Қазақстанның отын - энергетика оты кешені


Қазақстанның отын - энергетика оты кешені.
Қазақстанның отын - энергетика кешені өзіне отын өнеркәсібі мен электроэнергетиканы қосады. Олар бірге бір сөзбен энергетика деп аталады және халық шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланысты. Демек, энергетка қазіргі заманғы өндірістің негізін құрайды және сәйкес энергетикалық базосыз ешқандай сала дами алмайды.
Отын өнеркәсібі Қазақстан энергетикасының негізі. Ол көмір, мұнай және газ өңдеуден құрады. Оның ішінде көмір республикадағы отынның негізгі түрі, оның жалпы қоры 140 млрд. Т. жетеді, ал жыл сайынғы көмір өңдеу көлемі 140 млн. т. жуық. Көмір өнеркәсібі Урал-Кузнецск комбинатының құрылуымен байланысты 1931 жылдан бастап дами бастады. Үкіметтің елде көмір және кокс ресурстарын ұлғайту жөніндегі арнайы қаулысымен Қарағанды көмір бассейні Оңтүстік және Орта Уралдың металлургиялық зауыттары үшін көмірдің негізгі жеткізушісі ретінде танылды.
Қарағанды көмір бассейні-республиканың басты отын базасы. Ол Қазақстанның орталық бөлігі Қарағанды қаласына жақын орналасқан. Мұнда шахталық тәсілмен кокстық және жоғары колориялы энергетикалық көмір өндіріледі. Көмір плосттарының ені (толщина) 1, 5 тен 15 м-ге дейін, ал өңдеу тереңдігі 300 м-ге дейін жетеді. Қарағанды көмірінің негізгі тұтынушылары болып Қазақстанның, Оңтүстік Уралдың, Орта Азияның өнеркәсіп орталықтары табылады.
Маңыздылығы бойынша екінші көмір бассейіні -Екібастұз. Ол республиканың солтүстік-шығысында, Павлодар қаласына жақын орналасқан. Бұл жоғары колориялы энергетикалық көмірге биі ерекше жер қойнады, ені 100 м-ге дейін барады және жер бетіне өте жақын орналасқандықтан ашық тәсілмен өндіріледі. Осы жерден Қарағанды бассейіне қарағанда көмірдің өзіндік құны үш есе төмен. Мұнда әлемдегі ірі көмір кеніші «Богатырь» қуаттылығы жылына 50 млн. Т. әрекет етеді. Солтүстік және шығыс бөліктерінде де көмір өндіру өсіп жатыр.
Екібастұз көмірі арзан энергетикалық отын ретінде Солтүстік Қазақстанның 20 электростанцияларында, Батыс Сібір мен Уралда кең қолданылады. Мұнда ГРЭС-1 және ГРЭС-2 әрекет етеді. Олардың әрқайсысының қуаттылығы 4 млн. кВт-қа дейі жетеді. Олардың электроэнергиясы республикада қолданылады және бір бөлігі жоғарғы қуатты желі бойынша Уралға және одан әрі Ресейдің Европалық бөлігінің орталығына жеткізіледі.
Қазақстанның көмір өнеркәсібінің болашақта даму перспективасы жоғары Қарағанды көмір бассейінің бірқатар шахталарын жөндеу мен техникалық қайта жорақтандырудан басқа жақын уақытта Екібастұздың оңтүстік-шығысына орналасқан Майкубенск кең орын игеру басталды.
Электроэнергиясы- Қазақстанның экономикасының маңызды салаларының бірі, ал электр энергиясы энергетиканың прогрессивті түрлерінің бірі болып табылады. Энергетиканың басқа да түрлерімен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылықтарға ие. Ең алдымен электр энергиясын отынның ең төменгі сорттарынан алуға болады және ешқандай жоғалтусыз жоғары вольтты желілер бойынша үлкен ара қашықтыққа дейін өткізуге болады. Соңғы артықшылық Қазақстан үшін ерекше маңызды, өйткені территорияның үлкендігінен отын тасымалдау қымбатқа түседі. Бұдан басқа электр энергиясы энергетиканың универсальды түрі, оны тек өнеркәсіпте емес, ауыл шаруашылдықтарда, сондай-ақ көлік пен тұрмыста табысты қолдануға болады.
Қазіргі кезде халық шаруашылығын электрлендіру ғылыми техникалық прогресстің басты бағыттарының бірі болып отыр.
Қазақстанның электростанциялары электр энергиясын өндіру үшін энергияның әртүрлі көздерін: көмір, мұнай, газ және республиканың таулы бөлігінің өзендерінің гидроресурстарын пайдаланады. Тек бір гидроресурстың өзі ғана 103 млрд. кВт. сағат электр энергиясын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда электроэнергетика арзан отын мен гидроресурстарды қолданатын ірі аудандық электр станцияларын салу жолымен ғылыми принциптер негізінде дамып келеді. Қазір республикада жылу электр станциялры кең тараған. Олар негізінен Екібастұз және Қарағанды көміріне жұмыс істейді және бүкіл электр энергиясының 90 %-ін береді. Қуатты жылу электр станциялары әрбір облыс орталығында және көптеген өнеркәсіп орталықтарында құрылған. Олардың ішінде ең ірілері Екібастұзда, Ақсуда, Жамбылда, Қарағандыда және Алматыда. 1973 жылдан Каспий теңізінің жағасында Ақтау қаласының маңында атом электр станциясы жұмыс істеді. Атом электр станцияларында екі түрлі реакторлар қолданылады: жылу нейтрондарына және жылдам нейтрондарға жұмыс істейтін. Жылу нейтрондарындағы реакторлар тиімділігі аз, өйткені онда небәрі уран 235 қолданылады, ал табиғатта көп кездесетін уран -238 қолданылмайды. Бұл елеулі жеткілікеіздік тек жылдам нейтрондардот реакторлардың көмегімен орын толтырыла алады.
Олар уран 238 изотопын жаңа жоғары тиімді ядролық плутониі -239 ға айналдырады, бұл энергияның басты көзі қызметін атқарады. Жаңа пайда болған плутонийідің соңы жанған уран санынан 1, 5 есе артады. Бұл ядролық жанармайдың үлкен үнемін береді.
Республикадағы электр энергиясының оннан бір бөлігі береді. Ыртышта Бухторлинск және Өскемен ГЭС-і салынған, Сырдарияда Шардара, Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і жұмыс істейді. Бірнеше ұсақ гидростанциялар Кенді Алтай мен Алатаудың таулы өзендерінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ең бірінші кезекте Ыртыштағы ең қуатты Семейге жақын Шуьбинск ГЭС-нін құрылысы аяқталып келеді.
Қазақстан маңызды міндеті барлық электростанцияларды бір жоғары вольтты желіге біріктіретін біріңғай энергожүйе құру болып табылады.
Республиканың территориясы географиялық жағдайының ерекшеліктері арқасында Ресейдің, Сібірдің, Орталық Азияның энергожүйелері арасын байланыстырушы звено қызметін атқарады. Қазір Қазақстанда Алтай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы және т. б. бірнеше жергілікті энергожүйелер бар. 1970 жылдың өзінде-ақ республиканың барлық алты солтүстік облыстарының электростанцияларын біріктіретін қуатты Солтүстік Қазақстан энергожүйесін құру аяқталған. Бұл энерго жүйе өз кезегінде Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның электр станцияларымен, сондай-ақ Ресейдің көрші облыстарының электр станцияларымен біріктірілген. Оңтүстігінде Алматы энерго жүйесі Бишкек қаласы арқылы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарымен және Өзбекстан республикасымен біріктірілген. Республиканың батысында қуаттылығы бойынша шағын Ақтөбе энергожүйесі Оралмен, ал Орал Повольже арқылы Ресейдің Европалық бөлігінің біріңғай энергожүйесімен байланысқан. Осылайша Қазақстанның біріңғай энергожүйесін құру үшін қазіргі кезде әрекет етіп отырған жекелеген энерго жүйелерді өзара біріктіру қажет.
Қазақстанның тау-кен өндірісінің қазіргі жағдайы.
ҚР-ның ғылыми-техникалық саясаты қазіргі кезеңде мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламамен анықталынатын экономикалық дамудың басым бағыттары бойынша ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған. Олардың орындалуы экономикалық потенциалдың тиімділігін арттыруға, белсенді инновациялық іс-әрекет негізінде импорт алмастыратын өндірісті дамытуға, өндірістің техникалық деңгейін арттыруға, дайын өнім шығаратын аяқталған технологиялық циклды қалыптастыруға көзделген. Болашақ он жылдықтағы стратегиялық міндет минералды шикізат ресурстарын игеру жататын Қазақстанның дәстүрлі артықшылықтарын максимальды пайдалануды қарастырады.
Қазақстан 3 қара металл, 29 түсті, 2 бағалы, өнеркәсіптік минералдардың 84 түріне ие. Әлемде ұлттық экономиканың шикізаттық құрамды бағытына деген қатынас соншалықты жоғары 200 ірі әлемдік компаниялардың шикізаттық секторға 90 жатқызылады, олардың үлесіне өндірілген өнімді сату көлемінің 80% -тен астамы тиесілі. Минералды шикізатты әлемдік өндірушілердің лидерлер сонына әлемнің ірі елдері АҚШ, Австрия, ЮАР, Канада, Қытай және Ресей кіреді. Мұндай шикізат елдерінің көпшілігінде экономикалық дамудың жоғары деңгейі өндеуді интенсивтендіру және өз меншікті табиғи ресурстарды қайта өндеу есебінен қол жеткізіліп отыр.
Қазақстан берилий, ниобий, галий, техникалық талий (4 орын), титан (3 орын), рений (5орын), уран (7орын), көмір мен күмістің (9орын), цинктің (10 оын) әлемдегі ірі өндірушісі. Бұрыңғы КСРО-ның уран запасының 45 % -і шоғырланған. Тантал, ниобий қоры бойынша ТМД елдері арасында 1 орын алады. Әлемнің көптеген елдерінің тұрақты экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі -бұл халықаралық сауда және ішкі нарық қажеттілігі үшін арналған көмір мен мұнай, металл өндірісі болып табылады.
Тау-кен, металлургиялық және көмір өнеркәсібінің жағдайын талдау әлемде көмір мен мұнай, сондай-ақ таулы-металлургиялық кешен өнімдерін тұтынудың ұлғаюы байқалғанын көрсетіп отыр. Соған қарамастан БЭО елдерінің көмір өнеркәсібінде көмір өндіру көлемі қысқарып келеді.
Бұл Европаның отын-энергетикалық кешенінің табиғи газ, мұнай және атом энергетикасына қайта бағдарлануымен байланысты. БЭО -қа кіретін әрбір елге жыл сайынғы қажеттілікті қамтамасыз ететін көмір экспорты мен импорты, өндеу көлеміне лимит белгіленген. ТМД елдерінің тау-кен өнеркәсібінің өндірістік қуаттылық көлемінің қысқаруы өнім артықтығы емес, оның сыртқы нарықта бәсекелік қабілеттілігінің төмендігімен байланысты. Өндіріс көлемінің қысқаруының негізгі себептері қорлардың ескіруі (Қазақстанның қара және түсті металлургиясында сәйкесінше 36, 8 %және 41, 5%), соңғы жылдары бұл салаға инвестицияның қысқаруы болып отыр.
Қазақстанның таулы-металлургиялық кешенінің басым бағыты ең алдымен минералды-шикізат ресурстарын кешенді пайдалану болыр табылады. Статика деректері бойынша 65 қара және 98 түсті металлургия кәсіпорындарының 70 тен астамы тікелей пайдалы қазбаларды игеру және минералды шикізатты қайта өндеуді жүзеге асырады. Тау кен өнеркәсібінің қазіргі жағдайы минералды-шикізат базасының төмендеуімен, солоға капитал салымдарының артта қалуымен, геологиялық және техникалық жағдайлардың құлдырауымен сипатталады. Өңдеу мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жаңа кең жерлерді игеру және қалдықтарды қайта өңдеу есебінен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта республикада 20 млрд. тоннадан астам өндірістік қалдықтар жиналған, оның ішінде түсті металлургия кәсіпорындарының техногендік қалдықтары 10, 1 млрд. т., ал қара металлургия 8, 7 млрд. т. Кенді Алтайдың өзінде кен игеру кезеңінде таулы-металлургиялық өндірістің 360 млн. т. қатты қалдықтары жинақталған, онда 2 млн. т. жуық мыс, қорғасын, цинк және 120-130 т. жуық алтын бар.
Республикада қатты қалдықтарды пайдалану деңгейінің төмендегі жағдайлармен сипатталады:
1) қалдықтардың көптеген түрлерін қайта өндеу үшін немесе басқа сала кәсіпорындарында оларды қайта өңдеуге дайындау үшін қондырғының жоқтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz