Сүт өнімдерінің өндірісі


Сүт өнімдерінің өндірісі
2010 жылы елімізде сүт өнімдері жалпы қуаттылығы 2 млн. тоннадан асатын 200-дей кәсіпорындарда өндірілген. Олардың қуаттылығының пайдаланылу мөлшері 71% болды. Ақшалай көріністегі сүт өнеркәсібінің өндірісі жалпы өндірілетін тамақ өнімдері көлемінің 17%-ын құрайды.
Жыл көлемінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сүт зауыттарына қайта өңдеу үшін 1, 4 млн. тоннадан артық сүт өткізген, бұл алынған сүттің үштен бір бөлігін құрайды, демек 2010 жылғы сүттің қайта өңделген көлемі оның өндірілген көлемінің 30, 4%-ын құрап, 2009 жылғы деңгейден 3, 3% артқан. 2010 жылғы ақшалай көріністегі сүт өнімдері өндірісінің көлемі 113, 9 млрд. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 23%-ға артқан, бұл саланың нақты көлемі индексінің өсу серпінін көрсетеді.
Осы ретте, сүт өнімдерінің кейбір түрлері бойынша өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. Атап айтсақ, қойылтылған сүт пен кілегейдің өндірісі 3, 2%, сары май - 14% және құрғақ сүт - 17, 6% төмендеген. Заттай көрініс бойынша басқа тауар түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсімі байқалады.
Республика халқы ұлттық тұтыну нормасы бойынша толықтай сүт және сүт өнімдерімен (сүтке айналдырғанда) қамтамасыз етілген. Осы ретте 2010 жылы шамамен бір адамға нақты 340 кг/жыл сүт және сүт өнімі тұтынылғанын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы сүт өнімдері импортының көлемі 355 млн. АҚШ долларын немесе республикаға импортталған тамақ өнімдері көлемінің 15%-ын құраған. Негізгі импорттаушы Кедендік Одақ елдері, сондай-ақ, Украина мен Қырғызстан болып табылады.
Сонымен қатар, барлық сүт өнімдерінің түрлері таяу шет елдерге Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанға экспортталғаны байқалады. Мысалы, 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда ашытылған сүт өнімдерінің (йогурт, биоайран және т. б. ) экспорты едәуір артқан.
2010 жылы қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, сүт саласы және басқа аралас салаларда да бірқатар мәселелер бар:
- сүтті малдың басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануына байланысты келіп түсетін шикізаттың (сүттің) жеткіліксіз және сапасының төмен болуы;
- АӨК қайта өңдеу кәсіпорындарын несиелеу көлемінің қысқаруы мен еркін және өтемді кепілдік мүлкінің болуына байланысты айналым қаражатының жеткіліксіз деңгейде болуы;
- арзан импорт көлемінің ұлғаюы және оның нәтижесінде ішкі нарықтың тауарларға (сары май, ірімшік) толуы;
- дайындау жүйесінің дамымауы, шикізатты, сондай-ақ, дайын өнімді дайындау және тасымалдау кезіндегі жоғары көлемдегі шығындар;
- буып-түю матералдарының басым бөлігінің импортталуы және оларды өндіретін өз өндірісінің болмауы өнімнің өздік құнына әсер етеді.
Бұдан басқа көптеген сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарындағы қажеттілікке сәйкес материалды-техникалық база, өндірістік инфрақұрылым, шикізатты және дайын өнімді сақтау бойынша қуаттылық көрсеткіштері айтарлықтай артта қалуда.
Сондай-ақ, сүт және сүт өнімдері нарығының қазіргі жағдайы оның салаларының басты қатысушылары - шикізатты сүт өндірісі, қайта өңдеу өнеркәсібі және өнімді өткізу жүйесі арасындағы нақты өзара экономикалық іс-әрекетінің жоқ болуымен сипатталады.
Осы және басқа да мәселелер республиканың барлық сүт саласы жұмыстарының экономикалық көрсеткіштерін сақтауға әсерін тигізеді және дайын өнім өндірісінің өзіндік құнынан байқалады, кейбір түрлері бойынша (сары май, ірімшік, құрғақ сүт) өзіндік құны жоғары.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында мемлекет тарапынан келесі шаралар қабылдануда: саланың техникалық және технологиялық жаңғыртылуына бағытталған, кәсіпкерлік бастамашылдықты ынталандыру және Кедендік Одақ жағдайындағы отандық сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Мысалы, шикізат және кәсіпорындардың сүтті қайта өңдеу бойынша өндіріс қуаттылығының деңгейін ұлғайту мақсатында сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген өнімдердің көлемі үшін бюджеттік субсидия төленеді. Осылайша мемлекеттік қолдау қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ете отырып, тауар өндірушілердің сүтті өткізуін ынталандырады.
Сонымен қатар, сүт өндірісін ынталандыру мақсатында тауар өндірушілерге сүт өндірісіне қатысты шығынның 45% өтейтін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Осы ретте, сүт өткізуді субсидиялау бойынша бөлінетін қаражаттар көлемі жыл сайын ұлғаюда. Мысалы, осы мақсатқа 2008 жылы 1, 1 млрд. теңге, 2009 жылы 1, 9 млрд. теңге, 2010 жылы 2, 6 млрд. теңге бөлінді.
Бұдан басқа, бюджеттік және өз қаражаттары есебінен «ҚазАгроҚаржы» АҚ тауарлы сүт фермаларын салуды көздейтін бірнеше жобаны жүзеге асырды.
Сонымен қатар, республиканың әртүрлі өңірлерінде сүтті қайта өңдейтін зауыттар салу және жұмыс істеп тұрған 7 тауарлық сүт фермаларының қуаттылығын арттыру мен жаңартуды көздейтін жобалар ұлттық қор есебінен қаржыландыруға мақұлданды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2006 жылдан бастап сүтті сақтау және жинақтау үшін ауылдық тұтыну кооперативтерін сүтті өңдейтін қондырғылармен қамтамасыз ету мақсатында қаражаттар бөлінуде. Атап айтар болсақ, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сүтті жинақтайтын қондырғылармен қамтамасыз етуге бағытталған жалпы сомасы 298 млн. теңгеге 13 жоба және сүтті сақтау мен қайта өңдеу бойынша жалпы сомасы 1, 1 млрд. теңгеге 21 жоба несиелендірілген.
Сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарға көрсетілетін қолдауға келсек, салық жеңілдіктерінен, яғни ҚҚС төлеуден 70% босатудың нәтижесінде кәсіпорындар қаражаттың бір бөлігінен үнемдеп, қаржыны өндірісті жаңартуға мүмкіндік алуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz