Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын қолдану



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын қолдану
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындарының рөлі ... 6
1.2.Ойының бала өмірінде алатын орны және рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... 10

ІІ. тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой танымын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
2.1.Мектепке дейінгі балалардың ақыл. ой тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ойының дамуына көркем әдебиеттің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3. Мектеп жасына дейінгі балдардың танымдық үрдістерін қалыптастырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Ел басымыздың 2010 жылдың 28-ақпан айындағы жолдауында білімге соның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге көп көңіл болді. 2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін, түбегейлі жаңғыртатын болады. Білім берудің әрбір деңгейде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіңдіктері ұсынылады. Мемлекет барлық балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
«Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылға дейін бүлдіршіндер толықтай мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, орта мектептерде балаларды тамақтандыру мәселесі де толықтай шешіледі. Бұл туралы Үкіметте «2011-2020-шы жылға дейінгі білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның» жобасын таныстырған министр Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Құжатта жоғары білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ғылым мен білімді ұштастыруға баса мән беріледі. Бағдарлама бойынша 2020 жылға қарай қалада да, ауылда да балабақша тапшылығы толықтай шешіледі. « Балапан» бағдарламасын іске асыруға 216 миллион теңге қарастырылып отыр. Мектепке дейінгі мекеменің мемлекеттік, жекеменшік, отбасылылық және ведомствалық түрлері болады. Ал 2015 жылдан бастап еліміздегі орта білім 12 жылдық жүйеге көшеді [1]. Қарағандыда балаларды қорғаудың халықаралық күнінде «Аққу» балабақшасы ішінен жаңадан үш топ, сондай – ақ мектептер жанынан үш шағын орталық ашылды. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аясында мектепалды даярлық мекемелері желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Аққу» балабақшасына енді тағы да 200 бала бара алады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 690 орындық үш балабақша құрылысын бастау жоспарлануда – деді мерекелік шарға қатысқан қала әкімі Бауыржан Әбішев. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда 11 800 кішкентай қарағандылықтар балабақшаға барып жүр және де балабақшамен қамту 70% - ды құрап отыр. « Жылдың аяғына дейін балаларды балабақшамен қамтуды 73% - ға жеткізу жоспарланып отыр», - дейді қалалық білім бөлімінің жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Светлана Чжао. Мемлекеттік « Балапан» бағдарламасы бойынша 2010 жылдың соңына дейін Қарағандының « Кең дала» шығанауданында 320 орындық жаңа балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.
1. Егемен Қазақстан 12.02.2009ж.[10б]
2. Э. Аглакова «Ойын- балалардың тәрбиелеу және дамыту құралы»// Отбасы және балабақша № 1,2008 ж.
3. А.Қ.Егенисова.«Бастауыш мектеп»-N5,2008[21-24б]
4. Ш.Ақхожина. «Тәрбие құралы»,2\2009[41-43б]
5. Қ.Хұсман. «Бастауыш мектеп»-N12,2009[62-63б]
6. Рональд У. Ричардсон. Поле семейных уз. СПб., 1994.
7. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология. СП., 2001.
8. Т. Қараева «Т. Тәжібаев зерттеулеріндегі ойын әрекетінің мәселелері»// Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары, І – том, Алматы, 2000
9. Ә. Н. Нысанбаев « Адамзат ақыл –ойдың қазынасы» Алматы -2005ж
10. А.Қ.Ахметова.«Бастауыш мектеп»-N12, 2005
11. А.Қ.ЕГЕНИСОВА.«Бастауыш мектеп»-N5, 2008
12. С.Фейзулдаева .«Бастауыш мектеп»-N8-9, 2007

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде
дидактикалық ойын материалдарын қолдану
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындарының рөлі ... 6
1.2.Ойының бала өмірінде алатын орны және
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... 10

ІІ- тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой танымын қалыптастырудың
әдістемелік негіздері
2.1.Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуына көркем әдебиеттің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Мектеп жасына дейінгі балдардың танымдық үрдістерін қалыптастырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31

Кіріспе
Ел басымыздың 2010 жылдың 28-ақпан айындағы жолдауында білімге соның
ішінде мектепке дейінгі мекемелерге көп көңіл болді. 2020 жылға қарай білім
беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге
дейін, түбегейлі жаңғыртатын болады. Білім берудің әрбір деңгейде білім
алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты
түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіңдіктері ұсынылады. Мемлекет
барлық балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке
дейінгі тәрбие және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Балапан бағдарламасы аясында 2010 жылға дейін бүлдіршіндер толықтай
мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, орта
мектептерде балаларды тамақтандыру мәселесі де толықтай шешіледі. Бұл
туралы Үкіметте 2011-2020-шы жылға дейінгі білім беруді дамытуға арналған
мемлекеттік бағдарламаның жобасын таныстырған министр Жансейіт Түймебаев
мәлімдеді. Құжатта жоғары білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін
арттырып, ғылым мен білімді ұштастыруға баса мән беріледі. Бағдарлама
бойынша 2020 жылға қарай қалада да, ауылда да балабақша тапшылығы толықтай
шешіледі. Балапан бағдарламасын іске асыруға 216 миллион теңге
қарастырылып отыр. Мектепке дейінгі мекеменің мемлекеттік, жекеменшік,
отбасылылық және ведомствалық түрлері болады. Ал 2015 жылдан бастап
еліміздегі орта білім 12 жылдық жүйеге көшеді [1]. Қарағандыда балаларды
қорғаудың халықаралық күнінде Аққу балабақшасы ішінен жаңадан үш топ,
сондай – ақ мектептер жанынан үш шағын орталық ашылды. Мемлекеттік
Балапан бағдарламасының аясында мектепалды даярлық мекемелері желісін
кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аққу балабақшасына енді тағы да 200
бала бара алады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 690 орындық үш
балабақша құрылысын бастау жоспарлануда – деді мерекелік шарға қатысқан
қала әкімі Бауыржан Әбішев. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері
бойынша, қазіргі таңда 11 800 кішкентай қарағандылықтар балабақшаға барып
жүр және де балабақшамен қамту 70% - ды құрап отыр. Жылдың аяғына дейін
балаларды балабақшамен қамтуды 73% - ға жеткізу жоспарланып отыр, - дейді
қалалық білім бөлімінің жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі
Светлана Чжао. Мемлекеттік Балапан бағдарламасы бойынша 2010 жылдың
соңына дейін Қарағандының Кең дала шығанауданында 320 орындық жаңа
балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазақстан
халқына арнаған кезекті Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық
деңгейдегі әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге
негізделген Балапан бағдарламасын жасауды тапсырған болатын [2]. Тараз
қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Павел Чирков аталмыш
мәселе турасында қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII сессиясында
кеңінен түсінік берді. Баяндамашының сөзіне қарағанда, 2015 жылға қарай
облыс орталығындағы бүлдіршіндердің 97% - ы мектепке дейінгі білім мен
тәрбиемен қамтылмақ. Бүгінде қаламызда 28 мемлекеттік мектепке дейінгі
мекеме, 13 шағын орталық пен 2 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Солай
бола тұра, әлі де 8450 бала балабақша кезегінде тұр екен. Балапан
бағдарламасының аясында үстіміздегі жылы 2310 орынға арналған 14 мектепке
дейінгі мекемені пайдалануға беру қарастырылып отыр. Мектепалды дайындықпен
осы жылы бүлдіршіндердің 89% - ы қамтылатын болса, 2015 жылы 5-6 жас
аралығындағы барлық балалар қамтылады деп жоспарлануда. Елбасының
тапсырмасына орай әзірленіп жатқан Балапан арнайы бағдарламасы бойынша
Павлодар облысында ескі балабақшалар қалпына келтіріледі және жаңадан
салынады, деп хабарлады аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс активімен
болған кездесуде. Ағымдағы жылы облыста үш жаңа балабақша құрылысы
басталады, 86 шағын орталық ашылады, бұрынғы мектепке дейінгі дайындықтың
23 ғимараты қалпына келтіріледі. Балаларды мектепке дейінгі дайындықпен
қамту 65 пайызға дейін өседі. Ал 2012 жылға дейін балабақшалардағы орын
жетіспеушілігі проблемасы шешімін табады, деп атап көрсетті әкім өз
сөзінде. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алтын арқауы болып
есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы
күші білім десек қателеспейміз. Ол – қоғам дамуының кепілі. Білім беру
саласында алға ұмтылмай артта қалу мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне,
ұлттың келешегіне кері әсер етеді. Президент Нұрсұлтан
Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында: “Елімізге экономикалық және
қоғамдық жаңғыртудың талап-тілектеріне жауап беретін заманауи білім беру
жүйесі қажет”, деп атап өткен еді. Бұл тапсырманы алдымен мектеп жасына
дейінгі балаларға көңіл бөлмей орындау әсте мүмкін емес. Қазіргі уақытта
елімізде мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту мәселесі өзекті болып
отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларға тиімді
тәрбие беру, заман өлшеміне сай оқыту мәселелері ұлттық дамумен тығыз
байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Статистикалық
мәліметтерге жүгінсек, 1991 жылы Қазақстанда 8743 балабақша жұмыс істеген,
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында соның 4868-і, (55,6%) жекешенің қолына
өтіп кеткен. Содан кейінгі тоғыз жыл ішінде еліміз бойынша балабақша саны
7599 бірлікке азайды. Тек 2001 жылдан бастап балабақша желісінің саны
көбейіп, құлдырау өрлеуге ұласып, 1167-ге жетті. 2001 жылмен салыстырғанда
қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар желісінің саны 750-ге өсті. Оның
55-інің құрылысы жаңадан салынып пайдалануға берілсе, 131 балабақша жекелер
есебінен ашылды. Ал бұрын бар 564 балабақша қайта іске қосылды. Қазір
Отанымызда мектеп жасына дейінгі балалардың 37%-ын қамтитын әртүрлі типтегі
4568 балабақша жұмыс істейді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 1,4%-
ға артып отыр. Осылайша, қаладағы балаларды балабақшамен қамту орта есеппен
алғанда — 43,2%, ауылдағы балаларды қамту 17,8%-ды құрайды. Ауыл мектептері
жанынан ашылған 2651 шағын орталықтарда 68038 бала тәрбиеленуде.

І-тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде
дидактикалық ойын материалдарын қолдану
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындарының рөлі

Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы В.А.Сухомлинский былай деп
жазды. Ойын дегеніміз-орасан зор жарық терезе,осы терезе арқылы баланың
рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің,ұғымдардың ширек
тасқыны келіп құйылады.Ойын дегеніміз-бұл ынталық пен құмарлықтың отын
жағатын ұшқын.Дидактикалық ойындарды оқыту процессінде кеңінен пайдалана
отырып балалардың тілін дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Әрбір
ойының өзіндік ережесімен ойнау тәртібін біліп, рөлдік сипатын сақтап,дұрыс
ұйымдастыра білу қажет.Ол балалардың білімге деген ынта-ықыласын
оятып,танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.Олар:
-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
- дидактикалық ойыңдарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-
ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;
- ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және
оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек;
- дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы
материалдарға, оның ішіңде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың
мәнін ашу керек;
- дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер
қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайыңдалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу,
ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге
ықпал жасайды. Дидақтикалық ойындарға "Лото", "Домино", "Қуыршақты киіндір"
т.б. Арнайы таңдалып алынған ойындар ("Не жоқ?", "Тал", "Жоғары-төмен",
"Сиқырлы сандық", "Ғажайып қоржын" т.б.). Ойын түрлері баланың сабақта
тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.
Ойын жаттығулар жүргізілсе де, сабақта көп уақыт алмайды. Бұл ойындар
белгілі бір іс-әрекеттерден тұрмайды. Олар баланың белгілі бір қабілетін
жетілдіруге бағыт-талған. Мұндай ойындарға викториналар, сөзжұмбақтар,
жаңылтпаштар, чайнвордтар, "Кім не істеді?", "Не қалай дыбыстайды?", "Қай
дыбыстан басталады?". Осындай ойындарды түрлеңдіріп отырудың пайдасы зор.
Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез
бейімделеді.
Кимыл-қсзғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады.Бұл ойын түрі
баланың барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар
өзінше бәланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигіеді.
Мысалы: "Кім керек?", "Мысық пен тышқан", "Сыңарыңды тап", "Көңілді по-
езд", "Ақ терек, көк терек" т.б.
Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну,
қабылдау,ойлау сөйлеу процестері дамып,заттарды пішініне,түсіне,көлеміне
қарй іріктеуге,әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Ауызша ойналатын дидактикалықойындарда сұрақ,өтініш келісімді
білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін
қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, "Дүкенде",
"Дәрігерде", "Кітапханада", "Қонақта" және т.б. ойындарды ойнау барысында
үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Сонымен қатар, бұл ойындар балаларды кішіпейлділікке, бауырмашылдыққа
тәрбелейді. Балалардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамытады [2. 21-
24 бет].

1.2.Ойының бала өмірінде алатын орны және рөлі.
Баланың өмірдегі алғашқы қадамы, бірінші әрекеті-ойын, сондықтанда
мәнісі ерекше. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатысуы,психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын арқылы балалардың келешек
қоғамдық, мінез-құлқы, өмірге, бір-біріне көз қарасы,қарым-қатынасы
қалыптасады.
Ойын балаларға ақыл-ой,адамгершілік, дене шынықтыру,эстетикалық және
шығармашылық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болды.
Дидактикалық ойындар, аты айтып тұрғандай баланың ақыл-ойын дамытып,
таным-түсініктерін кеңейтеді, ойнай білуді, сөздік қорды молайтып, ақыл-ой
қызметін жақсартады.
Ойының бала өміріндегі орны туралы жасалатын тұжырым мынадай болмақ:
а) ойын-тәрбие құралы,ақыл-ойды кеңейтеді,тілді ұстартады,сөздік қорды
байытады, өмірді танып, сезімді кеңейтеді.
ә)ерік және мінез қасиеттерін бекітеді,адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б)ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі
в)эстетикалық-шығармашылық қабілеттерін дамытады
г)еңбек тәрбиесін шешуге мүмкіндік береді
ғ)дене күшінің жетілуіне көмектеседі
Демек,ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздерін құрайды.[3.41-43 б]
Ойынның бала өмірінде алатын орны бөлек. Бала кішкентай кезінен-ақ,
ойынға құмар болып, соның жетегінде өседі. Ойын баланың ақыл-ойының дамуына
жол ашатын алғашқы құрал. Соған сай ата-ана да баланың қандай жерде кіммен
ойнауына басты мән беруі міндет.
Жалпы білімнің негізі бастауыш сыныпта қалыптасады. Бүгінгі талапқа
сай, баланы басты тұлға деп есептесек, жаңа буын оқулықтарымен жаңаша жұмыс
істеуде әр мұғалімнен шығармашылық ізденісті талап ету орынды және заңды.
Елбасының "Халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты" атты Жолдауында да білім саласы өзекті талқыланған. Және ертеңге
сенімді білімді ұрпақ тәрбиелеуде жаңа қоғамдағы жаңаша үрдістерге аса
назар аударғанымыз жөн болар. Соған сай, сапалы білім алудағы басты
міндеттер мен мақсаттар ортаға салынып, атап керсетілген. Білім беру
реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Осы орайда әрбір баланың
білімге деген құштарлықтарын арттырудың негізгі қағидаттарын сабақта
ескерген жөн.
Жас жеткіншек апғаш білім алуға келген сәтінен бастап күнделікті білім
алу процесі оған қызықты болса. оның болшақта үлкен нәтижелерге қол
жеткізері анық.
Бұл тәсілдің басты козі, яғни тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастыру мен
тілін дамыту ойыннан басталады. Осы орайда, күнделікті сабақ барысында ойын
тәсілдерін қолдана отырып, мән бергеніміз абзал. Тәрбиеленушінің құрбы-
құрдастарымен әртүрлі ойындар ойнауының өзі тілінің, жеке тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы М.Жұмабаев баланың ойыны
туралы: "Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады.
Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала әсерлерімен
пайдапанады. Айналасында тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазак
баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық сапады. Шырпыларды тізіп-тізіп
көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды", - деп ұлттық
тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттейді.
Мектепке дейінгілердің тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше.Ойында
адамдар омірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-
тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен жігерлілікке құлшынысы
керініс табады. Халық педагогикасыңда ойындар өте көп және мазмұндары да,
бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан әрі қызғылықты. Олар
Алақан соқпақ, Тақия тастамақ,Аңдардың айтысы тағы басқа.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларға дидактикалық ойындарды
оқыту процесінде кеңінен пайдалана отырып тәрбиеленушілердің тілін
дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол тәрбиеленушілердің білімге деген
ынта-ықыласын оятып, танымдыльқ белсеңділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Әрбір сабақ барысында әсіресе ұлттық ойындарды пайдалана отырып,
сабақты қызықты етіп жүргізу ушының да белсенділігін арттыра түсетіндігі
сөзсіз. Міне, осындай тәсілдерді әсіресе, жас мұғалімдер өз сабағында кең
пайдалана түссе Елбасының Жолдауында айтылған білімге қатысты мәселелер де
өз шешімін біртіндеп таба түсер еді.[4.62-64 б]

1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы.
Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып
оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол балалардың сабакқа деген ынтасын
оятып танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.Дидактикалык
ойындарға материалды тандап алу кезінде біз мына жайттарды есепке алдық:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
- білім көлемі мен сипаты,оларды меңгерудің қолайлылығы;
- ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ал дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Топтағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай
болып, тапсырманың мәнін ашу керек.
2. Талсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, акыл-ой іс-
әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет.
3. Ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және
оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер
карапайым болып, олардың жасалуы мен дайыңдалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
6. Дидактикалык ойындардың нәтижелері объективті түрғыдан бағалануы тиіс.
Дидактикалық ойындарды таңдауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және
дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялык
аспектіге сүйендік. Атап айтқанда, олар төмендегілер:
— балалардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі,
балалардың даму деңгейі мен психологиялық жай-күйі;
— оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
— нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.
Осы өлшемдерге сәйкес біз математика және дуниетану сабақтарында
дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдаландық. Ал сауат ашу бойынша
дидактикалык ойындарды төмендегідей топтарға жіктедік.
1. Сөйлем, сөз олардың өзара байланысы туралы түсінікгерді калыптастыруға
бағытталған дидактикалық ойындар: "Қай сөзді жоғалттым?", "Үндемес",
"Сөйлем қуаласпақ". "Не қажет?". "Орамал тастамақ", "Өз орныңды тап",
"Домино". "Кім жылдам?", т.б.
2. Дыбыс және әріп ұғымдарын бекітуге бағытталған дидактикалық ойындар:
"Бұл қалай өзгерген?, "Тапшы, кімнің дауысы?", "Әріп таңдау", "Кім жылдам',
т.б.
3. Буын, тасымал туралы білімдерін бекітуте бағытталған дидактикалық
ойындар: "Қай буынды жоғалттым?", "Өз атынды буынға бөл?", "Ойлап тап".
"Сақина салу", "Бәйге", "Ұшты-ұшты". т.б.
4. Заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратуга
бағытталған дидактикалық ойындар: "Суретті лото", "Сұрақ қой". "Айдаһарды
өлтіру", "Ғажайып алаң", "Жеті күн". "Жеті қазына", санамак-ойындар жұмбақ-
ойындар, т.б.
Ересек топта грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысында жоғарыда
көрсетілген дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдалану өте тиімді болды.
Бұл ойындарды грамматикалық ойындар десе де болады. Олар "деректіден
дерексізге, қарапайымнан күрделіге" ұстанымы негізінде дамып отырды және
балалардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін арттырды.
"Ғажайып алаң" ойынының мақсаты - сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білуге
үйрету. Ортаға "Ғажанып алаң" қақпасы қойылады. Барабан бірнеше бөлікке
бөлінеді де,әр бөлікте заттардың суреті болады және оның артында
тапсырмалар жазылған. Мысалы, "Алма" суретін алайық. Оған "Қандай" деген
сұрақ койылған. Бала осы сұраққа жауап беру керек.
Сауат ашу пәнінен пайдаланылған дидактикалык ойындар балалардың білімін
жетілдіруге, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруғ, ақыл-ой әрекеттерін
белсендіруге септігін тигізеді.
Тіл дамыту пәнінен дидактикалық ойындарды мынадай топтарга жіктеуге
болады.
1. Балалардың тілін дамытуға бағытталған дидактикалык ойындар: жаңылтпаш
ойындар, "Қуыр-куыр қуырмаш", "Бәйге", "Көкпар". "Малдың төлін емізуге
шақыру". "Сурет сырың", Сөйлем қуаласпақ". т.б.
2. Балалардың оқу дағдысын қалыптастырута бағытталған дидактикалық ойындар:
"Поэзия сәті". "Тізбек". "Кім жылдам". т.б.
3. Мәнерлеп оқуға жаттыктыруға бағытталған дидактикалык ойындар: рөлдік
ойындар - "Құстар айтысы". "Мақта кыз бен мысык". драммалық ойындар
-"Наурыз - жыл басы". "Алдаркөсенің айласы". "Жыл басына таласқан
хайуанаттар", "Бота", т.б.
Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын
молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында колдануға,тез, жылдам сөйлеуге
жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Мәселен
балалардың тілін дамыту мақсатында пайдатанған "Сурет сыры" ойынында қыс
мезгілінің сыр-сипатын бейнелеген әр түрлі суреттерге әңгіме құрастыру
кезделеді. Бұл ойынға балалар аса қызығумен белсене қатынасты. Мәнерлеп
оқуға жаттықтыруда рөлдік және драмалық ойындардың мәні өте зор.
Математикадан пайдаланылған дидактикалық ойындардың төмендегідей болды.
1. Он көлеміңдегі сандардың атауын, ретін меңгертуге бағытталған
дидактикалық ойындар: санамақ-ойыңдар, жанылтпаш-ойындар, жұмбақ-ойындар,
"Тіз "Поезд", "Орнынды тап", "Жалғастыра санау", "Көрші, көрші", т.б.
2. Он келеміндегі сандардың құрамы туралы білімді бекітуге бағытталған
ойын: "Мынау кімнің үйі?", Допы қай ойыншыға беру керек?, "Хаттың иесі
кім?", "Керекті саңды қой", т.б.
3. Он көлеміндегі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған дидактикалық ойындар: "Айға кім бұрын жетеді?, "Есептеуіш
машиналар", "Дүкен", "Десанттар", "Баспалдақ", "Аң патшасы", "Орамал
тастамақ", "Хан талапай", "Қасқыр мен қой", "Тенге алу", т.б.
4. Қарапайым геометриялық материалды меңгертуге бағытталған дидактикалық
ойындар: "Геометриялық эстафета", "Ою құрастыру", "Фигураны тап", "Бірден
сызып шық, "Сыр сандықты ашып қара", т.б.
Дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалану баланың алған
білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік
жасайды. Математика сабағында ойындарды пайдаланудың түрлі жолдары бар.
Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.
Ойынды сабақтың басында пайдалану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына, өткенді қайталауға балаларды түгел қатыстыру мақсатын
көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында пайдаланылатын болса, онда
мұғалімнің мақсаты - балалардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын
ұмыттыру, ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не
сол сабақтан алған білімді жинақтау, пысықтау мақсатында пайдаланылады.
Балаларға ойындар арқылы берілетін білім балалардың санасына тез
жетіп, есінде ұзақ сақталады. Әрине, белгілі бір білімді меңгертуге
бағытталған дидактикалық ойындарды пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктері
бар. Ең бастысы, математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану
балалардың білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді.
Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі мынадай болып
бөлінеді.
1. Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат,
құстар, жан-жануарлар жөніндгі жұмбақ-ойындар, "Бақытты сәт", "Иесін тап",
"Бұл қай аң?", "Кім тез айтады?", т.б.
2. Тазалық пен күн тәртібін сактауға байланысты дидактикалық ойындар: "Күн
режим", "Тап-таза", "Күн мен түн "Бір минут", т.б.
3. Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: "Кім күшті",
"Қуыршақты киіндіру", "Спорт", "Өнер көрсет", т.б.
Дүниетану сабақтарында жұмбақ-ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді,
олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен
құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен
септігін.тигізеді. Біз сабақтарда балалардың білім деңгейін молайту
мақсатында төмендегідей жұмбақтарды пайдаландық: құс тураты "Бір-ақ уыс
көлемім, Шыбын шіркей қорегім. Бау-бақшаны қоргаймын, Ал атым ше?"
(торғаймьш); аспан әлеміне байланысты "Тақиям толган сөк, Таңертең турсам
дым да жоқ"(жұлдыз); табиғат кұбылыстары туралы "Аппақ-аппақ, ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып" (кар), адамның дене-мүшелері туралы "Қимылдаса қос
шебер, Қыруар-қыруар іс өнер" (қол) өсімдіктер туралы "Іші жумсақ, сырты
қатты, Еті қызыл, сүті тәтті ' (қарбыз); киімдер туралы "Барады, барады,
Аузын ашып қалады" (кебіс), жануарлар туралы "Таптым-таптым тап жорга,
Табаны жалпақ боз жорга" (түйе).
Ұсынылып отырған жұмбақ ойындар сабақта жарыс түрінде көрнекі
құралдарды пайдалана отырып өткізіледі. Олар балаларды тапқырлыққа үйретеді
ой-қиялдарының өсуіне көмектеседі, қызығуы мен белсенділігін арттырады.
Сондай-ақ, балалардың өз бетімен шығармашылық ізденісін, эстетикалық
талғамын жетілдіру мақсатында оларға үйде жұмбақтар даярлатып, оның
суреттерін салдыртатын болады.
Балалардың оқу іс-әрекетінде біз пайдаланған жоғарғыдағы дидактикалық
ойындар төмендегідей міндеттерді атқарады.
Білімділік - жаңа білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру,алған
білімдерін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелік - қоршаған ортаға құнды сыйлы қатынасты калыптастыру.
Дамытушылық - баланын физиологиялық және психикалық (қабылдау, ес,ойлау,
қиял, зейін, ерік) дамуын қамтамасыз ету.
Диагностикалык - оқыту тәрбиелеу және дамыту нәтижелерін сараптау.[5.67-69
б].

ІІ – тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой танымын
қалыптастырудың әдістемелік негіздері
2.1.Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой тәрбиесі.
Ақыл- ойдың дамуы – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен
тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын
сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің
қорлануы шапшаң қарқын мен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл -
ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл- ой дамуын
қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс- әрекеті үшін зор маңызы бар.
Ақыл- ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол
айналадағылармен араласу барысында тілді қарым- қатынас құралы ретінде
пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл- ойды
неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі педагогика ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үрдісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Пәндер