Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдасуы



Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Скиф дәуірі.

2. Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдасуы.

3. Қаңлылар туралы деректер.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер
Сақтардың тайпалар одағы - алғашқы қауымдық қоғамның этникалық бірлігінің әлеуметтік ұйымдасу формасы. Басқыншылық соғыстың таралуы мен қорғаныс қажеттігі тайпалардың неғұрлым ірі қоғамдық бірлестіктерге бірігуіне жағдай жасады. Тайпалар одағы территориясының, экономикалық жігі, өкімет органдарының, кей жағдайда тіл, әдет-ғұрып, салт-сана, материалдық және рухани мәдениетінің ортақтығымен сипатталады. Тайпалар одағы өзінің құрамына кіретін тайпаларға қарағанда біртұтас бірлікте бола алмады. Сондықтан тайпалар одағы жиі ыдырап, құрамы өзгеріп отырды. Оны таптық мемлекеттердің болашақ үлгісі деуге болады. Өйткені оларда мемлекеттің кейбір үлгісі мен белгілері кездеседі. Тайпалар одағы егішпілікпен айналысатын отырықшы қауымдардан гөрі жиі өзгеріске ұшырап, ыдырап отырған көшпелі әлеуметтік организмге ұқсас. Тайпалар одағы оның құрамына кіретін ықпалды, күшті тайпалардың атымен аталды. Қазақстан жерінде алғаш таптық қатынастардың пайда болуымен тайпалар одағы қалыптаса бастады.
Ертедегі көшпенділер дәуірінде - б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде мұнда сақтар мен савроматтардың одағы құрылды. Сақтар оңтүстік-шығыс және орталық Қазақстан территориясын, ал савроматтар батыс және ішінара солтүстік аудандарды мекендеді. Олардың ішінде салыстырмалы түрде автономиялы тайпалық қауымдар: массагет, исседон, аримаспа, аргиппей, дай т.б. болды. Олар этникалық жағынан бірыңғай болмады, өйткені түрлі этникалық тайпалардан құралды және олар тұрақты одақ құра алмады. Мұны сақ тайпаларының антропологиялық жағынан біркелкі болмағандығы дәлелдейді, сондай-ақ монғол нәсіліне тән белгілер үлесі түрлі-түрлі аймақтарда және сол дәуір қабірлерінде түрліше. Жалпы алғанда, сақтар мен савроматтар Европа нәсілдес болды. Сақ және савроматтардың тірлігі, тұрмысы маусымдық көшіп-қонуға ыңғайланды, билік жүргізу де соған тән еді. Бұған "сақ патшалары мен патша ханымдары" тұралы әдебиеттердегі жазбалар, археологтар тапқан орасан зор қабірлер (патша қорғандары) дәлел. Сақ және савромат тайпалар одағы әлеуметтік-саяси организм ретінде көрінеді, бірақ олар көшпенділікке байланысты біртұтас бірлікте болуымен ерекшеленеді.
1.К.М.Байтаков. Қазақстан тарихы очерктері. “Дәуір” баспасы.
Алматы. 32-45б.
2.М.Чапай. Қазақстан тарихы. “ Дәуір” баспасы.
Алматы. 17-22б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Скиф дәуірі.

2. Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдасуы.

3. Қаңлылар туралы деректер.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер

Скиф, сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдасуы.
Сақтардың тайпалар одағы - алғашқы қауымдық қоғамның этникалық
бірлігінің әлеуметтік ұйымдасу формасы. Басқыншылық соғыстың таралуы мен
қорғаныс қажеттігі тайпалардың неғұрлым ірі қоғамдық бірлестіктерге
бірігуіне жағдай жасады. Тайпалар одағы территориясының, экономикалық жігі,
өкімет органдарының, кей жағдайда тіл, әдет-ғұрып, салт-сана, материалдық
және рухани мәдениетінің ортақтығымен сипатталады. Тайпалар одағы өзінің
құрамына кіретін тайпаларға қарағанда біртұтас бірлікте бола алмады.
Сондықтан тайпалар одағы жиі ыдырап, құрамы өзгеріп отырды. Оны таптық
мемлекеттердің болашақ үлгісі деуге болады. Өйткені оларда мемлекеттің
кейбір үлгісі мен белгілері кездеседі. Тайпалар одағы егішпілікпен
айналысатын отырықшы қауымдардан гөрі жиі өзгеріске ұшырап, ыдырап отырған
көшпелі әлеуметтік организмге ұқсас. Тайпалар одағы оның құрамына кіретін
ықпалды, күшті тайпалардың атымен аталды. Қазақстан жерінде алғаш таптық
қатынастардың пайда болуымен тайпалар одағы қалыптаса бастады.
Ертедегі көшпенділер дәуірінде - б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде
мұнда сақтар мен савроматтардың одағы құрылды. Сақтар оңтүстік-шығыс және
орталық Қазақстан территориясын, ал савроматтар батыс және ішінара
солтүстік аудандарды мекендеді. Олардың ішінде салыстырмалы түрде
автономиялы тайпалық қауымдар: массагет, исседон, аримаспа, аргиппей, дай
т.б. болды. Олар этникалық жағынан бірыңғай болмады, өйткені түрлі
этникалық тайпалардан құралды және олар тұрақты одақ құра алмады. Мұны сақ
тайпаларының антропологиялық жағынан біркелкі болмағандығы дәлелдейді,
сондай-ақ монғол нәсіліне тән белгілер үлесі түрлі-түрлі аймақтарда және
сол дәуір қабірлерінде түрліше. Жалпы алғанда, сақтар мен савроматтар
Европа нәсілдес болды. Сақ және савроматтардың тірлігі, тұрмысы маусымдық
көшіп-қонуға ыңғайланды, билік жүргізу де соған тән еді. Бұған "сақ
патшалары мен патша ханымдары" тұралы әдебиеттердегі жазбалар, археологтар
тапқан орасан зор қабірлер (патша қорғандары) дәлел. Сақ және савромат
тайпалар одағы әлеуметтік-саяси организм ретінде көрінеді, бірақ олар
көшпенділікке байланысты біртұтас бірлікте болуымен ерекшеленеді.
Сақ, скиф деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы болған.
Хандардың өмірі күшті еді. Хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел
аралатқан. Ханның өлігін көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құлағын
қанатын, шашын жұлып, бетін тырнаған. Геродоттың айтуынша, Скифтердің
патшаларын жерлеу рәсімдері өзге халықтардан өзгеше болып келеді. Бір
патшаны жерлеу үшін ондаған адамның өмірі құрбан етіледі. Көп мал, жылқылар
құрбандыққа шалынады. Сол әдет-ғұрып скифтерден тараған ұрпақтарда сақталып
отырған. Бұл дәулеттілер мен патшаларды жерлеу рәсімі болса, былайғы
бұқараны жерлеу рәсімдері әлдеқайда қарапайым, әрі аз шығын жұмсадды.
Олардың бірі дүниеден өткен жағдайда жақын туыстары оны арбаға салып
достарына апарады. Олардың әрқайсысы марқұм үшін ас береді. Оның бір бөлігі
марқұмға бөлінеді. Жеке адамды осылай қырық күн бойы алып жүреді де,
соңынан жерлейді. Жерлеуден кейін скифтер өздерін тазартады. Алдымен
бастарын жуады. Үш бағанның басын біріктіріп, оның сыртын терімен жабады.
Шатырдың ортасына ішіне қып-қызыл болып қызған тасқа ыдыс қояды. Осы
қыздырылған тастарға көкнәрдің тұқымын тастайды. Скифтер денелерін сумен
жумайды. Бірақ әйелдері қатты тасқа үйкелген қарағай тұқымдас ағаштық
(кипарис) үгіндісіне су қосып, балқарағайдың хош иісті қара майын (смола)
араластырып, одан алынатын қоймалжыңды денелеріне, беттеріне жаққан. Ол
денеге жағымды иіс береді. Келесі күні оны денеден сылып алғанда, тері
таза, әрі жылтыр болады.
Қазіргі Жетісудың жері сол заманда сақ патшаларының орталығы болған
көрінеді. Өйткені бұл өңірлерде басқа жерлердегіге қарағанда қорғандар көп
кездеседі. Ішкі Азия аудандарында байырғы замандарда сары шашты, көк кезді
тайпалар тұрған деседі. Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасырда өмір
сүрген Чжоу әулеті жөнінде жазған Қытай шежірелерінде сары шашты, көк көзді
бес тайпа бар екені айтылады. Олар Қытаймен үнемі жауласып келген.
Сондықтан Қытайда жын-шайтанды сары шашты, көк көзді етіп бейнелейтін
дәстүр бекер қалыптаспаса керек. Бас сүйегінің бітісіне қарағанда олар
еуропалықтарға ұқсайды. Бұл тайпаларды Оңтүстіктегі қытайлар "ди" деп
атаса, солтүстіктетілері "динди" деп атаған. Кейбір ғалымдар оларды үнді-
герман тегінен шыққан халықтар қатарына жатқызады. Бірақ бұл тұжырым теріс.
Минусинск аңғарындағы қабірлерді зерттеудің нәтижелері бұл тұжырымды
дәлелдей түседі. Сары шашты, көк көзді азиялықтар еуропеидтердің көне
тармақтарына жатады. Олар кельттердің норд нәсілімен қатар шығып, өсіп-
өркендеген ұлыстар болуы мүмкін. Көне замандағы аңшылар бұл тайпалар өмір
сүру үшін олжа іздеп, мұз дәуірінен кейінгі кезеңде бүкіл Еуропа мен Азия
далаларын кезген. Сақтардың қабірлерін археологиялық жолмен ашқан кезде
сақтардың арасында еуропейдтік нәсілдік сипат басымырақ екені байқалады.
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.

Байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының
сан алуан түрлерінің жаппай дамып , жетекші салаға айналуы және оның
егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Баяғы
заман авторлары сақтар туралы: “Олар әсте егіншілер емес ,көшпелілер”
деп жазғанда немесе солардың тіршілігіне; ”Еркін кеңістікке , от пен
судың молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді” – деп
анықтама бергенде , біршама пікір айтқан. Шын мәнінде сақтар
шаруашылығының түр-түрі табиғи жағдайға, қала орталықтары мен сауда
жолдарына алыс – жақындығына байланысты анықталып отырған.
Әлем халықтарының мал шаруакшылығын зерттеу ісі – оның
варианттарының көп болғанын - көшпелі харекеттен бақташылыққа дейін
болғанын көрсетіп берген. Жазғы жайлаудан қысқы жайылымға дейін
марғау жыбырлап ұзақ көшетін көшпелі мал шаруашылығы Батыс Қазақстанға
, ішінара Орталық Қазақстанға тән болған. Көшпелі мал шаруашылығында
бүкіл ру және бүкіл тайпа мал- жанымен, дүние мүлкімен бірге ит
арқасы- қиядағы алыс жерге ендік бойымен де, бойлық бағытымен де
жылжып кеше берген. Еркектер атпен, әйелдер мен балалар,қарттар киіз
жапқан арбамен жүретін болған. Ызғарлы қыста олар қар жауса да, тез
еріп кететін, бұта- шөбі мол құм қойнында өткізген немесе азынаған желге
үйірім-үйірім тоғайы пана болатын, мал аз аяғымен жүріп қорек табатын
копалы көлдер мен өзендер жағасын мекендеген.
Қысқы мекенжайлар ұзақ тұруға айналмайтын. Көшпелілердің негізгі
малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой болатын.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы
мекенжайлары болуын күнілгері ойластырып отырған, өйткені сол
мекенжайларда малшылар жаз бен қысын өткізеді ғой. Қысқы тұрақтар үшін
жертөлелер мен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бөлегі
жаз шыға, келер қысқа азық- түлік дайындау үшін қыстауда қалып,
егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен
Жетісуда, Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек
алған еді.
Мал шаруашылығының үшінші түрі- отырықшы шаруашылық болатын.
Мұнда халықтың бір бөлегі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы
болып қалатын. Ал. Оның екінші бөлегі жақын-жуық жерлердегі жазғы
жайлау мен қысқы өрістерге көшіп кетіп, қайтып келіп отырған.
Қазақстанның оңтүстігінде – Сырдария мен Арыс, Келес алқаптарында хал-
жағдай тап осындай еді. Әсіресе ірі қара мал басым болған. Әлбетте,
тіршілікте қияметтей қиын, күрделі жайттер көп кездеседі, мал
шаруашылығының осынау түрлерінен ауытқушылықтар да болып жатады. Мұның
бәрі Қазақстанның әр түрлі аймақтары мен аудандарының қалың жұртының
өміріне өшпестей ізін қалдырады.
Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының
бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының
материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі
басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі-
шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін
болған.
Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылған 80 ат қалдығының
материалдары бойынша жылқының төрт тұқымы бөлініп шығарылды. Ірі
денелі жүрдек аттар селекция нәтижесінде пайда болған. Оларды көсемдер мен
текті батырлар мінген.
Жылқының жаңа тұқымын шығару ісіне желдей жүйрік сәйгүліктерімен
аты шыққан Ферғана, Бактрия, Парфия сияқты көрші елдердің асыл тұқымды
жылқылары пайдаланылған. Таңдаулы ереуіл аттарды көшпелілер жоғары
бағалаған, егер иесі қаза тапса, аттары иесімен бірге о дүниеге бірге
кететін болған.
Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі
ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда,
сақтарда маңдай алды дөңстеу ірі қойлар кеп тараған. Олар қазақтың
қазіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Сақтар арасында қоймен бірге түйе шаруашылығы да кең
дамыды, ол әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және
шөлейт аудандарында өркен жаяды. Түйе мініс және жүк көлігі есебінде де
пайдаланылады, оның жүні, еті мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы,
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл
Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сақ - массагет тайпалары
Пәндер