Өтебай Тұрманжанов. Заманы аямаған, тағдыры аялаған


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВ

ЗАМАНЫ АЯМАҒАН, ТАҒДЫРЫ АЯЛАҒАН.

Ө. Тұрманжанов 1905 - жылы 15-желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» ауылынды дүниеге келген. Өтебай туған Бөгенде балалық шақты әсерге бөлейтін сұлулық дүниесі жеткілікті. Ол - сылаң қағып сылдырап ағып жатқан Бөген өзі. Қол созым жерде Арыс өзені. Екі өзеннің арасы толы құлақ түрсең сөйлеп қоя берер тарихи төбелер, исі қазаққа қатысты қара ордалар.

Бала Өтебай жарық дүниеге келген Тұрманжан шаңырағы жоқ-жіктеу болыпты. Есесіне әкесі «темірден түйін түйген» дерліктей қолы өнерлі, шебер, ісмер кісі екен. Әкесінің бұл қолөнері Өтебайға да өтіп, қиын-қыстау кезеңде пайдасы да тиеді. Жоқ-жітіктеу шаңырақта өскен бала жастай бейнет кешеді, бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай еңбекке араласады. Ауылдың қозы-лағын бағады, жастайынан жалшылықта жүреді.

«Менің әкем осы жатақ ішіндегі қолы іспекті, өнерлі кісінің бірі еді: етік те тігетін, ер де шабатын, қамшы да өретін, тіпті ойлағаныңның бәрін істейтін қолы сүйменді адам болатын. Сондықтан, айналасындағы ел оны «Ұста» деп атап кеткен. Қолы өнер сүйсе, көңілі сөз сүйетін адам болғандықтан ба, әлгіндей сауықты жиындар біздің үйде жиі болатын» - дейді ақын Өтебай.

Өтебай ақынның «Іздеген арманына жетеді екен » деп аталатын қолжазбасында: «Менің сегіз-тоғыздағы кезім. Ауылымыз Бөген дейтін шағын өзеннің жағасында отыратын, көшпейтін, кедей жатақ ел. Көбінесе жер жыртып, егін егіп күн көреді. Шөлге ептеп бидай, сулы жерге жүгері, тары, қауын егеді. Бес-алты ешкі, жекелеген сиыр-түйені егін арасына жаямыз, бірлі-жарым мінерлік атты арқандап бағамыз. Ешкі деген мал сұғанақ қой, егінге түсіп кетсе, қорықшылардан таяқ жейміз. Қорқатынымыз аспандағы құдай емес, ауылдағы қорықшы.

Тары бас тартып, қызыл тұмсық болып пісе бастады-ақ, ойдағы-қырдағы торғайлардың бәрі жабылады. Бізге жұмыс табылады. Таңның атысынан күн батып, қараңғы түскенше айқай салып нағырға қағып, сақпан атып жанталасып жатқанымыз. Тары қорыған балалардың ащы айқайлары бір-біріне ұласып, тарылық тоғайдың іші у-шу, азан-қазан болады да жатады. Жүгері пісетін кезде қарғалармен алысамыз. Сол қарға қауынның жауы. Қауын желі тартып, түйнегін жасыратын болғанша, ортасына қарақшы байлап, қарғаны қаймықтырамыз, қауынды қоримыз.

Ал, қауынның піскен шағы - балалар тойы. Үлкендердің де пейілі кеңейген ағыл-тегіл тоқшылық. Келгенге жарылып, кеткенге артылып беріліп-ақ жатқаны. Берек - мерек - молшылық. Қауыннан қақ тілінеді. Қауынқұрт қайнатылады. Тары орылады, жүгері жиналады. Кедей - жатақтардың қыс қамы осылай істеледі».

Тағы бір Өтебай ақынның «Өзім туралы әңгіме» аталатын деректі жазбасында балалық аңсарлы сәттерін тамылжыта әсерлі баяндайды: «Күн қысып, ыстығы аздап басылған соң, өзімнің ежелгі досым Қасен екеуміз инеден иіп жасап алған қармағымызды алып, Бөгеннен балық аулаймыз. Айна секілді дөңгелек мөлдір айдынды иірімнің ортасындағы отау үйдің орнындай аралшадағы жасыл құрақ пен қарақошқыл қоғаның аясында аққудың гүлі дейтін әдемі ақша гүлдер өседі. Халық мұны «тұңғиық» деп те атайды. Бұл тазалықтың, адалдықтың бейнесі - «аққудың ақшагүлі» - деп халық есіркеп ешкімге жұлдырмайды, аяйды. Біз Қасен екеуміз балық аулаудан гөрі, аралдағы аққудың ақшагүліне көбірек ынтыға қарап, тамашалаймыз.

Бөгеннің жарын жағалап құстар ұя салады. Ұя салған көгершін, көк қарға, қарлығаштар жұмыртқасын басып, балапанын ашып, оны ұшырғанша жар басында отырып, балапандарын шырылдап қорғаумен болады. Ана дегенді қойсаңшы! Біз Қасен екеуміз оларға жанымыз ашып, бұзақы, сотанақ балалардан, қара құс пен қаскүнем жыландардан ара түсіп қорғайтынбыз. Тентек балалараға «құс ұясын бұзсаңдар, үйлерің бұзылады» - деп шошытып, қорқытатынбыз. Құс екеш құста жақсылықты сезеді ғой, Қасен екеумізді аялап арқамыздан қаққанадй, қарлығаштар кейде қасымыздан қорықпай зып етіп айналып өтетін» - деп еске алады Өтебай.

Адамның балалық шағы қайталанбас әсер ғана емес, кейін еске алудың өзі қорқынышты қатер еді ғой. Қастерлі балғын шақта басқа түскен қатер жөнінде әлгі өмірбаяндық жазбасында былай әңгімелейді: «Қасен менен бір-екі жас үлкен, бойшаң, шымыр әрі күштірек болатын. Күрессе жықпайтын баласы жоқ. Ол Бөгеннің таза мөлдір суына сүңгіп, айдынды иіріміне кең құлаш ұрыпжүзуді де жақсы көретін. Маған апам суға түсуге рұқсат етпейді. Онда менің алтыға жаңа шыққан кезім. Суды кешуге де жүрексінем. Жүзуді атымен білмеймін. Бір күні аспан айналып жерге түскен өте бір өзгеше ыстық күн болды. Дала өртеніп жатқан сияқты, жалынның иісі шығады. Торғай біткен шиқылдасып бұтаның көлеңкесіне таласып, қарғалар қалбаңдай ұшып жар көлеңкесіне тығылып жатты. Қасен жейдесін шешіп қолына алып, Бөгенге қарай жүгірді. Үлкендерден, апамнан жасырып, оның артынан мен де жүгірдім. Қасен жүгірген бойы дамбалын аяғының басына сыпырып тастады да, суға қойып кетті, сүңгіген бойы Бөгеннің арғы жағасынан бір-ақ шықты. Ет қызумен мен де көйлек-дамбалымды үстімнен сыпырып тастай салып суға көзді жұмып күмп ете қалыппын. Сонан соң судың жағасында жатқанымды бір-ақ білдім. Қасен мені ажлдан алып қалыпты». Міне, балалық жазы!

Мейлі өз әкесі жайынды айтсын, мейлі балалық базарын бірге өткізген Қасен досы жайында жазсын Өтебай Тұрманжанов, әйтеуір, қазақтың қара өлеңінің құдіреті мен «темірден түйін түйген» зергер ісін, халықтың қолөнерін сабақтастыра, өзара байланыста әңгімелейді.

Бөген - ақынның туған жері, шаранасынан тазартып жуған өзі. Бөген өзені - балдай тәтті балалығының серігі. Әсершіл көңілді оятқан, әсемдікті сезіндірген, тұшындырған қасиет көзі. Бала бойындағы ақындықтың анасы - осы Бөген. Оның бойындағы дарын дәні - осы Бөгеннен, сылқым сұлу өзеннен өнген дән. Өтебай ақын «Бөген, мен сенің балаңмын» аталатын мына өлеңінен байқауға болады:

Бөген, Бөген, Бөгенсің!

Балдай тәтті өзенсің.

Балдай тәтті суыңды,

Балама болсын дегенсің . . .

Бөген, мен сенің балаңмын,

Жас гүлімін жағаңның

Жазыңның жаршы бұлбұлы,

Жырымен жаңа заманның.

Мұнда ақын туған жеріне деген көңілінің іңкәрлігінен жаралған осы әзіз туындыны оның тар осы сол сәттегі жан сезімімен сәйкес қараймыз.

Тарихтан бізге кеңірек мәлім осындай ағарту үйінің бірі - Ташкенттегі № 14 мектеп-интернат. Мұндай жетім балалар үйі, мектеп-интернаттар ол жылдары Ташкенде аз ашылмаған болар. Әзірге біздің білетініміз аталмыш интернат қана. Бәлкім, біздің бұл мектеп-интернатта жетік білетін себебіміз - ол ағарту ұясынан түлеп ұшқан шәкірт балалардың кейін Нұртас Оңдасынов, Бейсембай Кенжебаев, Жүсіпбек Арыстанов, Аалы Тоқамбаев, секілід атақты адамдарға айналуынан да болар сірә. Сол білім ордасынан ұшқан түлектердің бірі - Өтебай Тұрманжанов: «1919 - жылы белгілі комсомол басшысы Ғани Мұратбаев бастаған Ташкен комсомолдары көше баласы болып жүрген біз сияқты аш-жалаңаш, панасыз балаларды жинап алып, үйсіз-күйсіз, жетім-жесір балаларға арнап ашылған мектеп-интернаттарға орналастыра бастады. Көктен күткен бақыт жерден табылып, мен № 14 мектеп-интернатқа орналастым. Жайлы, жылы жатақханаға жатқызды. Моншаға жуындарды, жаңа киім кигізі. Сол интернатта қолымызға кітап алып, ықылас қойып, оқу оқып, хат таныдық. Адамдық әдепке үйрендік». Ақынның «Өзім туралы әңгіме»деп аталатын жазбасынан.

Аталмыш мектеп-интернат Өтебай Тұрманжаов болашағы үшін шешуші роль атқарды. Ол мұнда қайырымды адамдарға жолықты, шынайы ұстаздардан білім алды, тәрбие алды, өзі сияқты панасыз балалардан өмір бойы айнымас, іргесі ажырамас асыл достар тапты. Ол достары - кейінгі әйгілі адамдар Бейсембай Кенжебаев, Жүсіпбек Арыстанов, Нұртас Оңдасынов, Ілияс Қабылов секілді азаматтар еді.

Интернатта білім алуға мүмкіндік туды. Өйткені, бұл мектепте Садуақас Оспанов, Әмін Жүсіпов, Қамбаров секілід ғажайып ұстаздар сабақ беретін. Бұл интернатта бала шақта бойында бүр жарған өлеңін қайта мәпелеп өсіруге мүмкіндік туды. Оған да себепші - ұстаздары мен достары. Өмірінің бүл кезеңі жөнінде Өтекеңнің өзі де, оның қимас достары да көбірек мәлімет қалдырды. Сондай деректің бірі әдебиетші - философ Ілияс Қабылов жөнінде жазған «Мейірбан дос» аталатын естелік - мақаласы. Естелікте: «Ілияс Қабылов екеумізді жетімдік пен жоқшылық айдап келіп, Ташкендегі Салар өзенінің жағасына жайғасқан еңбек коммунас мектебінде кездетірген еді. Ол орта бойлы, өткір қара көзді, таяққа сүйеніп сылтап басып жүретін, айтпайтын, айтса қайтпайтын бір сөзді, өр мінезді, қара торы жас бозбала екен. Коммунаға кірісімен комсомолдық ұяның хатшысы болып шыға келді. Жұмысқа жалқау, сабаққа марқау балаларды талқылаған комсомол жиналысы бірінің соңынан бірі үзілмей өте бастады. Мен Ілиястың жәрдемшісі бола кеттім» - деп жазады. Міне, осындай күндері Өтебайдың «Кез өлшеуі қалды да, метр өлшеуі қолданды», «Интернатта оқыдым . . . », «Өмір сыйы» аталатын өлеңдері «жас қайтар» журналы бетінде жарқ етті.

Жиырмасыншы жылдары Мәскеуде И. в. Сталин атындағы Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті (КУТВ) жұмыс істеді.

1922-жылы Ташкендегі №14 мектеп-интернаттың үздік оқыған бір топ түлегін аталмыш университетке түсіп оқу үшін Москваға аттандырды. Онда Жүсіпбек Арыстанов, Ілияс Қабылов, Бейсембай Кенжебаев және мен Өтебай Тұрманжанов болатынбыз.

Дерекке ерік берсек, ол өзінің аталмыш университетке түсіп, білім алу жолын досы Ілияс Қабылов өміріне байланыстыра былай баяндайды: «1922-жылдың июнь айында Москвада ашылған Күншығыс еңбекшілеріне арналған комунистік университетке дайындайтын үш айлық курсқа Ғани Мұратбаевтың көмегімен комсомол жолдамасын алып келіп түстік. Курсты көңілдегідей бітіріп шыққандардың қатарында Москваға келіп, Күншығыс еңбекшілеріне арналған коммунистік университеттің өзіне оқуға түстік. Тверский бойындағы университет жатақханасының шағындау бөлмесіне орналастық». Ақын осында оқып жүрген шағында «1925-жылы Москвада «Таң өлеңдері» деген өлең кітабым басылды. Бұл жинақты Ленинге арналған басқа ақындардың өлеңдері де бар» - деп осы жинақты айтқан.

Өтебай Тұрманжановтың «Заманы аямаған, тағдыры аялаған» еңбегінде бірнеше тақырыптар жарияланған болатын. Соның ішіндегі мына бір тақырыбын алар болсақ, мұнда «Алғашқы адым, жемісті қадам» деп аталады.

Ақын өмірінің және кезеңін елестету мақсатында алынып отырған бұл тарауды келтесінен қайырып, қысқа баяндай салуға болады. Алайда, бұл кезең қысқа да болса - жесімті, қысқа болса да - өте күрделі.

Бөгеннен - Ташкен барып бақытқа жолыққан бала, Мәскеу барып білім алған шәкірт бала Өтебай қайтадан Ташкенге ақын болып, ұстаз болып оралады. Ол сәтті ақын орысша жазған «Өмірбаянында»: «1925-жылы Коммунистік университетті тәмамдаған соң, БК(б) П Орталық комитеті мені Ташкендегі В. И. Ленин атындағы Орта Азия Коммунистік Университетіне мұғалім етіп жіберді. Онда 1929-31 - жылдары САГУ-де кафедра меңгерушісі қызметін атқардым. Профессор атағын берді. 1931-жылы Қазақстан Өлкелік КП(б) -нің шақыруымен Алматыға келіп, Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында әдебиет пәнінен сабақ бердім, әрі қазақ мемлекеттік баспасында оқу-методикалық секторды басқардым.

Қазақ педагогикалық иститутында оқушы бола жүріп, 1934-36-жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары ққызметін қоса атқардым.

1936-38-жылдары «Әдебиет майданы» («Жұлдыз») журналының алдымен редакторының орынбасары, кейін редакторы қызметтерін де қоса атқардым» («Автобиография») - деп жазады.

Ақын жазбасына қарап отырып, осынша қызметті бір өзі қос-қабат атқарғанына қайран қаласың. Әрине, бір жағы маманның да аз кезі, екінші жағынан уақыт қасіреті тап келіп, аптал азаматтардың тағдырын тәлкекке айналдырып, алып кетіп те жатқан кезі ғой ол. Сонда да дарынының бұлақ көзі ашылған ақын қос-қабат қызметтерді үлгеріп істеді, өлең, әңгіме, мақаланы да үлгеріп жазды. Ақын үлгерімпаздығына кісі қайран қалуға болады. Өйткені, ол өте тындырымды, өнімді жазыпты сол жылдары. Пікірімізге мына жайлар дәлел бола алады. Өтебай өмірінің осы кезеңінде «Таң өлеңдері» (1925), «Қошан кедей» (1927), «Карл» (1934), «Пулемет» (1933), «Құрыш құс» (1932), «Таң сыры» (1929), «Еңбек және мектеп» (1930), «Қарлығаш» (1931) секілді әр жанрдағы кітаптары бірінен кейін бірі жарық көріпті. Ал, атқарылған қызмет, күнделікті өмір тілегімен жазылған мақалалардың ұзын қарасы тіпті мол. Бұл кезеңде Өтебай Тұрманжанов өмірінің ақырына дейін желіленіп кетер шығармашылық бағдар айқындады. Ол поэзия, проза, әдеби сын, зерттеу, журналистика саласында өз мүмкіндік, қабілетін байқап кетті. Педагог ретінде сабақ берді, журналист болып қызмет атқарды.

Еңбеке сүйгіш қаламгер жалықпай ізденіп, ерінбей еңбектенудің нәтижесінде А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтар көзге ілерлік, С. Сейфуллин, Б. майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов сияқты тұлғалар қанаттас өсіп келе жатқан тұстас дарын тдеп танырлық дәрежеге жеткен. Өмір жолында отыз жетінің кесірлі кесапаты кесе-көлденең тұмардағы Өтебай Тұрманжанов осы қарқынмен қазақ әдебиетінің тұлғалы қаламтенрі болып қалыптасып, үлгерген екен. Өкінішке қарай отыз жетінің қара дауылы өтебайдың қара дауылы қиырларға алып кетіп, қинап басқаша сабақтады. Ендігі әңгіме ақынның осы ауыр тағдыры хақында . . .

Енді «Қаралы жылдар, жаралы жандар» тақырыбында сыр шертсек. Қаоалы жылдардан кебенек киген санатында жанын жаралатып, арын қорлатып, аман шыққандар да бар. 1937-жылдың ойраныныа тап болып, жиырма жылдай елінен, жерінен алшақтап, әупірім-тәңірмен аман қайтқан жаралы жанның бірі - Өтебай Тұрманжанов

Қай қызметті де адал атқарып, қаламын қадірлеп өсіп келе жатқан Өтебай Тұрманжанов 1938-жылы ұсталып, Сібір айдалды. Алабөтен айыбы, айықпас кінә, кешірілмес күнәсі барма еді ақынның? Өтекеңнің көзін көрген, дәмдес болып, қатар жүрген бірсыпыра қарт кісілерге осы сұрақты әр кез көлденең тартқан жайым бар. Сонда олар былай дейді:

Профессор Бейсембай Кенжебаев: Кісіге қиянат жасар адам Өтебай емес. Қолынан келсе жақсылық жасауға дайын тұратын аяулы жан еді. Отыз жетінші жылдары мен онымен бір қалада бірге бола алған жоқпын. Әйтсе де, Өтебай кісіге қиянат қылмақ былай тұрсын, тышқан тұмсығын қанатты деген сөзге де сенбеймін. Оның тұла бойы ар, иман еді ғой.

Жазушы Жүсіпбек Арыстанов: Ол жылдары кім жеке басының қылмысымен кетті дейсің? Солай бір солақай заман болды ғой ол. Өтебай да нақақ күйгендердің бірі. Халқын сүйгеннен, жұртының мұратын жырлағаннан басқа Өтебайда қылдай қиянат, тырнақ астындай кір болуға тиісті емес.

Міне, Өтекең осындай адам еді. Жұртқа жақсылық жасаудан бір танбайтын адам еді Өтекең. Өтекеңмен өле-өлгенше сыйласып өттік.

Ақын замандастарының лебізі, міне, осындай. Ағалар сөзінен жер бетіне жақсылық, адамдар жүрегіне ізгілік еккісі келетін Өтебайды көреміз. Өзі жарға құлап бара жатып, өзгеге «сен құлама» деп сақтандырып жүрген жаны жайсаң, жүрегі жақсылыққа толы аяулы адамды танимыз.

1938-жылы кетіп 1955-жылы оралған \сібірге екі рет жер аударылған\ Өтекең жанына жазықсыз айдау, қинау, қудалаудың қаншалық жара салғанын ойша пайымдауға әбден болады. Бірақ, ол кезең дерек, құжаттары, қиналыс, күйзеліс куәгерлігіндей ақын жазбалары әл-әзір жоқ қолымызда. Бірде-екілі өлеңдерінде астарлап айтқаны болмаса, шеккен қайғы-қасіретті жеріне жеткізе баяндаған шығармаларының бары-жоғы да бізге белгісіз. Мүмкін, сәтін салса, ондай шерлі туындылар алда әлі-ақ табылар. Ал, әлгі бірді-екілі өлеңге келер болсақ, олар Ерлан есімді ұлына арнаған «Жарығым - сәулем» аталатын өлеңі мен «Қара орман, қалың қара орман» аталатын пейзаждық сұлу жыр. Сонымен қатар, «Иткөйлек» аталатын этнографиялық детальға құрылған және бір өлеңі бар. Ақын қайғы-қасіретін жеткізетін өлеңдері осылар ғана.

Енді сол шерлі жүрек үніне құлақ түрейік:

Қалын орман, қалың қара орман!

Көңілімді кенет бұрасың.

Кеудеңде бардай бір арман,

Күңіреніп кейде тұрасың.

Дауылды кейде шақырып

Шаңыңды сілкіп қуасың.

Жауынды кейде шақырып,

Шашыңды шайып жуасың.

Саф таза ауа бір уақ,

Селт етпестен тынасың.

Басыңнан сипап күншуақ,

Балқып бір көзді жұмасың.

Не деген сұлу «тағылық»,

Ойымды сырмен түйесің.

Мәңгі жасыл жамылып

Жастықты ғана сүйесің.

Тербеліп жатқан телегей,

Теңізге сені балаймын.

Өлмейтін ұлы өмірдей,

Қызыға саған қараймын, - деп жырлаған еді ақын «Қара

орман, қалың қара орман» аталатын өлеңінде. Бір қарағанда, бұл өлеңде айдауда жүрген ақынның азапты көңіл-күйі, шерлі жүрегінің үні сезілмейтіндей. Тек «Кеудеңде бардай бір арман, Күңіреніп кейде тұрасың» - деген жолдары ғана лирикалық қаһарман көңілінің табиғатпен астаса айтылған бір сәті жатқандай. Солайын солай! Сөйте тұра, осы өлеңнен өзгеше бір сыр іздеп, астарына үңіліп оқығың келеді. Біздің пайымдауымызша, бұл өлеңде таңқаларлық бір жай бар. Ол айдауда жадап-жүдеп жүрген ақынның Сібірдің қара орманына іңкәр көзін қадап, ғазиз жүрекпен қарап, сұлу жырлай білуі. Өлең тамылжыған табиғатты мейлінше қарапайым, сөйте тұра сұлу жырлаудың әдемі үлгісі. Қоғамнан әділетсіздік, адамдардан зорлық-зомбылық көріп жүріп те Сібір орманын осылай жырға қосу - ақын көңіліндегі әдеміліктің, ақындық көздің сұлулығынан.

Ақынның ауыртпалық көрген ащы өмірінің куәлігіндей екінші бір өлеңі - ұлы Ерланға арнаған «Жарығым - сәулем». Өлеңде ақын:

Сарысуда туып,

Сібірде өстің.

Алмасындай Мичуриннің,

Алматыда тұрып,

Жас күніңді кештің

Қызғалдағындай ұлы өмірдің.

Бесті басып,

Алматыға астың,

Тағы бір жылдың есігін аштың.

Келе жатыр қызықты дәурен,

Өс-өс, ұлым!

Жарығым, сәулем! - деп жырлады.

Қарапайым өлеңде ақын тағдырына соғатын бірнеше мәселе бар. Айталық «Сарысуда туып, өстің, Алмасындай Мичуриннің» деген жолдар. Байқаған кісіге ақынның ішкі жан күйзелісі, нала тағдыр таңбасы жатыр осынау жолдарда. Ең бастысы, қалай айтылған десеңізші. Ал, өлеңде сәулеленген өмір шындығына келсек, оның мәнісі мынадай. Ақын айдаудан алғаш оралғанда, 1949-50-жылдары Жамбыл облысының Сарысу ауданында, «Коммунар» мектебінде мұғалім болып қызмет істепті. Шамасы, ақынның Ерлан есімді баласы сол жылдары Сарысуда туған болса керек. Ақын тағдыр тәлкегімен қайтадан Сібір айдалып, кейін 1955-жылы біржола босап келген. Қазақ әдебиетінде бір жай айтылмай жүр. Ол - айдауда ж. рген қазақ интелегенттері әйелдерінің мықты рухы, жығылмаған жігері, ерлерінің соңынан іздеп барып, Сібірде тұрып қалған ерлігі. Ақын жыры - Майнұр осындай жігері мықты жандардың бірі еді. Ол ерінің соңынан іздеп барып, бірге тұрып, ақын ұрпағын бірге өсірген аяулы ана. \Ақын жары Майнұр Тұрманжонова 1989-жылы қайтыс болды\. Өлеңде өрнектелеген өмір шындығының кейбір сыры, міне, осындай.

Өлең - ақын өмірбаяны десек, түрмеде өткен тағдырын Өтекең өлеңдерінде айтпай тұра алмасы хақ. Бұл ретте ақында «Иткөйлек» аталатын және бір қызық өлең бар. Ақынның ауыр тағдырын баяндайтын баллада дәрежесіндегі сюжетті өлеңді де шып-шырғасын шығармай, түп-түгел оқиық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Адасқандар». романнан повестке
ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Мағжан Жұмабаев өмірі
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс
Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолымен ақын даралығы
Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушысының өзіне деген сенімділігін арттыру
Несіпбек Айтұлы-ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Асыл ана
Қазақ балалар поэзиясының көрнектi өкiлi - Жақан Смақов
Эзоп мысалдары мен Крылов мысалдарын салыстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz