Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі



Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.

Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті, Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — өкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік, яғни православиелік деп аталды.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балг'ерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, өсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кеңіетек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында өртелді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Христиандық сана
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі.[1]

Иисус және Библия

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында
болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл
атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау
процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз
әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси
институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің
қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған
қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние
жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер
жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-
уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл
қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды.
Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о
дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті Үштіктің бар екендігіне көміл
сену болып саналды. Үштік ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш
бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала,
касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-
біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә
жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана
құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде
әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда,
ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан
дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай
биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін
тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне,
моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император
Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының
мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет
пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен
таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей
қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі
христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим
империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал
батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады
да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің
сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин
варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп
салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты
монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды,
кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның
арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық
шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-
ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия,
Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір
бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі
кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ
Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу
соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын
қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.

Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай
төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV
ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең
басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен
Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті,
Олардың арасында IX ғ-да филиоква жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай
— өкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-
баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге
байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054
жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды.
Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз
шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс
шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік,
яғни православиелік деп аталды.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл
қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы
жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір
айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. Монофизистік деп аталатын екінші
бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы
адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол
бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына
береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен
қатар балг'ерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға
тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, өсіресе әйелдердің
бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп
уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге
жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан
ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды
процестер Батыс Еуропа елдерінде кеңіетек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың
адам инквиция оттарында өртелді.

Батыста да, Шығыста да монахтық жолға түсудің маңңзы өте зор болды. Олар
дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, жарық дүниеден
кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар
әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір
монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды.
Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі —
Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының
білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен
VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір
сүрген.

Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан
қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский
(1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр
аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және
құқық саласындағы мәңгілік беделді тұлға деп жариялады. XIII ғасыр кедей
монах ордендері де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды
кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне
халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына
үлкен ықпал жасады.

Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты
Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI
ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни
монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты
орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар
шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең
таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен
қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында
монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон
біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.

XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы
барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий III
(1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын
тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі
кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер
арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен,
коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы
орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды (кешірім деген мағынаны
білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды
сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай ; индульгенциялардың бағасы
адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.

Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта
ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі
бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей
оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен
үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан
діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының
адамгершілік бағыты — Сенім, Үміт I және Махаббат үштіғінің бірлігіне
тікелей байланысты болды. Бұл Үштіктің ішінде Сенімге үлкен мән
беріліп, ол құдай жолына апарар рухтың ерекше бір жағдайы деп
қарастырылды. Ал Үміт болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан
арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары
мұлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып
саналады. Махаббат болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген
махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.

Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия,
логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі
қағидаларымен сәйкестендірілді.

Архангел Михаил шіркеуі

Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру
жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне,
сондықтан да болар, V—VI ғасырда Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу
билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу
бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу
өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап,
тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан
шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған
ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап
өткен жөн сияқты, яғни Жеті еркін өнер — грамматика, риторика,
арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден
басқа сыртқы мектептер деп аталатын жастарға ) арналған арнайы мектептер
болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы
бекзадалар мектептері ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз
ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала
бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың
түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.

XI—XII ғасырдан бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер
ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғасырда Италияда
Балон құқық мектебінің неғізінде Балон университеті (1038 жылы) ашылды.
Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға
мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен
келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғасырда Батыс Еуропаның
басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.

Англияда Оксфорд университеті (1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж
университеті (1209 жылы) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай
жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті.
Солардың бірі — белгілі университет галымы, ағылшын Роджер Бэкон
(1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен
төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне
күмән келтірді.

Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 жылы).
Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс
істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын
тілінде жүрді.

Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым деп
атады, Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне
сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен
біріктіру, формалдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның
негізгі әдісі ретінде төжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға
байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды.
Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға
қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке
жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым
салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым
салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім
беру саласында Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор
болды. Оған дөлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан
артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын
айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен
алмастырылды. Бірақ, IX ғасыр ортасына қарай Константинопольде жоғарғы
мектеп ашылып, ондағы білім беру жүйесі көне заманның үлгісімен жүзеге
асырыла бастады. Бұл дәуірдегі Византия мәдениетінің көрнекті өкілі —
Мириобиблионаның (негізінен көне авторлардьщ 280 шығармаларына берілген
бага — талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы
патриарх Фотий (820—890 жылдар) болды.
IX ғасыр жаратылыстану ғылымдары жаңа арнаға түсіп, дами бастады. Ғылымның
әртүрлі салаларына байланысты энциклопедиялар жарыққа шыға бастады, онда
Византия коғамы жайында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан халықтар
туралы да әр түрлі қызықты мағлұматтар берілді. Хирургиялық ғылыми
еңбектер, математика оқулықтары жарық көрді. Дөл ғылымдармен қатар алхимия,
астрономия, магия, және тағы да басқа ғылым салалары да өз өрісін кеңейте
бастады.
Орта ғасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды.
Алхимия жәй қарапайым металды алтынға немесе күміске айналдыра алатьш
субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды.
Мұндағы басты мақсат — адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және
олардың қолданған әдістері күмәнді жене қиялға жақын болғанымен алхимия көп
жағдайларда қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе химияның туындауына айрықша
әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық алхимиктердің авторларының бірі —
ағылшын монахы Роджер Бэкон мен неміс философы ұлы Альберт болды. Бұл екі
ғұламаның екеуі де жөй қарапайым металдардың алтынға айналатынына кәміл
сенген және алтынды жетілген металл, ал төменгі металдарды алтынға
қарағанда әлдеқайда жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды
табиғатта болмаған философия тасы арқылы алтынға және күміске айналдыру
жолдарын табуға әрекеттенген. Роджер Бэкон патша арағында еріген алтын
өмірдің шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт болса өз заманының ұлы химигі
болды.
Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі — әдебиет болды. Бастапқы Орта
ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат
жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды.
Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше
құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын — саксондық қаһармандық
эпостардың бірі — 700 жылдар шамасында жазылған Беовульф поэмасы болды.
Маман-ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуропалық әдебиетте өзінің
мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтың поэзиясына
пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың
бірі — құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық
мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын —
Старшая Эдца эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғасыр бұл елдерде
латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған.
Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең
атақты тамаша мәдени мұра-француздардың халықтық ерлік эпосы — Роланд
туралы жыр. Мұнда Испанияға жасалған өскери жорық кезінде қаза тапқан граф
Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. XII—XIII ғасыр неміс
халқының баға жетпес әдеби мұрасы — Нибелунгтар жайындағы жыр да халықтың
шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл
жырда V ғасырдағы Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық
соғыстары — уақиғаның негізгі арқауы болған.

Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да дами бастады. Германияда
лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезинглер (жалынды махаббат
жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. Куртуаздық (сарай
маңындағы) поэзия — француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия
саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты
және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп-қатерге толы
өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты.
Солардың ішіндегі ең атақтылары — Бертран де Борн (1140— 1215 жылдар
шамасы), Джауфре Рюдель (1140—1170 жылдар шамасы) және тағы да басқалары
болды.

XII—XIII ғасырда француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі ваганттар
поэзиясы болды. Ваганттар деп (латынша кезбелер деген мағына береді)
кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі — вагант
ақындардың католик шіркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық ісөрекетін
өділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік,
білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп
санады. Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан
шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. Ваганттар ордені деп
аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі
болып саналады.

XIII г. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі — Робин Гуд
жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік
әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы —
ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады.

Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, соннеттер
басым болып келеді. XII ғасыр ортасына қарай Италияда әйелдерге деген
махаббатгы дәріптейтін соны бағыт — жаңа өдемілік стиль пайда болды. Бұл
стильдің негізін салушы — болондық ақын Гвидо Гвиницелли (1230—1276 жылдар
шамасы) болды. XIII ғасыр аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық
шығармалар да жарық коре бастады. Солардың тырнақалдысы — новеллалар
жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Боккаччо атақты
Декамеронды жазғанда кеңінен пайдаланды.

Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті екілдері —
Чекко Анджольерн, Гвидо Орланди (XII ғасыр аяғы) және тағы да басқалары.
Олардың шыгармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-
тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс
өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық
мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен
ұштасты.

Францияда қала мәдениеті XI—XII ғасырларда туындады. Қаланың халық көп
жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар
және әншілер жаппай өнер көрсететін. Ал осы бір өнердің сан-саласын өз
бойына жинақтаған жонглерлер творчествосы — қала мәдениетінің ең басты
көріністерінің бірі болып саналды. Халық алдында үлкен ілтипатқа ие болған
жонглерлар той-думандарда, үйлену тойларында, жәрмеңкелерде және діни
мейрамдарда өз өнерлерін көрсетті. XII ғасырдан бастап театр қойылымдары
латын тілінде емес, француз тілінде қойыла бастады. Ең бастысы — бұл
қойылымдар бұрынғыдай шіркеулерде емес, қала алаңдарында қойылатын болды.
Олардың сюжеттері қала халқының тұрмыс-тіршілігін, күнделікті өмірін жан-
жақты қамтыды. Бірақ, өкінішке орай христиан шіркеуі жонглерлардің мұндай
шығармашылығын еркін ойлылықтың көрінісі деп санап, олардан қатты
қауіптенді.

Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдарды XIII
ғасырдан бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Драмалық жанрдың ерекше
түрі — моролитенің пайда болуы да мәдени өмірдегі ерекше уақиғалардың
бірі болды. Онда ізгілік пен зұлымдық сияқты бір-біріне кереғар қасиеттер
кеңінен көрініс тапты. Моралиттердің басты кейіпкерлері — Махаббат,
Шыдамдылық, Даналық, Жағымпаздық, Сараңдық сияқты адам бойындағы
қасиеттерді шыңдық тұрғысынан бейнелей білді.

Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін қалаларда шіркеулік
емес мектептердің ашыла бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл әрі игілікті,
әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені бұл мектептер материалдық
жағынан шіркеуден тәуелсіз болды. Мектеп мұғалімдері оқушылылардан түсетін
қаржының есебінен жалақы алып тұрды. Ең бастысы — дәл осындай қала
мектептерінің көбеюі қала халқының сауаттылығын артгыру мәселесін шешуге
айтарлықтай ықпал жасады. XII ғасырда шіркеуден тәуелсіз дәл осындай
мектептердің негізін қалаған әрі философ, әрі діндар, әрі ақын Петр Абеляр
Фраіщияның ең беделді магастрі болып саналды. Оның диалектикалық логиканың
келелі мәселелерін қамтыған Иә және жоқ атгы шығармасы өз заманының
тамаша туьшдыларыньщ бірі болды. Петр Абелярдың тартымды, әрі қызықты
дәрістері көпшілік көңілінен щықты, өйткені онда ғылымньщ атқаратын рөлі
сияқты келелі мәселелер көтеріліп отырды. Орта ғасырлар мәдениетінде
Византия мәдениеті ерекше орьш алады, өйткені ол Еуропалық мәдениеттің,
яғни христиан дінінің үстемдігі Батыс пен Шығыс Еуропаны өзара
жақындастырып, біріктіре түсті. Шындығында да дін тіпті көне заманда да дәл
орта ғасырлардағыдай құдіретгі күшке айналған жоқ. Сөйтіп Еуропада христиан
діні түпкілікті салтанат құрды. Бұл тарихи кезенде дін тек философия ғана
емес, сонымен қатар құқық жүйесіне де, саяси доктринаға да, моральдық
ілімге де айналды. Византия мәдениетінің шоқтығы өте биік болды, олай
болатын себебі, византиялықтар Батыс Еуропаға қарағанда көне мәдени
дөстүрлерге ерте ден қойды, олар Грекия мен Рим мәдениетін жалғастырушы —
мирасқорлар болды. Екінші Рим аталған Константинополь қаласында алып
құрылыстар қанат жайды. Солардың бірі — өз заманындағы тендесі жоқ ғимарат
— София ғибадатханасы еді. Оның қабырғалары түрлі-түсті мозаикалармен
безендіріліп, төбесіне көз тартарлық әсем күмбез орнатылды. 1453 жылы
Византияны түріктердің жаулап алуына қарамастан, Византия мәдениеті өзінің
өміршендігін көрсетіп, дүниежүзілік мәдениетке өз ықпалын тигізді. Оның
мәдени дәстүрлері Италия, Румыния, Сербия, Ежелгі Русьте, Болгария және
тағы да басқа мемлекеттер топырағында қайта түлеп, жаңа арнаға түсті.
Византия Шығыс мәдениетінің де, Батыс мәдениетінің де тамаша үлгілерін өз
бойына сіңіре білді. Атап айтқанда, Шығыстың абстрактылық өрнегі мен Батыс
Римнің әшекейлік динамикалық өрнегі мен Батыс Римнің (бірінші Римнің)
сақталып қалған мәдени мол мұраларын, сәулет өнерінің жаңа туындылары мен
мозаикалық өнердің жетістіктерін, Сирия көркем мектебінің көріністік
әсерлігін, Иран өнерінің әшекейлік нәзіктігі мен бейнелеу қуаттылығын және
эллинизмнің адамзаггы ізгілікке бастайтын барлық ізденістерін өз бойына
сіңіре білді.

Міне, сондықтан да болар, Батыс Еуропа мәдениеті ғасырлар бойы
византиялықтардың мәдени бай мұраларынан сусындай отырып, оларды өздерінің
мәдени бастауларында үлгі етті. Бүкіл орта ғасырлар дәуірінің өн бойында
алыста жатқан ұлан-ғайыр империяның мәдени жетістіктері мен мұндалап,
ғажайып сұлулығымен өзіне тартатын да тұратын. Ұлы Карл өз империясының
құдіретін арттыруда Византияның мәдени үлгілеріне көз тігіп, ұлы арманның
діңгегі деп санаса, Германия императорлары да одан қалыспауға тырысты. Бір
айта кететін жәйт, дін ортақтастығының, яғни провославие дінінде болудың
арқасында Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс Еуропа елдері Византиямен
тығыз мәдени байланыстар орнатуға ерекше мүмкіңдіктер алды. Шығыс Еуропа
мемлекеттері өэдерінің ұлттық мәдениетін жандандыруда Византия сияқты озық
елдерге еліктеуге ешбір арланған жоқ, қайта бұл өнер ордасының атақты
мүсіншілерін, сәулетшілерін, суретшілерін өздеріне шақырумен қатар,
византиялықтардың қолынан шыққан тамаша өнер туындыларын өз елдеріне әкеліп
отырды. Тіпті, батыс еуропалықтардың Константинополь шеберханаларында
жасалған шіркеу есіктеріне деген сұраныстары өте күшті болды. 988 жылы
христиан дінін қабылдаған Русьте храмдар салу мен оларды әшекейлеу ісінде
византиялық сәулетшілер мен суретшілерді үнемі пайдаланып отырған.[2]
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-
8
↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған
оқулық. АлмТақырып
Сағат

1
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар

22
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.
23
Ежелгі Рим өркениетінің саяси-құқықтық ілімі
24
Орта ғасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілім (VI-XVғ.ғ.)
15
Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси- құқықтық ойлар
1
Барлығы
8
1-тақырып. Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар

Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары
негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе
ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде,
вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың
мифтік аңыздарында көрініс табады.

Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл
кездегі өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегенін, бүкіл
әлемді, оның заңдылықтарын түсіну өте қиынға соқты.

Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды
алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде
пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайшылардың
билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел
билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.)
Бұл уақыт Вавилонныц бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане
мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның
саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағыты және жан-жақты мәліметтер
қалдырған. Хаммурапи зандары жазылған биік базалы бағана 1901—1902 жылдары
француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде
табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәуіпі Шаман қүдай және
оның алдында ілтипатты түрған әйел патша Хаммурапи салынган.

Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен
құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік
жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші
топтың мүдесін және жеке меншікті кызғыштай қоргайды.

Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарасгары зороастризмде көріпіс
тапты және дамытылды.

Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормуздаиын жердегі билігі болып
саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың омірі орындаушы
қызметкері, ол халықтық жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп
төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен
шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың
әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және
беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара
сүйіспеншілік пен сыйластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге
шақырады.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар
түрінде қалыптасты.

Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы
"Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит
тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға
(кастаға) бөлінетіндігі және олардың брахмандар — Пуруши құдайдың аузынан,
кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар —
құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі
нәрселсрдің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам,
ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.

Ману заңдарында адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы
орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары
дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады.

"Ману зандары" бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-
кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек.

"Ману заңдарының" 7-тарауы бүтіндей жазаға арналган. Онда жазаның
қуаттылығы мен күштілігі және коғамға пайдасы туралы көп айтылады. "Жаза
бүкіл адамды билейді. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықгап жатқанда
сергектік танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы" деп жариялаған.
Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздіксіз жүзеге асырып
отырмаса, оңда күштілер әлсіздерді қармақтағы балықтай қуған болар еді.
Жаза дұрыс қолданылмаса бүкіл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкпі
халық наразы болар еді" делінеді.

Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың
заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әділетсіздігінсн көрінеді. Брахмандар заң
алдында ерекше жеңілдіктерге ие болған. "Әлемдегі бар нәрсенің бәрі
брахмандардың меншігі болып табылуымен бірге" (100-бап), оларға ешқашан тон
жазасы қолданылмайтын еді. Олар үшін ең ауыр жаза — шашын алу болып
саналды. Қылмыс үшін айып төлеуде варналардын қоғамдағы теңсіздігінің.
сипаты анық көрінеді. Мысалы, брахмақнды тілдеген кшатрийге 100 пан айып
салынады. вайший екі жарым есе артық төлейді, ал шудра дене жарақатымен
жазаланады (267-бап). Ал "брахман кшатрийді тілдесе 50 пан, найшийді
тілдесе, оған 12 пан айып салынады" (268-батт).

Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың
бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген
Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады.

Даосизм ілімінде асқан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл
заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі
бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен
адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және
т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халыктың ауыр
жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына
сенеді.

Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылығы мен белсенді әрекеттермен тартыну
принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымеи бірге соғыстың барлык түрі мсн
армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам
шөптер мсн тікенектер ғана өседі, үлксн соғыстардан кейін ашаршылық жылдары
басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірдің қайта
оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды
билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге
жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты
міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды
роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы
Қытай ойшылы Конфуций болды.

Дәстүрлі көзқарастарға суйенген Конфуций меншікті патриархшы —
патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен
жанұя.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций
аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін
жақтады. Биліктің зорлықсыз тиесілі жақтаған Конфуций билеушілерді өз
бағыныштыларына кайырымды болуға шакырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі
адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп
жел сокқан жаққа кисаяды деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы
соғыстарға карсы болған Конфуций Кьггай жсрінен алыс түратын басқа
халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері
адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері
(ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо). адамдық касиет (жэнь).
адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б.
жатады.

Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы "өлсм өзінің табиғи
заңдылықтарымен өмір сүреді, сондықтан да оның тіршілік қажетіне жарату
үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет дсп ой түйеді. Яши адамдардың
табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың
өздеріне байланысты. Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ,
дүниеқұмар, алакөз болып келсді. Сондықтан да адамдардың мінезіне жақсы
тәрбие беріп қана табиғи қалыптан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі
де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке байып айтуы тиіс.
Бұл туралы ол былай дейді: "Менің қателігімді дұрыс көрсеткен адам — менің
ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі — менің досым, ал маған
жағынъш, жарам ақтанушылар — менің жауым".

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол
астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша
"ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды
табаңдылықпен, сң алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді".
Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген .
Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының
билеушісі: болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін
қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң
нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі
әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы
қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді кім жеңетіндігі"
туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның
айтуынша, "халик, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет
өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".

Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу
оларды жазалау және күштеу шаралары арқьлы қалаған тәртіпке көндіруге
болады деген тұжырымға сәйкес келеді Легистер ше Шан Яннан басқа да Цзьн
Чань, ІІьн Бү-хай, Ханфэи және т.б. одан әрі дамытты.

2-тақырып. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.

Б.з.д. мың жылдыктың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз
полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды

Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында
үш кезең айқын байқалады. Epic кезсң- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек
мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық
көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады
–және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау
(Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың
бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының
гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.)
Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)
эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек
полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур,
стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

Б.З.Д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда,
одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын
жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.

Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.)
гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.

"Одиссея" поэмасында халық жиналысының ролі мен маңызы анық суреттелген.
Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерінің Троя түбіндегі
жиналысынан, "Илиада" поэмасындағы мысалдан, "Одиссеяда" Итака аралының
тұрғындары жиналысының баяндалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста
қатардан жауынгер Тереиттік жауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге
қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшылардың ерекше шығара атауы
халық жиналысының ролі айкындай түседі Ал халық жиналысы маңызының
төмендеуі "Одиссеяда" айқын көрсетілген Итака ара-лында Одиссей болмаған
жиырма жылда халык жиналысы бірдс-бір рет шақырылмаған Ал Одиссеидің ұлы
Телемак жиналыс шақырған, тұрғындардың көпшілігі бұл жиналысқа мән
бермеген.

Поэмада Гомер қолданган "дике" (әділдік) және "темис" (әдет, әдет-ғұрыптық
құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін
тигізеді. Гомердің әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың
құқықтық (темис) негізі мен принципі түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық
құкык (темис) өмірлік әдептің, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда
сақталуының нақты көрінісін білдіреді.

Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грецианың саяси және қоғамдык өмірлік қатынастар
Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мсн "Теотония" поэмаларында баяндалады.
Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар кең дүниенің пайда
болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтык принциптер
сипатталады.

"Теогония" поэмасы бойынша Зеван Фемидамен (мәңгі табиғи тәртіп пен
әділдікті жаратушы) неке одағынан екі қыз-құдай Дике (әділдік) және Эвномия
(ізгі заңдылық) өмірге келеді Дике табиғи әділдікті күзетеді және
әділетсіздікті жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық
бастауының құдайлық сипатын және полистік құрылымдағы заңдылықтың терең
ішкі байланысын білдіреді.

Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-
қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі
Грециядағы "Жен данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі
жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр, Биант, Солон,
Клеобул және Хилон енгіш Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем
болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару
қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтык идеяларын жүзеге асыруға
әрекеттенді. Биант, Солон. Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше,
ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның
айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы
қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлген мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің
таны" қағидасының авторы спартандык, Хилонның "Заңға табын" дсген шақыруы
Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең үлкені полис деп Хилон
азаматтары шешендерден ірі заңдарды көбірек тындайтын полисті санады.

"Жеті ғүламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атанды
реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде де білген.
Б.з.д. 621 жылы орхон Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер
арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткені ол демостын экономикалық
жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпеді. Драконт заңдары сонымен
бірге шектен тыс қаталдығымен де әйгілі болды. Сондықтан да Афин халқы
полисті басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгілі
болған Солонга тапсырды.

Архонт болып сайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның
реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы
ретінде Солон селолық және қалалык демосгық және оған қосылған
ешатридтердін, мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр
жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаске-сіндегі
қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған
адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей
алмағандар құлға айналдырылған.

Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар
қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру
қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және
адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеяалды
жақтады.

Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билігінен кейін туған
жерін тастап, Египстте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында "Ұлы
Элладаның" Критон қаласында өмір кешеді. Ол осы қалада, кейіннен басқа да
полистерде өзінің мектебін ашады. Оның ілімі негізінде пайда болған пифагор-
шылдық гетрийлер рухы жөнінен ариетократиялық құпия философиялық-саяси
одақтар Грецияның көп бөлігі мен Оңтүстік Италияда үлкен ықпалға ие болады.

Б.З.Д- V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына қоғам, мемлекет, саясат
және құқық туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың
терендеуі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың
бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және
қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір
бөлшек ретінде қарастыруға талпынды.

Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен
бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның
пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да
үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен
адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады".
Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін
қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.

Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік назарына талқылауға ұсыну б.з.д. V
ғасырда антикалык демократияның нығаю және гүлдену жағдайындағы иофистердің
атымен тығыз байланысты — "Софист" атауы "софос" ("данышпан") деген сөзден
шыққан. Софистср өз заманында данышпандықтың және мемлекет пен құқық
мәселелері жөніндегі ақылы жұмыс істейтін мұғалімдер болды.

Ежелгі дәуірдің өзіндe-aқ софистердің екі ұрпағы: аға ұрпақ (Протагор,
Горий, Продик, Гиппий, Антифопт және т.б.) және кіші ұрпақ (Фрасимах,
Калликл, Ликоон, Алкидам Элсйский және т.б.) ерекшеленеді. Аға ұрпақ
софистерінің көпшілігі демократиялық көзқараста болса, кіші ұрпақ,
софистерінің едәуір бөлігі аристократия мен тиранияны жақтады.

Б.з.д. 481- 411 жылдары өмір сүрген Протагор өзінің асқан білімділігімен,
үздік сөз сайыскерлігімен және тамаша шешендігімен әйгілі болды. "Бардың
бар екендігін, ал жоқтығын жоқ екендігін білдіретін барлық, заттың өлшемі —
адам" деп айтқан Протагордың бұл негізігі қағидасын көптегсн софистер де
жақтады. Осы жағдаяттан Протагор демократиялық құрылыстың әділетілігі мен
қажеттілігі туралы ой түйеді. Адам мен адам кауымдастығының пайда болу
туралы мифтік идеяны оның қолдамауы бұған дәлел бола алады.

Халкидон қаласынан шыққан Фрасимах софистердің кіші ұрпағының ең тандаулы
және әйгілі ойшылдарының бірі болып саналды. Фрасимахтың айтуынша, саясат —
құдайдың іс-әрекеті емес. ол адам күштері мен мүддесінің әрқилы болуынан.
Билік принципі мен саясатты жүзеге асырудың нағыз өлшемі ретінде Фрасимах
күшінін пайдалылығы туралы кағиданы жақтады. Оның айтуынша күш бар жерде
ғана әділдік болады, өйткені әділдікті күштілер ғана орната алады. Өзінің
бұл ойын Фрасимах әр мемлекет заңдарды өз мүддесіне қарай жасайды деп
түсіндірді. Заңдарды осылай бекіткен олар бұл заңдарды әділетті деп
жариялайды. Билікке ие болу үлкен артықшылық береді. Фрасимах осылайша
мемлекеттік кызметте күштеу мен зорлықтын ролін және саясат псн заңның
авторитарлык сипатын атап көрсетті.

Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқыктық
ілімдср тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге
келді. Жас кезінде ол (б.з.д. 407—399 жж.) Сократтың шәкірті және
тындаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен
бірге Афинадан кетеді. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен
жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға
барады. Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан
өзінің философиялық мектебін ашады. Бұл мектептін өмірі ұзақ болып, өзінің
өмір сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердің ғылыми
ордасы ретінде жұмыс істеді.

Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді
жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың
абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемі құрайды, яғни идеялар
мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.

Платон идеалды мемлекет туралы еңбсгінде әділдікті әркімнің өз ісімен
айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың
әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты
жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту
мүмкіншілігін жоққа шығармайды.

Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік
құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына
сенсді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре
алмайды.

Платон адамдардың жан дүниесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем философиясы
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті
Христиандық сана — ортағасырлық діннің (менталитеттің) негізі
Дін анықтамалары. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер
Теориялық дінтану
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Қоғам және дін
Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Пәндер