Мектеп жасына дейінгі балалардың есін дамыту және тәрбиелеу



I. Кіріспе 3
II. Негізгі бөлім
1) Ес туралы жалпы анықтама 4
2) Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалдысипаттамасы. 8
3) Баланың есі туғаннан бастап дамиды 13
4) Бала есінің дамуы мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық
дайындығына байланысты 15
5) Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін
қалыптастыру мүмкіндіктері 15
III. Қортынды 20
IV. Пайдаланылған әдебиеттер 21
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді.
Мектепке бару балалардың логикалың есін дамытуда улкен роль атқарады. Оқушының есін тәрбиелеуге де мұғалім олардың жас дара ерекшеліктерін нақты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан, мұғалім уйге тапсырма бергенде материалдарды қалай оқу керектігін үнемі ескертіп отыруы керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ балалардың назары бұған кейде жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескергені жөн. Төменгі сынып оқушылары, әсіресе, 1-2 сыныптар көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Оқулықтағыдай білім болғаны деген ой қалыптасады. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы, әрі жинақылығы себеп болады. Сондықтан, мұғалім бір жағынан баланың сөздік қорын дамытып, өз бетінше айта білуге үйретуі қажет.
Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады. Жүйке жүйесінің, біртіндеп дамуы негізінде тәрбие процесі, ойын, оқу, еңбек және тіл қатынастары жетіледі. Баланың есте қалдыруы өмірінің бірінші айларында қимыл байланыстарына, қозғалу ассоциациясына сүйенеді. Айжарым жастағы баланы тамақтандырайын деп қолға алғанда, емшек еметін қимылдар жасайды. Көру, есту анализаторлары біртіндеп жұмыс істей бастайды, төртінші, бесінші айлардағы бала анасын көріп, оның даусын естіп қимылдайды. Тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан есте қалдыру да механикалық болады.
1. Крутецкий В.К. Психология. Издания второе, преработанное и дополненное – М: просвещенное, 1986
2. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – Алматы: мектеп, 1966
3. Ж. Аймауытұлы. Психология. - Алматы: Рауан, 1995
4. А. А. Оразбекова. Отбасы психологиясы. – Алматы: Білім, 1997
5. Қ.Жарықбаев. Психология. – Алматы: Білім, 1993

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың есін дамыту
және тәрбиелеу

Жоспар:

І. Кіріспе. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу.
ІІ. Негізгі бөлім а) Ес туралы жалпы анықтама.

ә) Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы.

б) Баланың есі туғаннан бастап дамиды
в) Бала есінің дамуы мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе
психологиялық дайындығына байланысты
г) Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау
қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны

I. Кіріспе 3
II. Негізгі бөлім
1) Ес туралы жалпы анықтама 4

2) Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалдысипаттамасы. 8

3) Баланың есі туғаннан бастап дамиды
13
4) Бала есінің дамуы мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық
дайындығына байланысты 15
5) Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін
қалыптастыру мүмкіндіктері
15
III. Қортынды
20
IV. Пайдаланылған әдебиеттер 21

Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін
ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке
жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі
дамып, жетіліп отырады.
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол
ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі
қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау
нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы
Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт
түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші —
сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу
керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту
керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді.
Мектепке бару балалардың логикалың есін дамытуда улкен роль атқарады.
Оқушының есін тәрбиелеуге де мұғалім олардың жас дара ерекшеліктерін нақты
ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз
бетімен таңдап ала алмайтындықтан, мұғалім уйге тапсырма бергенде
материалдарды қалай оқу керектігін үнемі ескертіп отыруы керек. Бұл жөнінде
оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі
айтылған. Бірақ балалардың назары бұған кейде жөнді түсе қоймайды. Мұғалім
мұны қатты ескергені жөн. Төменгі сынып оқушылары, әсіресе, 1-2 сыныптар
көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи
береді. Оқулықтағыдай білім болғаны деген ой қалыптасады. Бұлайша есте
қалдыруға материалдың қысқалығы, әрі жинақылығы себеп болады. Сондықтан,
мұғалім бір жағынан баланың сөздік қорын дамытып, өз бетінше айта білуге
үйретуі қажет.
Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады. Жүйке
жүйесінің, біртіндеп дамуы негізінде тәрбие процесі, ойын, оқу, еңбек және
тіл қатынастары жетіледі. Баланың есте қалдыруы өмірінің бірінші айларында
қимыл байланыстарына, қозғалу ассоциациясына сүйенеді. Айжарым жастағы
баланы тамақтандырайын деп қолға алғанда, емшек еметін қимылдар жасайды.
Көру, есту анализаторлары біртіндеп жұмыс істей бастайды, төртінші, бесінші
айлардағы бала анасын көріп, оның даусын естіп қимылдайды. Тілі шыққан бала
өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір
тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан есте қалдыру да
механикалық болады.

Ес туралы жалпы анықтама.

Ес түрлерінің жіктемесі және олардың сипаттамасы. Өткен тәжірибені
жадымызда қалдырып, сақтап, оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп аталады. Ес
адамға өте қажет. Ол арқылы субьект жеке өмірлік тәжірибесін жинақтап,
сақтап, пайдасына жаратады. ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі Г. Эббингауз
ойлаумен байланысты ес заңдылықтарын ашты (мағынасыз әріп буындарын жаттата
отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Психиатр
Э.Крепелина осы тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру
әрекеттерін тексеруде қолданды. Г.Э. Мюллер естің бекуі мен қайта жаңғыруы
заңын ашты. ХХ ғ. И.П. Павлов шартты рефлекстер әдісін ашты. Естің жоғарғы
формаларының дамуын орыс ғалымы Л.С. Выготский ХХ ғ. ашты. Әлеуметтік
негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін дәлелдеді. А.А.
Смирнов, П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы заңын ашып,
жадта қалдырудың алға қойған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеді. Келе-
келе ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табу және есте қалдыру мен
ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашушы зерттеулер пайда болды. П. Линдсей
мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типін: 1. сезімдік әсердің
тікелей, нақты ізі.(бұл сезім мүшеміз қабылдаған көріністерді толық дәл
сақтау, бірақ 1 сек. еске түсіп, тез жойылып кетеді). 2. Қысқа мерзімді ес:
( Бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес
келеді). 3. Ұзақ мерзімді ес: ( жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі
түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше
минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді). Есте қалдыру,
қайта жаңғырту үшін жүретін әрекеттердің сипатына орай ес 3 өлшемге сай
болуы керек:

Ес түрлері.
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалынатын әрекеттердің
сипатына орай естің әр түрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес олуы шарт: 1)
Әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес –
қозғалысты, сезімдік, бейнелі сөз логикалы болып бөлінеді;2) іс әрекет
мақсатына орай ес ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс -
әрекеттегі рол мен орнына тәуелді жатталып, сақтау мерзімінің мөлшеріне
байланысты - қысқа мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.

Естің негізгі түрлерінің жіктемесі

Психикалық іс-әрекет мақсатына материалдың
белсенділіктің байланысты ес. сақталу ұзақтығына
сипаты бойынша ес. - ырықты байланысты ес.
- қозғалысты - ырықсыз - қысқа мерзімді ес
- сезімдік - ұзақ мерзімді
- бейнелі - нақты қызметтік
- сөз логикалы (оперативная)

Қозғалысты ес - әрқилы қимыл – қозғалыстар мен олардың бірлікті
жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту . кейбір адамдарда осы ес
түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. ондайлар мысалы, музыкалық
шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал кей
біреулердің қозғалысты ес тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің
дағдылары қалыптастыруда, балалардың жүру , жазу әрекеттерінің қалыпқа
түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағында, біз қажетті
әрекетпен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келеді.
Сезімдік ес - әдетте қажеттеріміз бен қазаулардың, қоршаған ортамен
қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не
жағымсыз орындалып жатқанын көңіл күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл – күй
есі адам өмірі мен іс - әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп,
есімізден сабақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе
өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтіретін оқиғалардан сақтандырады.
Сізбен қатысқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен
қоылып, толғанысқа түсіңіз, осы сезімдік осы сезімдік еске негізделген.
Бейнелі ес - елестерге , табиғат көріністеріне,сонымен бірге
дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері . Ол көру, есту, сипай сезу, иістік
және дәмді болып бөлінеді.
Егер көру, естері естері әрбір жеке дамыған болса, онда сезімдік ,
иістік пен дәмді естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес
түйесіктер сияқты мұндай ес түрлері іс - әрекет шарттарына орай қарқынды
дамы, кейде кемшілігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет
деңгейлерге көтерілуі мүмкін. Мысалы соқырдың дүниемен сезіну, естігіштігі
ал кереңнің көргіштігі,иіскей, жанаса сезгіштігі т.б.
Сөздік логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ай өрісіміз кіреді.
Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ай тек мағыналық ғана болмай, сөзді
логикалық болатын осыдан. Сөзді логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына
арқа сүйей отырып, оларға , жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың
жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің
білім игеруі мен топтауы, негізінен осы мағыналық еске байланысты.
Іс - әрекет мақсатына байланысты ес – ырықты, ырықсыз болып бөлінеді.
Арнайы есте қалдыру немесе түсіру мақсаты болған психикалық процесс ырықсыз
көрініс беріп ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса ырықты
сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жанғырту арнайы
мниниткалық жаттау,еске түсіру әрекеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді ,кезекпен келетін
деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз жәрдеммен жинақталып
соң арқаында арнайы дайындықсыз ақ қажетті болған тұрмысы біліктеріміздің
қоры қалыптасады. Бірақ іс - әрекет барысында адамның өз ісәрекетінің басшы
болып алу қажеттігі туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да
осыдан бізге керекті болған материалды алуға ниет қылып белгілеумен
жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Нақты қазіметтік ес. Адамның нақты іс әрекеті іс - әрекет қызметімен
қажеті не қозғалысты және қимылдарды орындауына байланысты іске қосады.
Қандайда бір күрделі әрекетті орындау үшін бөлшектеп алуымыз қажет кейін
әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп екіншісіне өтеміз. Осы екі
арадағы нәтие сол мезеттегі қажеттілігі мен есімізде тұрады, ал ақырғы
көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нәтижелері
әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып естен шығып келесі әрекет бөлігінің
ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет бөліктеріне көлемі
мен әр түрлі мысалы, балақай жеке әрепті қинала таныған бастаса, ерексек
адам тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауын қызметтік
естің жоғары деңгейде нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына
байланысты.

Қысқа мерзімді ес.
Қысқа мерзімді бұл жағдай есте қалған бейне сезімдік деңгейіндегі
толық көрінісі болмай оқиғаның қандай да бір шағын болмысына сәйкес келеді.

Ұзақ мерзіді ес.
Жадқа сақтау жүйеінің маңызды да әрі күрделі түрі. Ұзақ мерзімді
естің уақытыда , қамту көлеміде шексіз бірнеше минуттан артық сақталғанын
бәрі ұзақ мерзімді есте сақталу.
Есті қысқа мерзімді және ұзақ мерзім деп бөлудің дұрыс күнделікті
өмірде байқалады. Бірақ бірақ рет сөйлеуге қажетті телефон номерін бірнеше
минут есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Тәжірибелер мен клиникалық
байқаулар қысқа мерзімді естің өте тұрақсыз екендігін көретеді. Мысалы,
адам миы шайқалғанда соққы тиген сәт және соған байланысты жайыттарда ғана
емес тіпті сол сәт алдында болған жайттың ешқайсысын түсіре алмайды.
Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкін.

Ес теориялары.
Ес механеиазмдерін психология зерттеу тарихы басқа психикалық
құбылыстардың үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған
естің ассоциативтік теориясы. Бұл теория мәні дүние заттарымен құбылыстарын
мен есете орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен – бірі өлектенген күйде емес,
өзара байланысты топталған не тізбектелген қалыпта жүреді. Осы процеске
тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі -
уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда
ассоциациялар деп аталынған. Ассоцацияларлардың бірі заттардың уақытпен
кеңістіктегі қатынас бейнесінен яғни жанасу ассоцациясы , екіншісі -
олардың ұқсастығынан туған бейне , яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі
қарама – қарсылықтан негізделген контрастық ассоциация, төртіншісі себеп –
салдарлы қатынастарды туындайтын каузальдық ассоциациясы. Бұл бағыттағы
теорияның ұғынып дамытқандар: Аристотель, Юм,Д: Джеймс Спенсер, И. П.
Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі
ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат
топтап оны сақтай алу қабілеті қазіргі күндегі психология онда жүріп жатқан
құрылымдық немесе химиялық өзгерістер мен байланыстырып отыр. Бұл теорияның
негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың элекетрдің белсенділігі мен яғни
мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай бір жол мен ағзадағы
электр қуатын артырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін еске қосатын жүйке
тізбегі болуы шарт. Физология заңдарында орай неирон жаткізген импльустер
аксон арқылы бір жасушадан екіншісіне еріледі. Аксонның жасаушаның тоғысқан
жері синапс деп аталады.
Жеке бір жасушаның өзінде осы синопстің саны мыңдаған. Синопс
негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі қоздырушы екінші тежеуші. Сонымен
қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуіде бірдей қозушы немесе тежелуші
жүйке элементерінің бір- бірнен әсерінен туындайды. Айырмасы – қысқа
мерзімді ес белгілі неирондардың уақытша электрлік белсенділігіне болады да
ұзақ мерзімді ес неирондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.

Естің биохимиялық теориясы.
Нәсілдің негізде жатқан химиялық процестер ашылуы мен ғыымда сол
процестің есте қалдыруда ықпалы жоқ па деген ой пайда болды. әр ағза үшін
тән болған генетикалық ақпарат ДНК малекулаларында шоғұрланады, ал оны
тасымалдау басқа РНК нуклейн қашқылының малекуласы мен орындлады. ДНК
ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе
РНК игерілген тәжірибені бірден- бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды.
Эксперементтер нәтиесінде пәнді құрайтынмалекуланынң химиялық құрылымы
тіршілік иеінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл
келесі сұрақты туындатты үйрету барысында өзгерген РНК малекуласы пайда
болған дағды жөніндегі өзінде сақтай ма , сақтамай ма? Эксперемент барысы
жануар қажетті әрекетті орындауға үйретіді. Оны жүйке жүйесін бір аймағынан
РНК малекулаы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға
өтізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК малекуласын
қабылдаған екінші жануар алғашқысының дағдысын қайталап берді.
Аталған эсперемент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене
малекулаларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып, организмде еркін
қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық
дәлелденді.

Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы.

Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз. Мақсаты болмаған, арнайы
тәсілдерсіз есте қалдыру, яғни болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу
іздерінің санада бекіп қалуы, Өмірде кездесетіндердің көбі адам есінде
ырықсыз орнығады: заттар, құбылыстар, оқиғалар және т.б, ал олардың
әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Ырықты есте ақпараттың санада бекіп
қалуы үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Мысалы, оқу материалын жаттап алу.
Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін
болған барлық іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Ниетті әрекеттің мақсаты-
қажетті материалды есте сақтау. Есте қалдырып, оны қайта жаңғыртуға
бағытталған әрекет-мнемикалық (мнема ес) әрекет д. а.

Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Механикалық жаттауда сөздер,
заттар, оқиғалар ретімен өзгеріссіз есте қалады. Мұндай есте қалдыруда адам
жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына
сүйенсе, мағыналы есте қалдыруда материалдық ішкі логикалық байланыстарына
сүйенеді. Сондықтан механикалықтан гөрі мағыналық есте қалдыру тиімді,
механикалық есте қалдыру сан мәрте қайталау керек, ал ол жатталған нәрсе
керек кезінде еске түсе бермейді. Материалды түсініп, ұғу үшін түрлі
әдістер қолданылады. Игерілетін материалдың өзекті ой бөлініп алып, жоспар
түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы мәтіннің әрбір бөлігінің
жалпыланған тақырыбына айналады, сөйтіп осы арқылы материалды еске түсіру
жеңілдейді, оқушының білімін берік етеді. Материалды ұғынудың пайдалы әдісі
– салыстыру, заттар, құбылыстар, оқиғалар арасындағы ұқсастық пен
ерекшелікті тани білу. Есте берік қалдыру жолы – қайталап тұру. ол әртүрлі
немесе белсенді болуы керек. (сұрақтарға жауап беру, схема, таблица)
уақытқа байланысты қайталау: 1. Жинақты – материал қайталануы үздіксіз,
бірнеше рет орындалады. 2. Бөлшектенген – тиімді, қуат пен уақыт
үнемделеді, білім берік есте қалады.
Психологияда жаттаудың 3 түрі бар:
Тұтастай – мәтінді бастан аяқ бірнеше ретигерілгенше қайталау.
Шамалап – бірнешеге бөлініп, әрқайсысы өз алдына бірнеше рет
қайталанып, жатталады.
Аралас – бірде толық, кейін тараулары бөлініп, оқылып жатталады.
Есте сақтау:
- динамикалық есте сақтау қызметтік (оперативная) есте орын
иеленіп, жатталған материал өзгеріске түсе бермейді.
- Статистикалық ( тұрақты) – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді,
материал қайта құрылып, өңделеді. Ақпараттың сақталып, өзгеріске
түсуі- тану мен қайта жаңғыртуда болады. Затты не құбылысты тани
отырып, оны белгілі бір категорияға жатқызамыз. Тану 2 дәрежеде,
бірінші, адамның алдындағы затты біле алмай шаршатуы; екінші,
күмәнсіз дәл тануы; Қайта жаңғырту танудан соң жүреді. Қайта
жаңғырту материалды өз кезегімен еске түсіру арқылы жүреді.
Ұмыту – еске түсіре алмау. Оның физиологиялық негізі-уақытша
жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі. Ми қабығындағы тежелу
әрекеттері. Ұмытшақтықты жеңу үшін, оның туындауына себепші
келесі заңдылықтарды білу қажет.
- Материалды бірінші қабылдап, еске қалдыру
- қабылданған материалды қайталау
- қабылдауда ұмытылған материал уақыт өтуімен қайта еске оралады.
Бұл реминисценция (жобалай еске түсіру) деп аталады.
- Материалдың түсінікті болғандығын анықтап алған соң, оны есте
қалдыруға байланысты жаттығулар өткізу.
- Айналысқан материал қызықты болу керек.
- ұмыту материал көлемі мен оны игеру қиындықтарына байланысты.
- Қайталау жұмыстарын жүргізу орынды
- Ұмытуға себепші адам түрлі жүйке жүйесінің сырқаттарға
шалдығуынан.
Ес бұзылысы: Мидың психикалық қалпы ес бұзылуынан көрінеді, яғни адам
көргенін қас қағым уақытта ұмытады, бірақ өткендегілерін нақты болжай
алады.

Есті зерттеудің ассоциативті бағыты.
Г. Эббингауздың ұмыту қисығы.
Ассоциативті теория – негізгі ұғымы ассоциация. Ассоциация байланыс
орнату деген сөз. Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар немесе құбылыстар
адамның есінде де байланысып сақталады. Ассоциация бойынша бір затпен
негізделіп, онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз. Ассоциация
түрлері (сыбайлас, ұқсастық, мағыналық). Эббингауз – есті зерттеу ғылымы
психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті
қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен ақпаратты сақтау, қайта
жаңғыртудағы негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін Г. Эббингауз (1850-1909)
қарастырды. Ес процестерін Эббингауз ассоциациялардың жасалуы ретінде
түсінді, мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте
қалдырудың негізгі шектерін бөлді. Ассоциативті (байланыс) теория оның
заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы теория негізінде әртүрлі қайталау
ретінде элементтердің есте сақталу саны өзгереді. Неміс ғалымы Эббингауз
естің ассоциативті теориясында мәліметтер ретін алды және есте қалдыруды
ашты, онда есте қалдыру үшін мағынасыз буындар қолданды. Ақпараттың
жекелеген элементтері есте қалады, сақталады, жаңғырады. Естің ассоциативті
теориясына сәйкес, яғни белгілі логикалық құрылымды-функционалды
байланыстар негізінде уақыт өте ассоциативті теория проблемалармен
соқтығысты, олардың біріншісі, адамзат есінің таңдамалығы. Асоциациялар
кездейсоқ негізде жасалады, ал ес адам миына келген және сақталған белгілі
бірақпаратты таңдайды. ХІХ ғ. аяғында ассоциативті теорияның орнына есті
зерттеуші гештальт психология келді. Ес феноменін түсіндірудегі негізгі
принцип, олардың бастапқы, тұтас ұйымы-гештальт тұтас, құрылым, жүйе
деді. Гештальт теориясында материалдың құрылымы, оны тұтас ету, есте
қалдыру мен қайта жаңғыртуды жүйелі ұйымдастыру мәні белгіленген. Ең басты
материалды есте қалдыруда тұтас құрылым түрінде жүреді. Ассоциативті теория
шеңберінде Эббингауздың ұмыту заңы ашылды. Ол ақпаратты ұмыту заңын ұмыту
қисығы түрінде берді, яғни уақыт өте келе ақпараттың жойылу үрдісін
бейнелейді.
Тәжірибе барысында бұндай буындарды бірінші қатесіз қайталаудан кейін
бастапқыда ұмыту өте тез жүреді. Бір сағат өткеннен кейін барлық алынған
ақпараттың 60%-і ұмтылады, ал 6 күннен кейін алғашқы жатталған буындардың
есте 20%-і ғана қалады. Сонымен қатар ол сәйкесінше қарапайым, бірақ адамға
үлкен әсер қалдыратын оқиғалар адам есінде тез сақталып, ұзақ уақыт болады.
Және де күрделі, қызықты оқиғаларды адам бастан бірнеше рет кешуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық дамуының тарихи қалыптасу кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
Балалардың бейнелеу әрекеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту
Пәндер