Бухгалтерлік есеп нысандары


Жоспар

Кіріпсе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 тарау. Бухгалтерлік есеп мәні, мақсаты, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4.Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі ... .
2.2.Құжат айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4. Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметінің
негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Бухгалтерлік есеп нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар ...
2.7. Есеп саясатының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 тарау. Қаржылық инвестициялар және жүргізілетін опепарциялар
3.1. Қаржы салымдары есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Касса операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.Валюталық шоттардың ақшалар қозғалысының есебі ... ... ... ... ... ..
3.4.Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі ... ... ... ... ... ... ..

4 тарау. Дебиторлық борыштар есебі
4.1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі ... ... .
4.3.Күмәнді дебиторлық борыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе

Бухгалтер – болу үшiн дұрыс есептей бiлу,
басқара бiлу жеткiлiксiз, ол үшiн ұйымның
тиiмдiлiгiн арттырудың жолын және
әдiсiн ойлап таба бiлу қажет.
Дж.Мэй

Бухгалтерлiк есеп туралы белгiлi ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлiк есеп барлық ғылымдар мен өнердiң ең алдында тұрады, баслалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшiн олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсiз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бiрiн-бірі түсінбес едi» — деген болса, оның әріптесi П. Самуэльсон «Біздiң ғасырымыз – машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады», — дейдi. Ал осы, ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки «Есеп — бұл барлық бизнестің тіл, яғни философиясы»,— деп айтса, Л. Фон Мизес «Есеп — бұл бизнестiң ар-ожданы, ұяты», — деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтiн, есептейтiн және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткiзіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлiк есеп басқару жүйесiнде ең маңызды орындардың бірін иеленедi. Бұған дәлел ретiнде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы, өткізген конференциясында Есептей алмаған, басқара алмайды», — деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтерi мен міндеттемелерi, капиталы және өндірiлген өнімдерi мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірiстері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесiн анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы iшкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсiпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткiзiп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды iшкi пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушшыларға жеткiзiп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәлiметтерiн кәсiпорын басшылары қандай да бiр шешiм қабылдау үшiн пайдаланатын болса, арқылы есептiң мәлiметiн бұлармен қоса жабдықтаушы (мердiгер) кәсiпорындар, банк мекемелерi, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшiн қаржылық есеп мiндеттi түрде жүргiзiлетiн болса, басқарушы есептің жүргiзiлуi және оның тәртібi әрбір кәсiпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгiнгi таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуiне байланысты жаңа кәсiпкерлiк қызметтердiң пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлiк есептiң; маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлiк есептiң мазмұны мен құрылымына өзгерiстер енгiзілдi. Елiмiздегi жүргiзiлiп отырған бухгалтерлiк есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне, осыларды ескере отырып, бұрын есепшi деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсiпорынның алдағы уақыттағы экономикалық, әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білу қажет. Сондықтан да кез- келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол кездегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепiлдік береді. Осыдан да болар ғалым Дж. Мэйдiң «Бухгалтерлiк есеп эрасы басталды», —деп айтуы. Сонымен қатар жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілi ғалымдар Б. Де Солозано, П.Самуэльсон, Дж. Мэй, мен Р.А. Фаулкидiң және Л. Фон Мизестердiң сөздерiн ескерсек, бұл дипломдық жұмыста, «Кез келген саладағы шаруашылықты жүргiзуде жақсы нәтижеге қол жеткiзу үшiн сенімдi кеңес беретін және дұрыс жол сiлтейтiн жалғыз ғана бухгалтерлiк есеп», - деп данышпан ғалым Цирул бекер айтпаған болар.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Бухгалтерлiк есеп және iаржыльщ есеп беру туралы» 2002 жьтлгы
24 маусЫтмдагЫи Казаiстан Республжасывьщ К309-1I зацьи.
2. Қазақстан Республикасы Президентiпiц <Қазақстан Реслубликасьнщагы аудиторлыи iщзмет туральл> 1998 жылгы 20 iарашадагы 1й20 зац куiлi бар Жарлыгы (2001 жылгьи 15 iарашадагы озгертулер және тольщтырулармен).
3. хСалын және бюджетке толенетiн басiщ дамiцдеттi толемдер туралы»
2001 жылгы 12 маусымдагьи ]Ч2209-ТТ Қазақстан Республикасьивьщ Салъщ кодексi.
4. Қазақстан Республикасы Презвдентiнiц «Акционерлiк огамдар туралы» 1998 жылгьт 10 шiлдедегi Ъ28 11 зац купи бар Жарлыгы.
5. Бухгалтерлiк есеп стандартгарьи. Қазақстан Реслубликасьшьщ лттьщ комиссиясы. — Адматы, 1996-2003 ж.
6. Хальщаральщ iщржьтлыи есеп беру стандарттары. (Аудармаилы Тарусияа В.И.), — М., 1998.
7. Хальщаральщ бухгалтерлiк есеп және аудит стандарттары. (Курастьирушы Ралопорт М.М.), — М., 1992.
8. Бухгалтерлiк есептiң тилтiк шоттар жоспарьт. }азажстан Реслублшсасы Қаржы министрлiгiнiц 2002 жьилгъi 18 iырк’тйектегi .1’Г43 8 бйрыгымен бекiтiлгеп.
9. Абленов д.О. Основы аудита. — Алматы: Экономика, 2003.
10. Ажибаева ЗН. Аудит. —Алматьи: Экономика, 2004.
11. Алдреев В.д. Практический аудиг. —М.: Экономика, 1994.
12. Андросов А.М. Бухгалтерсквй учет. — М.: Фшансьи и статистика, 1996.
13. Вбдiмаяапов ее. Бухгалтерлiк есеп теориясы жопе ттринциптерi.
—Алматы: АйАН, 2001.
14. Безруких П.С. Бухгалтерский учет. — М., 1996.
15. Блейк Д., Амат О. Европейский бухгалтерский учет: Справочник:
Пер. с англ. — М., 1997.
16. Ван Хорн Дж. К. Основы управления флнансами. — М.: Финансы и статистика, 1996.
17. Дiосембаев К.Ш., Егембердиева СК, Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. — Алматьи: Қаржы-аражат, 1998.
18. Ержанов МС., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. — Алматы: Ержанов и К, 2003.
19. Кирьянова З.В. Теория бухгалтерского учета. — М.: Финаксьи и статистика, 1998.
20. Колдраков Н.П. Бухгалтерский учет. — М., 1996.
21. Кокдраков Н.П. Бухгалтерскяй учет, анализ, хозяйственной деятельности и аудит. — М.: — Перспектива, 1994.
22. Кеулвмжаев К.К. Корреспонденция счетов. — Алматы: БК[{О, 2000.
23. Кеулимжаев К.К. и др. финансовый учет на предприятия (Под редакции Р.М. Рахямбековой). — Алматы: Экономика, 2005.
24. Кеулiмжаев I.К., Эжiбаева ЗН., Кдайбергенов Н.А., Жалтаева А.А. Iаржыльщ есеп — Алматьи: Экономика, 2001.
25. Кеулiмжаев I.К., Толегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Кдайбергенов Н.А. Субъектiнiц жаржы-шаруаiдыльщ кызметi бухгалтерлiк есепшотгарьшьщ корреспондеiщяясы. Алматы: — Экономика, 1998.
26. Кутер МИ. Бухгалтерскяй учет: основы теории. —М.: 1997.
27. Кутер М.И. Теория и приiщшiы бухгалтерского учета. — М.: Финансьт и статистика, Экспертное бюро, 2000.
28. Кузьмиииски’гй А.Н. Теория бухгалтерского учета. Киев, 1990.
29. Крятова Л.А., Эргашев Х.Х. Бухгалтерскяй учет основы теории.
—М.: Маркетинг, 1999.
30. Козлова Е.П., Парашутин Н.В., Бабченко ТП. Бухгалтерсккй учет в промьплленiюсти. — М.: 1995.
31. Ларионов А.Д., Ерофеева ВА., Леонтьева Ж.Г., Станков П.А. Бухгалтерский учет. — М: ГРОССБУГ — Проспект,1998.
32. Малькова ТИ. Древняя бухгалтерия: какой она была? — М., 1995
33. Макаров В,Г. Теоретические основы бухгалтерского учета. — М.:
Филансьи, 1978.
34. Мюллер Г., Гернон Х., Миик Г. Учет: международная перспектива. — М., 1996.
35. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов.
— Алматы: Экономика, 2005.
36. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Д. Принцивы бухгалтерского учета: Пер. с англ. / Под ред. ЯВ. Соколова. — М.: Финансы и статистика, 1996.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 81 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1200 теңге
Таңдаулыға:   




Жоспар
Кіріпсе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 тарау. Бухгалтерлік есеп мәні, мақсаты,
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4.Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі ... .
2.2.Құжат
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.3. Мүлікті және міндеттемелерді
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметінің
негізгі
көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
2.5. Бухгалтерлік есеп
нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар ...
2.7. Есеп саясатының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 тарау. Қаржылық инвестициялар және жүргізілетін опепарциялар
3.1. Қаржы салымдары
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2.Касса операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3.Валюталық шоттардың ақшалар қозғалысының
есебі ... ... ... ... ... ..
3.4.Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар
есебі ... ... ... ... ... ... ..
4 тарау. Дебиторлық борыштар есебі
4.1. Дебиторлық борыштар есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі ... ... .
4.3.Күмәнді дебиторлық
борыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

Кіріспе

Бухгалтер – болу үшiн дұрыс есептей бiлу,
басқара бiлу жеткiлiксiз, ол үшiн ұйымның
тиiмдiлiгiн арттырудың жолын және
әдiсiн ойлап таба бiлу қажет.
Дж.Мэй

Бухгалтерлiк есеп туралы белгiлi ғалым Б.Де Солозано Бухгалтерлiк есеп
барлық ғылымдар мен өнердiң ең алдында тұрады, баслалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшiн олардың ешқайсысы қажет емес және де
бухгалтерлік есепсiз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бiрiн-бірі
түсінбес едi — деген болса, оның әріптесi П. Самуэльсон Біздiң ғасырымыз
– машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады, —
дейдi. Ал осы, ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки Есеп — бұл барлық
бизнестің тіл, яғни философиясы,— деп айтса, Л. Фон Мизес Есеп — бұл
бизнестiң ар-ожданы, ұяты, — деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның
қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтiн, есептейтiн және оны
пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткiзіп беріп отыратын жүйе
болып табылады. Бухгалтерлiк есеп басқару жүйесiнде ең маңызды орындардың
бірін иеленедi. Бұған дәлел ретiнде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы,
өткізген конференциясында Есептей алмаған, басқара алмайды, — деген сөздің
жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп
ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау
секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп
кәсіпорынның активтерi мен міндеттемелерi, капиталы және өндірiлген
өнімдерi мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірiстері мен шығыстарын және
шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесiн анықтауға болады.
Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы iшкі) есеп болып екіге
бөлінеді. Басқарушы есеп кәсiпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі
пайдаланушыларға жеткiзiп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда
айтылған қаржылық ақпараттарды iшкi пайдаланушылармен қатар сыртқы
пайдаланушшыларға жеткiзiп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің
мәлiметтерiн кәсiпорын басшылары қандай да бiр шешiм қабылдау үшiн
пайдаланатын болса, арқылы есептiң мәлiметiн бұлармен қоса жабдықтаушы
(мердiгер) кәсiпорындар, банк мекемелерi, салық органдары және тағы да
басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшiн қаржылық есеп мiндеттi түрде
жүргiзiлетiн болса, басқарушы есептің жүргiзiлуi және оның тәртібi әрбір
кәсiпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгiнгi таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуiне байланысты жаңа
кәсiпкерлiк қызметтердiң пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлiк есептiң;
маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлiк есептiң мазмұны мен
құрылымына өзгерiстер енгiзілдi. Елiмiздегi жүргiзiлiп отырған бухгалтерлiк
есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай
орындалады. Міне, осыларды ескере отырып, бұрын есепшi деп саналып келген
бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп
отырумен қатар кәсiпорынның алдағы уақыттағы экономикалық, әл-ауқатын
дамыту жолдарын жоспарлай білу қажет. Сондықтан да кез- келген елде
бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол кездегі ұйымдардың
экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепiлдік береді. Осыдан да болар ғалым
Дж. Мэйдiң Бухгалтерлiк есеп эрасы басталды, —деп айтуы. Сонымен қатар
жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілi ғалымдар Б. Де Солозано,
П.Самуэльсон, Дж. Мэй, мен Р.А. Фаулкидiң және Л. Фон Мизестердiң сөздерiн
ескерсек, бұл дипломдық жұмыста, Кез келген саладағы шаруашылықты
жүргiзуде жақсы нәтижеге қол жеткiзу үшiн сенімдi кеңес беретін және дұрыс
жол сiлтейтiн жалғыз ғана бухгалтерлiк есеп, - деп данышпан ғалым Цирул
бекер айтпаған болар.

1 тарау. Бухгалтерлік есеп мәні, мақсаты, маңызы
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлiк есеп өзiнiң бастауы сонау ХII ғасырдан алады. Бұл ғылым
туралы алғашқы түсiнiк шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған.
Бухгалтерлiк есептiң алғашқы негiзiн салушы және дамытушысы Француз манахы
Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлiк есеп туралы 1493 жылы Шоттар
және жазулар деген трактаты жазған. Ал бухгалгер терминi ХV ғасырда
Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлiк есеп — ұйымның қаржылық
ақпараты белгiлi бiр (белгiленген) әдiстерi мен тәсiлдерi бойынша
есептейтiп, өлшейтiн және оны өндеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсiпорының
жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы
уақытта iстелiнетiн жұмысы жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның
болашаққа атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi жүйе
болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есептi бүтiндей халық шаруашылығы
есебiнiн ең басты және негiзгiсi деп айтуымызға болады. Бухгалтерлiк есеп
ғылымының шығу тарихы ертеден басталған. Ол бұдан көптеген жүз-жылдықтар
бұрын қайда болып, бүгiнгi күнге дейiн әрбiр кезеңдердiң уақыт талаптарына
сәйкес дамып келедi. Тайпалар арасындағы шаруашылық операцияларына
байланысты табылған жазулардан бухгалтерлiк есеп бiздiң заманымызға дейiнгi
V ғасырда жүргiзiлдi деген деректер бар. Ал бiздiң заманымызға дейiнгi ІІ
ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептелiп, салынған
‚үйдiң (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының
квесторлары мемлекеттiк бухгалтерлердi бақылау, оның қорытындысы емтихан
қабылдаушы тындаған. Осыған аудитор деген термин пайда болгав, Мiне, осы
жогарьща айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік есептiң тек қана
кәсiпорын жұмысының бiр бөлiгiн атқарып қана қоймай, тұтас мемлекеттi
басқаруға қатысы бар екендiгiн дәлелдеуiмiзге болады. Сондықтан да болар
көрнектi ғалым Б. Де Солозаноның Бухгалтерлiк есеп болмаса әлемдi басқару
мүмкiн емес және онсыз адамдар бiрiн-бiрi түсiнбес едi — деген.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру
туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негiзгi
принциптерi мен жалпы тәртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын
бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге
мiндеттi.
Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық
мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк
есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға
және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни
кәсiпорындағы шаруашылық үдерiстердiң барлығы басынан соңына дейiн
есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және
технологиялық үдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының
да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлiк есептiң негiзi болып
табылады. Жалпы бухгалтерлiк есеп кәсiпорында мынадай қызмет атқарады:
✓ болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшiн ұйымда болып жатқан
операцияларды тiркеп және оны өңдеп отырады;
✓ ұйымның қаржылық-ақпараттық мәлiметiн өңдейдi, сондай-ақ оны
керек уақытына дейiн сақтайды;
✓ қаржылық-ақпараттың мәлiметтi пайдаланушыларға уақытша берiп
отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы
ұйымды басқару барысында түрлi шешiм қабылдайды.
Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылығы
бiлмегеннің салдарынан бұл екеуiн шатастырып алатындар да жиi кездеседi.
Бұлар iс-тәжiрибеде өз қызметтерi барысында бiрiн-бiрi ауыстырып
отыратындығы рас. Бiрақ есепшiнiң негiзгi мiндетi шаруашылық операцияларын
есептеу, тiркеу және бухгалтерлiк құжаттарды, ақпараттың мәлiметтердi
сақтау ғана болса, ал бұл мәлiметтердi өңдеп, оған экономикалық талдау
жасап және оны пайдаланушылардың талдауына ыңғайлы да тиiмдi етiп жеткiзiп
берiп отыру бухгалтердiң мiндетi болып табылады.
Кәсiпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негiзгi
кәсiби мiндетi пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлiк-ақпараттың
мәлiметтердi уақтылы, яғни дер кезiнде беру (ұсыну) болып табылады.

1.2. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың рөлі
Бухгалтерлiк есеп кәсiпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға
берiлетiн қаржылық-ақпараттық мәлiметiнiң көлемiне және мiнездемесiне қарай
ұйымдастырылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi пайдаланушылардың қатарына қаржы
салымшыларын (инвесторларды), несие берушiлердi (банк немесе банктен тыс
мекемелер) және бірлесiп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады.
Осы жоғарыда аталған кәсiпорындардың ақпаратын пайдалалушылар маңызды
басқарушылық шешiм қабылдау барысында кәсiпорының қаржылық есебiне
сүйенедi. Негiзiнен кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттың
мәлiметiн пайдалалушыларды төмендегiдей екi топқа бөлiп қарастырады:
✓ iшкi пайдалалушылар;
✓ сыртқы пайдаланушылар
Ішкi пайдаланушыларға осы кәсiпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал
сыртқы пайдаланушыларға осы кәсiпорында қызмет атқармайтын, бiрақ оның
қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Сондай-ақ осы қаржылық-атқаратың мәлiметтердi пайдаланушылардың өзi
төмендегiдей санатқа бөлiнедi:
✓ кәсiпорынды басқарушылар (басшылар);
✓ кәсiпорыннан тыс орналасқан, бiрақ оның қаржылық жағдайына
тiкелей қызығушылығы бар тұлғалар;
✓ кәсiпорынның қаржылық қызметiне жанама қызығушылығы бар
тұлғалар.
Кәсiпорынды басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуiне
және оның қызметiне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға:
кәсiпорынның иесi,кәсiпорының басшысы, директорлар кеңесiнің мүшелерi,
менеджерлер, бөлiм басшылары және тағы да басқалар жатқылады. Бұл аталған
санатқа жататын адамдарды кәсiпорының:
✓ соңғы есептi жылдағы таза пайдасының көлемi (мөлшерi); нақты
алынған табыс көлемiнiң жоспармен сәйкестiлiгi;
✓ өндiрген әрбiр түрлi өнiмнiң өзiндiк құны;
✓ қызметтің қандай түрiнен табыс көбiрек алынатындығы және тағы да
басқа жағдайлар қызықтырады.
Кәсiпорыннан тыс орналасқан, бiрақ оның қаржылық жағдайына тiкелей
мүдделi тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушiлер,
жабдықтаушылар және басқалар есептелiнедi. Бұл тұлғалар өздерiнің салған
салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтерi, сондай-ақ берген
несиелерiнiң уақтылы қайтарым шартын бiлу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы
мен төлем қабiлеттiлiгiн зерттейдi. Ал кәсiпорынның қаржылық қызметiне
жанама мүдделi тұлғалардың қатарына: салық органы, министрлiктер мен
агенттіктер, аудиторлар, сақтандыру компаниялары, сатып алушылар мен
тапсырыс берушiлер және тағы да басқа заңды немесе жеке тұлғалар
жатқызылады. Кәсiпорының бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек
төлемдерiн уақтылы төлейтiндiгiн, қаржылық ақпараттық мәлiметтерiнің
дұрыстығын және өз жұмысшы-қызметкерлерiмен еңбекақы бойынша уақтылы есеп
айырысатындығын қадағалау осы, яғни кәсiпорынның қаржылық қызметiне жанама
мүдделi тулғалардың жұмысы болып табылады.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәлiметтерiн
пайдалалушылардың әр түрлi топтарының болуы, бiртұтас бухгалтерлiк есеп
жүйесiн екi бөлiкке бөлдi. Соңғы жылдары бiздiң елiмiзде де халықаралық
бугхгалтерлiк есеп стандартына сәйкес бухгалтерлiк есептi қаржылық есеп
және басқарушылық есеп деп екiге бөлiп қарастыра бастады. Бұндағы қаржының
есеп ұйымның iшкi және сыртқы пайдаланушылары қолданатын қаржылық-
ақпараттың мәлiметтердi толық қамтитын болса, басқарушылық есеп тек қана
кәсiпорынның iшкi пайдаланушыларына керектi өнiм өндiру, табыс табу және
оның алдағы кезендегi нәтижесiнiң артуына байланысты ақпараттың
мәлiметтердi қарастырады. Белгiленген заңға сәйкес, дұрыс жасалынған
қаржының ақпараттық мәлiметтердi дер кезiнде пайдаланушыларға жеткiзiп
берiп отыру кез келген кәсiпорындағы бухгалтердiң кәсiби мiндетi болып
табылады.

1.3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Бухгалтерлiк есептiң негiзгi мақсаты - барлық кәсiп-орындарда
орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазiргi күнгi
уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Қоғамдық дамудың қай кезеңiнде болмасын бухгалтерлiк есеп кез келген
кәсiпорында, яғни өнiм өндiру мен оларды сату, пайдалану, бөлу
үдерiстерiмен айналысу барысында жүргiзiлгендiгi бүгiнгi таңда белгiлi
болып отыр. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi бағыты — кәсiпорындардағы есеп
жұмысының саласын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни
толтырылатын құжаттардың қарапайым әрi түсiнiктi болуына және ондағы
көрсеткiштердiң пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттелiп жүргiзiледi.
Бухгалтерлiк есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық
талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуы қажеттi ақпараттармен
қамтамасыз етiп отырады. Бухгалтерлік есептiң тексеру, қадағалау, жинақтау
принциптерiн жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және
қаржыландыру тәртiбi, үнемдеу шаралары тиiстi заңдарға сай iске асырылады.
Шаруашылық жұмыстарын әрi қарай дамып өнiм өндiрiп көлемiн ұлғайту
мақсатында бухгалтерлiк есеп көрсеткiштерi мен зкономикалық талдау
әдiстерiн кеңiнен қолдана отырып, кәсiпорын бойынша iске асырылмай келген
резерв торларын анықтап, оларды iске қосу үшiн қажеттi шаралар белгiлендi.
Бухгалтерлiк есептiн атқаратың мәлiметтерiмен көрсеткiштерiне сүйене
отырып, экономиналық талдау кестелерi жасалынады. Сонымен қатар
бухгалтерлiк есеп жұмысының қорытындыи құжаттары мен мәлiметтерiне қарай
әрбiр ұжымның әлеуметтiк дамуына және ондағы жұмысты-қызметкерлердiң
материалдық ынталануына шаралар белгiлеу жұмыстары iске асырылады.
Бухгалтерлiк есептiң басты ерекшелiгi сол, ол тек қана бастапқы және арнайы
құжаттарға жазылып тiркелген нақты көрсеткiштер негiзiнде жүргiзiледi.
Кәсiпорындағы шаруашылық операциялардың тиiмдiлiгi мен олардың заңдылығы,
шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық заңдылықтардың қатаң уақыты
да тиiмдi жұмсалуы бухгалтерлiк есеп жұмысы жүргiзуінiн мiндеттi болып
табылады. Бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерi мен көрсеткiштерi қоғамдық
өндiрiстiн дамуы экономикалық тұрғыдан зерттеуге бiрден-бiр негiз болып
табылады. Сондықтан да бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi — халық-
шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттiк талапқа сай
есептеу жұмысы жүргiзу. Қоғамымыздың даму кезеңдерiнiң қай сатыларында
болмасын даму объективтi зкономикалық заңдылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шаралары дұрыс белгiлеу үшiн бухгалтерлiк есеп
жұмыстары дұрыс ұйымдастыруынын маңызы зор.
Бухгалтерлiк есептiң негiзгi мақсаты — ұйымның өз экономикалық және
саяси жағдайына тән шаруашылық қызметiн тиiмдi жолдармен басқаруға қажеттi
ақпараттың мәлiметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлiк
есептiң негiзгi басты мақсатына кәсiпорын жұмыстың экономикалық тиiмдi
тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзiн-өзi қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы
жатқызылады.

1.4. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүгізуде қолданылатын өлшем түрлері
Кәсiпорындар мен ұйымдардағы күнделiктi болып отыратын барлық
операцияларды, шаруашылық үдерiстерi мен шаруашылық құралдарының қозғалысын
олардын өнiм өндiруге қатысуы мен оның нәтижесiн есептеу үшiн үш түрлi
өлшем қолданылады.
1) Сандық (натуралдық) өлшем.
2) Еңбек өлшемi.
З) Ақшалай өлшем.
Сандық (натуралдық) өлшем кәсiпорынның кiрiске алынуға, есептен
шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиiстi өнiмдерi мен заттарын,
материалдары мен негiзгi құралдарын өлшеу, санау, көлемiн анықтау үшiн
қолданылады. Бұл сандық (натуралдық) өлшемнiң өзi өлшенетiн шаруашылық
құралдарының түрiне қарай әр түрлi болып келедi.
Мысалы: ағашты өлшеу үшiн — текше метр (кубм), жердi өлшеу үшiн —
гектар, астықты өлшеу үшiн — центнер және тағы да басқа өлшемдер
қолданылады.
Бұл сандық (натуралдық) өлшемдi қолдану санау, өлшеу арқылы есеп
жұмысын жүргiзу барысында қажет. Алайда өндiрiлген өнiмдердi сандық
(натуралдық) өлшемдi пайдалану арқылы өлшеумен қатар олардың сапасына және
түрiне қарай есеп жүргiзудiң маңызы зор. Саңдық (натуралдық) өлшеммен қоса
өнiмнiң сапасын сипаттайтын сапалық өлшемдердi пайдалану арқылы өндiрiлген
өнiмнiң төменгi және жоғары дәрежедегi сапасын анықтауға болады. Бiрақ та
тек қана сандық (натуралдық) өлшем арқылы жүргiзiлген есеп мәлiметтерi
негiзiнде ұйымның жұмысына толық және жан-жақты талдау жүргiзудi жүзеге
асыру мүмкiн емес.
Мысалы: тоннамен есептелiнген 100 (бiр жүз) тонна отынға (көмiрге)
текше метрмен есептелiнген 150 (бiр жүз елу) текше метр отынды (мұнайды)
қоса салып, 250 (екi жүз елу) тонна немесе 250 (екi жүз елу) текше метр
отын деп есептеу мүмкiн емес.
Еңбек өлшемi өнiм өндiруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс
уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемi бiр ғана
өнiмдi өндiруге қажеттi уақытты анықтауға немесе белгiлi бiр уақыт (мезгiл)
аралығында өндiрiлiп шығарылатын өнiм санын анықтауға арналған. Бұл еңбек
өлшемi жұмыс күшінiң саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерiн
қолдану арқылы жүргiзiледi, жұмыс уақытының көрсеткiштерi кәсiпорындағы
жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесiлi еңбекақы сомаларын және еңбек
нормалары мен оның өнiмдiлiгiн есептеу үшiн қажет. Алайда еңбек өлшемi
жұмсалынған еңбек күшiнiң нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде
нәтиже бере бермейдi. Олар көп жағдайларда сандық (натуралдық) өлшеммен
бiрге қосылып қолданылады.
Мысалы: жұмысшының өнiмдi өндiруге, жасап шығаруға кеткен уақыты (адам
күнi, сағаты) мен сол уақыттағы өндiрiлген өнiмiнiң санын анықтау арқылы
еңбек өнiмдiлiгi көрсеткiшiн есептеуге болады. Мұндағы өндiрiлген өнiм саны
сандық (натуралдық) өлшемге, ал оны өндiруге кеткен уақыт (адамсағат)
еңбек өлшемiне жатқызылады. Еңбектiң ой еңбегi мен жол еңбегi болып
бөлiнуiне және еңбектi атқаратын адамдардың жұмысының түрiне байланысты
оларға жұмсалған барлық еңбектi ақшалай өлшемге айналдыруға тура келедi.
Ақшалай өлшем кәсiпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты,
өндiрiлген өнiмдер мен тағы да басқалардың есебiн жүргiзу үшiн қажет.
Бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу барысында ақшалай өлшем көбiне сандық
(натуралдық) өлшем және еңбек өлшемiмен бiрiгiп барлық мәлiметтердi
жинақтап қорытындылау үшiн қолданылады.
Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау‚үшiн
сонымен қатар өндiрiлген өнiмдердi, сатылып алынған тауарды сату, бағалау
және тағы басқалары үшiн ақшалай өлшем көп қолданылады. Кәсiпорынның
балансын құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.

2 тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу үшiн кәсiпорында күнделiктi орындалып
отыратын барлық операциялардың мiндеттi түрде үздiксiз құжаттарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлiк есептiң басқа ғылымдардан ерекше екендiгiн
жоғарыда айтылды. Бухгалтерлiк құжат деп кәсiпорындар мен ұйымдарда
орындалған операцияларды дәлелдейтiн және алдағы уақытта орындалатын
жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге беретiн жазбаша куәлiктi атауға
болады.
Жалпы кәсiпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманын
үздiксiз, белгiлi бiр тәртiппен, арнайы үлгiдегi қағаздарға жазылып және
оған тиiстi адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсiпорын
мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да
құжаттау бухгалтерлiк есептiң негiзi болып табылады. Себебi осы құжаттар
арқылы ғана кез келген уақытта кәсiпорын бойынша орындалған жұмыстың,
атқарылған қызметтiң жай мерзiмде жасалғанын және оған қандай мөлшерде
шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсiпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес
үздiксiз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетедi және ол
бухгалтерлiк есептiң негiзi болып табылады,
Бухгалтерлiк құжат — кәсiпорындағы шаруашылық операциялардың
орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде берілетiн жазбаша
куәлiк.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсiрудi
бухгалтерлiк есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсiпорында жүргiзiлетiн шаруашылық құбылыстарының әр түрлi болу
себебiнен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бiрдей болмайды. Шаруашылық
құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиiс. Әрбiр бастапқы
құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгiлi
бір көрсеткiштер түсiрiледi. Құжат көрсеткiштерiн деректемелер
(реквизиттер) деп атайды. Олар мiндеттi және толықтырушы болып бөлiнедi.
Мiндеттi деректемелер (реквизиттер) бухгалтерлiк құжаттарды заңды құжатпен
қамтамасыз етедi,
Мiндеттi деректемеге (реквизитке) жататындар:
• құжаттың аты, нысанының коды;
• құжаттың толтырылған уақыты (күнi, айы және жылы);
• құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөнi;
• шаруашылық операцияның мазмұны;
• шаруашылық операцияның өлшемi (натуралдық немесе
ақшалай);
• шаруашылық операцияның жүргiзiлуiне және соған сәйкес құжаттарды
толтыруға жауапты адамдардың аты-жөнi;
• жауапты атқарушының жолы.
Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрiнiсiнiң
ерекшелiктерiмен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлi
талаптарға байланысты бастапқы құжатқа келесiдей қосымша деректемелер
(реквизиттер) болуы керек: құжаттың реттiк нөмiрi, ұйымның банк
мекемесiндегi есеп айырысу шотының нөмiрi, шаруашылық операцияны орындау
үшiн негiз болатын құжаттар және тағы басқалары.
Құжаттардың нысандары (формалары) келесi есеп бөлiмдерi бойынша
топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнiм мен шикiзат;
2) еңбек және еңбекақы;
З) негiзi құралдар мен материалдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
б) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердiң жұмысы;
8) автокөлiктегi жұмыс;
9) түгендеу нәтижелерi;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары.
Құжаттар дер кезiнде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы
керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкiндiк болмаған
жағдайда бірқатар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында
толтырылмаған құжат кәсiпорын меншiгiнiң сақталуын бақылауды қиындатады
және ол операцияның бухгалтерлiк есепшотына кешiктiрiлiп жазылуына келiп
соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлiк қорытынды есебiн жасау мерзiмi
кешiктiрiлуi мүмкiн.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шариктi қаламсаппен, жазба машинасымен
(компьютермен) және баста да олардың архивте көрсетiлген уақыт мерзiмiне
дейiн сақталуын қамтамасыз ететiн заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар
анық және дұрыс көрсетiлуi керек. Құжатты толтырған адам тиiстi жерiне
өзiнiң жолын анық етiп қоюға мiндеттi. Кәсiпорындар мен ұйымдардағы алғашқы
есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердiң
келiсiмiмен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу
құжаттары, сонымен қатар кәсiпорынның қаржылық-несиелiк мiндеттерiн
куәландыратын құжаттар бас бухгалтердiң қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып
саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбiр операцияларды орындау
барысында кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтерiнiң көзқарастары әр түрлi
болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсiпорын басшысының жазбаша
өкiмi бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшiн барлық
жауалкершiлiктi кәсiпорынның басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалған қателердi келесi
жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес текстi не соманы оқылатындай етiп
түзу сызықпен сызады да оның дұрыс жазба жазылады. Түзету енгiзiлгенi
жазылып және уақыты (күнi, айы, жылы) көрсетiлiп құжат толтырушы өз толық
қояды.
Есептеу үдерiсiнде (процесiнде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшiн құжаттар
келесi ерекшелiктерi бойынша жiктеледi: мақсаты бойынша (назначено),
құрастырылған орнына байланысты (месту составления), көрсету тәсiлi
(способу отражения) және операция мазмұнының көлемi (объему содержания)
бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар үкiмдiк (распорядительные), атқарушылық
(оправдательные, исполнительные), бухгалтерлiк толтыру (бухгалтерского
оформления) және құрамдастырылған (комбинированные) болып бөлiнедi.
Үкiм құжаттарына — шаруашылық операцияларды жүргiзуi туралы бұйрықтар
мен өкiмдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық,
тауарларды алуға берiлген сенiмхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың
шаруашылық операциялардың аяқталуына дейiн күшi болады. Оған мiндеттi түрде
операцияны орындауға бұйрық беретiн жауапты адамдардың қолы қойылуы керек.
Үкiм құжаттарының негiзiнде есепте жазу көрсетiлмейдi, себебi шаруашылық
операциясын орындау үкiм шығарылғаннан кейiн ғана орындалады.
Атқарушылық (растайтын) құжаттар — шаруашылық операциялардың
орындалғанын көрсетедi (растайды). Бұл құжаттарға
— тауарлық-материалдық қорларды алу үшiн толтырылған жүк құжат
(накладнойлар), кассалық кiрiс ету және кассалық шығыс ету ордерлерi және
тағы басқалары жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрi операция жасалған
сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бiрге
орындалған операцияларды бухгалтерлiк есепшотына жазып көрсетуге негiз
болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрi.
Бухгалтерлiк толтырылған құжаттар — ұйымның бухгалтериясы жасаған әр
түрлi анықтамалар, бухгалтерлiк есеп шоттары бойынша орындалатын
операцияларға негiз болатын кәсіпорының бухгалтерi толтырған есеп
айырысулар. Оларға негiзгi құралдар, материалдық емес активтер,
материалдар, әлеуметтiк сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдерi және
тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Бiрiктiрiлген құжаттарының құрамына бiрнеше функциямен қатар атқаратын
барлық құжаттар кiредi. Мысалы: кассирге орындауға берiлген кассалық шығыс
ету ордерi оны орындағанша‚үкiмдiк болып есептелiнсе, кассир ақшаны алуға
бергеннен кейiн атқарушылық болып есептеледi. Бiрiктiрiлген құжаттардың
бухгалтерлiк есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуiн
жеңiлдетедi және құжаттың санын қысқартады.
Толтырылатын (құрастырылатын) орнына байланысты құжаттар iшкi және
сыртқы болып бөлiнедi.
Iшкi құжаттар дегенiмiз белгiлi бір кәсiпорында толтырылып
(құрастырылып) оның iшiнде жүргiзiлетiн құжаттар болып табылады.
Құжаттардың бұндай түрi арқылы қандайда бiр кәсiпорынның iшкi операциялары
құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлық материалды құндылықтардың
iшкi қозғалысы барысында толтырылатын құжаттарды (накладнойларды),
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдердi төлеуге
арналған төлем тiзiмдемелерiн (ведомостарын), есеп айырысуға тиiстi
тұлғаларға толтырылатын аванстың есептердi және тағы да басқа құжаттарды
жатқызуға болады.
Сыртқы құжаттарға — кәсiпорынға басқа ұйымдардан келiп түскен немесе
ұйымның басқаларға түрлi операциялар бойынша жіберілген құжатарды
жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсiпрындардан келiп түскен
тауарлық материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды,
сенiмхаттарды және тағы да басты құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрiнiс алу тәсiлiне байланысты бухгалтерлiк құжаттарды
алғашқы (бастапқы) құжаттар және жиынтық (сводные) құжаттар деп бөлiп
қарастырады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттардың өзi олардың толтырылатын операцияларының
мазмұнына қарай бiр рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екi
түрге бөлiнедi.
Бiр рет қолданылатын құжат арқылы бiр ғана операция құжатталады немесе
ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы:
тауарды босату үшiн толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгiлi бiр мерзiм аралығында орындалған
бiртектес операциялар жазылады. Мысалы:
Акционерлiк қоғамнан бiр күнде босатылған өнiмге шектеулi заборлық
картасы толтырылады.

2.2. Құжат айналымы
Жұмыс кезiнде бухгалтерлер түрлi құжаттармен жұмыс жасайды: нормативтiк-
құқықтық, ұйымдастырушылық-әкiмгерлiк, ақпараттық-анықтамалық, есеп айырысу
ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептiк құжаттар. Олар ұйымның
шаруашылық қызметiн айқындайды. Бухгалтерлiк қызметтiң сапасы құжат
айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсiпорындар мен ұйымдарда құжаттар
бiрнеше кезеңнен өтедi. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну
тексерiлу немесе өңделу, бухгалтерлiк есепте операцияларды айқындау,
мұрағатқа өткiзу және тағы да басқа кезендер. Сонымен құжат айналымы
дегенiмiз кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде
олардың жасалуынан (құрылуынан), яғни толтырылуынан бастап олардың
қызметiнiң аяқталуы және мұрағатқа өткiзiлу кезеңiн айтады.
Құжат айналымының ережесi және есептiк ақпараттың өңделу технологиясы
кәсiпорынның қабылдаған есептiк саясатында көрсетiлiп бекiтiледi.
Құжат айналымының басқару механизмiн дайындау, кәсiпорындағы
бухгалтерлiк есептiң үдерiсiнде негiзгi буын болып табылады. Құжат айналымы
ұйымдастыру арқылы бухгалтерлiк қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы
мен өңделуiнiң жолдары және оперативтiлiгi, ұйымдық шешiмдердi қабылдаудың
уақыттылығы қамтамасыз етiледi.
Құжат айналымын басқарудың жүйесi кәсiпорында келесi кезеңдердi
қамтиды:
❖ бухгалтерлiк қызмет туралы ереженi дайындау;
❖ бухгалтерияның және кәсiпорындағы есепке қатысы бар басқа
қызметкерлердiң лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;
❖ кәсiпорындағы құжат айналымының кестесiн (графигiн) құру;
❖ есептi ақпараттық өңдеу технологиясын құру;
❖ iстiң номенклатурасын құру және құжаты ағымдағы сақтау
тәртiбi;
❖ құжаттың бағалы сараптамасы (экспертизасы) және iстi заң
сақтауға дайындау.
Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес кез келген кәсiпорынның басшысы есептiк
жұмыстың көлемiне байланысты мынадай жұмысты жүргiзе алады:
1. бухгалтерлiк қызметтi құрылымдық бөлiмше ретiнде құру;
2. қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгiзу;
3. шарттың негiзiнде бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiн
мамандандырылған ұйымға немесе бухгалтер-маманына беру;
4. кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп жұмысын өзi жүргiзу.
Кәсiпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлiк есеп жұмысының көлемi көп
болған жағдайда бiрнеше қызметкерлерi бар бөлек құрылымдық бөлiмше ретiнде
бухгалтерлiк қызмет құрылады. Осыған сәйкес кәсiпорында бухгалтерлiк қызмет
туралы ереже және қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын реттемелеу
(регламенттеу) қызметi қарастырылуы қажет. Бухгалтерлiк қызмет туралы
ереженi белгiленген заңға сәйкес ұйымның бас бухгалтерi басқа мүдделi
лауазымды адамдармен келiсе отырып әзiрлейдi және оның тек қана кәсiпорын
басшысы бекiтедi. Ереже бөлiмшенiң мәртебесiн, оның басқару жүйесiндегi
орын және оның iшкi ұйымын анықтайды. Ереженiң мәтiнi әдетте келесi
бөлiмшелердi қамтиды:
жалпы ережелер негiзгi мiндетгер
❖ қызметтер;
❖ мiндеттемелер
❖ жауапкершiлiк өзара қарым-қатынас (қызмет бабындағы байланыс);
❖ жұмыстың ұйымдастырылуы.
Кәсiпорындағы бухгалтерлiк қызмет туралы ереженiң қолданылу мерзiмi
шектелмейдi. Ереженiң мәтiнiне бөлек өзгерiстер енгiзу кәсiпорын басшысының
бұйрығына сәйкес орындалады. Бұл ережемен және оған енгiзiлетiн
өзгерiстермен ұйымдағы бухгалтерияның барлық қызметкерлерi мiндеттi түрде
табыстырылып отырылуы тиiс.
Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесiн
(графигiн) құруды кәсiпорынның бас бухгалтерi ұйымдастырады. Құжат
айналымының кестесi кәсiпорын басшысының бұйрығымен бекiтiледi. Кесте
немесе түсiм (схема) құру, тексеру және талдау жөнiндегi жұмыстар тiзбесi
түрiнде ресiмделуi мүмкiн. Оларда барлық құрылымдық бөлiмшелермен
орындаушылардын өзара байланысты және жұмыстын орындалу мерзiмi көрсетiлуi
керек. Кәсiпорынның есепке қатысы бар қызметкерлерi өздерiнiң саласына
қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесiне сәйкес жасайды және сызады. Ол
үшiн әрбiр орындаушыға кестеден көшiрмесi берiледi. Көшiрмеде орындаушынын
саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзiмi жазылады. Осы
кестенiң сақталуы ұйымның бас бухгалтерi қадағалап отыруға тиiс. Сонымен
қатар кәсiпорынның бас бухгалтерi кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп жұмысының
дұрыс және уақтылы жүргiзуiне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде
көрсетiлген уақытта бухгалтерияға өткiзiлуi тиiс. Құжаттарды қабылдау
кезiнде бухгалтер құжаттардың белгiлi талаптарға сай, дұрыс ресiмделуiн
тексеруi керек.
Ережеге сай ресiмделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған
(толтырған) адамға қайта өндеу үшiн қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең бiрiншiден мазмұны бойынша
тексередi, яғни жүргiзiлген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың
нормативтiк актiлер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтiндiгiн
қадағалайды. Содан кейiн оның деректемелерiнiң (реквизитгерiнiң) толық
толтырылуын, тиiстi лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың
нақты көрсетiлуi мен операциялардың құрылымын тексередi. Бұдан кейiн
бухгалтер арифметикалық тексеру жүргiзедi, яғни құжаттарды таксалаудың
дұрыстығын тексередi. Ол тауарлық материалдық қорлардың көлемiн (санын)
оның бағасын көбейту арқылы орындалады.
Тексерiп болғаннан кейiн бухгалтер құжаттарды өңдейдi. Өңдеу құжат
бойынша әр операцияны есептейтiн шоттарды анықтауға негiзделген. Керек
болған жағдайда бiртектi құжаттарды топтастырады, содан кейiн бухгалтерлiк
есеп шоттарында жазу жүргiзедi. Кәсiпорын бухгалтериясында құжаттар белгiлi
бiр ұқсастықтарына, операциялардың түрiне қарай топталып бөлек папкаларга
тiгiледi. Папкаларда құжаттың нөмiрi, орындалган уакыты (айы, жылы),
жинақтамалы шоттың шифры және олардың саны көрсетiледi. Папкаларға тiгiлген
(түптелген) құжаттар архивке өткiзiледi. Бухгалтерлiк алғашқы құжаттардың
папкаларға тiгiлiп (түптелiп) нөмiрленуi сақтаудың тәртiбiне және қажет
болған құжатты iздестiру кезiнде жылдам орындауды қамтамасыз етуге
арналған.
Сақтау мерзiмдерi әр түрлi құжаттар бiрге орналастырылмайды.
Номенклатурадағы iстердiң бас тақырыптары құжаттардың маңыздылығы және
олардың өзара байланысына қарай белгiлi бiр жүйелiлiкпен орналастырулары
қажет.
Ведомстволық архивтердiң (1986 жыл) қызметiнiң негiзгi ережелерiне
сәйкес уақытша сақталатын iстер (10 жылға дейiн) жеңiлдетiлген ресiмдеуге
жатқызылуы мүмкiн: құжат тiгiлетiн папка (скорошивательдi) iс парақтарыньщ
нөмiрлерi көрсетiлмеуi мүмкiн (банктiк, кассалық құжаттар мен аванстық
есептерден басқалары). Олар сараптаманың жүргiзiлу кезеңiнде бухгалтерлiк
есептiң 1983 жылдың 29 шiлдедегi нөмiрi 105- құжаттар мен құжат айналымы
деп аталатын ережесiне сәйкес түптелуi қажет.
Жыл сайын кәсiпорынның сараптау комиссиясы белгiлеген сақтау мерзiмiнiн
етуiне байланысты жабылуға (жойылуы) жататын құжаттармен iс-қағаздары
белгiлеп, оларға тиiстi актiлер толтырады. 1967 жылдың З желтоқсанда бұрығы
КСРО-дағы бас мұрағат басқармасының жарлығымен Мемлекеттiк комитеттер,
министрлiктер, ведомстволар мен басқа да мекемелер, ұйымдар және
кәсiпорындардын шаруашылық қызметi барысында толтыратын типтiк құжаттарыдың
тiзiмi, сондай-ақ оларды сақтау мерзiмi (кейiннен өзгертулер енгiзiлiп
түзетiлген) бекiтiлген болатын. Жалпы құжаттарды сақтау мерзiмi құжаттарын
мемлекеттiк мұрағатқа тапсырмайтын ұйымдар үшiн белгiленген. Мұндай
мемлекеттiк мұрағаттарға құжаттарын тапсырмайтын ұйымдар өз iс-құжаттарын
(тәжiрибелiк қажеттiлiгi жоқ және тiзiмге сәйкес сақтау мерзiмi өткен)
мұрағат органдарымен келiспей жоя алады. Кәсiпорындағы жоюға iрiктелiнiп
алынған құжаттарға акт жасалып, жойылатын құжаттар мен шикiзаттарды қайта
өңдеумен айналысатын кәсiпорынға өндеуге берiледi. Құжаттарды жоюға берген
уақытқа қабылдау-өткiзу жүк құжаттары толтырылады. Кәсiпорындардағы негiзгi
бухгалтерлiк құжаттарды сақтау мерзiмi олардың түрлерiне қарай әр түрлi
болып белгiленген.
Кәсiпорынның бухгалтерлiк баланстары мен оған қосымшаларға, түсiнiктеме
хаттарға:
а) жылдық - 10 жыл;
о) айлық, тоқсандық - 3 жыл.
Шаруашылық операцияларының жасалу фактiсiн бекiтетiн және бухгалтерлiк
жазуларға негiз болып табылған алғашқы‚ қосымшаларға (кассалық, банк
құжаттары, банктық хабарлама құжаттары мен аударма тапал хаттары, банк
көшiрмелерi, жұмыс нарядтары, табельдер, мүлiктер мен материалдарды
қабылдау, тапсыру немесе есептен шығару актiлерi, тауарлық-материалдық
құндылықтардың (алуға берiлетiн) есебi бойынша квитанциялар мен жүк
құжаттар (накладнойлар), аванстық есептер және тағы басқаларына) - 5 жыл.
Түгендеу карточкалары мен негiзгi құралдар есебiнiң кiтаптары - негiзгi
құралдарды есептен шығарғаннан кейiн - З жыл.
Ақшалар мен тауарлық-материалдық қорларды алуға берiлетiн сенiмхаттарға
(оның iшiнде күшi жойылған сенiмхаттарға) – З жыл.
Есептiк тiркелiмге (регистрге) (бас кiтап, журнал-ордерлерi, өндеу
кестелерi көне тағы басқаларына) – 5 жыл.
Қосалқы және бақылау кiтаптарына, (кассалық кiрiс ену немесе кассалық
шығыс ету ордерлерi, сенiмхаттар, төлем тапсырмаларына) журналдарға,
карточкаларға, касса кiтаптарына, айналым тiзiмдемелерiне (ведомостарына) –
5 жыл.
Депоненттелген еңбекақы есебiнiң кiтаптарына, атқару парақтарын тiркеу
журналдарына – 5 жыл.
Қорларға, еңбекақы лимиттерiне және оларды бақылау есебi туралы
мәлiметтерге, артық шығындар бойынша есеп айырысулар және еңбекақы бойынша
қарыздар туралы, еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдар, кезектi еңбек
демалысына берiлетiн жалақы мен жәрдемақы туралы мәлiметтерге – 5 жыл.
Түгендеу құжаттарына (түгендеу комиссиясының хаттамалары, түгелдеу
тiзiмдемелерi (опистерi), актiлер, салыстыру тiзiмдемелерi – З жыл.
Атқару парақтарына – қажет болатын уақыт барысында, бiрақ 5 жылдан
артық емес.
Оқу демалыстарын төлеуге, салықтар бойынша жеңiлдiктер алуға
бухгалтерияға берiлетiн анықтамалар және тағы басқалары қажет болғанша,
бiрақ З жылдан артық емес.
Дебиторлық борыштар, кеш шығу, шығындар, ұрланулар бойынша құжаттар
(анықтамалар, актiлер, мiндеттемелер, көшiрмелер), бiрақ 5 жылдан артық
емес.
Ғимараттардың, үйлердiң (мемлекет қарауындағы архитектура
ескерткiштерiнен өзге және жабдықтардың төл-құжаттары негiзгi құралдарды
есептен шығарғаннан кейiн З жыл сақталады.
Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiн құжаттың тексеру актiлерi,
оларға қосымша құжаттар (анықтамалар, баяндау хаттар) – 5 жыл.
Кассаны, салық салудың дұрыстығын тексеру актiлерi және тағы
басқаларына – 5 жыл.
Келiсiм-шарттар, шарттар (шаруашылық операциялық, еңбек және басқалар)
келiсiм-шарттың және шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн – 5 жыл
сақталады.
Келiсiм-шарттар тiзiлiмдерi (реестрлер) – З жыл. Материалдық
жауапкершiлiк туралы келiсiм-шарттар – материалдық жауапты тұлға жұмыстан
босатылғаннан кейiн 5 жыл сақталады.
Материалдық жауапты тұлғалар жолтаңбаларының үлгiлерi – қажет болғанша.
Ұйымның қызметкерлерiне еңбекақы төлеумен байланысты құжаттарды сақтау
ерекше маңызды болып табылады. Ұйымдар қызметкерлерi мен жұмысшыларының
дербес шоттарын сақтау мерзiмi мына формула бойынша анықталады:
75 — В (жыл),
мұндағы В — тұлғалардың дербес шотты жүргiзудi тоқтатқан сәттегi жас
мөлшерi.
Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу (есеп айырысу төлем) тiзiмдемелерi
(ведомостары) — 5 жыл сатқалуы тиiс, ал дербес шоты болмаған жағдайда — 75
жыл,
Зейнетақы және мемлекеттiк жәрдемақы алушылардың дербес шоттары
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тоқтатылғаннан кейiн 5 жыл бойы сақталады,
бiр жолғы жәрдемақы төлеуге арналған дербес шоттар — 1 жыл.
Ұйым қызметiн тоқтатқан жағдайда жұмысшыларға еңбекақы төлеумен және
есептеумен байланысты құжаттар мемлекеттiк мұрағатқа берiледi.
Бухгалтерлiк есеп шотының жұмыс жоспары, тағы баста есеп саясатының,
кодтау (кодирование) реттемелерiнiң (процедураларының), мәлiметтердi
машиналармен өңдеу бағдарламаларының құжаттары (пайдалану мерзiмi
көрсетiледi) ұйыммен бухгалтерлiк есеп құруға соңғы рет қолданылған есеп
беру жылынан кейiн бұл құжаттар 5 жылдан кем емес мерзiмге сақталады.
Мұрағат ұйымына қойылатын негiзгi талаптар – құжаттардың сақталуын
қамтамасыз ету және оларды тез табу мүмкiндiгi. Құжаттарды сақтау үшiн
арнайы орын (бөлме) немесе жабық шкафтар бөлiнедi.
Алғашқы есеп тiркелiмдерi (регистрлерi) мен бухгалтерлiк есептердiң
сақталуын ұйымдастыруға ұйымның басшысы жауапты болады. Мұрағатқа құжаттар
тек басшының рұқсатымен берiледi.
Алғашқы құжаттар жоғалған (жойылған) жағдайда ұйымның басшысы бұйрықпен
жоғалудың (жойылудың) себебiн анықтау жөнiндегi комиссия белгiлейдi. Қажет
болған жағдайда комиссия жұмысына қатысу үшiн тергеу, қорғау және өртке
қарсы бақылау органдарының өкiлдерi шақырылады. Комиссия жұмысының
нәтижелерi актiлермен ресiмделедi, оны субъектiнiң басшысы бекiтедi.

2.3. Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүлiктiң нақты қозғалысы мен оның
қорлану көздерiнiң (мiндеттемелердiң) есепте толық көрсетiлуiн қамтамасыз
ете алмайды. Бухгалтерлiк есеп пен есеп берудiң дұрыстығын қамтамасыз ету
мақсатында ұйымдарда мүлiктерге және қаржылық мiндеттемелерге түгендеу
жүргiзiлiп отырады. Түгендеу жүргiзудiң негiзгi мақсаттары мыналар:
– нақты қолда бар мүлiктердi анықтау;
– нақты қолда бар мүлiктi бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiмен
салыстыру;
– есепте мiндеттемелердiң толық көрсетiлуiн анықтау.
Жалпы кәсiпорындардағы мүлiктi және қаржылық мiндеттемелердi түгендеу
бойынша әдiстемелiк құралдарға сәйкес кәсiпорындағы түгендеуге жататын
мүлiктер дегенiмiз — бұл негiзгi құралдар, материалдық емес активтер, қаржы
салымдары, өндiрiстiк қорлар, дайын өнiмдер, тауарлар, ақшалар мен басқа да
қаржы активтерi болып табылады. Ал қаржылық мiндеттемелерге – банк
несиелерi, заемдар және тағы басқа кредиторлық борыштар жатады.
Түгендеуге кәсiпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкi
мен қаржылық мiндеттемелерi жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның
меншiгiне жатпайтын, бiрақ оның бухгалтерлiк есебiнде есепте тұрған басқа
да мүлiктердiң түрлерi мен өндiрiстiк қорлар (жауапты сақтауда тұрған,
жалға алынған, қайта өңдеуге алынған және тағы басқадай мүлiктер), сондай-
ақ қандай да бiр себептермен есепке алынбай қалған мүлiктер жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактiлер анықталуы мүмкiн. Мысалы:
тауарлардың табиғи кемуi, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану
нәтижесiнде кемуi, өлшеу мен операцияларды ресiмдеу кезiндегi жiберiлген
қателiктер және тағы басқалар.
Мүлiктер мен мiндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргiзуге
кәсiпорынның басшысы жауапты болады. Ол қыска мерзiм iшiнде нақты жолда бар
құндылықтардың толық және дәлме-дәл тексерiлуiн қамтамасыз ететiндей етiп
жағдайлар жасауға мiндеттi (жүктердi өлшеу мен тасу‚ үшiн жұмыс күшiмен
қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс iстейтiн таразы жабдықтарымен
қамтамасыз ету).
Түгендеу жүргiзу тәртiбi (бiр есеп беру жылында жүргiзiлетiн түгендеу
санын, оларды жүргiзу уақытты, олардың әр қайсысында тексерiлетiн мүлiк пен
қаржылық мiндеттемелер тiзiмi), түгендеудi мiндеттi түрде жүргiзу қажет
болған жағдайда басқа ретте ұйым басшысымен анықталады.
Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес мына
жағдайларда кәсiпорынның мүлiктерi мен мiндеттемелерiне түгендеу жүргiзу
мiндеттi болып табылады:
❖ ұйымның мүлкiн жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда, сондай-ақ
мемлекеттiк немесе муниципалды (унитарлы) кәсiпорындарын қайта
құрғанда;
❖ жылдық бухгалтерлiк қорытынды есеп жасауы алдында (есептi жылдық
қазан айының бiрiншi күнiнен кейiн жургiзiлген түгендеуден
басқасы);
❖ тауарлық-материалдық оларға жауапты тұлғалар ауысқанда (қабылдау-
өткiзу жүргiзiлген күні);
❖ мүлiктi ұрлау, зиян келтiру немесе бүлдiру фактiлерi
анықталғанда;
❖ кенеттен болған апатта, өртке, аварияға ұшырағанда немесе басқа
да төтенше жағдайлар болғанда;
Ұйым қайта құрылғанда немесе таратылған кезде болу (тарату) балансын
құру алдында жүргiзiледi, нормативтiк актiлерiмен қарастырылған өзге де
жағдайларда.
Белгiленуi мен сипатына байланысты түгелдеу жоспарлы және жоспардан тыс
түгендеу болып бөлiнедi.
Жоспарлы түгендеудi (оларды сонымен бiрге кезендiк деп те атайды)
жоспарға (кестеге) сәйкес алдын ала белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Жоспардан тыс түгендеу тауарлық-материалдық қорларга, ақшаға жауапты
тұлғалардың қызметтен ауысқанда және ұйым басшысының немесе жоғарғы тұрған
органның, тергеу жүргiзетiн немесе басқа да бақылау жүргiзетiн органдардың
өкiмi бойынша ерекше қажет болған жағдайда жүргiзедi.
Қамту көлемiне қарай түгендеу толық, iшiнара, iрiктеп түгендеу және
тұтас түгендеу болып төрт түрге бөлiнедi.
Толық түгендеу қарастырылған мерзiмде жүргiзiледi, тек тауарлық-
материалдық қорлар мен ақшаларды ғана тексерiп қоймай, сонымен бiрге басқа
заңды немесе жеке тұлғалармен есеп айырысудың дұрыстығын тексередi. Толық
түгендеу кезiнде тексерiлуге тиiстi материалдардың, тауарлардың барлық
түрлерi тексерiледi.
Iшiнара түгендеу деп түгендеу үшiн (тексеру үшiн) кәсiпорынның белгiлi
бiр бөлiгiн бөлiп қарастыруды айтады. Мысалы: тауарларды қайта бағалаған
кезде түгендеу бағасы өзгерген тауарларға ғана жүргiзiледi.
Iрiктеп түгендеу, iшiнара түгендеудiң бiр түрi болып табылады. Мұндай
түгелдеу тауарлық-материалдың торларға жеке-жеке аттары бойынша натуралдық
есеп жүргiзiлетiн қоймаларда, өндiрiстiк цехтарда және баста да ұйымның
құрылымдық бөлiмшелерiнде жүргiзiледi. Мұндай түгендеу егер барлық
материалдық қорларды толығымен түгендеу қажет болмаған жағдайда, құжаттарды
тексеру кезiнде жүргiзiледi.
Тұтас түгелдеу бiр жүйеге жататын бiрқатар кәсiпорындарда бiр уақыта
жүргiзiледi. Дұрыс ұйымдастырылған және уақтылы жүргiзiлген түгендеу,
материалдық жауапты тұлғалардың жұмыстарын бақылау құралы ретiнде
қарастырылады, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорлардың жетiспеуiн анықтап
қана қоймай, олардың ұрлану, жоғалу мүмкiндiгiнен сақтандырады.
Түгендеу және басқа да тексерулер барысында анықталған нақты қолда бар
мүлiк пен бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi арасындағы айырмашылықтар келесiдей
тәртiпте реттелінедi:
Артық шыққан мүлiк (негiзгi құралдар, тауарлық-материалдық қорлар,
ақшалар және басқалары) түгендеу жүргiзiлген күнгi нарықтық құн бойынша
табыс есебiнде кiрiске алынады. Түгендеу барысында артық шыққан мүлiктiң
пайда болу себебi мен ол үшін кiнәлi адамдар анықталады.
Табиғи шығын нормасы (заңда белгiленген тәртiпте) шегiндегi жетiспейтiн
және бұзылған мүлiк ұйым басшысының өкiмi бойынша немесе өндiрiс және
айналым шығындарына жатқызылады, ал нормадан тыс кемшiлiктер жауапты
тұлғалардың есебiнен орнын толтырылады.
Түгендеу кезінде тауарлар мен материалдардың аттарын дұрыс
жазбағандықтан бiрiмен-бiрiнiң ауысып кетуiнен пайда болған жетiспеушiлiк
саны, осы себептен артық шыққан сондай тауарлар мен материалдардың артық
шыққан саны бойынша жабылады.
Артық шыққан құндылықтар мен кем шыққан құндылықтарды өзара жабу бiр
кезенде анықталған. Тексерiп отырған тек бiр ғана жауапты адамда, аттары
бiр тауарлық-материалдық қорларға ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп жүргізу нысандары
Бухгалтерлік есеп
Ақшасыз есеп айырысу нысандары
Бухгалтерлік есеп автоматтандырылған формасы
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп стандартына түсініктеме
Бухгалтерлік есеп және аудит
Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есеп
Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь