Тұрғын үйді жалдау


Тұрғын үйді жалдау.
Жоспар:
1. Тұрғын үй заңдылығының түсінігі мен мазмұны.
2. Жеке тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алу.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алу.
1. Біздің тұрғын үй құқықтық қатынастарын азаматтық құқық аясында қарастыратынымызға қарамастан, бұл құқықтық қатынастардың жария - құқықтық нормаларға жатқызуға болатын нормалармен ғана реттелмейтіндігін атап өткен жөн. Сонымен бірге тұрғын үй қатынастарын кешенді құқықтық реттеудің түпкі мақсаттары да жеткілікті түрде айқын болып табылады.
Біріншіден, ол тұрғын үймен қамтамасыз етуде азаматтардың қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін тимді заңды нысандарды жасауға көмектеседі. Екіншіден, ол тұрғын үй иелері өздерінің соған деген құқықтарын жеткілікті шамада тәжірибе жүзінде асыру мүмкіндігіне ие болатын режимді қолдайды. Бұл орайда, тұрғын үйді иелену басқа да мүлікті иелену жүзеге асырылатын нысандарда көрініс беретіндігін және мұнда тұрғын үйдің ерекшелігі ескерілетіндігін тағы бір реет атап өткіміз келіп отыр. Соның, нәтижесінде тұрғын үйлерге қатысты туындайтын мүліктік қатынстарға барлық ортақ азаматтық - құқықтық ережелерді қолдануға мүмкіндік береді.
Алдымен тұрғын үй құқықтық қатынастарының аясы мен жүйесін анықтап алайық, содан кейін тұрғын үй құқықтық қатынастарының түсінігіне
тоқталамыз.
Заңнама жеке тұрғын үй құқықтық қатынастары ретінде тұрғын үй қорын (тұрғын үй қоры жалпы алғанда азаматтық - құқықтардың объектісі болып табылмайды) пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастарды да ажыратады. Заңнамада тұрғын үй қорының мынадай анықтамасы берілген: «тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер». Ол бірнеше түрге бөлінген және өз кезегінде тұрғын үйге меншік құқығын жүзеге асырумен және оларды пайдаланумен байланысты туындайтын жекелеген құқықтық қатынастардың құрылымы үшін маңызды болып табылады (олар тұрғын үйдің қай тұрғын үй қорына жататындығына байланысты әртүрлі болады) .
2. Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының құрамына жеке тұрғын үй қоры мен мемлекеттік тұрғын үй қоры кіреді. Жеке тұрғын үй қоры мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген азаматтар мен заңды тұлғаларға меншік құқығы негізінде тиесілі тұрғын үйлерді қамтиды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорына меншік құқығымен мемлекетке (әкімшілік - аумақтық бөлініске) қарасты және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорын қарамағындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер кіреді. Тұрғын үй заңнамасының мазмұнынан туындайтындай мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрақты тұру үшін де, уақытша тұру үшін де арналған тұрғын үй жайларды қамтиды. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлерді тұрғын үй емес үй - жайлар кірмейді.
Сонымен, тұрғын үй қоры - бұл азаматтарды (жеке тұлғалардың тұрақты тұру үшін және уақытша тұру үшін де ( пайдалану сипатына орай) арналған үй - жайлардың жиынтығы деуге болады.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жөніндегі жария құқықтық сипатқа ие. Олардың мазмұны мынада: мемлекет тұрғын үй қорының есебін жүргізеді, тұрғын үй қорына енгізілуі мүмкін үй - жайларға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді, оны бақылайды. Мемлекет құзіретіне, сондай - ақ, сол бір немесе өзге үй - жайды тұрғын үй қорынан шығаруды санкциялауда кіреді. Тұрғын үй құқықтық қатынастарының бұл тобы қалғандарын, тұрғын үйлерді тікелей иелену мен пайдалануды шарттайтындарын жүзеге асыру үшін өте маңызды болып табылады.
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және халықтың әлеуметтік
жағынан қорғалмаған деп танылатын топтарына және басқаларына тұрғын үй қорының үйлерінде үй - жайларды беру бойынша құқықтық қатынастар дәл сондай қосымша маңызға және жария құқықтық сипатқа ие.
Жеке - құқықтық сипатқа ие тұрғын үй құқықтық қатынастары тұрғын үйлерді иелену мен пайдалану жөніндегі меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың туындауы мен тоқтауының, сондай - ақ тұрғын үйлерді пайдалану бойынша міндеттемелік құқықтардың негіздерімен байланысты. Бұл құқықтық қатынастардың маңыздылығы - олардың көмегімен тұрғын үйлерді пайдалану тәжірибе жүзінде жүзеге асыратындығына және сол бір немесе өзге құқықтық қатынастар қатысушыларының өзара әрекеттестігінің мәселелері шешілетіндігінде.
Тұрғын үй құқықтық қатынастарын жалпы сипаттай отырып, олар азаматтардың тұрғын үйлерді иелену мен пайдаланудағы қажеттіліктерін жүзеге асырумен, сондай - ақ тұрғын үй аясындағы азаматтардың құқықтарын сақтау жөніндегі мемлекет бақылауымен және тұрғын үй қорын пайдаланумен байланысты қоғамдық қатынастарды білдіретіндігін атап өтуге болады.
Тұрғын үй заңнамасы. Тұрғын үйлерді пайдалану бойынша шарттық қатынастар жалпы түрде реттелетін Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қатар, тұрғын үй құқықтық қатынастары арнайы заңдармен де реттеледі. Тұрғын үй қатынастарын кешенді түрде реттейтін заңды акті болып «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 16 сәуір 1997 жылғы Заңы болып табылады. Тұрғын үй қатынастарының қазіргі жай күйіне қол жеткізуде аса зор маңызға Қазақстан Республикасы Президентінің 5 сәуір 1994 жылғы «Азаматтардың тұрғын үйге деген құқығын қамтамасыз ету туралы» №1 640 Жарлығы ие болды, бұл жарлық қазіргі уақытта да әрекет етуде.
Тұрғын үй қатынастарының бірқатар мәселелері заңдармен қатар заңға
сәйкес актілер деңгейінде де реттеледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қыркүйек 1989 жылғы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру, жалға алу және пайдалану тәртібі туралы» № 1 292 қаулысымен реттеледі. Қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынан Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 3 маусым 1993 жылғы «Қызметтік тұрғын үй - жайлар берілетін жұмысшылар категорияларының тізімін бекіту туралы» №455 қаулысымен реттелген (оған Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 8 қыркүйек 1995 жылғы № 1 240 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 тамыз 1996 жылғы №1 031 қаулысымен өзгерістер енгізілген) . Алматы қаласы әкімінің 22 қаңтар 1998 жылғы «Қала әкімінің коммуналдық тұрғын үй қорын құру осы қорды тұрғын үйіне қоныстану ордерінің үлгісін бекіту және Тұрғын үй департаментінде тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі бөлім құру туралы» № 25 шешімі қабылданып әрекет етуде.
3. Тұрғын үй қорын пайдалану мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 мамыр 1990 жылғы «Пәтер иелерінің тұтынушы кооперативтерін және тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй - жайларды дамыту бойынша шаралар туралы» қаулысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 сәуір 1997 жылғы «Пәтерлердің меншік иелерінің тұтынушы кооперативтерінің қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы» қаулысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 сәуір 1996 жылғы қаулысымен бекітілген «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұрғын үй - коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдем ақыларын беру туралы» уақытша ережеде көрініс тапқан. Тұрғын үй қорын пайдалану (басқару) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 - бабынан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қазан 1999 жылғы «Тұрғын ғимараттарда үй - жайларды қайта құруға (қайта жоспарлауға қайта жабдықтауға) рұқсат ету процедураларын өтудің ортақ республикалық ережелері туралы» № 1 562 қаулысымен, Алматы қаласы әкімінің 24 қараша 1998 жылғы «Алматы қаласының аумағында пәтерлерді, тұрғын үйлердің үй астыларын және жапсарлас үй - жайларды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне қайта құру (қайта жоспарлау) тәртібі туралы» № 1 167 шешімімен реттелген.
Сондай - ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 қыркүйек 1997 жылғы «Тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету және көрсетілетін тұрғын үй - коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1 348 қаулысы да қабылданған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz