Орта ғасырдағы исламның педагогикалық ойлары



Қазақтардың Орта ғасырлық тәлім-тәрбие жүйесінің бастау алар негізі құлпы тасқа жазылған - Орхон - Енисей жазбаларындағы «Күлтегін», «Білге-қаған». «Тонықөк» дастандары болған. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда тас бетінде бабаларымыздың ерліктері, тұрмыстық өнері мен тәлім-тәрбие саласындағы өнегелі сөздері болғаның дәлелдейді. Осы пікірмен астарлас тәлім-тәрбиелік ойлар VI11-IX ғасырда өмір сүрген, Оғыздардың ақылгөй, асқан күйшісі, адамның мәнгі жасауын арман еткен ғұламасы Қорқыт болатын. Ол дүйім жұрттың көші-қоның, мекен-тұрағын, ел-таңбасын, ұран- ұжымын белгілеу ісін қарудың күшімен емес, көшпелі өмір салты орнықтырған далалық билік тұрғысында шешіп отырған. Қорқыттың әкесі Қаракоға шаруа болғанмен, ағасы Қара-бұға өте бай болып, баланы Еуропаша оқытқан. Бұл кезеңде қазақ даласы исламға еніп, Қорқыт қайда барса алдыңнан көр қаздырып қабыл алмаған. Өзінің даналығы арқасында оғыз- қыпшақ жұртшылдығына тәлімдік ақыл-кеңестерін берген. Бұлардың қатарында оның жұртшылыққа, имандылық, кісілік, ақыл-кеңестерін бергенін айтуға болады. Мысалы, иман¬дылық, кісілік, ақылдылық, қанағатшылық тұрғысында: «Тәңіріне сиынбаған адамның, тілегі қабыл болмайды...» Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыңыштық көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ, соңын ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. «Менмен, тәқаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді...» деп айтқан. Ол бала өзіңнен туса, барлық қиындыққа төзетінің, қанша байлық жиылғанмен, адамның қолы ашық болмайтыңың, қыз балаға анасы өнеге көрсету қажеттілігін: «Өзіңнен тумаса ұл өгей, мыңғырған мал жиналғанмен, адам жомарт атанбас...», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман» деп айтқан. Қорқыт жігіттің қырағы, қайсар болуын, елі мен халқын сүйетін, оның ісі үшін әруақытта дайын болуын армандап «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі, қолына алған қылышты бекер жұмсама, жауға атқан садағың өткір болсын» деген еді.
Отбасының тыңыс-тіршілігі, әдебі, бала тәрбиесі әйелдеріне байланысты екені белгілі. Мұны дұрыс түсінген Қоркыт ата заманындағы әйелдерді төрт топқа бөліп сипаттады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Орта ғасырдағы исламның педагогикалық ойлары.
Қөрқыт, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари, Қожахмет Иассауидың т.б. пікірлері
Қазақтардың Орта ғасырлық тәлім-тәрбие жүйесінің бастау алар негізі құлпы
тасқа жазылған - Орхон - Енисей жазбаларындағы Күлтегін, Білге-қаған.
Тонықөк дастандары болған. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда тас бетінде
бабаларымыздың ерліктері, тұрмыстық өнері мен тәлім-тәрбие саласындағы
өнегелі сөздері болғаның дәлелдейді. Осы пікірмен астарлас тәлім-тәрбиелік
ойлар VI11-IX ғасырда өмір сүрген, Оғыздардың ақылгөй, асқан күйшісі,
адамның мәнгі жасауын арман еткен ғұламасы Қорқыт болатын. Ол дүйім жұрттың
көші-қоның, мекен-тұрағын, ел-таңбасын, ұран- ұжымын белгілеу ісін қарудың
күшімен емес, көшпелі өмір салты орнықтырған далалық билік тұрғысында шешіп
отырған. Қорқыттың әкесі Қаракоға шаруа болғанмен, ағасы Қара-бұға өте бай
болып, баланы Еуропаша оқытқан. Бұл кезеңде қазақ даласы исламға еніп,
Қорқыт қайда барса алдыңнан көр қаздырып қабыл алмаған. Өзінің даналығы
арқасында оғыз- қыпшақ жұртшылдығына тәлімдік ақыл-кеңестерін берген.
Бұлардың қатарында оның жұртшылыққа, имандылық, кісілік, ақыл-кеңестерін
бергенін айтуға болады. Мысалы, имандылық, кісілік, ақылдылық, қанағатшылық
тұрғысында: Тәңіріне сиынбаған адамның, тілегі қабыл болмайды... Жігіт
тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыңыштық көрмей дүние жияды, байиды.
Бірақ, соңын ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәқаппар
адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ
бермейді... деп айтқан. Ол бала өзіңнен туса, барлық қиындыққа төзетінің,
қанша байлық жиылғанмен, адамның қолы ашық болмайтыңың, қыз балаға анасы
өнеге көрсету қажеттілігін: Өзіңнен тумаса ұл өгей, мыңғырған мал
жиналғанмен, адам жомарт атанбас..., Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
атадан тағлым алмаған ұл жаман деп айтқан. Қорқыт жігіттің қырағы, қайсар
болуын, елі мен халқын сүйетін, оның ісі үшін әруақытта дайын болуын
армандап Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі,
қолына алған қылышты бекер жұмсама, жауға атқан садағың өткір болсын деген
еді.
Отбасының тыңыс-тіршілігі, әдебі, бала тәрбиесі әйелдеріне байланысты
екені белгілі. Мұны дұрыс түсінген Қоркыт ата заманындағы әйелдерді төрт
топқа бөліп сипаттады.
Бірінші топ – отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім - бұтақтары
өсіп - өнген жандар.
Екінші топ - ынсапсыз, қанағатсыз, есіл-дерті тамақ, жалқаулығы басым
әйелдер.Үшінші топ — салдыр-салак, іске дейін ұйыктайтын, кір- қожалак,
дүние-мүлкі, көрпе-төсегі жиналмай шашылып жататын, қазан-аяғын ит жалап,
үйіне тайынша сүйкенетін, сиыры сауылмай мөңреп тұратын үйдің әйелдері.
төртінші топ - адам тілін алмайтын, қасарыспа, кесір, барынша қырсық
әйелдер. Мұндай әйелдердің топтары кәзір де кездеседі. Солар Қорқыт атаның
пікірін оқып, өзінің кім екенініне зерсалып, мінез-құлкын жөндейтін болады.
Қорқыт өмірді дұрыс түсініп, ұрпағына он жол сілтей білген ұлы ойшыл.
Орта ғасырда дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіру, табиғат пен өмір
шындығын дәлелдеуде. Шығыс ғұламалары арасында үш түрлі бағыт орын алды.
Біріншісі — ортодокстік ислам (халипаттағы ұстем топтардың ойы), екіншісі -
неоплатондық бағыт (суфизм), үшіншісі - иерипатизм (Аристотель жолын
қуушылар), соңғы ағымның көрнекті ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)
болатын. Ол өзінің І64 рақаттарында Мемлекет қайраткерлерінің нақыл
сөздері. Данилық тақба тастар, Азаматтық саясат, Бақытқа жету
жолында, Мәселелердің мәні, Риторика (шешендік опер негіздері),
Жанның мәні туралы, Жан туралы, Қайырлы қала тұрғындарының
көзқарастары туралы трактат. Ақыл және ұғым, Жасөспірімнің ақылы туралы
кітап, Ересектердің ақылы туралы кітап, Ғылымдар тізбегі т.б.
шығармаларында философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық
және әдістемелік ойларды баяндады. Әл-Фарабидің философиялық көзқарасында
үш бағыт: дүниенің мәнгілігін мойындау; танымның болмысқа тәуелділігін
растауы, ақыл-парасат туралы ілімді саралауы айқын көрініп, жеке адамның
ақылы әлемдік санамен ұштасып дамиды, әлемдік сана мәңгі, адам болса дүние
салады, өйткені осыдан барлық жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып
кетуін бекерге шығаруы; дін мен философия арасында дөйекті тетік болды.
Сондыктан ол философияны қоғамды оятатын зерде, ұрпақтар арасындағы рухани-
мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал ретінде түсінді.
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактаттарында қайырымдылық
дегенде, ақыл — ой, әділдік, бақыт жөнетендік идеяларын құптаған ежелгі
ойшылдар дәстүріне сүйенеді. Тек бақыт туралы накты білімі бар, оған жету
жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауымхана
қайырымдылыққа икем болатынын көрсетеді. Әл-Фараби Мемлекет
қайраткерлерінің нақыл сөздері трактатыңда азаматтық, саясат, адам, қоғам
жөнінде сөз көзғап, олардың ара қатынасының жетілуін орынды бағалайды.
Мұндағы басты ерекшелік - тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып
отыруында. Сонымен қатар, отбасы туралы Аристотель сияқты үйді бірнеше
бөлікке - ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы,
мүлкі және иесі деп бөледі, үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың
бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге
арналады. Сөйтіп, адам өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне
бағындырағының дәлелдейді.
Ол тұнғыш рет сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ғалым. Оның пікірінше,
жас ұрпактың сана сезімін қалыптас- тыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін
жүйелеп, дәлелдеп алу шарт:
Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
Сабақ процесінің алатын орны.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның
бір-біріне тигізетін әсеріне айрықша мән берді. Әл-Фараби әтиканы жақсылық
пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретінін, көркемдік, сұлулық, бақыт
кате- горияларымен байланыстыра қарап, адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан
иесі атаулының биік шоқтығы, сондыктан оны құрметтеу, қастерлеу керек деп
түсіндіреді. Ол көркемдік, сұлулық туралы былай дейді: Өмір шындығының
өзіне тән қасиетті, болмыстың, нақты кұбылыстардың, әлеуметтік өмірдің
көкейдегі елесі. Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін
белгі деп санады.
Әл-Фараби психология ғылымы саласында да қыруар еңбек етті. Ол психиканың
қалайша дамып жетілетіндігі жай- лы мәселеге мән береді. Жан-айрықша санада
туған қасиет. Жануар мен адамның тән құрылысының өзгешелігіне қарай олардың
жан қуаттары да өзгеше болады. Материалдык әлементтердің қосындысынан
(ыстық, суык, дымқыл, құрғақ) жануар психикасы түзілген. Осы әлементтердің
ең жоғары қосындысынан барып адам психикасы пайда болған. Оның жануарлардан
негізгі айырмашылығы ақыл-парасатпен, сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі
кәсіппен айналысуы. Адам қоғамда түрлі топтармен тығыз қарым-қатынас жасап,
белсенді өмір сүреді, яғни тұлға жеке мұқтаждары мен талап- тілегін өз
бетімен шеше алмайды. Сондықтан тұлға басқа адамдармен қарым-қатынасқа
түсіп, тәнін және жанын ойдағыдай дамытады деген болатын. Ол адамның жан
қуаттарының жеке-дара өзгешіліктері туралы да құнды пікірлер айтқан.
Айталық, бұл адамның жеке өмір сүру тәжірибесінен, оның дене бітімінен,
өзіндік белсенділігінен туындап жатады, яғни адам бір-бірінен тән жөнінен
қандай өзгеше болса, жан жөнінен де сондай өзгеше болады. Жан қуаты біреуде
мол, біреуде аз мөлшерде болады. Бұл жағдай оның темпераментіне, қабілетіне
ыкпал жасайды, тәнді жетілдіруге болатыны сияқты жанды да жаттығулар
көмегімен жетілдіруге болатынын түсіндірді. Әл-Фараби дидактика, әдістеме
мәселелеріне де ерекше мән берді. Ол шәкірттердің білімді менгеруі, олардың
жақсы әдет пен қажетті дағдыларға, икемділік пен шеберлікке машықтандыру
біртіндеп қалыптасатындығын көрсетті. Жастарға білім, тәрбие беруде
мұғалімнің (ұстаздық) әсерлі де, өнегелі сөздеріне айрықша орын беріп,
олардың білімпаз болуын талап етті. Әл-Фараби ғылым-білімді, белгілі
мамандықты өз қалауымен менгергендерге сөзбен әсер етудің жеткілікті бола-
тынын, ал оқуға ықыласы төмен, қыңыр-қисық жастарды оқыту үшін зорлау
әдісін қолдану керектігін көрсетті. Ол жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге
айрықша көңіл бөлді. Мысалы, математика ғылымын меңгеру үшін қарапайымнан
күрделіге, болмаса жекеден жалпыға көшу (индукция, дедукция әдістеріне),
сезімге жақын нәрседен бастау-шәкірт табиғатына сәйкес келеді деп, ол
дидактикадағы (оқыту теориясы) көрнекілік қағидасына тоқталды. Оның білу,
білім, оқу, тәсіл сияқты негізгі педагогикалық ұғымдардың анықтамасын
тізіп, ол жөнінде Музыканың ұлы кітабында былай деді: Білу бір нәрсені
түсіну (ұғу), оның болмысының себебін ұғыну, ол нәрсе басқаша емес, тек
сондай болатынын түсіну деген сөз. Сонымен қатар, бұл осы заттың болу
жағдайын (шартың) және салаларын логикалық тұрғыдан айрықша білу керектігін
және осы жағдайларды білгенде ғана, білімнің қалыптасатынын түсіндірді. Әл-
Фараби ғылымының сырын ұға білген, оны 70 тілді менгеру арқылы түсінген,
нағыз энциклопедия ғалым болатын.
Орта ғасырда дарынды ақын, әрі ғалым ретінде танылған Жүсіп Баласағұн
(1020- 1097) болатын. Оның есімін шығарған Құтты білік дастаны. Ол
Хандардың ханы Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушыға арналады.
Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға Хас Хаджиб - Бас уәзір
немесе Ұлы кеңесші деген лауазым, атақ береді. Ата заң қызметін атқарған
бұл еңбекте патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен
елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың,
диқандар мен малшылардың т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім
дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін
жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда ақын сөзді патшадан бастайды. Ел
басқаратын патшаның ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім
мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек
сақтамайтың жан болса, оның бас уәзірі халықтың талап-тілегін патшаға, ал
патшаның айтар ой-пікірлерін халыққа жеткізу керектігін егжей-текжейлеп,
сондай-ақ әр адамның мақсат, міндеттерін орынды көрсеткен. Дастанның басты
идеясы төрт қағида:
Мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы;
Бақ-дәулет, яғни елге құт қоныс әперу;
Ақыл-парасат;
Қанағат, ынсап мәселесі болған.
Ж.Баласағұни ақиқатқа жету жолында дүниенің төрт құдіретіне: от, су, ауа,
жер сүйену арқылы, өзінің төрт тағанымен өмірдегі шындыққа қол жеткізген.
Осындай үйлесімділік табиғатта, өмірде орын алып жататыны белгілі. Мәселен,
ел билеушіде әділ басқару, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат түгел табылса,
елдің байлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы.Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары
Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және хіх ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысы
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Ибн Сина және оның еңбектері
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Қазақ ағартушылығы Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күші
Уәлиханов шығармашылығын
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану
Теориялық дінтану
Пәндер