Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
№1 Лекция тақырыбы: Мемлекет пен құқықтың методологиясы.
№2 Лекция тақырыбы: Мемлекеттің пайда болуы
№3 Лекцияның тақырыбы: Құқықтың пайда болуы.
№4 Лекцияның тақырыбы: Мемлекет түсінігі және жалпы сипаттама
№5. Лекция тақырыбы: Мемлекет типологиясының ғылыми негіздері
№6 Лекция тақырыбы: Мемлекеттің нысаны (формасы)
№7 Лекция тақырыбы: Мемлекеттің функциялары.
№8 Лекция тақырыбы: Мемлекеттің механизмі
№9 Лекция тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет орны.
№10 Лекция тақырыбы: Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
№11 Лекция тақырыбы: Құқықтың түсінігі, оның белгілері және қалыптасу әдістері
№12 Лекция тақырыбы: Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігі
№13 Лекция тақырыбы: Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны
№14 Лекция тақырыбы: Құқық нормасы
№15 Лекция тақырыбы: Құқықтың типі және қазіргі заманғы құқықтық жүйе негіздері
№16 Лекция тақырыбы: Құқықтың қайнар көздері(нысаны).
№17. Лекция тақырыбы: Нормативті.құқықтық акт
№18 Лекция тақырыбы: Құқықшығармашылық және нормативтік.құқықтық актілерді жүйелеу
№19 Лекция тақырыбы: Құқық жүйесі мен заңдар жүйесі
№20 Лекция тақырыбы: Құқықтық қатынастар
№21 Лекция тақырыбы: Құқықты іске асыру
№22. Лекция тақырыбы: Құқықтық нормаларды қолдану
№23 Лекция тақырыбы: Нормативтік.құқықтық актілерге түсінік беру немесе түсіндіру (талқылау).
№24 Лекция тақырыбы: Құқыққа сай және құқыққа қайшы мінез.құлық. Заңды жауапкершілік.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылысы мен мақсаты.
Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет және құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгілерін, функцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынастары, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекетті қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
2.Мемлекет және құқық теориясының әдісі, оның мазмұны.
Методология – дүниені философиялық турғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері.
Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді - ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі.
Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінің ең күрделісі материалистік диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен әдісі. Таным – объективті шыңдықтың адам санасындағы белсенді және қайшылықты бейнелейді. Бұл процесте логиканың атқаратын ролі бар. Логиканың негізгі мақсаты – танымның ақиқаттылығы, танымдық әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.

1. Четвернин В.А. Понятия права и госдарства. Введениев курс теории права и государства .М., 1997
2. .Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 1998.
3. Жоламан Қ. Мұхтарова А. Тәукелев А. Мемлекет және құқық теориясы Алматы .1999.
4. Булгакова Д . Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.Алматы 2004.
5. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық Дәуір. Алматы,2003
6.Табанов С. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқу құралы Алматы 2003.
7. Ибраева А. Ибраев Н. Теория государства и права .Учебное пособие .Алматы 2001.
8. Табанов С. Құқық теориясы мен сот жүйесінің Конституциялық негізі. Оқу құралы. Астана,2001.
9. Зиманов С Конститутция и Парламент Р. К .Алматы . Жеті жарғы . 1996.
10. Нұрпейісов Е. Котов А. Қазақстан Республикасы хандық биліктен Президенттік Республикаға дейін .Алматы .1995
11.Алексеев С.С. Философия права. М., 1997
12. Казимирчук В.П., Кудрявцев В. Современная социология права. М., 1995
13. Керимов Д.А. Философские основания политико-правовогоисследования. М., 1987

13. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
№1 Лекция тақырыбы: Мемлекет пен құқықтың методологиясы.
Лекция жоспары:
1. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні.
2. Мемлекет және құқықты оқып үйрену әдістері.
3. Мемлекет және құқық теориясының қызметі.
4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдағы және қоғамдағы орны.
Лекцияның мақсаты: Мемлекет пен құқық теориясының пәнін, оқып үйрену
әдістерін, қызметін және мемелекет және құқық теориясының қоғамдық және заң
ғылымдарымен байланысын оқып үйрету.
1.Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні.
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – адам қоғамының
өміріндегі құбылыстардың мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму
объективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылысы мен мақсаты.
Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-
әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды
реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын
ғылым. Жалпы теория мемлекет және құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын,
мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгілерін,
функцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы,
күрделі қарым-қатынастары, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын
орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын,
адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын,
құқықтық мемлекетті қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар
жасап отырады.
2.Мемлекет және құқық теориясының әдісі, оның мазмұны.
Методология – дүниені философиялық турғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми
методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы
– оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері.
Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік
ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді - ғылымды зерттеудің
методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер
философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып
жүргізіледі.
Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінің ең күрделісі материалистік
диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен әдісі. Таным –
объективті шыңдықтың адам санасындағы белсенді және қайшылықты бейнелейді.
Бұл процесте логиканың атқаратын ролі бар. Логиканың негізгі мақсаты –
танымның ақиқаттылығы, танымдық әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.
Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері
қолданылады. Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі
объектілерді талдау, құрамды бөліктерді жіктеп ажырату.
Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір
объектіні, затты құрастыру.
Жекелік ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері:
Жүйелік тәсіл - қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге салаға
топтастырып зерттеу. Функционалдық тәсіл - қоғамдағы заңды құбылыстардың
әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.
Социологиялық әдіс – жүйелік, функционалдық, статистикалық әдістер
арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді
жалғастыру.
Салыстырмалы – теңестірмелі әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды
салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі
әдіспен зерттеу жүргізу

Мемлекет және құқық теориясының негізгі үш функциялары бар.
1.Теориялық - танымдық функция (онтологиялық, гносеологиялық,
эвристикалық). Адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму
заңдылықтарын зерттеу. Таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың маңызын,
мақсатын білуге болады. Заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-
тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа
заңдылықтарын ашу.
2.Тәжірибелік - қолданбалы функция (әдістемелік, саяси, тәжірибелік-
ұйымдық) заң ғылым салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми
тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау. Қоғамның алдында
тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын,
жолдарын, белгілеу. Мелекеттің ішкі-сыртқы саясатының ғылыми негіздерін
жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету. Тәжірибелерге сүйене
отырып, қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар
жасап отырады.
3.Тәрбиелік қызметі (идеологиялық, болжау) жалпы теория қоғамдағы
әртүрлі қөзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе
қалыптастырып, адамдардың сана-сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын
жақсарту. Жалпы қоғамдағы саяси-құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей, сол
құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап,
оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дайындауға қатысу.

Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты
зерттеп, оның объективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап,
оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан теория қоғамдық
ғылымның бір саласы. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен
құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл мәселелерді мемлекет және құқық
теориясы қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен бірігіп зерттеп отырады.
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін
пәндерді қоғамдық ғылым деп атайды. Олар қоғамды жан-жақты зерттеу
тұрғысынан зор үлес қосады. Бұлардың ішінде мемлекет пен құқық теориясына
көбірек көңіл бөлетін философия, саяси экономика,әлеуметтану мен тарих.
Философия- адамзаттың дүниедегі алып отырған орнын анықтап, соның
негізінде адамның дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және
эстетикалық қатынастарын зерттейді.
Экономикалық ғылым- қоғамның экономикалық базисін, өндірістік
қатынастарды, өндіруші күштерді, меншіктің түрлерін зерттеп, олардың қоғам
дамуындағы маңызын жан-жақты анықтап отырады.
Тарих-адамзат қоғамының өткен дәуірлерін барлық қырынан жан-жақты
зерттеп, көптеген тәжірибе жинақтап, соның ішінде мемлекет пен құқықтың
пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.
Социология- қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару әдіс-
тәсілдерін, адамдардың әлеуметтік тәртібін, қатынастарын зерттейді.
Барлық қоғамдық ғылымдар өз тұрғысынан адамзаттың тарихын зерттеуге
тиісті үлес қосады. Бұл ғылымдардың жүйесінде мемлекет пен құқық
теориясының алатын орны өте жоғары.
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының бір саласы.
Заң ғылымы дегеніміз- мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеп,
олардың қоғамдық өмірмен байланыстарын, арақатынасын айқындайтын арнайы
білім жүйесі. Заң ғылымы зерттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне
байланысты түрлі салаларға бөлінеді.
1.Тарихи-теориялық заң ғылымы.(Мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан
мемлекеті мен құқық тарихы, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы т.б.)
2.Салалық заң ғылымы.(Конституциялық құқық, Әкімшілік құқық, Азаматтық
құқық, Қылмыстық құқық, Азаматтық құқық іс жүргізу т.б)
3.Салааралық заң ғылымы.(Прокурорлық қадағалау, Табиғатты қорғау құқығы,
Криминология т.б.)
4.Шетел мемлекеті мен құқығын зерттейтін ғылымдар.(Халықаралық құқық,
Шетелдердің Конституциялық құқығы т.б.)
5. Іс жүзінде қолданылатын ғылымдар. (Сот медицинасы, Сот статистикасы
т.б.)
Жалпы теория қоғамдық ғылымдардың ішіндегі тек мемлекеттік-құқықтық
құбылыстарды зерттейтін саласы. Сондықтан жалпы теория заң ғылымының бір
саласы. Теория заң ғылымдарының барлық салаларының объективтік даму
заңдылықтарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрсетіп отырады және
заң ғылымының салаларының бірлесіп, дербестік даму бағыттарын анықтап
отырады. Сондықтан мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының ішіндегі ең
терең түйінді ғылым.
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларына бағыттаушы,
ұйымдастырушы, әдістемелік ғылым. Мемлекет және құқық теориясы заң
ғылымының салаларына тиісті әдістемелік жасап, оны ғылыми тұрғыдан қалай
қолдану әдіс-тәсілдерін анықтап отырады. Жалпы теория өзінің ғылыми
зерттеуінде бір өлкенің, бір мемлекеттің шеңберімен шектелмейді. Ол өз
жұмысында көптеген елдің, көп мемлекеттердің тәжірибесін қамтып,
байланыстырып зерттеу арқылы ғылыми қорытынды жасайды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Алексеев С.С. Философия права. М., 1997
2. Казимирчук В.П., Кудрявцев В. Современная социология права. М., 1995
3. Керимов Д.А. Философские основания политико-правовогоисследования. М.,
1987
4. Козлов В.А. проблемы предмета и методологии общей теории права. Л., 1989
5. Денисов А.И. Методологические проблемы ТГ и П. М., 1983
6. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқықы теориясы. Алматы, 1998
7. Жоламан Қ., Мұхтарова А.,Тәукелев А. Мемлекет және құқық теориясы.
Алматы, 1999
№2 Лекция тақырыбы: Мемлекеттің пайда болуы
Лекция жоспары:
1. Мемлекеттің пайда болу себептері.
2. Мемлекеттің шығуы туралы теориялар.
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік
себептерін, таптық және әлеуметтік мәнін, мемлекеттің даму заңдылықтарын
оқып үйрету.
1.Мемлекеттің пайда болу себептері.
Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып
қалыптасады. Мемлеке дегеніміз- қоғамдық саяси ұйым. Қоғамдық ұйымның
алғашқы түрі-рулық қауым. Ру дегеніміз-адамдардың тарихи қалыптасқан
бірлестігі,туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Рулық қауымда ру
мүшелерін ұйымға олардың туыстық қандастығы, бірлесіп істеген еңбегі және
мүліктің ортақ болуы біріктіреді. Рулық қауым әдетте екі сатыдан өтеді.
Алғашқы әйелдер үстемдік етіп тұрған аналық дәуірде ру топтары әйел
туыстық жағынан болса, кейінгі аталық дәуірде билік отбасының иесіне
айналған ерлерге ауысады. Рулық қауымдағы биліктің түбегейлі өзгеруі
егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, даму және еңбек құралдарын,
қару-жарақтарды көбірек өндіріп жетілдіре түсуімен тығыз байланысты
болды.Осындай өзгерістердің нәтижесінде ерлер қоғамдық өндірісте маңызды
орнынға ие болып, ру қауымында шешуші күшке айналды. Міне, содан бастап
туыстық ерлер тарапынан анықталып, ер адам ру басшысы болып саналды. Рулық
қауымда қауымдық билік жүзеге асырылды. Ру өміріне байланысты мәселелердің
барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Ру басшысына жасы
толған азамат тағайындалды. Ру басшысының қызметі мұрагерлікке
негізделмейді. Әдетте, оны кез-келген уақытта ауыстырып отырған. Ру ағасына
ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрін білетін, рудың қамын ойлайтын және қауымды
басқара білетін адам сайланған. Бірнеше рулар бірігіп тайпа құрады. Тайпаны
басқару үшін ру ағаларынан кеңес құрылды. Ру өмірінің маңызды мәселелері ру
мүшелерінің жалпы жиналысында шешіліп, ел шешімінің жүзеге асырылуын ру
басшысы қадағалады.
Сонымен рулық қоғам егіншіліктің, мал шаруашылығы, қолөнер
кәсіптерінің дамуына байланысты ыдырап, қоғам мүшелерінің жікке бөлінуіне
алып келді. Әрбір отбасының өзіндік шаруашылығы қалыптасып, мал, жер, құрал-
жабдықтар жеке меншікке айнала бастады. Рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі
пайда болды. Ру әскери басшылар ру мүшелері қатарынан бөлініп шығып,
басқарушы ерекше үстем тапқа айналды. Рулық қауымның әскери демократиясы
қалыптасып, мемлекеттік құрылымның алғашқы негізі қаланды. Меншік иелері
байлардың айрықша мүдделері болғандықтан олар басқа ру мүшелерімен яғни
кедей шаруалармен қатар отырып мәселелерді бірге шешуге бармайды. Сол
себепті байлар мен кедейлер арасында қарама-қайшылықтар туа бастады. Рулық
биліктің орнына саяси билік, жаңа саяси құрылым пайда бола бастады.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы- экономиканың
негізгі сипаты: қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық
өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық,
басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі
сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс-б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда
болған. Ол төңкерңс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған
тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды.
Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: Мал шаруашылық, жер игеру,
өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін
арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Қоғамдық байлық қалыптаса
бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер
әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.
Мемлекет пен құқықтың туынды тарихы- қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің
нәтижесі болып табылады.
Мемлекет пен құқықтың шығу себептері:
-жинау экономикасынан өндіру экономикасына көшу
-мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі
-еңбектің ірі қоғамдық бөлінісі
-алып-сатарлардың пайда болуы
Мемлекет пен құқықтың өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі
объективті заңдылықтары:
-еңбек өнімділігінің өсуі
-артық өнімнің пайда болуы
-жеке меншіктің пайда болуы
-таптардың пайда болуы
2.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар мазмұны.
Мемлекет пен құқықтың шығуын таныстыратын бірнеше теориялар бар. Олар
мемлекеттің пайда болу құбылыстарын түрліше түсіндіреді. Атап айтсақ,
теологиялық теория – мемлекеттің шығуын құдайдың құдыретімен
байланыстырады. Әрбір ірі дін құдайдың әрекеті деген діни-құқықтық
қағидалар бар. Қазір де кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп
құрылып, қызмет атқарады. Бұл қағидаларға сүйене отырып, діни теоретиктер
мемлекет пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.
Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жан Маритен т.б.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың сапалы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің басшысы-монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі
Аристотель оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды. Фильмер
Михайловский т.б.
Келісім-шарттық теория мемлекеттің шығуын адамдар арасындағы келісім-
шартпен байланыстырады. Өткен дәуірлерде адамдар өмір сүру үшін бірімен-
бірі жауласып, соғысып, әбден береке қасиеті кетеді. Сондай қауіпті өмірден
құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде
мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір
сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына
бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді (Гроций, Спиноза,
Д.Локк, Т.Гоббс, Ж.Руссо, А.Радищев)
Психологиялық теория ІХ-Х ғасыр бұл теорияны уағыздаған Ч.Тард,
Л.И.Петражицкий. Қоғам мен мемлекетте бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы . Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процессінің нәтижесінде пайда болды деп түсінідіреді.
Әдебиеттер:
1. Четвернин В.А. Понятия права и госдарства. Введениев курс теории права
и государства .М., 1997
2. .Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 1998.
3. Жоламан Қ. Мұхтарова А. Тәукелев А. Мемлекет және құқық теориясы Алматы
.1999.

7. Ибраева А. Ибраев Н. Теория государства и права .Учебное пособие
.Алматы 2001.
8. Табанов С. Құқық теориясы мен сот жүйесінің Конституциялық негізі.
Оқу құралы. Астана,2001.
9. Зиманов С Конститутция и Парламент Р. К .Алматы . Жеті жарғы . 1996.
10. Нұрпейісов Е. Котов А. Қазақстан Республикасы хандық биліктен
Президенттік Республикаға дейін .Алматы .1995
№3 Лекцияның тақырыбы: Құқықтың пайда болуы.
Лекция жоспары:
1.Құқықтың пайда болуы
2. Құқықтың пайда болуы туралы теориялар
1.Құқықтың пайда болуы, белгілері.
Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың
жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен
мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқықтың туынды тарихы- қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар (бірігу-
бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып
отырған. Мононорманың негіздері әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни
нормалар.
Әдет-ғұрып, ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп,
мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау әрбір ру
мүшелерінің дағдысына айналды. Мораль, яғни имандылық қағидалары да қауым
ішіндегі адамдардың қатынастастарын реттейтін күш. Бұл арқылы зорлық-
зомбылық, ұрлық т.б. теріс қылықтар айыпталып, оған тиісті жазаны жұртшылық
пікіріне салып, тәртіп бұзғандарды қауым болып жазалап отырды.

Қоғамның деалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та
пікірлер де әртүрлі. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи,
реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік
теориялар.
Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны өте көне дәуірде қалыптасқан.
Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірі мен байланысты
құқықтары. Табиғи құқықтарды ешкім шеттей ала алмайды немесе жоя алмайды-
деп түсіндірген Цицирон. Табиғи бостандыққа қарсы келетін мемлекеттік заң
болуға тиіс емес деген. Табиғи теорияны ортағасырлардың ғалымдары: Локк,
Руссо, Монтеске, Гольбах,Радищев т.б. аРадищев
өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норманы құқықты бір-
біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория –бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-
сезіміне, даму процесінен өмірге келіп қалыптасады –деп түсіндірді. Оған
мемлекеттің қатысы жоқ деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи
бостандықтарымен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның дамуы процесінен
қалыптасқан қатынастарды реттейтін басқаратын нормалардың шығуын тездету
керек деп түсінген. Бұл теорияның өкілдері: Густов Гуго, Карл Савинь,
Фридрих Пухта, Штиль т.б.
Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері
арқылы өзгеріп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың
әсері мол болады-деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын,
оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатынын
жеке мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория
құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан
зерттеуді жақтайды. Өкілдері: Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев,
Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көңіл
бөледі, құқықтың мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын
реттеп, басқарып адамдардың мүдде-мақсаттарын орныдау деп түсінеді. Заңі
ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.
Құқықтың белгілі нышандарын жақсы зерттеуді құқықтық мемлекетті жақтады.
Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды
ұсынді. Бұл теорияның өкілдері: Р.Штамлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.
Психологиялық теория – ХХ ғасырдың басында жақсы дамыған теория.
Теорнияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психологиясының ішкі
құрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне жұмысына әсер етеді.
Адамның ішкі сана-сезімімен сыртқы тәртібінің мінезінің іс-әрекетінің
байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі
түрге бөледі: жеке тұлғаның (автономдық) және оң жағымды (позитивтік). Жеке
тұлғаның құқық-жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты
қиналу. Оң жағымды құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушілікпен
қалыптасатын психологиялық көзқарас.
Материалистік теория – құқық саяси-экономикалық үстемділік жүргізетін
таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың
мазмұны екі элементтен тұрады-деп түсіндіреді: экономикалық базис пен
үстемдік таптың мүддесі.
2.Құқықтың түсінігі, қоғамдағы мәні .
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты дамуы: олардың бостандығын
қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сан-сезіміне жан-
жақты әсер етеді. Мүдде мақсаттарының іске, асуына қолайлы жағдай,
қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтың және қоғамдық қарым-
қатынасын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ құқықтың мазмұны –
адам қоғамын басқарудағы құқықтың нормалардың ішкі тұрақты сапалы мәні,
маңызы.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен орындалуы мемлекетік ақпараттың
күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің
жиынтығы.
Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұны біреу-ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
➢ қоғамның жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
➢ қарым-қатынастарды реттеп басқару;
➢ қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, элеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып нығайту;
➢ мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың құзіретін, ара қатынасын
реттеп, басқарып отыру;
➢ халықаралық қатынастарды реттеп, басқару;
Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып
отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқықтық мәнін оның үш алтын тірегі арқылы түсіндіруге болады. Құқытық
алғашқы тірегі –имандылық. Құқық түсінгі имандылыққа, әдептілікке
тіреледі. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі адамдар
арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтың талаптары заң
емес, тек адамгершілікке негізделеді. Имандылықтық күші – жұртшылық пікірі.
Құқық нормаларының талаптары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым
солардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Құқық имандылық секілді теріс
қылықтарды айыптай келе. Тиым салады және кінәлі адамдарды жазалау
шараларын белгілейді. Сондай-ақ, құқық сол шараларды қолданатын мемлекет
органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп құқық нормалары арқылы мемлекет
имандылық талаптарына ресми мағына береді. Соның нәтижесінде қоғамдық
қатынастарды реттейді.
Құқықтың тағы бір тірегі – адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың
шаруашылығы. Акдамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндірісті тиімді,
нәтижелі ұйымдастыру және оның дамуына қажетті жағдайды жасау тек
мемлекеттің иелігіндегі жұмыс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылққа әсер ету
дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты.
Құқықтың үшінші тірегі – мемлекет. Әдетте, заңдарды басқа да
нормативтік актілерді тиісті мемлекет органдары жасайды. Мемлекеттің
қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта оның қызметі
сол сәттен басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптарын жүзеге
асыру үшін мемлекет түрлі әдістермен сан алуан қызмет атқарады. Егер құқық
нормаларының талаптары орындалмаса, бұзылса мемлекет кінәлі адамдарға
тиісті шаралар қа алады. Сөйтіп құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп,
жүзеге асырылады. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қанга қоймай, сол
бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

1. Мемлекеттің белгілері
2.Мемлекеттің мәні
Мемлекет дегеніміз-жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің
нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның
негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-
қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1.Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы.
2.Қоғамдық қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің қоғамдағы басқа да ұйымдардан айырмашылық белгілері:
-мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым;
-мемлекет қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады;
-мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі;
Мемлекеттің рулық қауымнан айырмашылығын мынадай белгілері арқылы
ажыратамыз:
1.Мемлекеттік егемендік
2.Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді.
3.Мемлекеттің әкімшілік билік жүргізетін органы болады. Басқару ісімен
шұғылданатын адамдар қызмет етеді.
4.Мемлекет заңдар шығарып, солардың күшімен қоғамдық қатынастарды реттейді.
5.Салық жүйесінің қалыптасуы.
Даму сатыларына қарамастан барлық мемлекеттердің ортақ белгілерін
атауға болады. Осылар арқылы мемлекет тапсыз қоғамдағы рулық қауымдастықтан
және таптық қоғамдағы өзгеде ұйымдардан ажыратылады. Осындай белгілердің
жиынтығы келіп, мемлекет туралы мінездемені толық ашып береді. Ең алдымен,
мемлекет арнаулы өзара байланысты, бірігіп іс-қимыл жасайтын мемлекеттік
аппаратты құрайтын мемлекеттік органдардан (әкімшілік, армия, сот, полиция
т.б.) тұрады. Бұлар мемлекет атынан билік жүргізеді, басқаруды қамтамасыз
етеді. Демек, бұл саяси билік ұйымы. Мұның мәнісі мынада:
- ол әлеуметтік басқаруды жүзеге асыратын органдардың ерекше жүйесі болып
табылады;
- бүкіл қоғамның атынан ресми өкілдік етеді;
- оның мақсаты - өркениетті тәртіпті, әрі адамдардың күнделікті өмірлік
қызметін қолдауды қамтамасыз ету, ал керек болған жағдайда мемлекеттік
мәжбүрлік шараларын қолданады.
Екінші белгісі - бұл мемлекеттік биліктің оның аумағындағылардың барлығына
тиесілілігі. Бұл жерде аумақ деп мемлекеттің шекрасы шегіндегі кеңістікті
айтамыз. Демек, мемлекеттің ерекшелігі - нақтылы анық сыртқы шекарасының
болуы және ұлттық немесе әкімшілік аумақтың бөліктерге бөлінуі. Мемлекет
өзінің қарамағындағы адамдарды біріктіргіш күш, сондықтан өздерінің
құқықтары мен міндеттерін тұрғылықты жері бойынша іске асырады.
Кез келген мемлекеттің үшінші белгісі оның аумағындағылардың
орындауларына міндетті тәртіп ережелерін тағайындау. Яғни нормативтік-
құқықтық актілерде белгіленген құқық нормаларын шығару.
Мемлекеттің төртінші белгісі - халықтан салық, алымды және басқа да
міндетті төлемдерді жинап алу, өйткені, бұлар мемлекеттік аппаратты ұстап
тұру үшін және өзге де қоғамдық жұмыстарды қамтамасыз етуге қажетті қаражат
болып табылады.
Ақырында, мемлекет егемендікке ие болады, оның басты мақсаты басқа
шет мемлекеттерге тәуелді болмауды, өз аумағындағы ішкі және сыртқы
мәселелердің барлығын дербес шеше алатындығы, әрине өзге мемлекеттердің
тәуелсіздігін бұзбауы тиіс.

1. Мемлекеттерді типке бөлудің формациялық тәсілі.
2. Мемлекеттерді типке бөлудің өркениетті тәсілі
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы.
1. Жабайы адам дәуірі – 40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар
табиғаттың даяр өнімдерін корек етті қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш.
Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың,
қоршаған ортаның адамдардың күн көрінісіне қолайлы жақтарын пайдалана
отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту. Қорыта айтқанда –
дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.
2. Экономикалық қолдан жасау дәуірі – 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл
кезеңдерде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-
сезімі, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік
қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы
рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Шығыс елдеріндегі мемлекеттің дамуы.
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің
қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі, бұл
елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су
каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру,
құрғақшылықпен күресу. Аталған күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін
қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чиновниктер,
ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Сөйтіп, бұл елдерде
көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік
жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық
меншіктің басында - абсолюттік монарх болды.
Азия типті (шығыс типті) мемлекеттердің қалыптасу себептері: ірі
ирригациялық жүйелерді жасау; оны іске асыру үшін құралдарды, жұмысшыларды
жүйелі түрде топтастыру-біріктіру; барлық жұмыстарды бір орталықтан
басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру-тайпалық аппарат қалың
бұхарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті
мемлекеттер өте баяу дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып
келді (Қытай, Иран т.б.).
Европалық елдерде мемлекеттің қалыптасуы.
Мемлекет европалық елдерде жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның топқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті
топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын
орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта
аристократиялық республика болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны
жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару
аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу
саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп
дамымады. Көп бұхара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық
мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше
елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
К. Маркс, Ф. Энгелс, В. И. Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін
қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы
мемлекеттер төрт түрге бөлінеді:құл иеленушілік, феолалдық,буржуазиялық
және сцоиалистік мемлекетттер
Мемлекеттің енгізгі мақсаты – бір таптың диктатурасын орнату. Таптық
мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм
мемлекетті – бір таптың екніші тапты қанау аппараты деп анықтады. Марсистік
типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен
таптық құрлысы. Марксизм мемлекеттің атрихи типін қоғамның даму құрлысымен
және экономикалық формация деген түсінікпенен байланыстырады.
Экономикалық формация базиспен қондырмадан тұрады. Базисті өндірістің
тәсілі белгілейді өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы
формацияларға марксизм құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және
социалистік мемелекеттерді сәйкес келтіреді.Мемлекеттің тарихи типтері осы
эконмикалық қоғамдық формациямен тығыз байланысты дамуға тиісті.
Мемлекттерді цвилизациялық әдіспен бөлудің ерекшелігі.
Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық саларынның
жағдайларына ықылас салу қажет. Мемлекеттің экономикалық базисін зерттегнде
оған қоса қоғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын көрсету қажет
және қанаушы таптан басқа қоғамды құраға барлық топтарды зерттеп орындарын,
рөлін маңызын түсінген дұрыс қоғамнығ әдет-ғұрыптарын, әр топтың саналары
мен құқықтарының деңгейн білу өте қажет. Ал, зерттеудің ең саңызды мақсаты
жеке адамның, бостандығы мен құқықтарынын, әлеметтік жағдайын және
еңбектегі қарым қатынастарын жақсы білу – мемлекетке мәнездеме беру үшін
өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің
алдында тұрған мақсат сол топтар арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл
халықтың мүддесін қорғау. Осы әдсті біз цивилзациялық әдіс деп атаймыз.
Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адмдар үшін қандай
жақсылық істеді, экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі, қоғамның дамуы
үшін қандай шара қолданды деген сұрақтарға жауап береді.Цивилизациялық
әдіспен мемлекеттерді алғашқы өркениетті және кейінгі өркениетті
мемлекеттер деп бөлуге болады. Алғашқы - өркениеттен мемлекет шексіз
билікке негізделеді де, біріктіруші және ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның
әлеуметтік және экономикалық құрылымын анықтайды. Бұл – көне грек, шумер,
ассиро-вавилон, иран, бирма, жапон т.б. елдердегі саяси ұйымдар . Кейінгі
өркениетте мемлекеттік билік алғашқы өркениеттегідей аса қуатты барлық
қоғамды қамтып басқарған күш емес. Мемлекет көп жағадайда мәдени-діни
жүйеге бағынған. Бұларға Батыс Европа, Шығыс Европа, Солтүстік Америка т.б.
мемлекеттер жатады.
Феодалдық мемлекеттердің функциялары.
Феодалдық мемлекеттелдің негізгі нышаны – жерге жеке меншіктің
қалыптасуы. Феодалдық мемлекеттің ішкі функциялары: жеке меншікті қорғау,
салық жинау, шаруалардың көтерілісін басу. Сыртқы функциялары – басқа
халықтарды тонау, өз мемлекетін қорғау және көрші мемлекеттермен қарым-
қатынастарды құру. Феодалдық мемлекет өзінің билігін шіркеудің әсерімен
күшейтті. Феодалдық қоғам шіркеудің күшейуіне, баюына жағдай туғызады.
Шіркеудің көп жерлері, шаруалары және басқа да байлықтары болаьын.
Шіркеудің билігін дәлеледеу үшін әр түрлі теорияларды шығарды. Мұсылман,
Христиан, Католик, Буддистік шіркеулердің арасында бірталай айырмашылық
болғанымен, қоғамдағы құқықтық жағдайлары бір-біріне ұқсас.
Антикалық мемлекеттердің ерекшеліктері.
Бұл мемлекеттердің ерекшеліктері: құл иеленушілік өндірісі шығыс
мемлекеттерден көп жоғары, рулық қауымның қалдықтары сирек кездеседі,
құлдардың еңбегін қанап пайдалану экономиканың негізін құрады. Қоғам
негізінде құл иеленушілерге және құлдарға бөлінеді. Құлдар құл
иеленушілердің жеке меншігін құрады. Олардың жеке меншігінде құлдар, жер
және басқа да өндіріс құралдары болатын. Құл иеленушілік мемлекеттің
негізгі мақсаттары құлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың
еңбектерін пайдалану. Құл иеленушілік мемлекеттің негізгі ішкі функциясы
құлдарды және басқада кедей топтарды қанау және және сол үшін тиісті жағдай
туғызу. Мемлекеттің өзі жерлердің, құлдардың, кен шығаратын жерлердің,
басқа байлықтардың иесі болатын. Сондықтан ол жеке меншікті қорғау
қызметіне қатты көңіл бөлетін. Құлдардың көтерілістері қатаң соққымен
басылатын. Антикалық мемлекеттердің сыртқы функциялары да соғыс-күреспен
байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Алексеев В.П., Пернищ А.И. История первобытного общества. М., 1990
2. Виноградов С.А. Человек и общество. Алматы, 1994
3. Государство и социальные структуры на Древнем Востоке. М., 1989
4. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы, 1997
5. Ашитов Б., Ашитов С., Еегемен Қазақстан қҒқы. Алматы, 1997
6. Жоламан Қ. , Мұхтарова А., Тәукелев А. Мелекет және қҒқық теориясы
7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және қҒқық теориясы. Алматы, 1998
8. Табанов С. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері.
Астана, 2001.
9. Сорокин П. А. Человек цивилизация. Общество. М., 1998
10. Текен Ф. К теории общественных формации. М., 1975
11.Ушаков А.а. О понятии исторического типа государства и права.
Правоведение. 1983., 5.
12. Хабибуллин А.Г. Научные основы типологии государства: аопросы теории и
практики. 1997
13. Гуревич А.Я. Теория формации и реальности истории. Вопросы философии.
1999, 1
№6 Лекция тақырыбы: Мемлекеттің нысаны (формасы)
Лекция жоспары:
1. Мемлекет нысанының түсінігі мен құрылымы.
2. Мемлекетті басқару және құрылымдық нысаны.
3. Саяси режим түсінігі, түрлері.
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттің нысанының ұғымын, басқару және құрылымыдық
нысанының түрлерін, саяси-мемелкеттік режимнің ерекшеліктерін, сондай-ақ ҚР
мемлекеттік нысанын оқып үйрету.

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер тек қана республика немесе
шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне
монархия болатыны жақсы мәлім. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан
бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда Президенттік республиканың
саяси жүйесі құрылды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар
әсер етеді.( географиялық, климат, тарихи факторлар жатады)
Мемлекеттің құрылыс нысанына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келеді. Кейін алғашқы қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді. Кейін алғашқы қоғамның ыдырау
процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді.
Мысалы, үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған.Патшаның
әділетті болуы, жек меншікті бұзбау брахмандарды силайтын және олардың
айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңындарында
айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық
қауымның ролдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, қоғамдық қатынас
шиеленісі, дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында
болады. Мысалы, Наполеон, Рузвельт, Гитлер. Ал, мемлекеттің экономикасы
жақсы дамыған кезде жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы
қолданатыны мәлім. (Греция, Рим, Щвейцария)
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал, Жапония, Германия, Польша
бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы;
Германия федерация.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы-түріктер, бергі
атасы-қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстанның көп ұлтты республикаға айналуы XX-
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің
арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың қызметі,
жүргізген саясаты, сондай-ақ мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін
тигізеді.
Теория бойынша мемлекеттің нысаны үшке бөлінеді. Басқару
нысаны, мемлекеттің құрылым нысаны және саяси режим.
Ал, негізінде мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің
ерекшелігімен байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының
көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезеңінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі-
Ресей Федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен Республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей Федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр.
Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі
бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары
демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын
белгілейді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті
органдардың құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциптермен
қалыптасып, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару түрі маңызды элемент
болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екіге
бөлінеді.
2.Мемлекетті басқару және құрылымдық нысаны.
Мемлекетті монархиялық басқару нысанының түрлері.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Басқару нысаны монархия және республика болып екіге бөлінеді.
Монархия – жоғарғы бір адамның қолында болады. Және бұл билік мұрагерлікпен
беріледі. Монархмя екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар.
Шексіз монархияда – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді.
Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Мысалы, Шығыс деспотиясы
(Египет, Вавилон, Қытай, Жапония), Рим империясы. Ең күшті феодалдық шексіз
монархияларға Людовик XIY, Петр I, Екатерина II, Елизавета I, Фридрих II
т.б. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар сирек кездеседі (Бруней,
Оман).
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Монархияның бұл
түрі шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, үндістан. Жаңа кезеңдерде
шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар:
дуалистік және парламенттік. Дуалистік монархияда екі топтың күші тең,
буржуазиялық революциялардан кейін бұрынғы корольдер биліктерінің
жартысынан айрылды. Мысалы, 1791 жылғы конституция бойынша Франция
мемлекетінде король заң шығару билігін жоғалтты, ол ¦лттық жиналыстың
қолына көшті. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент
буржуазияның мүдделерін, ал король феодалдардың мүдднлерін қорғады.
Шектелген монархияларға қазір Бельгия, Норвегия, Швеция,Дания мемлекеттері
жатады. Парламенттік келісімінсіз көп оран алған саяси партия өзінің
өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-Министр болып тағайындалады.
Премьер-Министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді.
Кабинет корольдің алдында емес, Парламенттің алдында жауапты.
Республикалық басқару нысаны, түрлері.
Мемлекетте жоғары және жергілікті органдар сайлауымен мерзімге
құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару нысаны республика деп аталады.
Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады.
Республикалық басқару екіге бөлінеді. Президенттік және Парламенттік
республика. Президенттік республикада билік үшке бөлінелі: заң шығару
парламенттің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті
халық сайлайды. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар
премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіесе оны президенттің өзі
тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттің өкіметті
тарататын құқығы жоқ.
Кейбір мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше
министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің
өзі парламенттің келісімімен тағайындайды.
Парламенттік республикада билік Парламенттің қолында жиналған.
Кабинет пен премьер-министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды,
тексереді және қызметінен түсіреді. үкімет Парламенттің алдында жауапты.
Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен
үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. үкімет
атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік
негізінде құрылады.
Біртұтас мемлекет және федерация.
Мемлекеттік құрылым нысаны - ұлттық мемлекеттік қатынастарды,
әкімшілік-аумақтық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер
бұл элемент бойынша унитарлы(біртұтас), федерация және конфедеративтік
мемлекеттерге бөлінеді. Тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті
аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер
басқарады. Облыстар аудандарға, қалаларға, ауыл, селоларға бөлінеді. Унус
деген сөз—латын тілінен аударғанда бір, жалғыз дегенді білдіреді. Демек,
унитарлы мемлекет – біртұтас, бір ғана мемлекет. Мұндай мемлекетте бір
конституция, бір заң шығаратын жоғары орган, бір жоғары басқару органы,
біртұтас азаматтық болады.
Федерация – құрама, күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін
біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның
органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъектілері
ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың
алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Федерацияда конституция, астана,
азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның
екі түрі бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне КСРО,
Югославия, Ресей, үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ,
Швейцария жатады.
Конфедерация, оның ерекшеліктері.
Конфедерация - мемлекет құрылымының үшінші элеиенті.
Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің
уақытша одағы. Ерекшеліктері: белгілі бір лайықты түрде жасалған келісім-
шарттар негізінде құрылады; конфедерация субъетілері өз еркінше
достастықтан шығуға құқылы; конфедерацияға кірген мемлекеттердің
егемендіктері өздерінде сақталады; конфедерацияның қарауындағы шешетін
мәселелер аясы кең көлеиді емес; келісім-шарт актілерінде көрсетілген
мәселелер бойынша ғана органдар құрылады; субъектілердің өкілді органдары
арқылы ғана Парламенті құрылады; конфедерацияның тұрақты түрде істеп тұрған
органдарының билік өкілеттіліктері болмайды; одақтық өкімет актілерін
тануды субъектілердің қабыл алиауға құқығы бар; бюджетті субъектілердің
ерікті түрдегі жарналық төлемдерінен қалыптастырылады; субъектілерінің
адамдар, тауарлар, қызмет көрсетулер мен капиталдардың жүріп-тұруына
кедендік және басқадай да шектеулерді қоюға құқығы бар; қағида бойынша
бірегей ақша айналымы болмайды; әскери құрамаларды іріктеп алу ісін
субъектілердің өздері жүргізеді; конфедерацияда одақтық азаматтық болмайды.
3.Саяси режим, оның түрлері.
Саяси режим – мемлекет нысанының соңғы элементі. Мемлекеттік өкімет
билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығын саяси режим дейміз. Саяси
режимнің мынадай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектерген
демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды-демократиялық,
либералды-демократиялық, әскери, фашистік, расистік, тоталитарлық,
авторитарлық, отарлық, социалистік, пролетарлық және т.б. Саяси режимнің
негізгі бөлінуі: демократиялық және антидемократикалық режим.
Демократиялық саяси режимнің белгілері:
- әр түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz