Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы және оны жетілдіру



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.6

1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... . 7.23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 39.41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Кіріспе

Ақшаның пайда болуы

Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастыұ кұнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін бас-қасына қарапайым айырбастау кезінде (1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;
- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз, мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы 10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға айырбасталады;
- құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар алынады (басқаша айтқанда ығыстырылады). Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн салыстырылады. 10 кг темір, 1 қой, 1 қап астық 10 унция алтынға теңестіріледі.
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары - малды, егін егуші халықтар - астықты, қалаларда - металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:
- құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сақтау қабілеті, жоғары құны және т.б.) байланысты бөлу жүзеге асты. 1 унция - 1 фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
- ақшаның жалпы тікелей айырбасталу касиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
- ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;
- ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президентінің 31.08.1998ж. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Жарлығы, 71, 72, 73, 74 және т.б. баптары.
2. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
3. «Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі». Алматы, 2004.
4. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2, 12с.
5. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. Шығ. 23т. 188б.
6. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
7. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
8. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
9. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.
10. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие: Алматы, 2004ж.
11. Қазақстан ұлттық банкі. 2000ж.
12. Қазақстан және оның өңірлері. №1. 2006. Алматы, 2006.
13. Статистикалық баспасөз – бюллетень №2. Алматы, 2005.
14. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
15. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005. -4/6 бет.
16. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2003. -432 бет.
17. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
18. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
19. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған процедуралық нормативтер туралы» ереже.
20. Ұлттық банктің 2004ж. есебі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыста ақша – экономикалық категория ретінде, ақшаның құқықтық
даму және оның тарихи аспектілері қарастырылды.
Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы, оның қоғамды
қамтитын іс-әрекеті, қазіргі кездегі экономикадағы маңызы, қоғамдық
қатынасы және қазіргі жағдайы қарастырылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс 40 беттен, 1 сурет пен схема, 3 кесте, 14 түрлі әдебиет
және 6 мерзімді басылымдар қолданылған.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... . 7-
23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
39-41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 43
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Кіріспе

Ақшаның пайда болуы

Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау
ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар
Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ
қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П.
Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты
қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ
та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге
болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын
мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде
түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол
тауардың айырбастыұ кұнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде
түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды.
Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық
құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін
екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді.
Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған
зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның
туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны
және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың
пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар
тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам
еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап
алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс
кезеңінде, яғни тауардың бір түрін бас-қасына қарапайым
айырбастау кезінде (1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда
бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың
басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді,
яғни тауарда құн бар;
- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың
алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған
айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар
ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық)
айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады.
Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы
формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны
бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз, мал, астық)
өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма
кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар
арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы 10 кг темірге, 1
қойға, 1 қап бидайға айырбасталады;
- құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір
тауар алынады (басқаша айтқанда ығыстырылады). Барлық тауарлар
осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн
салыстырылады. 10 кг темір, 1 қой, 1 қап астық 10 унция алтынға
теңестіріледі.
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды.
Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал
өсіруші халықтары - малды, егін егуші халықтар - астықты, қалаларда -
металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған
жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай
ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен
жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар ақша деген атауды алады:
- құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама
орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда
алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи
қасиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сақтау қабілеті,
жоғары құны және т.б.) байланысты бөлу жүзеге асты. 1 унция - 1 фунт
стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан
алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез
келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, соның
нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен
айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар
бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
- ақшаның жалпы тікелей айырбасталу касиеті бар, яғни оны тауарлар
мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде
ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
- ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың
бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі
тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;
- ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып
табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен
өлшенеді.
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы

Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін
өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және жеке
тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы
сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны
қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ, ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары
қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық
жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет
арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері
арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың
арасындагы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол
ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-
қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз
әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша
кызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында,
өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттык
табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында
пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында,
жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі
бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін
құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді.
Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың
өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары
болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып
алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық
жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында
оларға еңбекақыны төлеу үшін пайдаланады. Ақша, сондай-ақ жәрдемақы,
зейнетақы, шәкіртақы, сақтандыру, айыппұл және т.б. төлемдер үшін
пайдаланылады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін - ұлттық табыстың
қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жүзеге асатын
айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы
шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді.
Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың
таза табысы пайда мен айналымнан алынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік
бюджеттің табысана айналымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық
аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің
табысына аударады.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын пайдалану
сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті,
капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жүзеге асады.
Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру
және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне
сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б.
төлемдері жатады.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет,
газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің
тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін
төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол
ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген ретінде де
бөлінеді:
- тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін
бейнелейтін ақша айналымы;
- еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет
төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен
байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.
Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде
төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын
кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік
ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын
білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық
ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмұнын құрайды.
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға
болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі
ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия,
несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР Ұлттық банк) ақша
айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол
елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
- барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын
банктерде сақтауы керек;
- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-
қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен жүзеге
асырылады;
- есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы
өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың несие құралы бола
алмайды;
- төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл
келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды
рөл атқарады.
Ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз
айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша
айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол ақшамен берілетін
сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз
ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын
аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп түскен бұл ақша
сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын
төлеу үшін пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық
органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық,
көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы
айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының
бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп
айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.
КСРО тұсында ақша айналымы және ақша айналысы ұғымдарының арасында
нақты шекара болды.
Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша
айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да
кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни
мағынасы кең ұғым болды.
КСРО-ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі,
орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша
айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма-қол ақша
қозғалысын және қолма-қол ақшасыз айналымды бір-бірінен ажырату мүмкін
болмай калды.
Бұл қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей
күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы
шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты
қажеттіліктеріне қарай орын алды.
Осы заманғы нарықтық жағдайда ақша айналымы мен ақша айналысы
ұтымдары бір-бірімен осылайша теңесті. Ақша айналысы - бұл елдегі тауарлық
және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол
ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма-қол ақша айналысы және
қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты
жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен,
тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма-
қол ақшаның тоналу қаупін де естен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша
формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол
ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан
келгенде бұл арада ешқандай проблема болмайды, өйткені тауар өндірісі мен
тауар айналысы ақша айналысының объективі негізі болып табылады.
Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл
екі процесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін
ақша айналыстан шықпайды осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар
сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы
бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады. Тауар айналысы ақша
айналысын тудырады.
Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша) қызметін,
бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысып)
орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын
бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы
ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын
шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана
біртұтастығын сақтай алады.
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі
қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша
аудару немесе борыштарды өзара шегеру жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің
жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және
тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым
жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей
бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және
мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын
төлемдері кіреді.
Тауарға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты қалыптастыру,
бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі
төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің несиелеуі, сақтандыру
және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан
ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және
т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп
айрысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша
айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін
қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып,
жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар
мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған
ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы-несие мекемелерінің
арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп
айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру,
коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі
қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық
карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ
сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық
карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның
пайдаланылатын салаларын кемітуте, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін
арттыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
- ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға, несие қатынасын
дамытуға мүмкіндік береді;
- ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынылуын кемітеді;
- ол трансакциялық шығындардың (банкнотгар мен тиындарды басып шығару,
сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік
тудырады;
- ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және
қаражат айналымын шапшаңдатады;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем
қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады.
Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының тиімділігі
мен пайдалылығы жоғарлайды.
Мынаны айта кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық
артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа
айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз
айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек. Оған
мыналарды жатқызуға болады:
- Төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип әлеуетті клиентке қызмет
көрсету мәдиенеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл
орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ келісімшарттағы шарттардың
орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа
лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді. Төлеушінің төлем келісімінің
міндетті түрде бөлу принципі, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені
немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы
мынадай: шот иесінің шоттағы қаражатын банк төлемдердің белгіленген
кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражаттың шегінде төлем үшін жүзеге
асырады. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге
асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің өтімділік
принципін білдіреді. Төлемнің мерзімділік принципі. Бұл принциптің
экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың
келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі.
Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.
Барлық қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік
жауапкершілік пен есеп айырысу ережесінсіз бақылауды жүзеге асыру принципі.
Есеп айырысудың барлық принциптері бір-бірімен өзара тығыз байланысты
болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп
соқтырады, Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың,
кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара
тараптарды шегеру туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп
айырысу құжаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының
қозғалысы мен құжат айналымын бір-бірінен бөліп қарастыру қажет. Есеп
айырысу құжаттарының қозғалысы – бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан
бастап аяғына дейін қозғалыс тармақтары бойынша дәйекті жүйелі етуі. Ал,
құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына кажетті уақытпен қоса
есеп айырысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да
қамтиды. Есеп айырысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен айырысу чектері
жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті
шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп
айырысатын, ағымдағы, депозиттік және валюталық. Шот жай және
контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты, депозит шоты
және валюта шоты меншік түрлеріне қарамастан барлық заңды тұлғаларға
ашылады. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен
айналыспайтын заңды және жеке тұлғаларға ашылады.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот
келісімшарты – екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі.
Банктер мен басқа несие мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде
корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің
(респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа
операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт
негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір
мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы
негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі
ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес
және ұсақ сомалар) бойынша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде
екі және көп жақты шегеру арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп
айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту
процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты
анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді.
Клиринг - бұл заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін
талаптар мен міндеттемелердің өзара шегеруіне негізделген қолма-қол ақшасыз
есеп айырысудың тәсілі.
Корреспонденттік қатынаста мынадай операциялар орындалуы мүмкін:
а) клиентке қызмет көрсетуге негізделген әрі банк-корреспонденттегі шот
бойынша төлемдерді жүргізуді білдіретін операция. Бұл бір банктің басқасына
тапсырма беруі бойынша жүзеге асырылатын базистік коммерциялық және басқа
да операциялар.
ә) шетелдік банктердің тартылуымен жүзеге асатын банкаралық операциялар.
Одан еркін айырбасталымды валюталарды сату-сатып алу бойынша операция
жатады. Кассалық және мерзімді валюталық операциялар бөліп көрсетіледі.
Бірінші жағдайда сатып алушы мәміле сомасын бірден (дереу) төлеуге
міндетті, ал екінші жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.
Бұл операцияға мерзімі бойынша жақын келетіні - ақша нарығында сауда-
саттықты жүзеге асыру. Бұл жағдайда бір банк басқа банкке уақытша ақша
тапшылығын жоюы үшін, яғни қысқа мерзімді өтімділікті өтеуі үшін несие
түрінде (есеп айырысу несиесі) белгілі бір мерзімге ақша сомасын береді.
Банкаралық операцияға клирингтік есеп айырысу жатады. Онда - бұл шот
бойынша операция мөлшері белгілі бір деңгейге жеткенде оның басқа банк
операциясына қосылу мүмкіндігі пайда болады. Бұл банктердің тапсырмалары
өзара шегерілуі мүмкін. Егер өзара шегерілетін болса, клирингтік орталықты
іске қосудың қажеті болмай қалады.
ҚР қолданыстағы заңына сәйкес қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай
негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылады:
- төлем тапсырмалары;
- аккредитивтер;
- чектер;
- вексельдер;
- пластикалык карточкалар.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын шаруашылық
келісімшартында өздері анықтайды. Есеп айырысу бойынша бір-біріне қоятын
талаптарды (притензия) екі жақ банкті қатыстырмай өздері қарастырады, даулы
мәселелер сотта және төрелік сотта шешіледі.
2004 жылы екінші деңгейдегі банктер мен АҚ Қазпочта үшін 36,0 триллион
теңге сомасына 57,0 млн жүргізілді.

1 кесте. Төлем құралдарының құрылымы*
Төлем аспаптары Құрылымы, %-пен
Саны Сомасы
Төлем тапсырмасы 41,3 96,8
Төлем талап-тапсырмасы 0,1 0,2
Чектер 0,4 0,6
Шот банкілерін тікелей дебеттеу 0,3 0,02
Инкассалық өкім 0,4 0,7
Өтелген вексель 0,003 0,05
Төлем карточкалары 57,4 1,7
Қорытындысы 100,0 100,0

* ҚР Ұлттық банк Хабаршысының мәліметі бойынша. 2004 ж. XII.

Төлем тапсырмасы шот иесінің өз шотынан алушының шотына тапсырмада
көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банкке беретін жазбаша өкімін
білдіреді. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлар мен көрсетілген қызмет
үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша, келісімшартта қарастырылған
жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізіледі. Есеп
айырысудың бұл формасы Қазақстанда кеңінен тараған.
Аккредитив сатып алушы банкісінің сатып алушының тапсырмасы бойынша
жөнелтілген тауарларды, сондай-ақ аккредитивтік өтініште қарастырылған
басқа жағдайларды растайтын құжаттарды негізге ала отырып жабдықтаушыға
төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкісіне беретін тапсырманы
білдіреді. Аккредитивтер жабық (депозиттік) және ашық (кепілдікті),
қайтарып алынатын және қайтарып алынбайтып боп бөлінеді.
Төлеушінің жабдықтаушы есеп айырысу үшін қаражатты алдын-ала сақтап
қоятын, әрекет яғни алғашқысының қаражатты өз есеп айырысу шотынан
жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке аударатын әрекеті жабық аккредитив
деп саналады.
Ашық аккредитив орындаушы банктен өзінің шотын жүргізетін эмитент-
банктен аккредитивтің барлық сомасын есептен шығарып тастауын білдіреді.
Қайтарылып алынбайтын аккредитив жабдықтаушының-қаражатты алушының
келісімінсіз күшін жоймайды немесе өзгертілмейді. Мұндай нұсқау болмаған
жағдайда аккредитив қайтарып алынатын деп саналды.
Чек берушінің чекті ұстаушыға чекте көрсетілген ақша сомасын төлеу
туралы төлеушіге беретін сөзсіз жазбаша ұсынысы чек деп аталады. Чек беруші
- бұл тауар үшін төлемдерді төлейтін немесе толтырылып, қол қойылатын чек
арқылы төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Чек ұстаушы – бұл
чек бойынша төлемді алатын заңды тұлға. Чектер есеп айырысу чегі және
ақшалай чек деп бөлінеді. Есеп айырысу чекі (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
үшін қолданылады) төлем тапсырмасы секілді төлеушімен рәсімделеді, алайда
төлем тапсырмасынан айырмашылығы чек төлеушіден заңды тұлғаға - төлемді
алушыға шаруашылық операциялар іс жүзінде асырылған сәтте беріледі. Содан
кейін чек төлемді жүзеге асыратын банкке беріледі.
Есеп айырысу чектері жабық және ашық болады. Жабық чек - бұл есеп
айырысу чегі, онда чек беруші қаражатты чек бойынша төлемді кепілдендіретін
жеке банк шотына алдын ала сақтап қояды. Ал, ашық есеп айырысу чегі бойынша
төлемге банк кепілдік береді.
Ақшалай чектер чекті ұстаушыға банктен қолма-қол ақша төлеу үшін
қолданылады - мысалы, еңбекақы, шаруашылыққа қажетті қаражат, іссапар
шығыны, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу.
Вексель сатылған тауардың төлем мерзімін ұзарту түріндегі сатып алушының
сатушыға тауар формасында ұсынатын коммерциялык несиесін ресімдейтін құрал,
сондай-ақ, вексельдің берілуі негізіне қарамастан вексель ұстаушыға белгілі
бір соманы төлеу турасындағы вексель берушінің міндеттемесін қамтитын құнды
қағаз болып табылады. Вексель борышқорлық міндеттеме болып табылады.
Заңда векселдің екі түрі қарастырылады: жай және аударылатын. Жай
вексель борышқордың - вексель берушінің көрсетілген ақша сомасын белгілі
бір мерзімде және белгілі бір орында қаражатты алушыға немесе оның бұйрығы
бойынша төлеу турасындағы жай әрі ешқандай шарты жоқ міндеттемесін қамтитын
жазбаша құжат болып табылады.
Пластикалық карточкалар магниттік жолағы бар карта және микросызбамен
құрылған карта деп бөлінеді.
Есеп айырысуда пластикалық картаны пайдаланатын субъектілерге мыналар
жатады:
- карточканы ұстаушылар (клиент, пайдаланушы) – карта берілетін
тұлғалар;
- карта эмитент-банкісі - карта эмиссиясын (шығаруын) жүзеге асырады;
- эквайер-банк (acguirer) - картаны ұстаушыға қызмет көрсететін және
сауда-саттық кәсіпорындармен олардың өз қаражат есебінен есеп айырысуды
жүзеге асыратын банк;
- есеп айырысушы банктер;
- дүкендер мен қызмет көрсетуші кәсіпорындары;
- процессингтік орталық - төлем жүйелерінің технологиялық ядросы болып
табылатын мамандандырылған есептеу орталығы.

Магниттік жолағы бар карталарлы пайдаланумен есеп айырысудың сызбасы.
1 – клиентке карточканы ресімдеу және беру; 2 – сатып алу төлемі үшін
карточканы ұсыну; 3 - қолданыстылығы (қолданысқа жарамдылығы немесе
жалғандығы) туралы сұрау салу; 4 - тексерудің нәтижесі; 5 - тауарды
табыстау, қызмет көрсету; 6 - аусымды табыс ету; 7 – эквайер-банктің есеп
айырысуы; 8-13 - эмитент-банктің эквайер-банкпен есеп айырысуы; 14
-карточка иесінің эмитент-банкпен есеп айырысуы.
Микросызбалық пластикалық карта шамамен осы сызба бойынша өтуі ықтимал.
Арадағы айырмашылық тексеру процесінде ғана, ол on line (процессингілік
орталықпен тікелей байланыс) режимін қажет етпейді, сауда нүктесінде дербес
(of line) жүзеге асырылады.
Аударылатын вексель (тратта) - бұл вексель ұстаушысының (несие беруші)
вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші тұлғадан (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша төлеушіге (борышкер) төлеу туралы сөзсіз бұйрығын қамтитын
жазбаша құжат (жай вексельден айырмашалығы мұнда екі қатысушы емес, кем
дегенде үш қатысушы тұлға болады).
Вексельмен есеп айырысу төлеушінің қаражаты есеп айырысушылар мен
төлемдерге алаңдамауына ықпал етеді. Есептік операцияны орындағаннан
кейін банк өз кезегінде есептік вексельді иелену (меншік) құқығына ие
болып, осыған қарай борышқордан алынатын қаражаттың вексельде көрсетілген
мерзімде уақтылы көп түсуіне бақылауды жүзеге асырады.
Пластикалық карточкалармен есеп айырысу. Қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды ұйымдастырудың прогрессивті бір түріне пластикалық картаны
пайдалануға иегізделген төлем жүйесін дамыту жатады.
Пластикалық карточка электрондық ақшаның қолма-қол ақша және қолма-қол
ақшасыз түрлеріндегі кейінгі төлемі бойынша банктің нақты несиелік
міндеттемесі болып табылады. Өйткені, сатып алушы сатып алынған тауарды
пластикалық карточкамен төлей отырып, сатушыға тиісті соманың несиелік
міндеттемесін береді.
Есеп айырысудың негізгі екі сызбасы белгілі: дебеттік пластикалық
картаны пайдалану және несиелік пластикалық картаны пайдалану. Дебеттік
пластикалық карта арнаулы картадағы клиент шотындағы есеп айырысуды
қамтамасыз етеді. Несиелік пластика картасы арнайы карта шотында дебет
қалдығын қалыптастыруды, яғни клиентке өзінше несие беруді ұйғарады.
Пластикалық карталарды пайдалану арқылы есеп айырысудың артықшылығы
қандай да бір затты немесе қызметті сатып алу үшін аса ірі ақша сомасын
өзіңмен бірге алып жүрудің қажеттілігі болмайды; карточка жоғалған жағдайда
оның жоғалғандығы туралы банкке хабарласаңыз жетіп жатыр, банк бұл карточка
бойынша барлық есеп айырысуларға тосқауыл кояды.
Кемшіліктері: ақша карточка шотына бірден түседі – қандай да бір уақыт
аралығында шығындалады, яғни қаражат есеп айырысуға бөгеледі.
Шетелдік банктермен операция болмаған жағдайда біздің коммерциялық
банктер ақпараттарды өңдеу орталығы бар СВИФТ халықаралық банкаралық жүйеге
бағдарланады.
ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүйесін
жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Қағаз құжаттардан бас тартудың
және осы заманғы электрондық технологияларды пайдаланумен есеп айырысудың
жүйесіне көшудің бірлескен осы екі жолы шаруашылықты жүргізуші субъектілер
қаражатының айналымын көп жылдамдатады. Электрондық төлемдер жүйесінің
қатысушылары болып табылатын банктер мен клиенттер арасындағы есеп
айырысулар күн сайын жүзеге асырылады. Егер төлем аймақаралық электрондық
есеп айырысу жүйесінің аясында жүргізілетіп болып, ал клиент аймақтан тыс
жерде жүрген болса, оның қатысуымен есеп айырысу бір-екі күннің ішінде
жүзеге асырылады.
Есеп айырысу-кассалық орталықтары қағаз тасымалдауда банк құжаттарын
қолмен сұрыптаумен және оларды салып жіберумен байланысты уақытты көп
алатын жұмыстардан біршама босап қалды.
Жаңа технологияның басты артықшылығына – ол (жаңа технология) өңделген
және сақтаулы ақпараттардың шынайылығын, сенімділігін арттырады әрі
қорғайды.
Электрондық технологиялардың негізінде төлем айналымын ұйымдастыратын
болсақ, бұл банктердің тауар, қызмет, құнды қағаздар үшін халықпен есеп
айырысу барысында чектер мен пластикалық карталарды енгізу есебінен банк
қызметінің спектірін ұлғайтуына, есеп айырысудың клирингтік жүйесін
дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ақша айналымының дұрысталуына,
ондағы қолма-қол ақша үлесінің елде азаюына ықпалын тигізеді.
Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде бір елдің
аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты
болады.
Ол шаруашылықты жүргізуші субъектілердің халықпен есеп айырысуын, сондай-
ақ халық топтарының арасындағы есеп айырысуды, нақты айтқанда, алынған
шығындарды, сыйақыны, шікіртақыны, жәрдемақыны, сақтандыру төлемдерін және
басқа табыстар мен олардың тауарды, тұрмыстық және т.б. қызметтерді, көлік,
байланыс секілді қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындарын қамтитын
халықтың ақшалай табысының алынуы мен жұмсалуын қамтиды.
Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ
салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің
кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар
(қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны
айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық
банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны
қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресурстарының есебінен қолма-
қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттык банктен алады.
Қолма-қол ақшаның ұйымдастырылуына екінші деңгейдегі банктер маңызды рөл
атқарады. Тауарлардың алмасуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшаның ауыспалы
айналымында банк ақша қозғалысының бастапкы әрі ақырғы тармақтарын қамтиды.
Кәсіпорындардың кассасына түскен қолма-қол ақша кәсіпорынның шотына есепке
алынуы үшін банк мекемелеріне берілуі тиіс. Екінші жағынан, қолма-қол ақша
айналасының саласына ақша банк кассасынан кеп түседі (еңбекақы түрінде
немесе басқа қолма-қол ақшамен есеп айырысудың иәтижесінде).
Банк кассасында қолма-қол ақша сомасы мыналар үшін болуы керек: осы
банкте шоты бар өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға деген қалжеттіліктерін
қанағаттандыру үшін; қажет болған жағдайда банк несие алатын клиентіне
қолма-қол ақшаны ұсыну үшін; шоты басқа банкте болса да, осы банкте өз
чегін өтеуге келісімі бар клиентке қолма-қол ақшаны беру үшін; басқа
банктермен төлем айналымында пайда болған сәйкессіздікті баланстау
(теңестіру) үшін.
Банк клиенттерін қолма-қол ақшаны қызмет көрсетуші банк кассасында өз
шотындағы банк несиеге берген ақшалай қаражат есебінен алады. Олар оны
тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетулерге пайдаланылатын еңбекақыға,
шәкіртақыға және басқа төлемдерге береді.
Белгілі бір уақыт аралығында қолма-қол ақшамен жүзеге асырылатын
төлемдердің жалпы сомасы банк кассасынан берілетін қолма-қол ақшаны, банк
кассасына түсетін ақшаны, пошта арқылы айналымда болатын қолма-қол ақшаны,
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің халыкқа төлейтін төлемдерін,
азаматтардың арасындағы қолма-қол ақша айналымын қамтитын қолма-қол ақша
айналымының шамасын сипаттайды.
Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет көрсетуді
жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеді. Банктегі шоттарға ақшалай
түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың
берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің
кіріс және шығыс кассалары болады.
Кіріс кассасының жұмысы банк клиентінің түсімді белгілі бір күннің
ішінде (кешкі касса) беруіне мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастырылған.
Инкассация түсімді алынған орыннан банкке дейін жеткізілуін және оның
жолда қорғалуын қамтамасыз етеді. Айтарлықтай мол болатын тұрмыстық, күн
сайынғы түсімдер, сондай-ақ ойын-сауықтан түсетін түсімдер де
инкассацияланады. Қолма-қол ақшаның инкассациясын банктер жоғарыда аталған
клиенттермен келісімшартты бекітудің негізінде жүзеге асырады. Банктерге
түскен қолма-қол ақша қайдан алынса, соған жұмсалуы керек.
Қолма-қол ақша айналымы қолма-қол ақшасыз айналымға қарағанда
айтарлықтай аз болғанына қарамастан оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан
маңызы өте жоғары, ол халықтың ақшалай табысындағы өзгерістерді және тұтас
ақша тұрақтылығындағы өзгерістерді жылдам байқайды. Осы қажеттілікке қарай
бұл өте күрделі болса да мемлекет тарапынан реттеліп, бағдарлануы керек.
Қолма-қол ақша айналысының болжауы экономикалық бағдарламаның жалпы
жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады, қолма-қол ақша айналысын
болжаудағы ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұл үшін облыстарда және тұтас
Қазақстан Республикасында әрбір тоқсанның кассалық айналымына болжау
жасалады. Кассалық айналымды болжаудың негізінде алдағы кезеңде түсетін
түсімдердің мөлшері, екінші деңгейдегі банктердің кассасына түсетін қолма-
қол ақшаның көздері, қолма-қол ақшаның берілетін бағыттары, олардың
айналысқа шығарылуы немесе айналыстан алынуы анықталады.
Қолма-қол ақша айналымы біз келесі тарауда қарастыратын ақшалай
айналыстың заң талаптарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыратындай етіп
болжануы керек. Бұл ақшаның сатып алу қабілетін сақтау үшін және
экономикада барынша аз шығынмен айналысы үшін қажет.
Әрбір елдің егемендігінің, тәуелсіздігінің бір белгісі - ұлттық ақша.
Сол ақша - теңгеміз біздің ел тәуелсіздікке қол жеткізген соң екі жылдан
кейін ғана - 1993 жылы 15 қарашада айналымға қосылды. Ресейдің құнсыз
ақшасынан екі жыл бойы айрылмауымыздың зардабына жұрт куә. Бірақ төл
валютамыз да табанын нық баса алмай, қатты құнсызданғаны да шыдадық. Осы
төңіректегі әрқилы әңгіме, бүгін де бар. Ендеше мұның маңызды қоғамдық
мәселе болғаны.
- Біз ұлттық ақшаны кеш енгіздік, соның нәтижесінде Ресейге берешегіміз
көбейіп, экономикамыз, қаржы-ақша жүйеміз күйзеліске көбірек ұшырады деген
пікір әлі де бар. Осыған байланысты біз неге сом аймағынан шықпай қойдық,
одан қаншалықты ұтылдық деген сауалдың құлағы қылтияды. Осы сұрақтарға
Ұлттық банктің уәжі қандай?
- Шындығында, ұлттық валютаны енгізетін уақыт жайында пікірталас көп
болды. Біреулер Қазақстан тәуелсіздік алысымен, ұлттық валютаны енгізудің
қажеті жоқ, өйткені бұл көп жылдар бойы республикалар арасында қалыптасқан
экономикалық байланысты бұзады, сондай-ақ біртұтас сом аймағының игілігін
пайдалану мүмкіндігінен айырады деп санады. Енді біреулер ұлттық валютаны
неғұрлым тезірек енгізу қажет, тек осы жағдайда ғана еліміз көршіге
жалтақтамай өзіндік экономикалық саясатын жүргізе алады деп санады. Дауды
уақыттың өзі шешіп берді. Ресей біздің республиканы сом аймағынан шығуға
мәжбүр ететін саясат жүргізді. Оның бірі – 1993 жылы маусымда Ресейдің жаңа
рублінің енгізілуі, 1993 жылғы шілде-тамызда ресейде ақша реформасының
жүзеге асуы еді. Соның нәтижесінде кеңестік сом кәдеге жарамай қалды.
Қазақстанға басқа республикалардан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің
қаржы жүйесі қожырап, инфляция күн санап өсті, халықтың тұрмыс деңгейі
барынша нашарлап кетті.
Жаңа сом аймағына кіруге Ресей қойған талап Қазақстан үшін мейлінше
қолайсыз болды. Қазақстанның негізгі экономикалық мүдделеріне қысым
жасалды, ұлттық егемендікті белгілі мөлшерде шектеу талап етілді. Солардың
ішінде, біріншіден, біздің алтын-валюта резервімізді Ресейдің басқаруына
беру, екіншіден, Қазақстанды Ресей сомымен қамтамасыз еткенде, ол ақша
Ресей алдындағы біздің борыш болып есептеледі деген талаптар болды. Ресей
сомын өз валютамыз ретінде пайдалану дербес ақша-несие саясатын жүргізу
мүмкіндігін қатты шектейтін еді және қолдағы бар ақшаға байланысты орын
алған мәселелердің одан әрі шиеленісу қаупін төндірді. Осының бәрі біртұтас
сом аймағын сақтаудаң Қазақстан алатын пайданы мүмкін етпейтін еді. Айта
кету керек, сол кезде Қазақстан үшін сом аймағында қалу тиімді болатын.
Өйткені бұл қалыптасқан экономикалық байланыстардың сақталуына мүмкіндік
жасайтын еді, одан басқа, көптеген қазақстандық кәсіпорындар сол кезде де,
осы күнге дейін де Ресеймен технологиялық жағынан байланысты болатын.
Сондай-ақ біртұтас қаржы кеңістігін сақтауда пайдалы еді. Мұны қазіргі
кезде валюта жүйесін жақындастыру, валюталық реттеу, валюталық бақылау
жұмысын үйлестіру туралы жүргізіліп жатқан келіссөздер растайды.
- Теңгені енгізген бетте оның АҚШ доллары жөніндегі бағамы 4,70 теңге
еді. Келесі 1994 жылдың соңында ол 54,26 теңгеге жетті, яғни бірден 11,5
есе құнсызданды. Келесі 1995 жылдың соңында теңге бағамы 63,95 теңге болды,
яғни 13,5 есеге дейін құнсызданды. Осының себептері қандай?
- Біздің ел үшін ұлттық валюта енгеннен кейінгі алғашқы екі жыл өте ауыр
болды. Қазақстан экономикасы бағаны ырқымен жіберуге және өндірістің
құлдырауына байланысты (Ішкі жалпы өнімнің 1993 жылғы төмендеуі - 9,2 %,
1994 жылы - 12,6%) инфляция бой бермей кетті (1993 жылы - 2165%, 1994 жылы
- 1158%). Мемлекет тарапынан берілетін дотация мен субсидия тоқтатылды.
Импорттық тауарларға қанағаттандырылмаған сұранымның елеулі көлемі, сондай-
ақ сыртқы сауданың ырқымен жіберілуі Қазақстанға әкелінетін импорт тауарлар
көлемінің өсуін туындатты және оның экспорт көлемінен көп болуы шет ел
валютасына сұранымды арттырды, яғни оның бағамының артуына соқтырды.
Теңгені енгізуге байланысты есептер жасалған кезде, ұлттық валютаның
тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін факторлардың бәрі де, соның ішінде баға
мен сыртқы базардың ырықтылығы да есепке алынған болатын. 1993-1994 жылдары
Қазақстанда болған экономикалық жағдайда теңге бағамының айтарлықтай
төмендеуі күтілген болатын.
Кейінгі жылдары да теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануының
айтарлықтай төмендегенін айтуға болады, мәселен 1995 жылы теңге бағамы 17,9
пайыз, 1996 жылы - 15,4, 1999 жылы - 2,8 пайыз төмендеді.
- Теңгенің одан соң қатты құнсызданып, құлдырауы 1999 жылғы сәуірдің
басында болды. Оның себебі көп елге түсінікті сияқты, олар - 1997-1998
іжылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі және 1998 жылғы тамыздағы
Ресейдегі дағдарыстың әсері, әрі біздің экспорттық тауарларымыз - мұнай мен
металға әлемдік бағаның төмендеуі секілді. Бұл жерде біз теңгенің еркін
бағамына неге 1998 жылы көшпей, 1999 жылдың сәуіріне дейін созып келдік
деген сұрақ бар.
- Егер Қазақстан 1998 жылғы Ресейдегі тамыз дағдарысынан көшіп бірден
теңге бағамын еркін қалыптасуға көшірген болса, бұл Қазақстан экономикасына
және теңгенің бағамына айтарлықтай қатты соққы болатын еді. 1998 жылдың
күзінде ТМД елдеріндегі қаржы базарларының тұрақсыз жағдайында, сондай-ақ
ел ішінде теңгенің айтарлықтай құнсыздануы күтіліп отырған жағдайда теңге
бағамын бетімен жіберуде ешқандай логика жоқ болатын.
Ақшаның құнсыздануын күтудің басты себебінің сақталуы (Ресейдегі қаржы
ахуалының тұрақсыздығы және ішкі инвесторлардың оның Қазақстан базарына
тікелей әсері барына сенімділігі) ақшаның құнсыздануын күтуді жоймаған
болар еді, демек ішкі валюталық базарға қысымды азайтпайтын еді.
Ақшаның құнсыздану нәтижесінде жасалған валюталық бағамның кез кеген
тепе-теңдігі мұндай жағдайда тез арада теңдестігін жоғалтқан болар еді де
бұл валюта базарының дүрбелең жағдайын тудыратынды және оны құлататын-ды,
тиісінше тұтас алғандағы қаржы базарына теріс ықпалын тигізетін-ді.
Теңгенің АҚШ долларына қарағанда аса қатты құлдырауы экономиканың
долларлануын күшейткен және капиталдың елден кетуін туғызған болар еді.
Мұнан соң ұлттық валютаны валюта базарында қолдау мақсатында елеулі көлемде
жасалған интервенция елдің алтын-валюта резервінің апатты қысқаруына әкелер
еді.
Үкімет пен Ұлттық банктің 1998 жылдың төртінші тоқсанымен 1999 жылды
бірінші тоқсаны кезінде келісіп жүзеге асырған шаралары валюта базарында
тұрақтандырушы ықпал жасау мақсатында істелді. Мұнымен бір мезгілде ақша
бағамын төмендетуді жүзеге асырудың ең дұрыс жолын таңдап алу жөнінде жұмыс
істеліп жатты. Теңгенің еркін бағамына көшу, біріншіден, сыртқы қолайлы
жағдай туған кезде (Ресейде қаржы ахуалы тұрақтанды), екіншіден, ішкі
қолайлы ахуал қалыптасқан кезде (қаржы базарындағы ахуал айтарлықтай
тұрақты, ақшаның құнсыздануын күту төменгі күйде, ішкі борыш біршама аз
болды, ал сыртқы борыш бойынша төлем онша көп болған жоқ) жүзеге асырылды.
Осының бәрі жұрт үшін жасалған жұмсартушы қосымша шаралармен бірге (банк
салымшылары және зейнетақыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Қазақстан Республикасындағы несие нарығы мен несие ресурстарының жағдайы
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
Клиринг оның түсінігі, түрлері
Қолма-қолсыз есеп айырысу жайлы
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
Ақша айналымы және ақша агрегаттарының динамикасы
Жанама салықтар жүйесіндегі қосылған құн салығы
Қан - қарызға алушының несиені алуы
Пәндер