Мұхиттар туралы жалпы мағлумат



Кіріспе
1. Мұхиттар туралы жалпы мағлумат
2. Тынық мұхиттың ластануы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.
Тынық мұхит - ең ірі және ең терең мұхит. Ол дүние жүзілік мұхиттың ауданы бойынша 49,5% - ін, су көлемі бойынша 53% - ін алып жатыр. Ол бүкіл жер бетінің үштен бір бөлігін құрайды. Батысында Евразия мен Австралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида материктерінің аралығында орналасқан. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитпен арасындағы шекарасы Беринг бұғазындағы Пээк ( Чукот түбегіндегі ) және Принц Уэльс ( Сьюард түюегінде ) мүйістері аралығымен, Үнді мұхитымен – Малакка бұғазының солтүстік бөлігімен, Суматра аралының батыс жағалауы, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес және Басс бұғаздары, Оңтүстік мүйіс ( Тасман аралы ) арқылы, Атлант мұхитымен – Дрейк бұғазының батыс бөлігіндегі Осте аралымен ( Отты жер архипелагындағы ), Чарлз мүйісі ( Грейам жері ) аралығымен өтеді. Тынық мұхиты солтүстіктен оңтүстікке 15,8 мың км – ге, шығыстан батысқа 19¸5 мың км – ге созылып жатыр. Ол бес континентті бөліп, сонымен қатар байланыстырып жатыр. Бұл жағдай оның физико – географиялық және экономикалық – географиялық маңызын анықтайды.
Теңіздерімен қоса жалпы ауданы 179679 мың км², орташа тереңдігі 3984 м, суының көлемі 723699 мың км³. Ең терең жері Мариана науасы - 11022 м. Жер бетінің үштен бірі немесе Дүниежүзілік мұхит ауданының жартысы Тынық мұхиттың үлесіне тиеді.
1. Евтеев О.А. «Проектирование и составление социально-экономических карт» Москва-1999 г.в.
2. Зарущеская И.Г., Сваткова Т.К., «Практирование и составление карт» Москва – 1982 г.в.
3. Грюнберг Г.Ю. «Картография с основами топографии» Москва- 1991 г.в.
4. Самищев К.А. «картография» Высшая школа Москва 1982 г.в.
5. Берлянг А.М., «Картография» Москва-2001 г.в.
6. Салищев К.А. «Картография» Москва 1966 год.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Мұхиттар туралы жалпы мағлумат
2. Тынық мұхиттың ластануы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты.
Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м,
ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік
Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді
(21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын,
Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы
судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды
құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға,
теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы
шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп,
ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір
зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның
шекарасы субтропиктік және субантар ктикалық конвергенция сызығы бойымен
немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.
Тынық мұхит - ең ірі және ең терең мұхит. Ол дүние жүзілік мұхиттың
ауданы бойынша 49,5% - ін, су көлемі бойынша 53% - ін алып жатыр. Ол бүкіл
жер бетінің үштен бір бөлігін құрайды. Батысында Евразия мен Австралия,
шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида
материктерінің аралығында орналасқан. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды
мұхитпен арасындағы шекарасы Беринг бұғазындағы Пээк ( Чукот түбегіндегі )
және Принц Уэльс ( Сьюард түюегінде ) мүйістері аралығымен, Үнді мұхитымен
– Малакка бұғазының солтүстік бөлігімен, Суматра аралының батыс жағалауы,
Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес және Басс
бұғаздары, Оңтүстік мүйіс ( Тасман аралы ) арқылы, Атлант мұхитымен – Дрейк
бұғазының батыс бөлігіндегі Осте аралымен ( Отты жер архипелагындағы ),
Чарлз мүйісі ( Грейам жері ) аралығымен өтеді. Тынық мұхиты солтүстіктен
оңтүстікке 15,8 мың км – ге, шығыстан батысқа 19¸5 мың км – ге созылып
жатыр. Ол бес континентті бөліп, сонымен қатар байланыстырып жатыр. Бұл
жағдай оның физико – географиялық және экономикалық – географиялық маңызын
анықтайды.
Теңіздерімен қоса жалпы ауданы 179679 мың км², орташа тереңдігі 3984 м,
суының көлемі 723699 мың км³. Ең терең жері Мариана науасы - 11022 м. Жер
бетінің үштен бірі немесе Дүниежүзілік мұхит ауданының жартысы Тынық
мұхиттың үлесіне тиеді.
Жағаның абразиялық және фьордтық типі басымырақ кездеседі. Мұхиттың
Чилоэ аралынан ( Оңтүстік Америка ) Пьюджет – Саунд
(Солтүстік Америка) шығанағына дейінгі шығыс бөлігінің жағалауы абразиялық
типке, оңтүстігі ( горн мүйісіне дейін ) және солтүстігі
(Алеут аралдарына дейін) фьордтік типке жатады және батыс бөлігіндегі
тропиктік белдеуде, Австралия – Азия теңіздерінен Тасман теңізңне дейінгі
аралықта маржанды жаға дамыған. Аралдарының жалпы ауданы 3,6 млн.км².
Аралдарының басым көпшілігі орталық, шығыс және батыс бөлігінде орналасқан.
Орталық және оңтүстік батыс жағындағы аралдары Мұхит аралдары деп аталады.
Геологиялық құрылысы жөнінен Тынық мұхиты аралдары материктік және мұхиттық
болып бөлінеді. Материктік аралдардың геосинклиналдық және платформалық
түрлері болады. Геосинклиналдық аралдарға Алеут, Куриль, Сахалин, Жапон,
Рюкю, тайвань, Филиппин, Калимантанның шығыс бөлігі, Молукка, Зонд,
Мариана, Жаңа Гвинеяның солтүстік бөлігі, Адмиралтейство, Соломон, Жаңа
Каледония, Фиджи, Тонга, Жаңа зеландия т.б аралдар, платформалық аралдарға
Прибылов, Әулие Лаврентий, Цусима, Хайнань, Тасман т.б. жатады.

Мұхиттар туралы жалпы мағлумат
Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті
нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы
заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-
өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік  ететін
организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді.
Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия
жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда.
Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік
мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның
салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз
артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі
теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі
теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл
жағдай тірі  организмдер  мен адамның  денсаулығына қауіп төндіреді.
Мұхиттану , океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи процестерді
зерттейтін ғылым. Мұхиттану Дүниежүзілік мұхитты гидросфераның бір бөлігі
ретінде әрі физиялық, химиялық, геологиялық, биологиялық т.б. процестер бір-
бірімен өзара күрделі байланыста өтіп жататын атмосферамен, литосферамен,
құрылықтық ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық табиғи нысан
ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі – мұхит табиғаты
заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны танудың методол. негізі – мұхит
суындағы, сондай-ақ сулар мен оларға шектесіп жатқан орта
арасындағы трансформацияны,энергия  және зат алмасуды зерттейді.
Мұхиттану судың тереңдігін, температурасын, тұздылығын, ағысын,
толқынын, түсін және мөлдірлігін, мұхит суы құрамындағы химиялық заттар мен
олардың қосылыстарының мөлшерін, әр түрлі биологиялық және басқа да
көрсеткіштерді өлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканың, математиканың,
химияның, биологияның теориялық тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау
әдісін қолданады, электронды-есептеу техникасын пайдаланады.
Мұхиттанудың маңызды қолданбалы мәселесі – халық шаруашылығының
теңіздік салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету, мұхиттың
астында және үстінде жүзетін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру, судың
және мұхит түбінің биологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Географиялық карта
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
Қоғамдағы экологиялық жағдай, оның Қазақстандағы көрінісі
Географиялық атлас картасы
Картографиялық белгілер
География
Қазақ топонимикасы туралы Қаныш Имантайұлының ғылыми ізденістері
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
Пәндер