Түс жору мен түс көру жайлы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Түс жору мен түс көру жайлы

Түс көру.

Түс көру - бұл адамның қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай толық тұс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді.

Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі - жүйкелік іздер теориясы. Егер М. И. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындауы» деп есептесе, И. П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру - ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл-күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді.

Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды рөл атқарады. Ұйқының породоксальды фазасы бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзкгк асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивацмялық процестер тудырады.

Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері - сергектік жағдайдғы психикалық іс-әрекетті іске қосатын материялық құбылыстар.

Ал З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйсінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады.

Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы өңделген оқиғалардың сөзсіз мәні барлығын дәлелдейді.

Гионопедия (түсінде үйрету) . Адам өзінің онсыз да қысқа өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізеді. Сондықтан бір кезде уақытты ұтымды пайдалану үшін, ұйқы кезінде оқыту кеңінен тарады. Алайда, арнайы зерттеулер жаңа материалды ұғыну қабілеті және оны кейін еске түсіру тек сергек ұйқының немесе мүлгудің кезінде мүмкін екенін көрсетті.

Демек, нәтижелі гипнопедия ұйқы кезінде кезінде емес, шындығында сергектік күйде, не қалғу кезінде болады. Ал терең ұйқы жағдайында ешқандай үйрету мүмкін емес. Өйткені ұйқының негізгі бір мақсаты - сергектік жағдайда қабылданған мәліметті өңдеу. Егер ұйқы небір материалды оқығаннан соң келсе, ол есте сақталады. Жаңа материалды жаттағаннан кейін 8 сағат жарамды ұйқы болса, оны еске түсіру толық және анық болады.

Түсінде оқыту кезінде ұйқы шала, сергек болғандықтан адам жиі оянуға мәжбүр болады. Демек, бұл пайдалы болмайды, өйткені қалыпты ұйқы адамның жұмысқа қабілеттілігі бұрынғы жағдайына келуі үшін қажет. Сондықтан қазіргі кезде гипнопедия жиі қолданылмайды.

Түс жайлы

Адам өмірінің едәуір бөлігі ұйқымен өтетіні белгілі. Күні бойғы қауырт жұмыстан шаршап келіп, тынығайын деп көсіліп жатып көз ілген сәтіңізді немістер «Тәтті ұйқы - тамақтан кем емес» деп суреттесе, күрдтеріңіз «Ұйқы - қорғасыннан ауыр, қанттан тәтті» деп сипаттайды. Ал сөйтіп жатып аңдаусызда шошынып, «Үрейлі түс көргенше, ұйықтамағаным артық» деп түріктерше тұрып кетуіңіз де, жоқ әлде «Жаманның жан рахаты - ұйқы» деген қырғыздардың танымына басып бүркеніп жата беруіңіз де өз қалауыңыз. Дегенмен, осы ұйықтау, түс көру мәселесінде тарихта болған әйгілі адам дардың шындыққа айналған түстері туралы мысалдар жеткілікті. Мысалы, Харұн Рашидтің Әзірейіл періштеден енді қанша өмірі қалғанын сұрағанда, оның бес саусағын көрсеткен түсін Әбу Ханифаның ғайыптың бес хабарын Аллаһ тағаладан басқа ешкім де білмейді деп жоруы, Абылай ханның түсін өзіңнен кейінгі ұрпағыңның ұсақталуы деп Бұқар жыраудың жоруы, Шыңғыс ханның қайын атасы Дэй шешеннің түсі, Бабырдың Самарқанд қаласын алар алдындағы және оның өлімге бас байлағандағы көрген түсі, қайда барса өз көрін қазғандарды көрген Қорқыттың түсі, қазақ жерін орыстың басып алу қаупіне алаңдап: “Бұл арадан көшпесең, айтқаныма түспесең, орыс алар қалаңды, шулатар қатын-балаңды, осыны көрдім түсімде!» деген Асан Қайғы бабаларымыздың түсі әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай келе жатыр. Бұған химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көріп барып тапқан әйгілі Д. Менделеевті де қоссаңыз, апыр-ай, түс көру деген не өзі? Ол қалай жорылады? Жаратушы Иенің түс арқылы болашақтан хабар беруінде қандай мән бар, деген секілді астары жұмбақ бірқатар сұрақтарға жауап іздеріңіз анық.

Ұйқы деген не?

Ірі ғалым Имам Ғазалидың айтуынша, ұйқы - сезімдер басылып, жүректің тыныштықтағы кезі. Ұйқы арқылы ой тазаланып, адам негізгі саф болмысына жақындағанда, Лаух-ы Махфузбен (күллі жаратылыстардың тағдыры жазылған Құдірет кітабы) екі арадағы перде түріледі. Екі айна арасындағы бөгетті алып тастағанда, бір айнадағы көріністер қалайша екінші айнаға түсетін болса, Лаух-ы Махфуздағы кейбір мағлұматтардың шағылысы да саф болмысына жақындаған адам жүрегіне түседі. Ұйқы қиялдың қозғалыста жүріп тамашалауына кедергі келтіре алмайды. Жүрек қиял күшінің әсерімен Лаух-ы Махфуздан өзіне түскен мәліметті дереу қабылдап, оны бір белгілермен таңбалайды. Ғайыптық бұл мәліметтер белгі күйінде анағұрлым жақсы сақталып, адамның зердесінде орнығады. Оянғанда, адам көбіне зердесінде сақталған белгілерді ғана еске түсіре алады. Түс жорушыға - түс көрген кісі білетін нәрсе мен осы белгілердің астарындағы мағыналар арасында бір байланыс құруы тиіс болады. Түс жору ілімін жақсы игерген жандарға бұл белгілердің ақиқат әлеміндегі мағыналары ап-айқын (Рүя табирлери, хазырлаянлар: Юсуф Будак, Али Белбағы. Истанбул - 2005, 62 Б. ) .

Түс жорығанда нені ескерген жөн?

Имам Мәліктен «Кез келген адам түс жори ала ма?», - деп сұралғанда, ол «Түсті жақсы жори алатын адам ғана жоруы керек. Егер түсті жақсы деп ырымдаса, жақсыға жорысын, жақсыға ырымдамаса да жақсыға жорысын яки үндемесін», - деді. «Жаман түс болса да жақсыға жору керек пе?», - дегенде, «Жоқ! Түс - пайғамбарлықтың бір бөлігі, онымен ойнауға болмайды!», - деп түсіндірді (Құртуби, әл-Жамиу ли ахкамил-Құран, 9/122-127) .

Әуелі түс жорушы түсті тыңдағанда немесе оның жаман екенін ырымдап оны жорымағанда я болмаса түсті жеткілікті түрде түсінбегенде былай деп дұға оқуы тиіс: «Жақсылығы - өзіңе, жамандығы - дұшпаныңа, жақсылығын өзің көр, жамандығынан сақтан!». Егер түстің жорамалы түс көрушіге ғана қатысты болса, осылай дұға оқиды. Ал ол түс баршаға қатысты деп есептесе, «Жақсылығы - бізге, жамандығы - дұшпандарымызға, жақсылығын біз көрейік, жамандығынан сақтанайық» деп дұға оқуы тиіс(Ибн Сирин, Мүнтәхабул-Кәлам, 6) .

Түсті таңғы уақыттарда жорыған жақсы. Өйткені бұл кезде жорушының миы тынық, ойы сергек, түс көрген кісі де түсін жақсы есте ұстайды. Үш уақытта түс жорымаған дұрыс: таңертең күн шығып келе жатқанда, күн тас төбеде тұрғанда, күн қызарып батып бара жатқанда (Имам Наблуси, Та-тирул-Әнам, І, 6) . Көрмеген түсін айтып келген адамның да түсі жорылуы тиіс. Ондайда түстің жақсылығы - жорушыға, жамандығы - түсті ойдан шығарып айтушыға болады. Түс жорушы қасақана түрде түсті жақсылыққа жорымаса, түстің жақсылығы - жорып беруді өтінген кісіге, жамандығы - жорушыға болады (Имам Наблуси, Та-тирул-Әнам, І, 6) . Түс жорушы бақсы, балгерлерден, жұлдызнамашылардан көмек сұрамауы тиіс. Олардың айтқандарына ілесіп, дұрыстықтан таймауы тиіс (Ибн Сирин, Мүнтәхабул-Кәлам, 6) . Түс жақсылыққа не жамандыққа келмейтін аралас болса, түс жорушы міндетті түрде оны бір жағына жатқызбауы керек. Түс көрушінің уақыты мен орнын, басқа да қосымша ерекшеліктерін ескеруі тиіс. (Ибн Сирин, Мүнтәхабул-Кәлам, 6) . Түс өткен өмірге қатысты болуы да мүмкін. Мәселен, бұрын орындамаған уәдесі яки қарызы, кешіктірген тәубасы есіне түсірілу үшін осындай түс көрген болуы мүмкін. Сондай-ақ түс қазіргі уақыт пен болашаққа қатысты да болуы мүмкін. Адамның жақсылыққа не жамандыққа тап болуын алдын ала сездіруі мүмкін. /Өлім-жітім, байлық-кедейлік, абырой-атақ, қиыншылық т. б. секілді/. Түс кейде оны көргенге емес, алыс-жақын басқа адамға қатысты да болуы мүмкін. /Ағайын-туысына, бауырына, көршісіне, т. б. /

Үммү Фадл Пайғамбарымызға (с. ғ. с. ) келіп: - Уа, Аллаһтың елшісі! Жаман бір қорқынышты түс көрдім, -деді. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) оған: - Көргенің жақсылық болсын, -деді. Үммү Фадл: - Уа, Аллаһтың елшісі! Сіздің денеңізден бір ағзаңыз бөлініп кетіп, менің бөлмеме қонғанын көрдім. Бұны естігенде Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) күліп: - Фатима бір ұл туады. Сен оны бөлмеңе апарады екенсің, -деді Айтқанындай, хазіреті Фатима босанып, ұлы Хасанды көтеріп келгенде, Үммү Фадл оны құшағына қысты (Ибн Мәжа, Рүя, 10) .

Түс кейде керісінше де жорылады. Түсінде жылау - өңінде күлу, түсінде күлу - өңінде жылау секілді. Кейде көрілген заттың ерекшелігімен де жорылады. Исі жақсы, дәмі қышқыл жеміс болса - екіжүзділік секілді. Түстегі көрілген әрбір қимылдың, заттың өз мәні бар. Мысалы, қолы кесілгенмен, денесінен ажырамаса, оны ұстаса, бұл балаға не бауырға ишарат, ал қолдың денеден ажырап түсіп қалғанын көру, бауыры не баласының жамандыққа ұшырайтынын білдіреді (Ибн Сирин, Мүнтәхабул-Кәлам, 6) .

Түс жоруда түс жорушы үшін аса маңызды үш мәселе бар: 1. Түстегі негізі заттарды айшықтай білу, оның ерекшеліктерін саралап, жақсылыққа не жамандыққа жататынын ажырата білу. 2. Түсте көрілген әрбір нәрселердің бір-бірімен байланысын құра білу. 3. Мәселеге барынша жіті мән беріп, түстің мазмұнын толықтай ашу.

Аталған жайттар өте маңызды болғандықтан, түс жорушылардың қиналатын тұстары да осылар. Өйткені түстегі негізгі нәрселерді тауып, олардың арасында байланыс құра білу керек. Мысалы, Жүсіп пайғамбар (а. с. ) дәл жорыған Мысыр патшасының түсі ұғымға сыймайтындай өте күрделі деуге болады. Патша түсінде жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын, бұған қоса жеті жасыл сабақтар мен жеті қураған сабақтар көргенін айтады. Жүсіп пайғамбар оны «жеті семіз сиыр - жеті жылға жалғасатын молшылық, ал жеті арық сиырлар - молшылық жылдарынан кейін белең алатын қуаңшылық жылдар» деп жориды. Ал «жеті жасыл сабақ пен жеті қураған сабақтар бұл жорамалды растап, қуаттай түседі» деп түсіндіреді (Ибн Сирин, Мүнтәхабул-Кәлам, 20-21) .

Қай уақытта көрілген түс анағұрлым шынайы?

Түстің дұрыс шығуында оның қай уақытта көрілгені маңызды. Мәселен, Тирмизи мен Даримидың жеткізуінше, Әбу Сайыд Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) былай дегенін естіген: «Түстердің ең шынайысы - таңсәріде көрілген түстер». Жағфар-ы Садық түскі уақытта көз шырымын алған кездегі түстің де шынайылыққа жақын екендігін айтқан. Өзендер тасып, ағаштар бүр жарған көктем мезгілі мен жеміс-жидек әбден піскен уақытта көрілген түстердің анық шығатынын айтқан ғалымдар да бар (Ибн Сирин, Мүнтәхабул-Кәлам, 15) .

Ибн Ғаннам түстерді айлар мен күндерге қарай жіктеп, олардың жорылуы жайында кең мағлұмат берген. Мәселен, жұма күні мен Рамазан айы туралы былай деген: «Рамазан айында көрілген түс жақсылыққа ырымдалса - игілік, ал жамандыққа ырымдалса, дұрыс болмағаны. Өйткені бұл айда жамандыққа жол берілмейді. Жұма күні - қасиетті күн. Ол күн жақсылыққа толы, мұсылмандардың басын қосады. Жұма күні - мұсылмандардың мерекесі» (Ибн Ғаннам, Әбу Тахир, Табирул-рүя, Хажы Селим аға КТП, 9А-10А. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің әдісі
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру
Қазақ ұғымындағы түс жору
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Түс көру әлемі
Түс көру мотивінің түзілуі
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыс. Балаларды ұйықтатуға қойылатын гигеаналық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz