Салықтардың жіктелуі


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 3. Салықтардың жіктелуі

3. 1 Тікелей және жанама салықтар

3. 2 Салықтардың объектісі және субъектісі бойынша жіктелуі

3. 3 Салықтарды базасы, төлеу көздері, есептеу және төлеуге байланысты жіктеу

3. 4 Салықтарды төленуіне, қолдануына және пайдалануына қарай жіктеу

3. 5 Республикалық және жергілікті, жалпы және мақсатты салықтар

3. 6 Қызметақылы және қызметақысыз салықтар

3. 1 Тікелей және жанама салықтар

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу обьектісі бойынша: тікелей және жанама салық;
  2. Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар;
  3. Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар;
  4. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық;
  5. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық;
  6. Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар;
  7. Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар;
  8. Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары;
  9. Салықтардың қолданылу қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар;
  10. Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызметақылы және қызметақысыз салықтар;
  11. Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салық;
  12. Салықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар;
  13. Салықтардың төленуіне қарай: тұрақты және біржолғы салықтар.

1. Өндіріп алу тәсілі немесе салықтарды салу обьектісі бойынша:

-тікелей салық;

-жанама салық.

Тікелей салық - тікелей табыс немесе меншік иеленушілерден алынады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Мәселен, жеке тұлғалар бүгін салық төлеуші болмаса да, ол ертеңгі күні міндетті түрде салық төлеуші болып табылады. Себебі ол белгілі бір жұмыс атқарады, табыс табады, мүлік алады.

Жанама салық - тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен: қосылған құн салығы, акциз салығы.

Жанама салықтардың ауыртпалығы тауарларды соңғы тұтынушы - азаматтарға түседi. Жанама салықтарда төлеу көзiн мемлекеттiң өзi тауар бағасына директивтi тәртiппен үстеме бекiту жолымен қалыптастырады. Жанама салықтар - тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы алынады. Олар тауар бағасын арттырады, өйткенi тауар бағасына немесе қызметке, тарифке үстеме түрiнде қосылады және сатып алушы төлейдi.

Тікелей және жанама салықтардың бірнеше ерекшеліктері бар:

  • біріншіден, тікелей салық төлеушілер сияқты, жанама салықтарда заңды тұлғалар салық субьектісі ретінде салық төлеуші болып табылады. Бірақ, бұл жерде салық төлеуші болып тауарды (жұмыс, қызмет) сатушылар саналады. Тауарды тұтынушы мемлекетпен салықтық қарым-қатынаста және салық төлеуші ретінде ешқандай келісімге келмейді. Тауарды тұтынушы тауарды сатушымен келісімге келеді, бірақ бұл салықтық қатынастар болмаса да, тауар-ақша қатынастары болып саналады;
  • екіншіден, жанама салықтарда төлем көзі ретінде - сатушының жалпы табысы, яғни өнімді өткізуден түскен түсім қарастырылады. Салық төлеушілер салықты өзінің меншікті қаражаттарынан (салық төлеушілердің меншігі ақша қаражаттарынан) төлейді.

Тікелей және жанама салықтардың салық салу объектілеріне және басқа да белгілеріне байланысты бірнеше айырмашылықтары бар. Атап айтқанда:

  • бірінші, салық обьектісі мен салық бұйымына байланысты. Жанама салықтар кезінде тауарды өткізумен байланысты болады. Мәселен, қосылған құн салығында салық обьектісі ретінде нақты өткізілген тауарлар, ал салық бұйымы - өткізуден түскен түсім немесе баламалы қосылған құн. Ал акциз салығында салық обьектісі ретінде - нақты өткізілген акцизделетін тауарлар, ал салық бұйымы - өткізілген акцизделетін тауарлардың құны немесе саны. Ал тікелей салықтар кезінде салық обьектісі ретінде - меншік құқықтары (шаруашылық иеліктері, ал салық бұйымы - ақша түріндегі мүліктер (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық), болмаса заттар (жер учаскесі, мүліктер, көлік құралдары) ;
  • екінші, салықты төлеу көздерінің қалыптасуына орай. Жанама салықтар кезінде төлем көзін мемлекет тауар бағаларына үстеме ретінде бекітеді. Сондықтан салық төлеушілер тауар өткізгені жөнінде төлемді алған кезде, сонымен қатар түсімнің құрамында төленуге тиіс салық сомасын да алады.

Ал тікелей салықтарда салықтың төлем көзін салық төлеушінің қатысуымен жасалады.

Тікелей салықтар нақты және дербес салықтар болып бөлінеді.

Нақты салықтар деп (ағылшын сөзі, real - мүлік) - мүлікке салынатын салықты атаймыз.

Нақты салықтарда мүмкiндiктер сыртқы белгiлерiне қарап алынады, яғни салық салуда салық объектi назарға алынады.

Нақты салықтарға қатыстылар:

  • мүлік салығы;
  • көлік құралдары салығы;
  • жер салығы.

Дербес салықтар (кейде жеке деп аталады) деп салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады.

Дербес салықтарда тек табысы ғана емес, сонымен қатар салық төлеушiнiң қаржылық жағдайы да ескерiледi.

Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы;
  • әлеуметтік салық.

Дербес салықтардың нақты салықтардан айырмашылығы салық төлеушілердің нақты төлем қабілеттігін көрсетеді, яғни салықты төлеудің көзі болып, олардың алған ақша қаражаттары болып саналады.

Сонымен қатар дербес салықтар салық төлеушілердің табыстылығын есептеуге де көмектеседі. Бірақ мұнда салық төлеушілердің салық салынатын обьектілерінен (жер учаскесі, құрылыс, көлік құралдары) алынатын табыстарының орта есебі есепке алынады.

Нақты салықтар мемлекет үшін тиімді болып саналады, яғни жеке салықтарға қарағанда төлемді өндіріп алу және бақылау оңайға соғады. Мәселен, тапқан табыстарды әр түрлі бухгалтерлік жымқырулар арқылы немесе қолма-қол ақша қаражаттарымен жасалған операцияларды есепке алмау жолымен (черная нала) жасыруға болады. Ал енді салық салынатын тұрғын үйді еш жерге жасыра да, тығып қояда алмайсың.

Жанама салықтар былайша бөлінеді:

  • әмбебап жанама салықтар;
  • жеке жанама салықтар;
  • қазыналық монополия;
  • кедендік баж.

3. 1-сурет Салықтардың жіктелуі

1. Әмбебап жанама салықтар

Бұл берілген жеңілдіктерді қоспағанда, барлық тауарлардан (жұмыс, қызмет) алынады. Мәселен, айналым салығы, сатып алуға салынатын салық, сатуға салынатын салық және қосылған құнға салынатын салық.

Айналым салығы (әмбебеп акциз деп аталады) тауарларды өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардан, жеке кәсіпкерлерден жалпы айналым құнынан пайыз түрінде алынады. Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия және Франция мемлекеттерінде пайда болды, кейінірек әлемнің көптеген мемлекеттерінде, соның ішінде КСРО-да қолданылды.

Сатып алуға салынатын салық айналымға салынатын салықтың түрлері болып табылады. Көтерме сауда орындарына тауарды өткізу кезіндегі айналымға салық салынады. Бұл салық түрін Ресей, АҚШ-тың көптеген штаттары, Канада провинцияларының көпшілігі, Жапония елдерінде қолданылып келеді. Салық салу обьектісі - тауарды соңғы тұтынушыға өткізу бойынша айналым болып саналады.

Сатуға салынатын салық тауар бағасынан белгілі бір пайыз түрінде ставка бойынша жүзеге асады.

Қазіргі кезде кең көлемде әлемнің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде Еуропалық Экономикалық Одақтың барлық елдерінде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларында қосылған құнға салынатын салық қолданылады. Бұл жөнінде арнайы тоқталамыз.

2. Жеке жанама салықтар

Бұл тауардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салық акциз деп аталады. ХХ ғасырға дейін күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келді.

3. Қазыналық монополиялық салықтар

Мұнда тауарлардың басым бөлігін мемлекет өндіреді. Әрине, бұл тауарлардың бағасын мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімнен сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.

4. Кедендік баж

Бұл - мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері.

3. 2 Салықтардың объектісі және субъектісі бойынша жіктелуі

Салықтарды объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша былайша бөлуге болады:

  • тұтынуға салынатын салықтар;
  • табысқа салынатын салықтар.

Тұтынуға салынатын салық - мұнда белгілі бір тауарларға (қызмет көрсету) салық салынады. Көптеген мемлекеттерде тұтыну салығы деп аталады.

Табысқа салынатын салық - салық төлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттарына салық салынады.

Салық субьектілеріне қарай немесе салықты төлеушіге байланысты былайша топтауға болады:

  • заңды тұлғалардың салықтары;
  • жеке тұлғалардың салықтары.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың салықтарына жататындар:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • заңды тұлғалардың мүлік салығы.

Ал жеке тұлғалардың салықтарына мына салық түрлерін жатқызуға болады:

  • жеке табыс салығы;
  • жеке тұлғалардың мүлік салығы.

Аралас салықтар дегенде болады, яғни салықты әрі заңды тұлға, әрі жеке тұлға ретінде төлейді.

Қазақстан Республикасында аралас салықтарға:

  • қосылған құн салығы;
  • акциз салығы;
  • жер салығы;
  • әлеуметтік салық жатады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында салықтардың басым бөлігін аралас салықтар санаттарына жатқызуға болады.

3. 3 Салықтарды базасы, төлеу көздері, есептеу және төлеуге байланысты жіктеу

Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша:

а) үйлесімді салық - табыс көлеміне қарамастан салық мөлшері өзгеріссіз қалады, яғни табыс қаншама өскенімен салық ставкасы сол күйінде қалады. Мысалы: корпорациялық табыс салығы 30%, қосылған құн салығы 15%.

ә) үдемелі салық - салық мөлшері табыстың өсуіне қарай өсіп отырады, мәселен жеке табыс салығын алуға болады 5-20%.

б) кемімелі салық - салық мөлшері табыс өскен сайын кеміп отырады. Мұндай салық түрі біздің елімізде қолданысқа енгізілген жоқ. Кейбір мемлекеттерде салық төлеуді ынталандыру мақсатында жиі қолданылады.

11. Активті және пассивті салық

Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай салықтарды:

  • активті салық;
  • пассивті салық болып бөлінеді.

Активті салық салық төлеушінің ағымдағы шаруашылық және өндірістік қызметтерінің нәтижесінде салық салынатын обьект, салық базасы және төлем көзі анықталады.

Мысал ретінде корпорациялық табыс салығын алуға болады. Салық төлеушілер өзінің өндірістік қызметі кезінде, белгілі бір өнім өндіреді, жұмыс атқарады және қызмет көрсетеді. Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізу арқылы табыс салады. Одан әрі салық салынатын табыс анықталады. Алынған табыс салық көзі болып саналады.

Активті салықтарға барлық жанама салықтар жатады.

Активті салық деп атауымыздың тағы бір себебі, бұл салық төлеушілердің белсенді жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Пассивті салық кезінде салық обьектілері және салықтық іс-әрекет салық төлеушілердің қызметтеріне және тәртібіне сәйкес емес, яғни салық төлеушілердің белгілі бір қызметтерінің нәтижесінде алынған түсім, табыс, пайдаға байланысты болмайды. Салықты төлеу көзі салық салудың ешқандай обьектілеріне немесе салық базасына сәйкес келмейді. Салық төлеуші салықты төлеу үшін ақшаны қайдан алады және қалай табады - мұнда мемлекеттің еш жұмысы жоқ және қызықпайды да.

Ең бастысы салықты төлеу - салық төлеушінің негізгі міндеті болып саналады.

Пассивті салықтардың обьектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • біріншіден, субьектінің кейбір жағдайларына салық салынады: мәселен некеде болмауы, баладан бас тарту, бойдақ салығы, жеке басқа немесе аз отбасылы азаматтарға салық салу;
  • екіншіден, белгілі бір заттарға салық салу. Мұндай заттарға: өндірістік ғимарат, үй, саяжай, құрылыс, экипаж, автокөлік, жануарлар, көлік құралдары, сақал, үй қызметкерлері, құлдар, жер учаскесі және тағы басқалар жатады.

12. Үлестірме және санды салықтар

Сонымен қатар салықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты былайша бөлуге болады:

  • үлестірме (репартиционды, контингенттеу) ;
  • сандық (үлесті) .

Үлестірме салықтың мөлшері ертедегі салық салудың кезінде кең көлемде қолданылған. Мемлекет өзінің қажеттілігі үшін нақты шығындарды жүзеге асырған. Мәселен, тұтқынға түскен патшаны сатып алу, қамалдар салу. Бұл шығындардың сомасы салық төлеушілердің арасында бөлініп отырған (таратылған) - адам басына белгілі бір сомадан белгіленген еді.

Ал санды салықтар нақты шығындарды жабудағы қажеттіліктер үшін емес, керісінше, салық төлеушінің мүмкіндіктеріне қарай салық төлейді. Бұл салықтар салық төлеушінің мүліктік жағдайын тікелей немесе жанама есепке алады.

13. Тұрақты және біржолғы салықтар

Салықтар тұрақты (жүйелі, ағымды) және біржолғы болып бөлінеді.

Тұрақты салықтар дегеніміз салық төлеушілердің меншігіндегі мүліктеріне немесе табыс табудағы қызметтеріне белгілі бір мерзім аралығында тұрақты түрде салық салынып отырады.

Ал біржолғы салықтар кейбір жағдайларға байланысты туындайды.

Бұл салық түріне мысал ретінде берілген сыйға және мұра салықтарын алуға болады. Мұндай салықтар көптеген мелекеттерде кең тараған және көбірек қолданыста болады.

3. 3 Республикалық және жергілікті, жалпы және мақсатты салықтар

Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай:

  • жалпы мемлекеттік немесе республикалық салықтар;
  • жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Салықтарды аймақтық деңгейіне қарай және Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне орай республикалық және жергілікті деп бөлеміз.

Бұл негізінен төрт фактор арқылы анықталады:

  • cалықты кім бекітеді (орталық және жергілікті орган) ;
  • аталған салықтар қай органға жатқызылады және салық салудың шарттарын кім анықтайды;
  • cалықтар бюджеттің қай түріне бекітілген (республикалық және жергілікті), яғни мемлекеттік салықтар республикалық бюджетке, жергілікті салықтар жергілікті бюджетке түседі;
  • қай бюджеттің табысы болып саналады.

Қазақстан Республикасында салықтардың жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуі 1995 жылы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығына сәйкес жүзеге асырылды. Сол кезде 5 мемлекеттік және 6 жергілікті салықтар болды.

Жалпы мемлекеттік салықтар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық салудың экономикаға және әлеуметтік салаға әсері
Салық элементтері және салықтың жіктелуі
Меншік туралы салық
Корпорациялық табыс салығы туралы
САЛЫҚ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Тікелей салықтардың құрылымы
Салықтар және салық жүйесі. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
Акциздің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының салық жүйесiн жетiлдiру
Қазақстан Республиканың салық жүйесі және мемлекеттің салықтың саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz