Несиеннің қажеттілігі және оның мәні


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . 2

I. НЕСИЕННІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

1. 1 Несиенің қажетілігі және несие қатынастарының пайда болуы . . .

1. 2. Несиенің мәні . . . 6

ІІ. Несиелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру … . . . 11

2. 1 Несиелеуді ұйымдастыру. .

2. 2 ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕҚАЫЛЕТТТЛІГІН ТАЛДАУ…19

2. 3 Банктегі несиелік операциялардың бухгалтерлік есебі25

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында несиенің мәні ерекше рөлді атқарады. Өйткені кез келген шаруашылық жүргізуші субъект өзінің шаруашылық операциясын жүзеге асырған кезде тек өз қаржысына тәуелді емес, сонымен бірге банктік несиеге де тәуелді болады. Сол себептен банктік мекемелер өздерінің несиелік операцияларын дұрыс ұйымдастыру керек.

Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан» мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.

Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды кредиторларға және қарыз алушылар бойынша, банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты және басқа да түрлерге сәйкес бірнеше топқа жіктеуге болады.

Қазіргі несиелеу жүйесінің манызды белгісі онын шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрактардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құкықтарға ие болады.

Жалпы айтқанда біз бұл жұмыста несиелеуді ұйымдастыру, қарыз алушы-ның несие қабілеттілігін талдау, несие беру және қайтару есебі, несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі, несиелердің мониторингін,

банктің несиелік қоржыны жіктемесін және клиенттерге ұсынылған несие бойынша мәжбүрлі шығындарды құру мәселесін толығырақ қарастырамыз.

1. НЕСИЕННІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ.

  1. Несиенің қажетілігі және несие қатынастарының пайда болуы

Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз. «қарыз », «несие» деген «kredo -сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай жане кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан» мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-акша қатынастарының дамуымен несие акша түріне көшті.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктін, ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлы қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - 1' - А1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді. екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып. бастапкы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдын айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субьектілерінде ақша қаржысының уакытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен. қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.

Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.

Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай. туғызады. Мысалы, негізігі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының пронесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал-жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қара-жаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.

Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т. б. туындауы мүмкін. Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін. Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте. бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры жәнет. б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасымда туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі. Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілгі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар.

Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретн дербес заңды субьектілер сияқты алға шығуы керек Еіншіден. егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса. онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетгі түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды. Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде. бір жағынан. несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды. Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажетілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге; асуын төлем қаражаттарын құру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар аудармай. оны толық дәрежеде анықтамайлыАқша эммиссиясының процесі формаға тәуелді емес (қолма-қол ақша жене қолма-қол ақшасыз) , несие капиталының бір көзі болып табылатын несие операцияларының нәтижесі бар. Түрліше несие қарым-қатынастарындағы несиенің мән-маңызы сол немссе басқа қоғамдык формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.

Құндық қатымастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық мәміледе қолданысқа түсетін. бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді.

Бірақ. несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан -қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысуы несиелік қатнастардан туындаған экономикалық жеміс.

Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.

Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының обьективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады. Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі несиелік қатынасқа несие бсруші мен қарызға алуышының мүлдделік танытуы.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рол атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасымдағы қарым-қатынасты білдіреді.

Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жииақталып, уакытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады

  1. Несиенің мәні

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принцимтерді ұстану керек. несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі ксрек: несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәміледс иесие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді; несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші

- банк болып табылады. Ол кәсіпорындардьң ұйымдардың кең
селер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырланды
рып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие
түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға
алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіп
орынға. халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға
міндетті. Бүл арада банк бір жағдайға несие беруші болса. екінші
жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы несие алып алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі зман талабына сай қарызға алушылар -кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер боулы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші-қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші
мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың
бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары
ретінде олар. оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың
мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық
несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие
алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген кұны - несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.

Несиенің құрылымы

7. 2. сурет. Несиенің құрылымы.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі. қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжамбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жииақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.

Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

НО-Қан-Нп . . . Рб, . . . Нк . . . -БК,

мұндағы: Но- несие орналастыру;

Қан- қарызға алушының несиені алуы;

Нп- несиенің пайдаланылуы;

Рб - ресурстарды босату;

Нк - несиенің қайтарылуы;

Бк - банктің аталмыш қарызды алуы.

Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Он -несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

Несис алу (Қан) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.

Несиені пайдалану (Нп) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аякталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

Несиенің қайтарылуы (Нк) уақытша пайдаланылған құмнның қарыз алушыдан несие беруішіге кайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.

Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Нп) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уакыт бойынша несиенің қайтарылуы (Нк) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қан сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір қүнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады. ал ол дәл осы соманы алады.

Осы қарастырылған кезеңдер несиелемген құнның толық айналымының бір бөлігі болып саналатын несиенің қозғалысын көруге болады. ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.

Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несенің мәнін ашып көрсететін, несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О. ИЛаврушкин оның қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді

Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туында-майды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады. яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей. кейінгі қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сиякты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің әлеуметтік-эқономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.

Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие беруіші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделіп қайтарылым қозғалысына байланысты эқономикалық қатынастар екендігі.

Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие -бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшілігі сол. Ал, капитал - өзінен-өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.

Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.

Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.

Несиснің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғанан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие қапиталының қозғалысына қажетті талап болып табылалы. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.

Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез- келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні жайында
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Ақша, банк, несие жүйелері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Ипотекалың несиелеу Қазақстан нарығындағы ұзақ мерзімді несие
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Банк балансын құрылымдық талдау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( МЫСАЛ РЕТІН ТУРАН ӘЛЕМ БАНК АҚ )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz