Мемлекеттің шығуы және оның мәні


Жоспар
І. Кіріспе
1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
2. 2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасады. Мемлекет дегеніміз-қоғамдык саяси ұйым. Қоғамдык ұйымның алғашқы түрі-рулык қауым. Ру дегеніміз-адамдардан тарихі қалыптасқан бірлістігі, туысқан адамдардан туратын қауымдастық. Рулық қауымда ру мүшелерінұйымға олардың туыстық қандастығы, бірлесіп істеген еңбегі және мүліктің ортақ болуы біріктіреді. Рулық қауым әдетте екі сатыдан өтеді. Алғашқы әйелдер үстемдік етіп тұрған аналық дәуірде ру топтары әиел туыстық жағынан болса, кейінгі аталық дәуірде билік отбасының иесіне айналған ерлерге ауысады. Рулық қауымдағы биліктің түбегейлі өзгеруі егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, даму және еңбек құралдарын, қару-жарақтарды көбірек өндіріп жетілдіре түсуімен тығыз байланысты болды. Осындай өзгерістердің нәтижесіндс ерлер қоғамдық өндірісте маңызды орынға ие болып, ру қауымында шешуші күшке аиналды. Miнe, содан бастап туыстық ерлер тарапынан анықталып, ер адам ру басшысы болып саналды. Рулық қауымда қауымдык билік жүзеге асырылды. Ру өміріне байланысты мәселелердін барлығын рудын жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Ру басшысына жасы толған азамат тағайындалды. Ру басшысынының қызметі мұрагерлікке негізделмейді. Әдетте, оны кез-келген уақытта ауыстырып отырған. Ру ағасына ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрін білетін, рудын қамын ойлайтын және қауымды басқара білетін адам сайланған. Бірнеше рулар бірігіп тайпа құрады. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес құрылды. Ру өмірінің маңызды мәселелері ру мушелерінің жалпы жиналысында шешіліп, ел шешімінің жүзеге асырылуып ру басшысы қадағалады.
Сонымеп рулық қоғам егіншіліктің, мал шаруашылығы, қолөнер кәсіптерінің дамуына байланысты ыдырап, қоғам мүшелеріееенің жікке бөлінуіне алып келді. Әрбір отбасының өзіндік шаруашылығы қалыптасып, мал, жер, құрал-жабдықтар жеке меншікке айнала бастады. Рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі пайда болды. Ру әскери басшылар ру мүшелері қатарынан бөлініп шығып, басқарушы ерекше үстем тапқа аиналды. Рулық қауымның әскери демократиясы қалыптасып, мемлекеттік құрылымның алғашқы негізі қаланды. Меншік иелері байлардың айрықшіа мүдделері болғандықтан олар басқа ру мүшелерімен яғни кедей шаруалармен қатар отырып мәселелерді бірге шешуге бармаиды. Сол себепті байлар мен кедейлер арасында қарама-қашыылықтар туа бастады. Рулық биліктің орнына саяси билік, жаңа саяси құрылым пайда бола бастады.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы- экономиканың негізгі сипаты қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, коғамдық бөліс, қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.
Мемлекеттің шығуы және оның мәні
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді.
Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, оз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауга тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық ме-ханизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иелеиушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:
- Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Авгус-тин мен Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын кұдайдың кұдіретімен түсіндірді.
- Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
- Қоғамдық келісім теориясы (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
- "Зорлық жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
- Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чиче-рин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т. б. ) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
- Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
- Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф. Энгельс мемлекет әрдайым "ең құатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен самси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады" деп жазды. (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығармалар, 21-том, 171-бет) .
- Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
Мемлекеттің бірнеше белгілері бар.
1. Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер-азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.
Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң калалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекеттің зандары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты
2. Ерскше өкімет аппараты (жария билік) . Құлдық дәуірінде кұл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. і Аз ғана құл иеленушілерге мындаған құлдарды бағыңдырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т. б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.
3. Мемлекеттің егемендігі. Ол - ішкі және сыртқы істерін
атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдармен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана кұқығы бар.
4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.
- Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.
- Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халқы болуы керек. Ол халық бір ұлтты немесе көп ұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал құрд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жоқ.
Мемлекетте түратын адамдар сол елдің азаматы болуы ке-рек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т. т. кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсан, сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.
Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелендіреді.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері (функциялары) болады.
Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:
а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы,
үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекетте реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, са-лық, несие, экономикалық бағдарлама және т. б арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін
енгізуге т. с. с. қатысады;
ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т. б. айналысады
б) заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым
тәртіпті сақтауға, қылмыска қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік
зорлыққа жол бермеуге т. с. с. басшылық етеді;в) мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру
және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту
жөнінде қамқорлық жасайды.
Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатып жүзеге асырады, карулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады. Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар: а) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; ә) өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, етімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т. б.
Сайып келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әртүрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы ете ертеде пайда болған. Аристо-тель енбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктін, рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т. Гоббс,
Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн жене т. б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістін атақты фәлсафашысы - Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршендігін және
азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік жәнсежеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.
Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Азаматтык, қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:
- ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
- жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық тандау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жүртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы зан жүзінде сенімді қорғалады;
- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
- азаматтык, құкықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кенестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтык, қоғамға өтуге "жоғарыдағы" мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондыктан біраз уақытқа дейін, белгілі бip сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елсулі ықпалы болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz