Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ

ЭТНОПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы»

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру

Орындаған: Молдашева А.

ПМД-811

  1. Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2012ж.

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық - педагогикалық сырттай оқу факультеті

«Жалпы педагогика және

этнопедагогика» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы педагогика және

этнопедагогика» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., аға оқытушы.

Рысбекова А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балардың ақыл-ойын тәрбиелеу үрдісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану

Орындаған: Батырова Ф.

СМД-015 ДЖ

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
КІРІСПЕ . . .: 1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың педагогикалық мәні . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың ерекшеліктері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ ОЙЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл ойын тәрбиелеудің жолдары . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдіс тәсілдері
:
КІРІСПЕ . . .: Қорытынды . . .
:
КІРІСПЕ . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
:
КІРІСПЕ . . .: Қосымшалар . . .
:

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, балалардың ақыл ойын қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта бастауыш мектеп үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі мектепке дейінгі мекемеде балалардың ақыл ойын қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе.

Мектеп дейінгі мекемеде балалардың ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепке дейінгі мекемеде берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық мектепке дейінгі мекемеде оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Баланы даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда.

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы болашақ мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1] .

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Аталған міндеттердің толық жүзеге асуы балалардың ақыл ойын қалыптастыруға тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, бастауыш мектептен бастап балалардың ақыл ойын қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз [2] .

Осыған орай мектепке дейінгі мекемеде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір баланың жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының ақыл ойын қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.

Оқу-танымдық және ойын іс-әрекеттінің психологиялық негізін Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Е. И. Машбица, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Тализина, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Г. М. Қасымова және т. б. зерттеулерінде түрлі аспектілері, психологиялық тетігі қарастырылған.

М. А. Давыдов, Б. П. Есипов, П. И. Пидкасистый, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, Е. Н. Шиянов, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, А. К. Маркова және т. б. еңбектерінде балалардың ақыл ойын ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен технологиясы анықталған [3, 4, 5] .

Елімізде балалардың ақыл ойын қалыптастыру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үдерісінде балалардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру мәселелері (А. Х. Аренова, Г. Е. Алимұхамбетова, Қ. А. Аймағамбетова, А. С. Әмірова, С. Н. Жиенбаева, Л. Х. . Мәжитова, Ә. Мұханбетжанова, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, Р. С. Омарова, Н. Қ. Тоқсанбаева, Т. С. Сабыров, С. Смаилов, Н. Н. Хан, Н. Д. Хмель т. б, ) ; оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану мәселесі (Қ. Бөлеев, К. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, Қ. Шалғынбаева т. б. ) ; жеке тұлғаға бағытталған білім беру (А. А. Бейсенбаева, С. Қ. Мұхамбетова т. б. ) ; оқыту үдерісін жетілдірудің маңызды аспектілері (Б. К. Момынбаев, О. С. Сыздықов, Ә. Ә. Жолдасбеков, М. Н. Сарыбеков т. б. ) ; оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру (Ш. Т. Таубаева, С. К. Кенжебаева, Е. Ж. Рысбаев, А. С Мустояпова Л. Байсерке, Ж. Оңалбек, Б. А. Тұрғынбаева А. К. Сариева және т. б. ) . Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруда маңызды болып табылады [6, 7, 8] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.

Ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде Е. А. Аркин, Е. А. Покровский, Р. И. Жуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева, Т. И. Шамова және т. б еңбектерінде көрсетілген.

Ақыл ойды қалыптастырудың негізгі бағыты - баланы қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті туралы оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын Ф. Н. Блехер, Джафарлы, Г. И. Камаева, Г. А. Ляпина, Э. М. Муртазина, М. Мұхамедин, А. К. Никифорова, Н. Н. Страздас, М. Т. Тұрыскелдина, Р. Т. Талипова,, Т. Иманбеков зерттеуінде мектеп жасына дейінгі балалаардың дамытушы ойындар арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. Т. Ж. Бекботчаева, А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын дидактикалық мақсаттарына жіктеген. Дей тұрғанмен, қазіргі мектепке дейінгі мекеме жағдайында балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл ойын қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі мектепке дейінгі мекеменің нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығы қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “ Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану ” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үдеріс.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісі.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың педагогикалық мәнін айқындау;

- Дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл ойын тәрбиелеудің жолдары мен әдістерін қарастыру

З ерттеу әдістері : философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, бастауыш мектептің оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ ОЙЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың педагогикалық мәні

Казақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.

«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда Казақстан Республикасы үкіметінің каулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.

Заңдағы тікелей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мәселелеріне тоқталатын болсақ, ол 23-бапта нақты берілген:

1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ауытқуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару орындары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік және конституциялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндеті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберіңде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады, -деп тұжырымдалған. Жоғарыда айтылған негізгі, көкейкесті мәселелерді отбасында, балабақшада жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс-шаралар ұйымдастырылуы шарт. Атап айтқанда:

- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту,
- тәрбиенің сан-саналы келелі мәселелерін шешетін қарапайым дағдыларын бала санасына орнықтыратын алғашқы білім негіздерін қалауға баса назар аудару;
- баланың жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, өз ойын жинақтай біліп, жаңа мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе білуге қызығушылықтарын арттыру;

- баланың өздігінен дербес іс-әрекет жасау, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын бағдарламалар мазмұнын айқындап, қалыптастыру;
- мектепалды даярлау топтарында 5-7 жастағы балаларды мектепке даярлау;
- білім беру жүйесінің басты мідеті - ұлттық сана және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыру;
- педагог-тәрбиешілерді кәсіби шыңдауга қажетті мүмкіндіктерді толық пайдалану [9] .

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы болашақ мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын .

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Аталған міндеттердің толық жүзеге асуы балалардың ақыл ойын қалыптастыруға тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, бастауыш мектептен бастап балалардың ақыл ойын қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз [10]

Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл - ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Тәрбиеші ақыл - ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті. Ақыл - ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік. Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді. Абстрактылы ойлау - адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмектеседі. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетануды қалыптастыру.

  • Ақыл - ой тәрбиесінің құралдары. Ақыл - ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту. "Дамыта оқыту" ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл - ой жұмысына үйретеді. Ақыл - ой тәрбиесін беру жолдарын Л. С. Выготский, Л . В. Занков, т. б. терең зерттеді. Л. В. Занков оқушының ақыл - ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл - ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді. Д. Б. Эльконин ақыл - ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез - келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу балалардың оқу-танымдық іс-әрекеті арнайы ұйымдастырылған оқыту процесі арқылы жүзеге асады. Бұл тұста біз В. И. Загвязинскийдің оқыту проблемаларына іс-әрекеттік тұрғыдан қарау өтіп жатқан оқу материалының мазмұнын аша алатын және тиісті білімнің толыққанды меңгерілуін қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлерін анықтауды білдіреді деген пікіріне қосыламыз. Мұндайда білім оқу міндеттерін шешу барысында игеріледі және де бұрыннан белгілі іс-қимылдарды бекітіп, жаңаларын меңгертеді, ал олар өз кезегінде бастауыш сынып оқушыларының жалпы қабілеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына себін тигізеді.

Сонымен, білім педагогтан балаға дайын күйде берілмеуі тиіс, бала оны өз іс-әрекетінің барысында алуы тиіс.

Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі іс-әрекеттің құрамына кіреді. С. Л. Рубинштейн іс-әрекет құрылымын әрекет ұғымымен қатар қарайды ұсынады. Осы ұғымның негізінде іс-әрекет ұғымын әрекеттер жиынтығы ретінде түсіндіреді. Ол іс-әрекет құрылымында: қозғалыс - әрекет - іс-әрекетті ерекшелейді. Кез келген әрекеттің өз мақсаты мен түрткісі бар. Мұнда психолог әрекет мақсаты арқылы нақты нәтижені алуды түсіндірген. Кез келген әрекет, өзінің мақсатына сай адамды оятуға негізделеді. Әрекетке оянуды саналы сезінген адам әрекеттің түрткісі ретінде көрінеді. Кез келген іс-әрекет және оны құраушы әрекеттердің өзіндік мақсаты (нақты нәтижеге бағыттаған) және түрткісі (іс-әрекетке, әрекетке оянуды сезінген) болады. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі әрекеттің мақсаты мен түрткісінен айырмашылығы жалпылама дәрежеде.

С. Л. Рубинштейн операция ұғымын келесідей енгізеді: «Нақты әрекеттің мақсатын құрайтын нәтижеге жету, өз күрделілігіне байланысты бір-бірімен анықталған түрде байланысқан актілерді қажет етеді. Бұл әрекет жүзеге асырылатын актілер және буындар, әрекеттің бөлшегі немесе операция болып табылады». Әрекеттің операциялық құрамы ол жүзеге асырылатын шарттардан тәуелді [11] .

Іс-әрекеттің құрылымдық элементтерін ерекшелеуге арналған ұқсас көзқарастарды А. Н. Леонтьев анықтаған. «Жеке адамдық іс-әрекеттердің негізгі құраушылары олардың әрекетін жүзеге асырушылар болып табылады. Әрекет деп жетуге қажетті нәтиже туралы түсінікке бағындырылған үдерісті атаймыз, яғни басқаша айтқанда, саналы мақсатқа бағындырылған» А. Н. Леонтьев іс-әрекет құрылымын қарастыра келек, іс-әрекет құрамына енетін кез келген әрекет «оның түрткісінен туындайды, бірақ мақсатқа бағытталған болып табылады» А. Н. Леонтьев іс-әрекет - бұл әрекеттердің қарапайым қосындысы емес деген. «Адамның іс-әрекеті әрекет немесе әрекет мақсаты түрінен басқа жүзеге асырылмайды». Басқаша айтқанда, іс-әрекет - жеке әрекеттердің бүтіндей бірлігі. Бұдан, іс-әрекетті үйрену үшін жеке әрекеттерді орындауға үйрену қажет[12] .

С. Смаилов оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру танымдық ынтаға тікелей байланысты деп есептейді. Ол: «Танымдылық ынтаның өзіндік ерекшелігі бәрінен бұрын болмыстың тек сыртында қалмай, ішкі сырына терең үңілуді қажет деп білетін адам тенденциясында жатыр. Бұл орайда танымдылық ынтасы оқудың да бірқатар маңызды шарттарын талап етеді. Ол шарттардың негізі шәкірттердің білімге құштарлығын арттыратын ықыласында. Сондай ықылас бар жерде ой еңбегі қанша қиындықпен болса да нәтижелі қуанышқа бөлейді . . . » деп жазды. Оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, С. Смаилов, Р. С. Омарова т. б. еңбектері маңызды[13, 14, 15] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Дидактикалық ойын
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Балаларды ақпараттық технология білімін жетілдіру
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz