Мемлекет нысандарының қалыптасуының теориялық аспектілері
1. Мемлекет нысандарының қалыптасуының теориялық аспектілері
1.1. Мемлекет түсінігі мен мәні және теориясы
1.2. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен құрылымы және
әдістері
1.3. Мемлекет нысандары қалыптасуының үлгілері (моделі)
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттің және мемлекеттіліктің даму үрдісі
2.1. Мемлекеттік басқару нысандарының ерекшеліктері
2.2. Конституциядағы мемлекет мәселелерінің құқықтық қырлары
2.3. Мемлекетте демократиялық саяси режимнің даму бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған адебиеттер

Мемлекет түсінігі анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларын да ескерген жөн.Бұл жерде сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр.Осыған байланысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзен: «мемлекет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі нысандар мен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі» деп атап өтеді.
Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада қолданылады.Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның қандай да бір ерекше нысанын айтады.Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субъектілері ,ұлттар,белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.
Қазіргі заманғы мемлекеттануда мемлекет түсінігі жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар қалыптасып,олар оны бірнеше мағынада ,атап айтқанда,заңдық,әлеуметтік,нормативтік және органикалық мағынада қарастырады.Заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет заңды тұлға,құқықтық феномен,ерекше корпорация ретінде қарастырылып,басқа корпорациялардан тек ұлт немесе ел масштабында белгіленген құқықтық тәртіппен ерекшеленеді.Осыған сәйкес мемлекет мәселелері белгілі жағдайда ұлттық құқықтық тәртіп мәселелері ретінде қарастырылып,адамдардың дұрыс іс-әрекетін және тәртібін бейнелейтін құқықтық тәртіп ретінде анықталады.
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынастар жеке адам мен құқық арақатынасы сияқты бірге қарастырылуы тиіс деп ұйғарылады.Бұл Кельзеннің ойы бойынша мемлекет құқықты шығаруы мен бекітуіне қарамастан,жек тұлға ретінде өзінің тәртібі мен іс-әрекетінде құқықпен байланысты болу қажет екендігін білдіреді.
Әлеуметтік аспектіде мемлекет өзінің құқықтық тәртібі мен құқықтық өміріне тәуелсіз болатын небір «әлеуметтік жалпыға бірдейлілік»,әлеуметтік қоғам болып саналады және оған түрлі органдар бойынша билікті бөлу сипаты тән.Автордың көзқарасы бойынша «барлық іс-әрекетті Үкімет бір өзі жасайтын және билікті де өз қолында шоғырландыратын бір де бір мемлекет жоқ».қоғамда әр кезде бірнеше әкімшілдік құрылымдар болған және бар.Олардың қызметінің нәтижесінде қоғамдағы қатынастардың басым бөлігі туындап,басқару мен бағындыру актілерінің көбі пайда болды.Ал олардың жиынтығы «әлеуметтік мемлекет» деген ұғымды білдірді.
Сонымен қатар мемлекет түсінігі тірі «табиғи организм» ретінде анықталады.Осы бағытқа сәйкес олд «әлеуметтік биологияның нысаны» ретінде қарастырылады.Мемлекеттің түсінігіне деген мұндай көзқарасты австиялық заңгер Г.Кельзенге дейін көптеген басқа авторлар, атап айтқанда, мемлекеттің органикалық теориясын жақтаушылар қолдады.XIX-XX ғасырларда өз дамуының жоғары шегіне жеткен бұл теория барлық әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге тырысты.олар қоғамды толығымен организмге теңестіріп,ал мемлекетті тіршілік етіп жүрген және болашақта дүниеге келетін азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын «жалғыз институт» деп санады.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодекс 30 қаңтар 2001 жыл
3. Сейдеш Б.Б. Јкiмшiлiк құқық пәнi бойынша дәрiстер. – Алматы:
Дәнекер, 2004.
4. Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан, «Жеті Жарғы»
5. Бахрах Д. Н. Административное право. Москва, 1999
6. Мемлекет және құқық негiздерi. Оқулық. / Қраст. Е. Баянов.-Алмат; Жетi жарғы.
7. Конституция Республики Казахстан. Комментарий. Под. ред. Г. Сапаргалиева.- Алматы: Жеты жаргы. 1998 .
8. Сагиндыкова А. Н. Конституционное право Республики Казахстан: Курс лекций.- Алматы: Бiлiм. 1999 г.
9. Жоламан Қ.Д., А.Қ. Мұхтарова., А.Н. Тәуекелев. Мемлекет жәнее құқық теориясы.-Алматы. 1999.
10. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. –Алматы: «HAS» баспа компаниясы. 2003.
11. Теория и государства: Учебник/Под ред. В.К. Бабаева. –М.; Юрист. 1999.
12. Теория государства и права: Учебник.-М.: Юрист. 2000.
13. Теория государства и права: Учебник.Курс лекций /Под ред. Н.И. Матузова и А. В. Малько М.: Юрист.1997.
14. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. Учебное пособие для высших учебных заведений /Под.ред. проф. Стрекозова В.Г. –М.1997.

Мемлекет түсінігі анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды
әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана
емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларын да ескерген жөн.Бұл жерде
сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлылығы
және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы
болып отыр.Осыған байланысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзен: мемлекет
түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі
нысандар мен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі деп
атап өтеді.
Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада
қолданылады.Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның қандай да
бір ерекше нысанын айтады.Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары
немесе субъектілері ,ұлттар,белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ
жатқызылады.
Қазіргі заманғы мемлекеттануда мемлекет түсінігі жөнінде ғалымдар
арасында әр түрлі көзқарастар қалыптасып,олар оны бірнеше мағынада ,атап
айтқанда,заңдық,әлеуметтік,норматив тік және органикалық мағынада
қарастырады.Заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет заңды тұлға,құқықтық
феномен,ерекше корпорация ретінде қарастырылып,басқа корпорациялардан тек
ұлт немесе ел масштабында белгіленген құқықтық тәртіппен
ерекшеленеді.Осыған сәйкес мемлекет мәселелері белгілі жағдайда ұлттық
құқықтық тәртіп мәселелері ретінде қарастырылып,адамдардың дұрыс іс-
әрекетін және тәртібін бейнелейтін құқықтық тәртіп ретінде анықталады.
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынастар жеке адам мен құқық
арақатынасы сияқты бірге қарастырылуы тиіс деп ұйғарылады.Бұл Кельзеннің
ойы бойынша мемлекет құқықты шығаруы мен бекітуіне қарамастан,жек тұлға
ретінде өзінің тәртібі мен іс-әрекетінде құқықпен байланысты болу қажет
екендігін білдіреді.
Әлеуметтік аспектіде мемлекет өзінің құқықтық тәртібі мен құқықтық
өміріне тәуелсіз болатын небір әлеуметтік жалпыға бірдейлілік,әлеуметтік
қоғам болып саналады және оған түрлі органдар бойынша билікті бөлу сипаты
тән.Автордың көзқарасы бойынша барлық іс-әрекетті Үкімет бір өзі жасайтын
және билікті де өз қолында шоғырландыратын бір де бір мемлекет жоқ.қоғамда
әр кезде бірнеше әкімшілдік құрылымдар болған және бар.Олардың қызметінің
нәтижесінде қоғамдағы қатынастардың басым бөлігі туындап,басқару мен
бағындыру актілерінің көбі пайда болды.Ал олардың жиынтығы әлеуметтік
мемлекет деген ұғымды білдірді.
Сонымен қатар мемлекет түсінігі тірі табиғи организм ретінде
анықталады.Осы бағытқа сәйкес олд әлеуметтік биологияның нысаны ретінде
қарастырылады.Мемлекеттің түсінігіне деген мұндай көзқарасты австиялық
заңгер Г.Кельзенге дейін көптеген басқа авторлар, атап айтқанда,
мемлекеттің органикалық теориясын жақтаушылар қолдады.XIX-XX ғасырларда өз
дамуының жоғары шегіне жеткен бұл теория барлық әлеуметтік өмірді
биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге тырысты.олар қоғамды толығымен
организмге теңестіріп,ал мемлекетті тіршілік етіп жүрген және болашақта
дүниеге келетін азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жалғыз
институт деп санады.
Нормативтік мағынада мемлекет түсінігі Г.Кельзен және оның нормативист-
жақтаушыларының анықтауы бойынша нормалар жүйесін, нормативтік
тәртіпті, мемлекет-билік немесе саяси ұйымдастырылған қоғамды
білдіреді. Мемлекетке саяси сипат тән. Оның саяси ұйым болып табылатыны,
алдымен күшті қолдану ретін белгілейтіндігінде, өйткені ол күшті қолдануда
монополист болып табылады-дейді автор.
Мемлекеттің мәні,адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен
ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын
табуда.Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы,қысым көрсету құралы ретінде
біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда.Қазіргі кезде мемлекет көбінесе
қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде
қарастырылады.Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мелекетті әрбір адамға қайырым
жасауға міндетті,жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде
сипаттайды.
Мемлекет үшін, ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу,оның
әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты
екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге
асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады.Сондықтан
мемлекеттік ұстанымдарға міндетті сипат беретін нормалардың тек оның
құрылымдары мен механизмдері арқылы ғана қалыптасып,бекітілетіндігін атап
көрсету ләзім.Мемлекет өзінің органдары арқылы заңдар мен нормативтік
актілер қабылдап,олардың жүзеге асуын әкімшілік және заңнамалық әдістер
арқылы қамтамасыз етеді.Бұл орайда мемлекет заңды монополияға ие және оны
орындату барысында, керек болса, мәжбүрлеу тәсілін де қолданатынын баса
айту керек.
Мемлекеттің мәні, сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге
асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын- ортақ қажеттіліктерді,
мүдделерді, мақсаттарды айқындаумен және қоғамның мемлекеттік- құқықтық
нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір жағдайда
ұйымдастырып,оларды қолдайтындығында.Бұл аппараттың күрделі құрылымы мен
жан-жақты бағытталған қызметі болуға тиісті.Оның бір бөлігі заң шығару
қызметімен, заңдардың орындалуымен және сот ісін жүргізумен
айналысса,екінші бөлігі мемлекеттің ішкі және халықаралық деңгейдегі
тұрақтылығын,оның әлемдік қауымдастықпен өзара қатынасын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің шығуы туралы теориялардың мәніне тоқталсақ.
Мемлекеттіњ шыѓуын бірнеше теориялар єрт‰рлі т‰сіндіреді. Біз, мемлекеттің
пайда болуы туралы теориялардың ішіндегі ең негізгілеріне тоқталайық.
Теологиялық теория (діни) бойынша, мемлекетті, үкіметті құдай жаратты
деп уағыздады. Бұл теория, өзінің өте ертеде туғандығына байланысты, сол
кездегі пайда болған алғашқы теологиялық мемлекеттердің құрылым нысандарын
көрсететіндері белгілі. Ашып айтсақ, (тереңдіктерін, үстемдіктерін)
шіркеулердің атқарған ролдері, дін иеленушілермен басқару орталықтарына
байланысты бөлінуі.
Бұл теорияның сол уақыттан маңызына тоқталсақ, үкімет басқарушылығын
құдайдың күшіне жатқызу, сол кездегі пайда болған алғашқы қала-
мемлекеттерге күш және беделімен қатар, міндеттілік жүктеді. Бұл теория
шексіз құқығы бар, бір адамның монархиялық күшін уағыздау үшін
пайдаланылған.
Теологиялық теория бұл – мемлекеттің шығуын түсіндіретін теориялардың
ішіндегі ең көнесі. Теологиялық ілімді уағыздайтындар Фома Аквинский, Эйве,
Кост-Флорэ, Лебюфф, ислам идеологтары, католик шіркеу (Жан Маритен және
басқалары) жердегі бүкіл өмір сүретіндер Құдайдың арқасында болып отыр деп
түсіндіреді[5]. Осыдан келіп, құдайға құлшылық етіп, оған табынушылық жасау
керек деген ұғымдар туды. Аталған дінді уағыздайтын қайраткерлердің
пікірінше тіпті мемлекетте өмір бақи өмір сүреді, ол ғұмырлық, сондықтан
халық оған табынып, жалбарынды, бағынуы тиіс. Осыдан келіп, олардың ойын
әрі қарай жалғастырсақ мемлекеттің өзінде, құқықты да құдай жаратқан деп
тұжырымдаған. Бірақ та қазіргі кездегі өркениетті теорияды мемлекеттің
пайда болуына діннің, шіркеу мен діни ғимараттарының әсер еткендігін жоққа
шығармайды.
Сонау көне замандағы тағы да белгілі теорияның бірі – патриархалдық
теория. Платон, Аристотель, Михайловский, Фильмер, т.б. мұнда мемлекеттің
шығу тегін былайша түсіндіреді: мемлекеттің өмірге келуі отбасының бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа ұласуынан туындаған, оның тарихи дамуының нәтижесі
деседі)[7].
Көптеген отбасының бірігуі отбасы басшысының мемлекеттің азаматына
айналғандығын, сөйтіп, биліктің жаңа түрі – мемлекет басшысы – монархтың
пайда болғанын білдіреді. Мемлекеттің басшысы ретінде ол барлық семьялардың
әкесі деп танылады, өз билігін ендігі жерде құқық арқылы, яғни заңдарды
шығару негізінде жүзеге асырады. Ал қалған әрбір отбасының басшысы
мемлекеттік билікті емес, ол тек ата-аналық, жұбайлылық, басқарушылық
билікті ғана атқара алады. Демек, тек өз отбасында ғана билік атқар
жүргізуші ретінде танылады. (яғни мырзаның жалшыға деген билігі). Бұл
теорияның шығуына әрине отбасының ролі мен мемлекеттің қалыптасуы өте
ықпалын тигізгені сөзсіз. Жалпы, патриархалдық теория-мемлекеттің пайда
болуын, құрылымын, отбасының тым өсуіне байланысты және әкенің отбасына
басшылығын, монархтың басшылығымен ұқсастырады. Теологиялық, патриархалдық
теориялар, патшаның, монархтың шексіз басшылықтарын уағыздау үшін
пайдаланылған. Бұл теория, яғни патриархалдық теорияны Греция жерінде
алғашқы рет Аристотельдің еңбектерінде танылған болатын. Кейінгі кездерде
де ағылшын ғалымы Фильмердің “Патриарх” деген еңбегінен көруге болады.
Мемлекеттің пайда болуы туралы табиғи-құқықтық теория – мемлекеттің
пайда болуын адамның табиғи көңіл-күйімен байланыстырғанында. Адам өмірінің
жағдайы және адам баласының өз арасындағы қарым-қатынастар сипаты
өзгертілмей табиғи күйінде, бір жақты емес жағдайда көрсетілген. Гоббс
табиғи күйде жеке адамның бостандық патшалығында, соғысқа қарсылық
барлығына апарады деген; Руссоның айтуы бойынша, бұл бейбіт күйдегі
идеалистік алғашқы қауымдық патшалығының бостандығы; Локктың айтуы бойынша,
адамның табиғи күйі оның тежеусіз бостандығында – деген[6].
Табиғи құқық теориясын жақтаушылардың ойынша, мемлекет халықтың ақылды
еркінің негізінде, адамдар мекемесінің ойлап тапқан заңды актісінің
нәтижесі қоғамдық келісімдер. Сондықтан, бұл теория мемлекеттің пайда болуы
туралы механикалық ойлармен ұштасады. Гольбах қоғамдық келісімді – қоғамды
ұйымдастырудағы және оны сақтауға арналған жағдайлардың жиынтығы деп
түсіндірген.
Келісім теориясы - өзінің классикалық дәлелдеуін Руссоның ғылыми
еңбектерінде тапты. Ол тарихи тәжірибелерге сүйене отырып мынадай
қорытындыға келген: басқарушылар мемлекетті өздерінің меншігі ретінде
санап, азаматтарды өздерінің құлдары есебінде қараған. Олар деспоттарға,
қанаушыларға айналған. Деспотизм, Руссоның түсінуінше ең жоғарғы және
шеттен шыққан қоғамдық ерекше көріністер: байлар мен кедейлердің теңсіздігі
жеке меншіктің нәтижесі, күштілер мен күнсіздердің теңсіздігі, өкімет
басқарудың нәтижесі. Мұндай теңсіздік жаңадан пайда болатын теңдікті
теріске шығарудың себебі болады: деспоттық алдында бәрі бірдей, өйткені
әрқайсысы нөлге тең. Бірақ, бұл бұрынғы қауымдық қоғамдағы адамдардың
табиғи теңдігі емес, табиғи теңдікті бұзып, өзгертіп көрсету.
Руссо өзінің көзқарастарын қорытындылай келіп: Біздің әрқайсысымыз
өзіміздің жеке басымызды және барлық күшімізді жалпы ерікті жоғарғы
басқаруына береміз және біз бірігіп әрбірімізді бөлінбейтін тұтастықтың
бөлігі ретінде қабылдаймыз - деген. Сонымен, қоғамдық келісім шарт
теориясы, әр түрлі себептермен сынға алынады. Мысалы, Коркуновтың айтуы
бойынша, қоғам мен мемлекеттің құрылуын келісімділікпен бастау, қоғам
өмірін өте-мөте жекешелендіріп көрсетеді. Мұндай кезде, жеке адам,
барлығының үстінен қараушы және барлығын белгілеуші. Қоғамдық ортамен жеке
адамды қамтамасыз ету белгіленбеген, керісінше, қоғамдық тәртіп жеке
адамдардың барлығын тұтас қамтыған зорлық-зомбылыққа айналды.
Шершенвичтің пікірінше механикалық ойды жақтаушылардың тарихи шындықты
мойындауы өте сирек кездеседі, себебі қоғамдық келісім олардың түсінігінде
тек әдістемелік жолдарға жатады: Олар үшін тарихта солай болды ма, жоқ па,
маңызды емес, олар үшін маңыздысы, қоғамның қай түрді қабылдағанын
дәлелдеу, егер оның негізінде келісіммен қамтамасыз етілген барлығының
қоғамдық келісімі болмаса, ешкім өмірді, өзін қоғамдық жағдайлармен
байланыстырмайды. Келісім теориясын бағалауда жоғарыдағы көзқарасты
Трубецкой да қолдайды. Оның айтуы бойынша Қоғам ерікті адамдардың
шығармашылық жемісі емес, керісінше, адам тарихи құрылған қоғамдық белгі,
тарихи ортаның нәтижесі, тұтастыќ заңдылыққа бағынған әлеуметтік
организмнің бөлігі.
А.И.Денисов мемлекеттің пайда болуында материалистік теорияны жақтаушы
ретінде “келісім-шарт теориясы тарихқа қарсылық, себебі қоғамдық өмірдің
негізіне индивидтердің, адамды қояды. Сонымен қатар, біржақты теория:
тарихи даму, адамның табиғатына сай болуы қажеттігін баса айтқанымен, өмір
сүруге қажет жаңа жағдайлар туғызу жолында табиғатқа тигізетін әсерін
елемейді”.
Қоғамның және мемлекеттің пайда болуы туралы тұжырымдамалардың
жақтаушылары әдеттегідей бұл теорияны сынға алып, жетістіктерін және
жетпейтін жақтарын көрсетеді. Ол табиғи қажеттілік, себебі, мемлекеттің
пайда болуы, бұрынғы болған және болатын теориялар жеке адамдардың
объективті процестерге субъективті көзқарастары.
Бұл теорияның кейбір тұжырымдары іс жүзінде мемлекеттік құрылыстарда
пайдаланылды. Оған мысал ретінде АҚШ-ты алайық. Оның Конституциясы өзінің
құрамына (мүшелігіне) кіретін халықтар арасындағы заңды келісімді бекітіп,
мынадай мақсаттарын белгіледі:
- құқықтық сотты бекітіп, ішкі тыныштықты қорғау, бірігіп қорғануды
ұйымдастыру. Кеңестік КСРО-да, мемлекеттер арасындағы келісімдер негізінде
құрылған болатын. Сондықтан келісім-шарт теориясының элементтері өзінің
тарихи негіздеріне сүйенеді.
Материалистік (таптық) теория, мемлекеттің пайда болуын, ең алдымен,
қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес түсіндіреді: қоғамдық еңбектің
бөлінуі, қосымша өнімнің және жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның
экономикалықмүдделері, бір-біріне қарама-қайшылығы бар таптарға бөлінуі.
Осы процестердің объективтік нәтижесі ретінде мемлекет пайда болды және
арнайы басқару, басу жолдарымен таптардың қарсылықтарын тежейді және
экономикалық жағынан үстемдік ететін таптың ерекшеліктерін қамтамасыз
етеді.
В.И.Ленин мемлекетті, таптардың арасындағы татуластыратын орган, деген
ойға тікелей қарсы шыққан. Ол “Маркс бойынша мемлекет, таптық үстемдіктің
органы, бір тапты екінші тапқа қанатушы орган” – деп жазған. В.И.Ленин
мемлекеттің мәні қажеттілігі туралы көзқарасын белгілеуде, бірнеше рет атап
айтқаны, мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдік жасауын қолдайтын машина
деген тұжырымға келген[8].
Материалистік теорияның негізі, мемлекеттің пайда болуы, қоғамның
таптарға бөлінуі мен байланыстырылғандығында. Осыдан мынадай қорытындыға
келуге болады: мемлекет тарихи ауыспалы, уақытша құбылыс, ол таптардың
пайда болуына байланысты құрылып, таптардың жоғалуына байланысты олда
еріксіз жоғалуы қажет.
Басқа тұжырымдамалардың өкілдері материалистік теорияны біржақты,
дұрыс теория емес деген пікірде, себебі, ол теория қоғамның құрылуымен
мемлекеттің пайда болуын қамтамасыз ететін психологиялық, биологиялық
адамгершілік, этникалық және сол сияқты басқа факторларды ескермейді.
Ертедегі грек оқымыстылары мемлекет туралы ой толғауларында, оның
жұмысының ерекшелігі адам организміне ұқсатқан. Мысалға: Платон мемлекеттің
құрамын қызметін адам жанының қабілеттілік жақтарымен салыстырған.
Аристотельдің айтуына салыстырған. Аристотельдің айтуына қарағанда,
мемлекет көп жағдайда тынымсыз жұмыс істеп туратын адам организмін еске
салады, соның негізінде адамның жеке-дара өмір сүруін жоққа шығарады.
Өзінің көзқарасын мынадай образдың салыстырулар арқылы түсіндіреді: адам
баласының денесінен қолы мен аяғын алып тастағанда ол өзінше күн көре
алмайды. Сол сияқты адам да мемлекетсіз өмір сүре алмайды.
Органикалық теорияның негізі мынада: қоғам мен мемлекет организм
ретінде түсіндіріледі, сондықтан олардың мәнін түсінуді сол организмнің
құрылымымен қызметінен іздеу қажет. Қоғам мен мемлекеттің құрылымындағы,
қызметіндегі түсінбеушілікті анатомия мен физиологияның заңдылықтарындағы
ұқсастық арқылы түсіндіруге мүмкіндік бар. Органикалық теорияның ХІХ-
ғасырдағы көрнекті өкілдері – Герберт, Спенсер. Олардың ойлары бойынша
мемлекет жеке адамдардан тұратын қоғамдық организм, тірі организм сияқты
клеткалардан пайда болады. Бұл теорияның маңызды жағы мемлекеттің пайда
болуында, өзінің бөліктерімен – адамдармен бір мезгілде өтетіндігінде және
адам баласының қоғамы тұрғанда олар да өмір сүреді. Мемлекеттік билік –
біртұтастықтың өз бөліктеріне үстемдігі, мемлекеттің өз халқының амандығы
қамтамасыз етуі. Егер организм сау болса, оның клеткалары да өзіне тән
қызметін атқарады. Организмнің ауруы оны құрайтын клеткаларға қауіп
туғызады, керісінше ауру клеткалар барлық организмнің тиімді (эффективті)
қызметін төмендетеді[7]. Спенсердің мемлекет теориясы ғылым болу үшін,
табиғи ғылымдардың әдістемелерімен түсінігін қабылдауы қажет деген
пайымдауына, көңіл аударатын объективтік ойлар жатыр.
Біріншіден, әлеуметтік өмірдің заңы, табиғи заңдылыққа сай болады.
Адам қоғамдық болудан бұрын, еркі бар және саналы биологиялық қалыптасқан
(индивид) жеке тұлға ретінде көрінеді. Алдымен ол – табиғатты жолаушы, одан
кейін қоғам мүшесі, одан кейін мемлекеттің азаматы. Әрине, адамның
биологиялық түр ретінде жоғалуы бір мезгілде қоғамның және мемлекеттің
жоғалуына әкеледі. Сондықтан қоғамдық өмірдегі адам баласының дамуындағы
табиғи және әлеуметтік заңдардың гармониясы болуы қажет.
Екіншіден, органикалық теория қоғам және мемлекет түсінігіне жүйелі
белгілер кіргізеді. Оны жақтаушылардың көбісінің ойы бойынша, қоғам және
оның мемлекеттік құрылымы өте қиын жүйе, олар тығыз байланыстағы, бірін-
бірі қамтамасыз ететін бөліктерден тұрады.
Үшіншіден, органикалық теория мен қоғамдық және мемлекеттік өмірді
бөлу және біріктіру негізделген. Оның бір маңыздысы, еңбектің бөлінуі
қоғамның бөлінуіне, таптардың пайда болуына соғатындығы. Ондай жағдай әрбір
экономикалық дамыған қоғамға тән нәрсе. Сонымен қатар интеграция адамдарды
мемлекетте біріктіреді, соның арқасында, олар өз мүдделеріне жетеді және
қорғайды.
Күштеу теориясы. Бұл теорияның шығуы құл иеленуші кезеңнен басталады.
Оны жақтаушылардың ойынша, мемлекет – күштеп, жаулап алудың нәтижесі. Бұл
теорияның дамуы, жетілуі ХІХ-ХХ ғасырларға жатады. Бұл теория бойынша, жеке
меншіктің, таптық және мемлекеттің пайда болуы, ішкі және сыртқы
күштеулерге байланысты, тікелей саяси қимылдың нәтижесі[5]. Мемлекет қанау
органы ретінде, тек сол жеңілгендер мен жеңушілердің арасындағы заңды
айырмашылық жойылмаған елдерде өмір сүреді. Күштеу теориясына тән бөлікті
толықтау сипаттайтын Е.Дюрингтің, Л.Гумпловичтің, К.Каутскийдің ғылыми
еңбектерін атауға болады. Дюрингтің айтуы бойынша, қоғамдық дамудың
негізіне саяси қатынастар нысаны жатады, ал экономикалық құбылыс – саяси
актілердің нәтижесі. Мемлекеттің пайда болуы туралы алғашқы мәліметті
тікелей саяси күштен іздеу керек. Қоғам, Дюрингтің ойынша, ең кемінде екі
адамнан тұрады. Екі адамның еркі сол күйінде, біріне-бірі тең, екеуінің
біреуі екіншісіне ешқандай талап қоймайды. Мұндай жағдайда, қоғам екі тең
адамнан тұрса, теңсіздік және құлдық болуы мүмкін емес. Мемлекеттің пайда
болуын түсіндіру үшін, Дюринг бейне негізінде үшінші адамды қосады, себебі
көпшілік дауыссыз шешім шығаруға болмайды. Ал, ондай шешімсіз, көпшіліктің
азшылыққа үстемдігінсіз мемлекет те пайда болмайды. Оның ойынша үстем
таптардың және мемлекеттің пайда болуы – қоғамның бір бөлігінің, екінші
бөлігіне көрсететін күштеуінің нәтижесі. Австриялық социолог және мемлекет
зерттеушісі Гумплович сыртқы күштеу теориясының өкілі. Ол теория бойынша,
мемлекет – күшті тайпаның әлсіз тайпаны жаулап алуының нәтижесі. Жаулап
алудың негізінде құл иеленушілік пайда болады: бір тайпа екіншіні жеңгеннің
нәтижесінде үстемдікке ие болады. Екінші – жеңілуші тайпа, бостандықтан
айырылып, құлдық жағдайға көшеді. Құлдық – жеке меншіктің және таптардың
пайда болуына әкеп соғады. Жеке меншікпен байланысты және қамтамасыз
етілетін жағдай, көшпенділік өмір жағдайынан, отырықшылдыққа, жер өңдеуге
өту. Мемлекеттік өкімет Гумплович айтқандай, тек күш көрсету нәтижесінде
пайда болады. Бір тайпа басқа тайпаға, өзінің үстемділігін күшіне
байланысты тікелей жүргізіп келген болса, біртіндеп өзінің экономикалық
жағдайына сүйеніп, мемлекеттік тапқа айналады. Осыдан барып жеке меншіктің
пайда болуына байланысты таптарға бөлінді. Каутский де мемлекеттің шығуын
сыртқы күштеуден, соғыстан көреді. Жеңуші тайпа, жеңілген тайпаны өзіне
бағындырады, ол тайпаның жерін иемденеді, одан кейін оларды өздеріне жүйелі
жұмыс істеуге, алым-салық төлуге мәжбүр етеді. Мұндай басып алудың
нәтижесінде таптар пайда болады, ал жеңілушілерді басқару үшін құрылған
күштеу аппараты мемлекетке айналады. Тек сондай сыртқы күштеу бар жерде
таптарға бөліну болады, бір қауымның әр түрлі бөліктерге бөліну себебінен
емес, екі қауымның бірігіп, соның біреуі үстемдік алып, қанаушыға, екіншісі
– езілуші тапқа айналуында[5]. Күштеу теориясында, экономикалық тұжырымдама
элементтері бар екеніне күмән келтіруге болмайды. Дегенмен осы екі көзқарас
мемлекеттің, қоғамның пайда болу себептері бойынша, маңызы жағынан сәйкес
келмейді.Энгельс мемлекеттің пайда болуы – қоғамға сырттан жасалған күштің
нәтижесі емес, оның ішкі дамуына байланысты екендігін дәлелдесе, Дюринг,
Гумплович және басқалар мемлекеттің пайда болуында ішкі және сыртқы
күштердің әсерін бірдей негізге алады. Осы теориялар өздерінің
принципиалдық сәйкессіздігіне қарамастан екеуі де бірдей жалпы негізде
құрылады: экономикалық және әлеуметтік факторлармен қамтамасыз етілген
адамдардың әрекеттеріне негізделген. Күштеу теориясын тек формальды ойларға
сай жоққа шығаруға болмайды, себебі, тарихи тәжірибеге сүйенсек бір
халықты, бір халық жаулап алуының нәтижесінде көптеген тарихи
мемлекеттердің біршама жылдар өмір сүргені шындық. (Мысалы, Алтын Орда).
Әрбір мемлекеттің пайда болуы процесінде ішкі және сыртқы күштер
элементтерінің объективті түрде қатысы бар екендігін айта кетуіміз қажет
(Рим, ертедегі Герман мемлекеті, Киев Русі). Тікелей күштеу Америкадағы
мемлекеттердің пайда болуында шешуші роль атқарды. Солтүстік пен құл
иеленуші Оңтүстік арасындағы күрес АҚШ-тың пайда болуына әкеп соқтырды.
Әрине, мұндай тарихи шындықтар күштеу теориясының шындығын тек біржақты
ғана дәлелдегенмен оның ғылыми тұжырымдамаларын толық шығара алмайтыны
анық. Осыған байланысты маркстік теорияның мемлекет туралы ойларының
айнымалылығын көрсетеміз. Бір жағынан мемлекет бір типтен екінші типке
өтерде, революциялық күштеу жолын қолдаса, екінші жағынан мемлекеттің
құрылуында күштердің ролін жоққа шығарады.
1.2. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен құрылымы және
әдістері
Нысан арқылы біз атқару органдары не үшін құрылатынын жәнс басқару
міндеттері мен қызметін жүзеге асыру үшін не істейтінін білеміз.
Атқару органдарында (лауазымды адамда) өз өкілеттіктері шегінде нақты
басқару жағдайларында өр түрлі әрекеттің бірін жасау мүмкіндігі бар.
Мысалы, заңды шешім қабылдайды, азаматтың өтінішін қарастырады, шешеді,
тіркейтін, бақылайтын және қадағалайтын қызмет атқарады. Міне осындай
әрекеттерден басқару субьектісінің құзіреті, яғни міндеттері мен
өкілеттіктері көрінеді. Ең бастысы олардың жасаған басқару өрексттері
сыртқы көрінісін табуьі тиіс. Сыртқы көрінісін таппаса онда оның белгілері
нетиже бермегені.
Сондықтан басқару нысаны дегеніміз атқару органдарының
(лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі бір нәтиже сыртқы
көрінісі бар әрекетін айтамыз. Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты
бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік
қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару
органдарысубьектілерінің әрекеттері өздерінің сипаты мен мақсаттары)
байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін
көреміз.
Басқару нысаны, яғни жалпымемлекеттік билікті ұйымдастыру
бойынша парламенттік және президенттік республикалар болып бөлінеді.
Сонымен бірге аралас нысандары да кездеседі:жартылай президенттік
республика және парламенттік монархия. Ол билікті бөлу қағидасын
мойындау мен оны жүзеге асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты. Парламенттік республикада сайланбалы заң шығарушы орган
белгілі басымдыққа ие. Үкімет парламент арқылы құрылады және соның
алдында есеп береді ( Италия,Германия). Премьер-министрдің лауазымы бар
парламенттік монархиядағы заң шығарушы және атқарушы биліктің құрылу
механизмі мен арақатынасы да осындай.
Парламенттік монархия мемлекеттік билікті жүзеге асырудың
барлық саласында монархтың мәртебесінің ресми және нақты шектелуімен
ерекшеленеді. Заң шығарушы билік толықтай парламентке тиесілі, ал
атқарушы билік өз қызметі үшін парламенттің алдында жауапты
үкіметтің қолында шоғырланады. Үкіметтің құрылуына монарх қалыптасқан
дәстүрді сақтау мақсатында ғана қатысады. Ұлыбритания, Жапония,
Дания, Голландия, Швеция сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық
мемлекеттер қатарында саналады.
Президенттік республикада заң шығарушы орган ( конгресс
немесе басқа атауы бар орган) және атқарушы биліктің басшысы (ол
мемлекеттің де басшысы) халықпен сайланады, олар өз қызметтерінде
тәуелсіз, бірақ бір-бірін тежей отырып, қоғамды билеудегі тепе-
теңдікті қамтамасыз етеді ( АҚШ, Аргентгина Мексика және т.б. елдер).
Бөлінген мемлекеттік билік органдарының қызметін және өзара іс-
әрекетін төреші және кепілгер ретінде қамтамасыз ететін
Ресейдегі,Франциядағы және басқа да елдердегі мемлекет басшылары -
президенттер ерекше мәртебеге ие. Мұндай елдерде үкімет негізінен
президент алдында жауап береді.
Жалпымемлекеттік биліктің басқару нысанын, құрылымын,
функцияларын және басқа да параметрлерін таңдау мемлекеттік
басқаруға ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің ішкі құрылымын, оның
құрамдас бөліктерге әкімшілік-аумақтық бірліктерге, автономдық саяси
құрылымдарға немесе егеменді мемлекеттерге бөлінуін білдіреді. Ол
сонымен қатар жалпы мемлекет пен оның жеке бөліктерінің
арақатынасын сипаттайды. Мемлекеттік құрылым нысандары бойынша
мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінеді.
Унитарлық мемлекет – біртұтас мемлекеттік құрылым. Мемлекет бұл
жағдайда мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі арқылы
басқарылатын әкімшілік-аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді.Оларда
автономдық құрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті дамыған өзін-
өзі басқару болуы да мүмкін. Мұндай мемлекетке бүкіл елге ортақ
мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының, сот жүйесі мен
конституцияның болуы тән. Ұлыбритания, Франция, Италия, Венгрия,
Монғолия және тағы басқа мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің
қатарына жатады.
Федерация мемлекеттік құрылымның күрделі нысанын құрайды.
Федеративті мемлекет - басқа мемлекеттерден немесе мемлекеттік
құрылымдардан - федерация мүшелерінен (штаттардан, кантондардан,
одақтас немесе автономдық республикалардан) тұрады. Мемлекеттік
құрылымдардың әрқайсысының әкімшілік-аумақтық бөлімдері болады. Барлық
федерацияға ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы
органдарының болуы және қызмет етуімен қатар олардың аумағында
өздеріне тиесілі мемлекеттік басқарудың жоғарғы және жергілікті
органдары әрекет етеді. Осыған сәйкес конституциясы, басқа федералдық
заңдары, сот, прокуратура және өзге де органдары болады. Жоғарыда
айтылған анықтамаларға сәйкес Қазақстан – біртұтас, ал Ресей
федеративті мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылымның басқа нысандарымен салыстырғанда
конфедерация сирек кездессе де, маңыздылардың бірі болып табылады. Ол
толығымен өз дербестігін сақтайтын, жеке билік, басқару және әділ
сот органдары бар мемлекеттердің бірлестігін немесе одағын
білдіреді. Бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру үшін конфедерация
мүшелері біріккен органдар құрады. Бұл органдар міндетті түрде
белгілі бір сфераларда қызмет атқарады және нақты саяси,
экономикалық, әскери мақсаттарды көздейді. Конфедерация көбіне
мемлекеттердің федерация құру жолындағы аралық буын ретінде
қарастырылады. Мысалы, Швейцария- 1818-1848 жж. конфедерация болды,
кейін ол конфедерация атауымен федерацияға айналды. Конфедерация
белгілері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында да кездеседі.
Билік басындағы жіктердің немесе таптардың, атап айтқанда
буржуазияның барлық елдерде басқарудың екі жүйесін, өз мүддесі үшін
күресудің және өз үстемдігін қорғаудың екі әдісін өзгеріссіз
туындататындығы туралы тезистің әділдігін саяси режим толықтай
растап отыр, сонымен бірге осы екі әдіс бірін-бірі ауыстыра, кейде
әр түрлі үйлесімде ұштасып кетеді. Бұл біріншіден, зорлық көрсету
әдісі, жұмысшы қозғалысына жол беруден бас тарту әдісі, барлық
елдерді және ескі мекемелерді қолдау әдісі, реформаларды мойындамау
әдісі. Екінші әдіс- либерализм әдісі, саяси құқықтарды дамытуға,
реформаларға қадам басу және т.с.с. Әр түрлі елдерде мемлекеттік
билікті жүзеге асырудың осы әдістерінің қайсысы қолданыста
болатындығына байланысты саяси режимдердің тарихта бірнеше түрі
белгілі, атап айтқанда, авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық.
1.3. Мемлекет нысандары қалыптасуының үлгілері (моделі)
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар
әсер етедi. Бiрiншi жағдайда географиялық, климат, тарихи факторлар әсер
еттi деп айтуға болады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның
шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны
екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк
мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екенi
байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзен-
дермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте — Нiл, Вавилонда — Тигр
және Евфрат, Їндiстанда — Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада —
шектелген монархия немесе республика кұрылған. Ежелгi демократиялық
республикалар Жер орта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны
жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi - Ресей және Қытай
сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық
жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн
тигiзедi. Ежелгi - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi (Ману заңдарында, Салистiк
жинағында - Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында - Русская
правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Їндiстанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын жөне олардың айтқан ақылдарын тыңдауы
мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық
мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн
сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс
кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон,
Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы дамыған кезде,
жағдай тыныш уақытта демократиялық әдiстер жақсы қолданатыны мәлiм (Греция,
Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Їндiстан,
Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттiк құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр
ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы,
Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Гер-манияның мемлекеттiк
процесiн және тарихын жақсы бiлiу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм
кезеңiнен Гер-манияның капитализмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң
қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады[1].
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -түрiктер, бергi
атасы - қыпшақтар өмiр сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң
тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы
бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң
арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер
етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия
мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-
мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге
көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа
континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген
конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны белгiлi. Ал АҚШ өзiнiң
көршi мемлекеттерiне және посттотали-тарлық мемлекеттерге президенттiк
республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк
республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi
және жүргiзген саясаты әсерiн тигiзедi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және бас-қаларын еске алсақ дұрыс болады.
Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа
үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
Мемлекеттiң дамуына дiни факторлары да әсерiн тигiзедi. Мұсылман,
католик, христиан, буддистiк мемлекеттердiң өздерiне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттiң сыртқы формасын анықтау үшiн көп фактiлердi терең
зерттеу керек.
Оқу әдебиетiнде мемлекеттiң нысаны көбiне үшке бөлiнедi — басқару
нысаны, мемлекеттiң құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негiзiнде,
мемлекеттiң нысаны тарихи кезеңмен және әрбiр мемлекеттiң ерекшелiктерiмен
байланысты екенi мәлiм. Сондықтан мемлекеттiң әрбiр нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердiң дамыған кезiнде осы үш элементтерiнiң
бiреуi бiрiншi орынға шығады. Қазiргi Ресейде мемлекеттiң екiншi элементi -
Ресей федерациясының негiзгi принциптерiн сақтау үшiн Шешен республикасымен
соғыс әдiсiн қолданғаны белгiлi. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негiзгi принциптерiн сақтау үшiн iстелген саясат. Бұл мемлекеттiң
құрылым нысанын бiрiншi орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстiк
пен Оңтүстiктiң арасындағы соғыс кезiнде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттiң негiзгi нысаны болды. Фашистiк режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимi бiрiншi орынға шығады. Бейбiтшiлiк кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттiң сыртқы жағдайын белгiлейдi[2].
Мемлекеттiң басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергiлiктi
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап бередi. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екi түрге
бөлiнедi.
Монархия жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк
мұрагерлiкпен берiледi. Монархияның белгiсi: мемлекеттi басқаратын адамның
билiгi оған әкесiнiң немесе басқа туысқан-дарының қолынан көшуi, тиюi.
Сондықтан оның билiгi — мұралық билiк. Тақтың көшуiнiң екi әдiсi бар: шығыс
және кейбiр Еуропа мемлекеттерiнде тақ тек ер адамдарға берiледi. Ал
көпшiлiк Еуропа мемлекеттерiнде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
берiле бередi (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуi
мүмкiн; Наполеон, Каролингтердiң тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм
Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттiк төңкерiс ұқсас даңқты революциясынан
кейiн заңды патшаның қолынан билiктi алғаны белгiлi.
Монархияның көшуiнiң үшiншi түрi бар, монарх бiрнеше ақсүйектердiң
тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екi монарх болған мемлекеттiк
басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистiк
партияның басшысының билiгi монархтың билiнiнен де күштi болды. Сонымен,
монархтың билiгi көбiне мұрагерлiк билiкке жатады, ол өзiнiң қызметiне
құдайдан басқа ешкiмнiң алдында жауапты емес, ол мемлекеттiң басшысы,
құқықтың қайнар көзi, оның атынан сот, мемлекеттiң атқару функциялары
жүзеге асырылады, ол әскердi басқарады, мемлекеттiң атынан шарт құрады.
Монархтың бiрнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау,
мемлекеттiң мiндетi. Мысалы, Англияның королiне 1660 жылдан бастап цивилдiк
қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретiн болды. Корольдердiң
сарайлары киiмдерi, әскерлерi мемлекеттiң мiндетiнде болды. Корольдi асырау
мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан
басын тартқысы келмейдi. Қазiргi Англияның королi — Елизаветаның мұра
жалғастыратын балаларының абыройы өте күштi болмады, екi баласы және қызы
некесiн бұзып ажырасып кеттi[3].
Монархия екiге бөлiнедi: шексiз және шектелген монархиялар. Шексiз
монархия — монархтың билiгiн басқа мемлекеттiк орган шектемейдi, жоғарыда
айтылған билiктiң бәрi соның қолында. Бiрақ шексiз монархияның да бiрнеше
түрлерi бар. Ең бiрiншi шексiз монархия - Шығыс деспотиясы (Египет,
Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күдiгi экономикалық
функциялары жиналған, ал бұл билiк осы айтқан мемлекеттердiң географиялық
және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет
мемлекетiнде номдардың бәрiн фараон бiрiктiрiп, Нiл өзенiнде суару
жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметi өте
күштi билiктiң кажет екенiн туғызды. Сондықтан, фараондардың билiктерi
шексiз болатын: ол Ра кұдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида
салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, дiни, сот, әскери қызметтерiн
басқарған. Тарихта кездескен шексiз монархияның екiншi түрлерi көне
дәуiрдегi мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексiз
монархия республиканың орнына келдi. Императордың да билiгi өте күштi,
бiрақ оны күшейтетiн жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта
ғасырларда шексiз монархия феодализмнiң соңғы кезiнде пайда болды. Ең күштi
феодалдық шексiз монархияларға Людовик Х1Ї, Петр Бiрiншi, Екатерина Екiншi,
Елизавета Бiрiншi, Фридрих II, Эдемi Сулейман монархиялары жатады. Людовик
Х1Ї мемлекеттi 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет дегенмен" - сөз
бүкiл Еуропаға мәлiм болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзi жұмсады,
заңды өзi шығарды, парламенттi жинамай мемлекеттi, әскердi де сотты да өзi
басқарды. Ол өмiр бойы көршi мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық
өзi жүргiздi. Бiрақ феодализмнiң шексiз монархияларының мемлекетке iстеген
жақсылықтары да көп едi. Қазiргi жаңа ғасырларда шексiз монархиялар өте
сирек кездеседi (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбi шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билiгi басқа бiр органмен немесе заңмен шектеледi. Шектелген
монархия шығыс мемлекеттерiнде кездеседi, мысалы, Їндiстан. Їндiстанның
патшасы екiншi кастаға жататын — критерилерге, ол брахмандардың айтқан
ақылдарын және олар құрған Кеңесiн сыйлауға тиiстi. Патша брахмандардың
жеке меншiгiне тисуге құқығы жоқ, оларды өлiм жазасына кесе алмайды, заң
шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесi қатыспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерiнде сословиелiк-өкiлдiк монархиялар
пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шiркеу
қызметкерлерi, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда -
буржуазия. Осы сословиелер өздерiнiң мүдделерiн қорғайтын сословиелiк
органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл
органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келiсiмiн беретiн, одан кейiн
қызметiн күшейтiп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейiн заң шығару
билiгiн өзiне қаратты. Жапония мемлекетiнде импе-ратордың билiгiн сегун
деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма "сегунат" деп
аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп
аталады. Оның екi түрi бар: дуалистiк және парламенттiк монархия. Дуалистiк
монархияда мемлекетаттi басқарған екi топтың күшi тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейiн, оның бiрiншi кезеңiнде бұрынғы корольдер
билiктерiнiң жартысынан айырылды, оған бiрiншiден заң шығару билiгi жатады.
Мысалы, Франция мемлекетiнде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң
шығару билiгiн жоғалтты, ол Їлттық жиналыстың қолына көштi. Бiрақ оның
қолында қалған билiгi әлi күштi едi: ол әскердi өзi басқарды, осыны
пайдаланып өзiнiң халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерiн, министрлердi
және атқару билiктi өзiне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және
парламентi таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттiк билiк екiге бөлiндi:
парламент буржуазияның мүдделерiн қорғады, ал король феодалдардың. Бiрақ
тарихи процесс объективтiк түрiнде парламенттi жеңiске жеткiздi де,
дуалистiк монархия парламенттiк монархияға айналды[4]. Парламенттiк
монархия бiрiншi Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейiн Құқық туралы
Билль деген (1689ж.) конституциялық занда осы мемлекеттiк басқару нысаны
пайда болды. Қазiр Еуропа мемлекеттерiнiң көбi осыған жатады: Бельгия,
Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттiң басшысы. Ол
парламенттiң келiсiмiнсiз көп мәселелердi шеше алмайды. Парламенттiң
төменгi палатасына көп орын алған саяси партия өзiнiң өкiметiн құрады. Сол
партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр
кабинетiн өзi кұрастырады, король оған тек келiсiм бередi. Кабинет королдiң
алдында емес, парламенттiң алдында жауапты. 1997 жылы Англияда
консервативтiк партия сайлауда лейборис-терден жеңiлiп, 18 жыл Англияны
басқарғаннан кейiн оппозицияға кеттi. Парламент корольдiң мұқтажына керек
ақшаны бөледi, оның жеке өмiрiне де қатысады. Бiрақ көп мемлекеттер
монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескiлiк немесе керек емес мемлекеттiң
элементi деп санамайды. Монарх — мемлекеттiң көркi, тұрақтылығы, сәнi,
ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сон-дықтан, кейбiр мемлекеттер жойылған
монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлiм (Испания 1975, Англия).
Қазiргi Ресей, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz