Мектеп жасына дейінгі баланы отбасында этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ОТБАСЫНДА ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУ

ТҮРКІСТАН - 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Отбасындағы этномәдени құндылықтардың педагогикалық алғышарттары . . . 11

1. 2 Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық ерекшеліктерін теориялық талдау . . . 18

2 ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

2. 1 Отбасында мектеп жасына дейінгі балалардың дүние танымын этномәдени құндылықтар негізінде жетілдіру жолдары . . . 42

2. 2 Отбасында баланы мектепке дайындаудағы эксперименттік жұмыстың нәтижелері . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77

ҚОСЫМШАЛАР . . . 81

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1] .

Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этномәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.

«Қазақстан Республикасындағы этномәдени білім беру» тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этномәдени құндылықтары өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады. Этномәдени құндылықтар халықтың өзі тудырған әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасындағы көрсетілген міндеттің бірі: «… 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету» деп көрсеткен болса, бағдарламаның негізгі мазмұнында: «Балабақшаға бармайтын балалар үшін үй жағдайларында мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Язык детской игры» атты білім беру курсы әзірленді. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгі ережесі, үй тәрбиесіне қолдау көрсету мақсатында Ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді ұйымдастырудың үлгі ережесі, Отбасылық бала-бақшаның . . . ұйымдастырудың үлгі ережелері жасалуы қажет» делінген [2] .

Бұл жағдайларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұрғыда зерттеу маңыздылығы артады. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың, отбасының оқу-тәрбие үдерісінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып, этномәдени құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беріп, халықтың рухани мәдениетін зерде мен ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен байланыстыра білуге машықтандырады.

Ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеу жөнінде М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде бала тәрбиесімен шұғылданушы адамдарға: «Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару . . . Бұл - бір. Екінші, әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке жолы бар» [3] . Дегенмен, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, ұлт тәрбиесін тұтасымен дұрыс деп алға ұстамай, оның ұнамсыз, зиянды жақтарына сын көзбен қарап, жақсысын қолдана білу қажет екенін ескерте келіп, «тәрбие майданында шынығып, ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы тәрбие туралы дұрыс жолға түсу үшін тәрбие пәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек», - деп ескертеді. Ал, А. Байтұрсынов тәрбиешіге: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап өсіп, жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болуы керек» - деп түйіндейді [4] .

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында этностық, этномәдени құндылықтар мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салада (Ж. М. Әбілдин, Қ. Е. Көшербаев, Ә. Н. Нысанбаев, Ғ. Т. Телебаев және т. б. ) ; әлеуметтану мен мәдениеттануда (С. М. Арутюнян, М. Х. Балтабаев, Л. М. Дробижева және т. б. ) ; этнопсихологияда (В. А. Вяткин, Қ. Б. Жарықбаев, Н. Е. Елікбаев, Б. А. Әмірова, О. Х. Аймаганбетова, А. П. Оконешникова, У. Г. Солдатова, Г. М. Старовойтова, Ю. В. Хотинец, Е. И. Шлягина және т. б. ) көрінетіні айқындалды [5-21] .

Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық аспектісін талдауға бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (К. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, М. Х. Балтабаев, К. Ж. Қожахметова, Р. Қ. Дүйсембінова, Р. К. Төлеубекова, К. А. Оразбекова, Ә. Табылдиев, т. б. ) . Қазақстандық педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер баршылық (И. Өршібеков, А. Х. Мұхамбаева, Б. Е. Қаирова, Г. Р. Бахтиярова, Е. Ш. Қозыбаев, С. К. Әбильдина, К. Е. Ибраева, Т. М. Шакирова, Г. К. Тлеужанова, Р. М. Айтжанова және т. б. ) . Соңғы уақытта қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде [22-41] .

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық, этномәдени тәрбие беруге байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап өтуге болады: Т. Иманбеков, К. Сейсембаев, Ә. С. Әмірова, О. И. Давыдова, Х. Т. Шерьязданова, Л. С. Берсенева, М. Б. Кожанова, Ж. С. Хасанова, Ж. М. Акпарова, К. Т. Жанабаев, А. Ә. Капенова, Ұ. Т. Төленова [42-53] .

Этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша зерттеулер негізінен мектеп оқушыларына және студенттерге арналған, ал мектепке дейінгілердің этномәдени құндылықтарын қалыптастыру мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер дамып келеді.

Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына Ж. Ж. Наурызбайдың Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы алынды[25] .

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысына сәйкес тәуелсіз қоғам азаматын тәрбиелеп өсіру міндеттері, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері, білім беру жүйелерінің құрылымы нақты айқындалып, көрсетілген. Осы заңды жүзеге асыру туралы министрліктің «Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жұмыс сапасын арттыру» туралы бұйырықтары, балабақша мен ата-аналардың міндеттері жөніндегі ережелері басшылыққа алынды.

Аталған құжаттарды жүзеге асыру мақсатында ғалымдар «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мамзұнын жаңарту тұжырымдамасын» (1991) және «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасын» (1993) дайындаған болатын. Осы құжаттарға сәйкес халықтық педагогика негізінде «Балбөбек» атты жаңа бағдарлама жасалды. Мұнда көзделген басты мөселелердің бірі - баланың жас, даму ерекшеліктерін, айрықша қабілетін ескере отырып; барлық тәрбие жұмысын белгілі жүйеде біртұтас (біріктіре) ұйымдастырып, үзіліссіз тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру [2, 4 б] .

«Балбөбек» бағдарламасындағы басты жаңалықтар: балабақшада өтілетін тәлім-тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту, халықтық педагогика мұраларыньщ кеңінен қамтылуы, балалардың жас шамасына қарай даму ерекшелігі деп аталатын бөлімінің М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі негізінде толықтырылуы; баланың мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға «Имандылық тәрбиесі» деген бөлімнің жасалуы; бұл бөлімге халықтық педагогиканың бала жасына, психологиялық даму деңгейіне лайықты, оның түсінігіне қонымды материалдар таңдалып, «Имандылық тәрбиесі», «Жер байлығы - ел байлығы», «Ақ дастарқан», «Ақ боз үй», «Бабалар өмірі - ұрпақтарға үлгі» тәріздес мақал-мәтелдер аттарымен аталуы; баланың жас шамасына қарай әрбір топтардағы күн тәртібіне қойылатын талаптардың нақтылйнуы, бүкіл тәлім-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру тәсілі мектепке дейінгі тәрбиеде бірінші рет ұсынылды. Бұл жөнінде оқыту, тәрбиелеу мәселесін кешенді жоспарлау туралы қазақ зиялылары А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, және т. б. болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту жұмыстарын бір-бірімен сабақтас, кешенді түрде жүргізуді қуаттайтын идеялары алынды. Ұлы педагог-жазушылар «кешенді» сөзін қолданбағанымен бүкіл ой-пікір, идеяларын оқулық мазмұндарынан аңғаруға болады. Тәлім-тәрбиенің сабақтастығы туралы М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты - бәрі бірге жұмсалады - дей отырып, . . . адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де . . . ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан . . үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті» - деген ой-пікірлері басшылыққа алынды [2, 5 б] .

Сонымен қатар, қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына орай, жаңа үлгідегі «Мектеп және балабақша» кешені, гимназиялық, лицейлік, отбасылық, коммерциялық т. б. балабақшалар да іске косыла бастады. Алайда, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесінің арнайы зерттелмеуі, ата-аналар басшылыққа ала қоятындай ғылыми-әдістемелік және көмекші құралдардың жасалмауы, отбасы тәрбиесін осы заманғы талап деңгейінде жүзеге асыруда қиындықтар келтіретіндігін жасыруға болмайды.

Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан осындай өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін өтерлік, ел иелігіне берік, іс тетігін шеше білетін, бойында Ұлттық сана-сезім, Ұлттық психология нышандары орныққан, ғылым мен техника жетістіктерінен хабардар білікті, парасатты жастарды қалыптастырып өсіру - отбасы, балабақшадан басталатын үзіліссіз тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ үдеріс.

Республика көлемінде жүргізілген бақылау, зерттеу жұмыстарының қорытындысы балабақшада тәрбиеленушілердің білім дәрежесі бағдарлама көлеміне сай, мектепке белгілі даярлықпен келіп, толық үлгерім беріп отырғанын көрсетті. Балабақшадан мектепке келгендердің лексикасы жетілген, көрген-білгенін, оңылған шығарманы білуге жаттыққан. Сауат ашу жөнінде де біраз жетістіктер байқалады.

Өйткені, қазіргі кезде көптеген мектептер жанынан баланы мектепке даярлайтын топтар ашылып, онда арнайы білімі бар мұғалімдер жұмыс істейді. Осы топтарда және балабақшасында тәрбиеленген балалар мектепке белгілі дәрежеде дайындықпен келеді. Ал отбасынан бірден мектепке келген балалардың білім дәрежесін басқалармен салыстырғанда әр түрлі айырмашыльщтар болып жүр. Біреулер баласын: «Менің балам оқи, жаза, тіпті жүзге дейін санай біледі» деп әкелсе, екінші біреулер «Үйімде адам жоқ, балабақшада да болмады, сондықтан көңіл бөлсеңіздер екен» деп әкеледі, келесі бір топ бақшадан мектепке келеді. Оқу басталады. Мұғалім жоғарыда аталған білім, қабілеттері әр түрлі деңгейдегі балалармен жұмыс істей бастайды. Белгілі қиыншылықтарға кездеседі. Оқи, жаза білуді бұрын үйренген баланың сабаққа қызығушылығы бәсеңдейді. Ал, оқи, жаза білмейтіндер бұл дағдыларға көп еңбектенуі керек. Міне, осының салдарынан кейбір мұғалімдер ата-аналарға: «Балаларыңды мектепке дайындап әкеліңдер» деген талаптар да қоя бастайтыны байқалуда. Кейде мектепке дайындау топтарының бағдарламасында көрсетілген міндеттерді ата-аналардың орындауы қажет болып жүр. Сондықтан көптеген ата-аналар балаға «Әліппе» бойынша әріп танытып, өздігінше оқи, жаза білуге үйрете бастаған. Тіпті, баласы бақшада жүрген отбасылар тамыз айында балаларын мектептегі даярлау тобына беретіндігі байқалды. Осындай себептер ата-аналардың бала тәрбиелеудегі күнделікті жұмысына көмек берерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туғызды.

Мектептегі оқу ісінің сәтті болуы сәбидің балабақшада, отбасында алған білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай болса, балғын бөбектерді әдептілікке, ыждаһаттыққа, достық пен бауырластыққа, туған елкесі мен Отанына сүйіспеншілікке, азаматтық асыл мұраттарға баулып, оның ой-өрісін, сана-сезімін өмірге қажетті білім-дағдылармен кеңейтіп, дамыту - тәрбиеші педагогтар мен ата-аналардың төл ісі. Ол үшін педагогтық шеберлікті арттыра отырып, білімді тәжірибемен ұштастыра білуі шарт. Сонда ғана еңбек өнімді болмақ. Кейбір себептермен көптеген балалар мектепке барғанша балабақшаға берілмей, отбасында тәрбиеленуде. Мұндай жағдайда баланың мектепке дайындығы туралы отбасы жауапты. Баланы мектепке қандай отбасы болса да дайындай алады, себебі, мұнда шешуші рөл атқаратын ата-аналардың білім дәрежесі емес, сол отбасының, ең алдымен ата-ананың алдында тұрған тәрбиелік міндеттерді жете түсіне біліп, оны іс жүзіне асыруға ұмтылыс жасауына байланысты. Бүгінде баланы мектепке дейін оқыту жұмысын ұйымдастыру мәселесі жөнінде ата-аналар баланың болашақ мұғалімінен кеңес алып, ақылдасып, педагогикалық еңбектерді оқып ондағы ғылыми әдіс-тәсілдерге назар аударып, бала тәрбиелеуде оны үнемі басшылыққа алып отырулары керек.

Мектепке дейінгі ұйымдардың және отбасының оқу-тәрбие процесін талдау балалардың этномәдени құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі жастағы баланың отбасындағы жұмысының мазмұнында ұлттық-мәдени элементтердің өз мүмкіндігіне сай қолданылмайтынын көрсетті.

Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени құндылықтарын қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіздігі; отбасында балалардың этномәдени құндылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында этномәдени құндылықтарды мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі баланы отбасында этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлау» деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны: отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалар.

Зерттеу пәні: отбасында баланы мектепке дайындау.

Зерттеудің мақсаты: Отбасында баланы мектепке дайындау мүмкіндігін жүзеге асыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • бала тәрбиесінің педагогикалық-психологиялық мәселелеріне теориялық талдау жасау;
  • мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздерін қарастыру;
  • Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру;
  • Мектепке дейінгі жастағы балалардың айналамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмыстарын отбасында жүргізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер отбасында мектепке дейінгі жастағы балаларды этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлауды теориялық тұрғыда негізделіп, ол іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлаудың тиімділігі артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үдерістің тұтастығы баланы мектепке даярлаудың мүмкіндіктерін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының дерек көздері: философтар, психологгар, педагогтар, әдіскерлердің мектепке дейінгі балалар мәселелері бойынша жарық көрген еңбектер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттар, тәрбиешілердің озық тәжірибелері.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

  • мәдениет жеке тұлға факторы ретінде, сананың мәдени-тарихи даму теориясы;
  • этнос теориясы;
  • жеке тұлғаның әлеуметтік, этностық сәйкестілік үлгілері;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылықтары мен принциптері;
  • тәрбиенің этнопедагогикалық аспектілері;

Зерттеудің әдістері:

  • аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т. б. ) ;
  • диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, т. б. ) ;
  • статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

  • теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлаудың ерекшеліктері ашылады;
  • мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлаудың үлгісі әзірленді;
  • мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлаудың деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды;

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлау бойынша ата-аналарға арналған әдістемелік жолдары ұсынылды;

Алынған нәтижелерді ата-аналарға, педагог-тәрбиешілерге, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде, осы сала мамандарын даярлау мен қайта даярлау мекемелерінде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлаудың ерекшеліктерін ашу негізінде этномәдени құндылық түсінігін нақтылау.
  2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлаудың үлгісі педагогикалық жүйеде оң әсерін тигізеді.
  3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлау нақты педагогикалық үдеріс арқылы жүзеге асырылады: тілдік ортаның белсенділігі, бес-алты жастағы балалардың этномәдени құндылықтарын дамытуға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына этномәдени материалды ендіру, бес-алты жастағы балалардың этномәдени құндылығын дамытуда отбасының көмегі, отбасының этномәдени құндылығын дамытуға бағдарлануы.
  4. Мектепке дейінгі жастағы балаларды этномәдени құндылықтар негізінде мектепке дайындаудың нәтижелері.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Баланы отбасында мектепке дайындаудың мүмкіндіктері» атты диплом жұмысының кіріспесінде зерттеудің көкейтестілігі, ғылыми аппаратты, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негіздері беріліп, ғылыми жаңалығы және практикалық мәнділігі сондай-ақ, қорғауға ұхынылатын қағидалар баяндалады.

Диплом жұмысының «Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері» атты бірінші бөлімінде Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктеріне терең талдау жасалған. Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздері мен даму сатылары қарастырылған және бала тәрбиесінің педагогикалық-психологиялық мәселелеріне теориялық талдау жасалған.

Диплом жұмысының «Отбасында баланы мектепке дайындаудың әдістемелік жолдары» атты екінші бөлімінде отбасында мектеп жасына дейінгі балалардың дүние танымын кеңейтіп, тіл байлығын жетілдіру жолдары және мектепке дейінгі жастағы балаларды айналамен таныстыру мен экологиялық тәрбие жұмыстарын отбасында жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған.

Диплом жұмысының қорытындысында балалардың таным процестерін бағалау және дамыту тестерін жинақтап, оларды пайдалану жолдары анықталды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту барысында көптеген ойын тренингтерін пайдалануға болатындығы сөз етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Тұлғаның рухани-адагершілік дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру
Қарым-қатынас мәдениеті
Республикасының Заңы тілі
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық - мәдени дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz