Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері . . . 6
1. 2 Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың жолдары . . . 23
II. Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың әдістемесі
2. 1 Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 34
2. 2 Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 47
2. 3 Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптасытруға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгілері . . . 64
Қорытынды . . . 67
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 69
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстанда педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы болашақ мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. [1. 2]
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және бала тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше дайындық топ балаларының танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай баланы пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық белсенділігін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. [3]
Білім беру және оқыту теориясының балаларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы балалардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.
Балалардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі, Ал жеке тұлғаның дамуына оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі.
Танымдық белсенділік - баланың оқуға, білімге, ғылымға деген ынта-ықыласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік (интенсивтендіру) баланың әрекеті және пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі: баланың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуінде.
Белсенділікке байланысты әлеуметтік-педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне. ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтердің талдау нысанасы болды.
Мұндай психологиялық-педагогикалық көзқарасты Ы. Алтынсаринның, К. Ушинскийдің еңбектерінде көре аламыз.
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда тәрбиешінің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: тәрбиешінің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде. К. Ушинский танымдық белсенділік мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді.
Ол тәрбиешінің жұмысын ескере отырып, баланың белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу. көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет балалардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасайды. [4. 5]
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласында күрделі өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Қазіргі кезеңде баланың танымдық белсенділігін дамытудың тиімді жолдарының бірі - баланың өзіндік жұмысы. Т. Сабыров, М. Құдайқұлов, А. Әбілқасымованың жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С. Ұзақбаева, Б. Мұқанова, А. Ильясова. О. Сыздықов, т. б. оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде жазған еңбектері т. б . [6. 7]
Қазіргі кезде оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр, сондықтан да диплом жұмысымыздың тақырыбын «Дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастыру» деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу нысаны: Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастыру .
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастыру
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың педагогикалық мәселелерін қарастыру
- Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың жолдарын анықтау
- Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың ерекшеліктерін нақтылау
- Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін қолдану
Зерттеу әдістері: Оқу стандарты, білім тұжырымдамасы және теориялық негізде жазылған еңбектердегі педагогикалық - психологиялық әдебиеттердің мазмұнын ашу, озық педагогикалық еңбектерге талдау жасау.
Диплом жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І Бөлім. Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастыру.
1. 1 Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру.
Танымдық белсенділік - баланың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық белсенділік танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Белсенділіктің негізінде балаларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. [8]
Көне замандағы дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер баланың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек елінде тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит, Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында баланың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол баланың танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, балаларға сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық белсенділікті оқыту құралы ретінде қалыптастырады.
И. Гербарт танымдық белсенділікті дамыту - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады.
Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы түрлі қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды.
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Баланың танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л. Выготский бұл жөнінде былай деген: «Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Балалардың танымдық белсенділігі олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің қалыптасуына тәуелді». [9]
Танымдық белсенділік оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Педагогтер, ақыл- ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып балалардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:
- Оқу танымдық белсенділіктің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Оқу танымдық белсенділіктің интелектуалдық сипаты;
- Оқу танымдық белсенділіктің реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т. б.
Оқу үрдісі балалардың танымдық белсенділігі заттық орта арқылы қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық дамыту негізінде балаларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, балалардың танымдык, белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.
Мектепке дайындық топ балаларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.
Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және балалардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді.
Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті дамыту мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:
- оқу үрдісіне қатысушыпардың екі жақты сипаты әсері негізінде мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель,
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы Т. Сабыров, Б. Айтмамбетова, т. б. ) ;
-танымдық белсенділікті дамыту арқылы ( А. Әбілқасымова, Р. Омарова, ) ;
- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И. Лернер, М. Құдайқұлов) ;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы [10]
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (А. Қазмағамбетов) .
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: «Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек, өйткені ескі білімге балалардан сұраныс жоқ» деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп керек, өйткені ескі білімге балалардан сұраныс жоқ" деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің болашығы мектебінде шындалады.
Келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын азаматтар - бүгінгі мектепке дайындық топ балалары болғандықтан, Қазақсанның барлық мектепке дейінгі мекемелерде үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің, балалардың білім сапасы, даму бағыттары, қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда «Білім туралы заңы» қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - педагог қызметкерлер, балалардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектепке дайындық мекемесінде білім стандарты министрлік алқасының 18. 07. 1996 жылы 81/2 шешімімен бекітіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді.
Бұл білім стандартында балалардың белсенділіктерін дамытуды ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Оқу-тәрбие үдерісінде тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Тәрбиеші қызығушылық қабілетті арттыра отырып, баланың шығармашылығын, белсенділігін, қабілетін оятуға, заттық ортаға қалыптастыруға жол ашады. . [11]
Баланың танымдық белсенділігін, дарындылығын дамыту, тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы танымдық белсенділігін, қабілетін де дамыту қажет. Қызығу - бұл адамның саналы әрекеті.
Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін - оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э. Парондайк, У. Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:
А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып баланың белсенділігін оятуға;
Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т. б.
«Шығармашылық» - адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
«Шығармашылық» - адам бойындағы белсенділікті дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетілдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани куш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Л. Р. Выготский, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Андреев, А. Л. Яковлев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Әбділдин, ҚБ. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т. б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. . [12]
Оқыту үрдісінде баланың танымдық белсенділігін дамыту үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Дайындық топ балаларының танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық белсенділңкке ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Танымдық ізденімпаздык, пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz