі өлтірудің 4 түрін атап көрсетті:

1. Эгоистік

2. Альтруистік

3. Аномистік

4. Фаталистік

Зерттеудің нысаны -жасөспірімдер, мектеп оқушылары. Жасөспірімдерді зерттеу объектісі етіп алуымның көптеген себептері бар. Біріншіден, жасөспірімдер арасындағы жағымсыз іс-әрекеттер ересек адамдарға қарағанда 2-3 есе жоғары болып келеді. Екіншіден, жасөспірімдер өмір тәжірибесі аз халықтың осал бөлігі болып табылады. Үшіншіден, жасөспірімдер басқа жастағы адамдардың жағымсыз ықпалына тез түсіп қалады. Яғни, біреудің арбауына, алдауына, бір сөзбен айтқанда еліктегіш келеді.

Зерттеудің пәні - жасөспірімдердің суицидтік бағытын айқындау.

Зерттеудің мақсаты - өзін-өзі өлтіруді әлеуметтану ғылымымен қатар, заң, психология, философия ғылымдары да қарастыратын болғандықтан, аталған мәселенің негізгі деңгейлерін нақты әлеуметтану саласы бойынша айқындау және бұл мәселеге қоғамдық назар аудару, түсініктеме мен кеңес беру, суицидтің алдын-алу шараларының әлеуметтік бағдарын анықтау.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы:

  • Жасөспірімдер суицидінің алдын алуға байланысты жаңа тұжырымдамаларын жетілдіру;
  • Осы мәслеге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізілді;

Зерттеудің міндеттері:

-Жасөспірімнің суицидтік іс-әрекетінің орындалуының көрінісін айқындау;

-Өзін-өзі өлтіру тәсілдерін талдау;

-жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептерін анықтау

-жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі өлтірушілердің статистикасын қарастыру;

- жасөспірімдер суицидіне қоғамдық пікірді анықтау;

-жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу, болдырмау шараларын іздестіру;

  1. СУИЦИД ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ, ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Қазақ халқы тарихынан көп қиындықтарды бастан кешіп келеді. Тіршілік барысында адам шығынына бір емес бірнеше рет ұшыраған халықтың осы күнге аман есен жетіп, ашық аспан астында өмір сүрі отырғандығының өзі халқымыздың ерекше сабырлылығ төзімділігі десек қателеспейміз. Қаншама соғыстардан, ашаршылық заманынан аман қалған еліміздің алдынан тағы бір мәселе шыға келді. Ол еліміздің болашағы деген жастарымыздың, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салу, суицид фактісінің көбейіп кетуі болып отыр.

Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латының «sul» өзімді, «caedere» өлтіру деген сөзінен шыққан, ол - өз омірін әдейілеп қию. [1] Өзін-өзі өлтірушілік деп екі түрлі құбылысты айтуға болады:

Біріншіден, жеке мінез құлықтық акт, өз омірін нақты адамнын қиюы;

Екіншіден, бұл әлеуметтік құбылыс «қоғамның белгілі жағдайының» өнімі және көрсеткіші.

Әлеуметтік құбылыс бұл адамдар арасындағы қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болатын оқиға.

Өзін-өзі өлтірушілік адам қоғамның тарихы секілді өте ертеден келе жатқан құбылыс. Өзін-өзі өлтірушілік - жеке акт. Ал, өмірдің мәні - философиялық, дүние танымдық мәселе.

Әлеуметтік құбылыс ретіндегі өзін-өзі өлтірушіліктің себептері белгілі бір заңдылықтарға бағына отырып, әлеуметтану ғылымының зерттеу пәні болып табылады.

Өзін-өзі өлтірушілік әлеуметтік құбылыс ретінде, әлеуметтік себептерден туындап отыратындықтан, ең алдымен әлеуметтік зерттеумен түсіндіруді талап етеді.

Өзін-өзі өлтірушілік мәселесін ең алғаш Э. Дюркгейм зерттеді.

Өзін-өзі өлтірушіліктің түрлі типтері бар. Қазіргі кезде ең көп тараған типке - менмендік өзін-өзі өлтірушілік жатады. Менмен адамда езілушілік сары уайымға салынушылық басым болады. Ол өзін бәрінен жоғары қояды. Бәрі оған оның мұқтаждығын қанағаттандыра алмайтындай көрінеді. Өзін-өзі өлтірушілік күн көрсету, зәбірлеу актісі болып табылады. Жалпы ережеге сай, өлтіру ағымы жылдам болады, жеке адамның қадір-қасиетін бағалаған қоғамда өзіне-өзі қол жұмсаушылық сирек болады. Міне сондықтан да төменгі қоғамдағы, жеке адамның іс-әрекетіне онша мән беріп, назар аудармаған қоғамда адам өлімі, өзіне-өзі қол жұмсау жиі кездеседі. Менмендік өзін-өзі өлтірушілікпен адам өлтіру екеуі де антогонистік себептерден болатындықтан, біреуі еркін дамыған жерде, екіншісі еркін дами алмайды. Қазіргі кезде дамыған өркениетті елдер мен ірі орталықтарда ең көп тарағандықтан ол қанды қылмыстарды ығыстырып отырады. [1]

Сонымен, мынадай қорытындыға келуге болады: егерде өзін-өзі өлтірушілік пен адам өлтіру көбінесе кері пропорциональды болып келсе, ол екі қарам-қарсы әлеуметтік ағымды білдіреді. Бұл екеуі де бірін-бірі күн мен түн сияқты, бірінен соң бірі кезектесіп отырады. Сонымен, қоғамдағы ауытқушылық бірдей дәрежеде адам өлтірумен өзін-өзі өлтірушілікті тудырады. Сондай-ақ оның дамуы мен зардаптарының дамуы да азайтады.

Өзін-өзі өлтірушілік жоқ деген қоғам болмаған, болмайды да. Керісінше, бұл құбылыс қандай деңгейдегі қоғам болмасын кездесіп отырады және оны болмайды, мүлдем болдырмаймыз деп ешкім де айта алмайды. Яғни, өзін-өзі өлтірушілік Еуропалық болсын, Азиялық болсын кез-келген қоғамдық құбылыстың құрамдас элементі болып табылады. [2]

Адам тарихында өзін-өзі өлтіруге қатысты адамдар мәселесі философиялық көзқарастың үстем болуына тыгыз байланысты. ХІХ ғасырдын аяғына дейін өзін-өзі өлтірушілік құқықтық жағынан құқыққа қарсы әрекет деп түсіндірілсе, ал моральдық жағынан адамның өзі үшін ғана емес, оның бүкіл жанұясына масқара әрекет болған. Ол қылмыс жасағанмен бірдей қарастырылып отыр. Орта ғасырларда өзіне-өзі қол жұмсағысы келгендер өлім жазасына кесілген, ал кейінен түрмеге қамаумен ауыстырылды. Өзін-өзі қол жұмсаушылыққа мынадай формаларды жатқызуға боладың; ішімдікке үйір болу, нашақорлық, емделуге мойын бұрмау, жанжалдар мен төбелестерге қатысу.

Өзін-өзі өлтірушіліктің мінез-құлқы - бұл өзіне өзінің оміріне қарсы алдын ала ойлаған ниетпен жасаған өзін-өзі өлтіруге дейін баратын әрекеттің көптеген типтері жатады.

Өзіне-өзі қол жұмсау бұл әсіресе, 15-39 жас аралығында жиі кезеді, мұндай әрекеттердің көрсеткіші соңғы кездері көптеген елдерде күрт өсіп кетті. Мұндай адамдардың орташа жасы 15 жастан жоғары жас аралығындағы адамдар арасындағы шамамен 100 000 ерекектердің 200-не және 100 000 әйелдердің 350-не келді. Бірақта біріккен корольдік пен Германияда бұл көрсеткіш 70 жылдардың аяғында түссе, Нидрланд, Норвегия мен Филиядияда мұндай көрсеткіш мүлдем құлдырап кеткен, яғни, жылына 3500 Канадалыктар өзін-өзі өлтірушілікке барады. [4]

Өзін-өзі өлтіру - бұл мезгілсіз олімнің басты себебі, адамдар көбінесе өзін-өзі өлтіргенде, тығырықтан шығуға жол жоқ деп есептеген кезде барады. Мұның басты себебі, үмітімен сенімін жоғалту, адамның батылсыздығы, өзін жападан жалғызбын деп сезінуі жатады.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, бұл себептен құтылудың басты жолы әділеттілік және әлеуметтік теңсіздікті болдырмау және т. б. себептерді атап көрсетеді.

Э. Дюркгейм өзін-өзі өлтіруді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келді:

- әрбір ұрпақ келер ұрпақты өзі түзеуі тиіс;

- адамдардың өзін-өзі өлтіруі мынадай: олар өздерінің заңды талап-тілектері қай жерге келіп тоқтайтыны және біздің әрекетіміздің мақсаты неде екенін жақсы білуінен келіп туындайды. [15]

Э. Дюркгеймнің пікірінше, өзін-өзі өлтіру бұл әлеуметтік құбылыс. Мұның басты себебі реттеушіліктің болмауы. Өйткені, әлеуметтік ереже адамдар өмірін реттеуде маңызды роль атқарады. Тәртіп бұзғанда адамдардың өмірге деген бағыт-бағдары да өзгереді, әлеуметтік нормалардың бұзылуы адамдардың мінез-құлқындағы ауытқушылығына себеп болады.

Орташа есеппен жылына 500-600 мың адам өз өмірін өз еркімен қияды, ол өзіне өзі қол жұмсауға әрекет еткендердің саны бұдан 5-6 есе көп болды.

Суицидтік мінез-құлық ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді, ішкі суицидтік мінез-құлыққа суицидтік мағынасыз ойлары, қайғыру, мәнсіз елестер жаатды. Сонымен қатар суицидтік тенденциялар, үмітсіз клиенттер жатады. Бұл деңгейге жету 3 тәжірибелік баспалдақтан өтумен байланысты болады:

1. Пассивті суицидтік ойлар өз өліміне деген құштарлықты (бұл жерде өзін-өзі өлтіруге емес) қамтиды. Яғни, суицидтік мінез-құлыққа ие болған адам. Өлу жақсы емес пе? Ұйықтап адам кейін оянбау өмір қиыншылығы мен азабынан құтқарады - деген ойлармен шырмалып өлуге құштар болады.

2. Өлімге деген құштарлықтан кейін пайда болатын екінші баспалдық суицидтік мінездің активті түрі болып табылады. Бұл кезеңде адам өзін-өзі өлтіруге жоспар құрады, яғни өзін-өзі өлтірудің тәсілдерін, уақытын, орнын ойластырады.

3. Үшінші кезеңде, адам жоғарыдағы 2 кезеңді басынан өткеріп ішкі ниетті сыртқы мінез-құлықпен байланыстырады, яғни, бұл кезеңдегі адамның мінезінен және жүріс-тұрысынан өзін-өзі өлтіруге бағытталған ниетін анық байқауға болады. [3]

Суицидтің шығу себептері:
1. Отбасылық ұрыс-керіс, ажырасу, жалғыздық, махаббатта жолы болмау, жыныстық қатынастағы әлжуаздық.
2. Дімкәс денсаулық, психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік.
3. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығына қорқыныш.
4. Материалдық-тұрмыстық қиыншылықтар.
5. Жұмыс және оқу орнындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер.
6. Қоғамдық-саяси жағдай.
7. Басқа да әрекеттер.
8. Тұқымқуалаушылық.

Суицидтік ойлардың пайда болғаннан бастап оның шынайы орындалуына дейінгі кезеңді суицид алдынғы кезең деп атайды. Оның ұзақтығы кейде бірнеше минут болса (жедел суицид), кейде бірнеше айларға (созылмалы суицид) созылуы мүмкін. Процестің айқындалуының ұзақтығына немесе қысқалығына қарамастан, жоғарыда сипатталған белгілер адам бойынан көрініс табады. Әрине, бұл сол адамның темпераментіне тікелей байланысты болады.

Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы көріністеріне суицидтік әрекеттер (өзін-өзі өлтіруге оқталу) мен суицидтің орындалып бітуі (өзін-өзі өлтіруі) жатады. Суицидтік әрекеттер дегеніміз әлі де болса өлім процесіне жетпеген өз өмірін тоқтатуға деген ерікті мақсаттылық. Бұл процесс даму барысында екі фазаға ие: назар аударатын немесе назар аудармайтын болып бөлінеді.

Өзін-өзі өлтірудің типологиясына келер болсақ, өзін-өзі өлтірудің көптеген түрлері мен әдістері бар, солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Э. Дюркгейм өзінің «Өзін-өзі өлтіру (әлеуметтік этюд) » деген еңбегінде өзін-өзі өлтірудің көбеюіне не азаюына бірден-бір әсер ететін әлеуметтік ортаның түрлі жағдайларын нақтылап талдаған. Олар: діни сенім, жанұя, саяси өмір т. б. Өзін-өзі өлтірудің себептеріне орай, олар эгоистік, альтруистік және аномистік болып бөлінеді.

Эгоистік өзін-өзі өлтіру. Индивид өзінің жеке «менін» қоғамдық «меннен» жоғары қойып, оған қарсы қоятын болса, индивид пен қоғам арасында келіспеушілік наразылық, ренжушілік сезімдер пайда болып, мағынасыз қоғамнан өзін алшақтатқысы келіп, өз өмірін өзі үзеді. Егер бұл индивидуалды сипатқа ие болатын болса, оны эгоистік өзін-өзі өлтіру деп атауға болады.

Коллективтік байланыс, қоғамның ұйымшылдығы өзін-өзі өлтіруге кедергі жасайды. Егер қоғамның ұйымшылдығы әлсіресе, онда индивид әлеуметтік өмірден бас тартып, өзінің жеке ұстанымдарын бәрінен, тіпті қоғамнан да жоғары қояды. Дюркгеймнің пікірінше, қоғамның әлеуметтік құлдырауы кезінде өзін-өзі өлтірудің де саны өседі. Бұл мәселенің статистикасының жоғары болуына саяси жағдайлар мен үлкен соғыстар да әсер етеді.

Альтруистік өзін-өзі өлтіру. Жекелеген индивидуалдық адамды өзін-өзі өлтіруіне әкеп соғады. Адам қоғамнан шеттетіліп қалса, онда оның санасында өзін өлтіруге деген жаман ойлар тез туындайды, сонымен қатар, мұндай пікірлер өзінің тұлғалылығын қоғамға мойындата алмаған адамда да болады. Альтруизм дегеніміз - адам өз «менін» жоғалтқанда, өзінің бүкіл болмысы санасына бағынбаған жағдайда пайда болатын психологиялық ауытқушылықты айтамыз. Альтруистік өзін-өзі өлтіруде адамда Алла алдындағы парыз бірінші орында тұрады. Бұл, әсіресе, діни жоралғыларды орындау барысында көптеп кездеседі.

Аномистік өзін-өзі өлтіру . Қандай сатыда тұрса да қоғам әрқашан тұлғаға әсер етеді және оны басқарып отырады. [16]

Экономикалық құлдыраудың болуы өзін-өзі өлтірушілерге бірден-бір себеп болады. Елдің экономикалық жағдайы мен өзін-өзі өлтірушілердің санының сәйкес келуі жалпы заңдылық болып табылады. Мысалы, қоғамда мекемелердің банкрот болуы, финанстық саладағы тоқырау кезінде өзін-өзі өлтіру жағдайлары да соғырлым көбейе түседі. Адам әрқашан тойымсыз болып келеді. Адам қанша нәрселерге қол жеткізсе, одан да көбірек нәрсені тілейді және одан төмен нәрсеге көңілі толмайды. Дегенмен де шынайы өмірде адам тілегінің, қажеттілігінің барлығы бірдей орындала бермейтіні анық. Ал, бұл адамның қоғамға деген ренішін тұғызады.

Жоғарыда, біз өзін-өзі өлтірудің әлеуметтік көрінісін талдадық. Енді психология саласында үлкен жетістікке жеткен В. А. Тихоменконың еңбегіндегі талдауларға нақтылап өтейік. Оның бұл талдаулары шынайы өзін-өзі өлтірушілерді шектеп және олардың әрекеттерін өзін-өзі өлтірушілерге ұқсап жүрген адамдардың әрекеттерімен айыруға мүмкіндік береді.

Шынайы, өзін-өзі өлтірудің мақсаты - өзін-өзі өмірден кетіріп, қастандық жасау болып табылады. Бұл процестің соңғы нәтижесі өліммен бітеді, дегенмен, суицидтік реалдылықтың тәсілдері мен өлімді шынайы тілеудің арасы екі бөлек.

Бақылау мақсатындағы суицидтік іс-әрекеттің кейінгі мәні өзін-өзі өлтіру емес, осы атты жамылғы ретінде пайдаланып, өзінің жеке арман-тілегін орындаттыру, қорқыту арқылы өз дегеніне жету. Олардың мақсаты өзін-өзі өлтіру емес, тек өздеріне зақым келтірумен аяқталады.

В. А. Тихоменко өзінің еңбектерінде мынадай мысал келтіреді: қан тамырын кесу оның орындалуына орай көзқараста қарастырылады:

а) соңында көп қан жоғалтып, өлімге алып келген жағдайда бұл

шынайы өзін-өзі өлтірушілік деп саналады;

б) Жан-жағындағыларды өзін-өзі өлтірушілікке сендіріп, ойластырып, соңы өлімге емес, өзіне зияндық жасаумен ғана шектелетін болса, бұл демонстрациялық бақылау үшін жасалған әрекет болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ерекшеліктері
Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары
Суицид дерті, оның алу жолдары
Суицид мәселесі
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Жасөспірімдер суицидін педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдары
ДАУ - ДАМАЙ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ
СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz