Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары


ӘОЖ 332. 83: 69. 05(574. 5) Қолжазба құқығында
Ертаев Ермек Жаханчаевич
Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары
(Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
08. 00. 05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар және қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2009
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде орындалды.
Ғылыми жетекшiлері: экономика ғылымдарының докторы
Сатыбалдин А. А.
экономика ғылымдарының кандидаты
Өскенов М. Қ.
Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының докторы
Шаекина Ж. М.
экономика ғылымдарының кандидаты
Илашева С. А.
Жетекшi ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қорғау 2010 жылы 30 қаңтарда сағат 14. 00-де Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 15 диссертациялық кеңес мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2009 жылы 26 желтоқсанда таратылды.
Диссертациялық кеңестiң
ғалым хатшысы, экономика
ғылымдарының докторы, профессор Раимбеков Ж. С.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономиканың салалық құрылымы мен өндірістік кешендерді басқару тетіктерінің өзгеруі, тұрғын үй құрылыс өнімдерін пайдалану төңірегіндегі қоғамдық көзқарастың өзгеруі және тұрғын үй құрылысы кешеніне байланысты басқа да мәселелердің барлығы мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет етеді. Бұл мәселелердің қатарында тұрғын үй құрылысы нысандарын тұрғызуда тиімсіз сәулетті-құрылыс жүйесінің қолданылуын, өндірілген құрылыс материалдары мен қондырғылардың құрылымында тепе-теңдік және пропорциялық сәйкессіздіктің болуын және аймақтарда құрылыс индустриясының кәсіпорындарының тиімсіз орналасуын атап айтуға болады.
Тұрғын үй құрылыс кешеніндегі дағдарыстың шиеленісуіне нарықтық қатынасқа өту барысында, оған белсенді әлуеметтік-экономикалық жүйе ретінде тұжырымдамалық-әдістемелік дайындықтың болмауы да себеп болды. Сонымен қатар, оған объективті себептер де әсер етті. Олардың қатарында: негізгі инвестициялық ағымдардың мемлекеттік саладан, әр түрлі бөлшектелген кәсіпорындарға ауысып өтуіне байланысты, инвестициялық белсенділіктің төмендеуін; мемлекеттік қаржылық қолдаудың қысқаруын; құрылыс саласында әрекет етуші кәсіпорындардың санының өсуін; құрылыстық материал өндіру мен құрылыспен шұғылданатын алаңда жобалық-ізденіс жұмыстарын тиісті сапада қамтамасыз етуге қабілетсіз шағын кәсіпорындардың болуын және меншіктік түрлері бойынша кәсіпорындардың әр түрлілігін бөліп көрсеткен дұрыс.
Қазіргі таңда тұрғын үй құрылыстық кешенде тұрақтылық беталысы қалыптасты. Құрылыс материалдары мен құрылыс қондырғыларының өндірісі және тұрғын үй құрылысының көлемі өсті.
Тұрғын үйге деген қоғамның бүгінгі үміті - қолайлы, әрі ыңғайлы тұрғын үймен тұрғындардың барлық әлеуметтік топтары үшін қол жетімді тұрғын үй нарығын қалыптастыру. Ол үшін, тұрғын үй құрылысында бұрыннан қабылданған мемлекеттік мақсатты бағдарламаларда жасалынған шараларды дамыту үрдісі ойдағыдай және тиімді жалғасын табуы қажет.
Құрылыстық ұйымдардың қызмет етуінің болашаққа дамуына болжам жасау, оларға ұзақ мерзімге бәсекелестік үстемділікті қамтамасыз етеді. Ол, өз кезегінде, тұрғын үй құрылысы нарығындағы тұрақты жағдайдың қалыптасуына, өндірістік қуаттардың оңтайлы жұмыспен қамтылуы мен қажетті тиімділік деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құрылыс кешені мәселесін зерттеуге шетел және отандық ғалымдардың көптеген ғылыми және арнайы еңбектері арналған, соның ішінде тұрғын үй құрылысы кешенінің қалыптасуы мен дамуы төңірегіндегі мәселемен шетелдік Н. Баррос, Б. Рено, Р. Страйк және т. б. ғалымдар айналысқан.
Кеңестік кезең, ТМД мен отандық деңгейдегі экономист ғалымдардың арасында тұрғын үй құрылысы саласын ұйымдастыру, қалыптастыру және дамыту мәселелерін зерттеумен шұғылданғандар: Л. Абрамов, В. Афанасьев, А. Баздникин, Н. Варламов, М. Балихин, Д. Деркач, Л. Дикман, Г. Драздов, В. Самойлов, В. Серов, И. Степанова, Л. Лазаров және басқалар болды.
Отандық ғалымдар ішінде тұрғын үй құрылысы саласын зерттеу мәселелеріне А. Сатыбалдин, С. Сапаргалиев, С. Донцов, М. Мустафин, С. Илашева, C. Хамзин, У. Шалболова және басқа ғалымдардың еңбектері арналған.
Бірақ, зертелініп жатқан мәселе бойынша қазіргі күнге дейін белгілі көлемде ғылыми жетістіктер мен еңбектер жинақталғанымен, елдегі тұрғын үй құрылыстық кешені әлі де жеткілікті дәрежеде зерттелмегенін атап өтуіміз қажет.
Мәселенің жеткіліксіз зерттелінуі және оның өзектілігі тұрғын үй құрылыстық кешенін қалыптастыру және дамуының ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін құруға, сонымен бірге тұрғын үй құрылыстық ұйымдарда құрылыстық қызмет үрдісін тиімді дамытуға мүміндік беретін жаңа әдістемелік ұсыныстарды дайындауға қажеттіліктер туындатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты аймақтық тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру мен дамытудың теориялық-әдістемелік негіздерін құру және тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар беру. Мақсатқа сай оның негізгі шешуін табатын міндеттері төменде анықталған:
- құрылыс кешенін қалыптастыру мен дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;
- үй құрылысын дамытудың шетелдік үлгілеріне талдау жасау және оны дағдарыс жағдайында отандық тәжірибеде қолдану;
- тұрғын үй құрылыстық кешені қызметтерінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру;
- тұрғын үй құрылысы қызметтеріне дағдарыста қалыптасқан қазіргі жағдайына талдау жасау, даму келешегін математикалық-статистикалық негіздеу және тиімділігін бағалау;
- үй құрылысы кешеніндегі шағын және ірі кәсіпорындардың өндірістік кооперациясының құрылымдық-қисындық үлгісін әзірлеу;
- қаржылық дағдарыстың отандық үй құрылысы кешеніне әсерін анықтау және оның салдарын жою жолдарын ұсыну.
Зерттеудің пәні: тұрғын үй құрылыс кешеніндегі ұйымдар мен түтынушылардың арасындағы экономикалық қатынастар мен жүйелер.
Диссертациялық зерттеудің нысаны болып құрылыс кешені, оған қарасты мердігерлік және мамандандырылған құрылыстық ұйымдар, жобалау, іздену және ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа құрылыс саласына мамандандырылған ұйымдар алынды.
Зерттеудің жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық базасы күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені дамыту параметрлерінің фундаменталдық тұжырымдамасын, теориялық заңдылықтарын және әдіснамалық үлгісін бейнелейтін отандық және шетел ғалымдардың еңбектерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу экономикалық талдау, басқару, экономикалық-математикалық үлгілеудің әдістері мен әдіснамасына сүйенеді. Қойылған зерттеу мәселелерін шешуде келесі әдістер қолданылды: монографиялық, абстрактілік-қисындық, жүйелілік, экономикалық-статистикалық, экономикалық-математикалық және т. б. әдістер.
Зерттеудің ақпараттық базасында статистикалық басқарманың материалдары (соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы), арнайы құқықтық және нормативтік құжаттар қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары келесіден тұрады:
- тұрғын үй құрылыс кешенін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері мен шетелдік үлгілерін зерттеу негізінде дағдарыс жағдайында отандық тәжірибеде қолдану үшін оның теориялық және әдістемелік негіздері анықталды;
- тұрғын үй құрылыс кешені қызметтерінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесі мен факторлары айқындалды;
- Оңтүстік Қазақстан облысында үй құрылысының қаржылық дағдарыс әсерінен қалыптасқан қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, оның даму тенденциясы анықталды және тиімділігі бағаланды;
- үй құрылыс кешеніндегі шағын және ірі кәсіпорындардың болашаққа өндірістік кооперациялық бірлесуінің құрылымдық-қисындық үлгісі әзірленіп, ұсынылды;
- тұрғын үй құрылысы бойынша стратегиялық дамудың математикалық-статистикалық үлгілері әзірленіп, болашаққа дамуына болжау жасалынды;
- әлемдік қаржылық дағдарыстың отандық үй құрылыс кешеніне, ипотекалық несие алушылар мен үлескерлерге әсері және оның салдарын жою жолдары ұсынылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні тұрғын үй құрылыстық кешенін қалыптастыру мен дамыту үшін құрылған теориялық-әдістемелік әзірлеме мен ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды пайдалану мүмкіншіліктерінен құралады. Диссертациядағы ұсынылған тұрғын үй құрылыстық ұйымдардың қызметтерін жүйелік талдаудың нақты әдістемесі мен олардың бәсекелік қабілеттілік деңгейін бағалау қабылданатын шешімнің сапасын артыруға, басқару үрдісінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қорғауға шығатын тұстары:
- құрылыс кешенін қалыптастыру мен дамытудың теориялық және әдістемелік анықталған негіздері мен құрылысты дамытудың шетелдік тәжірибесі, оны дағдарыс жағдайында отандық тәжірибеде қолдану үлгісі;
- тұрғын үй құрылыстық кешенін дамытуда айқындалған құрамдас бөліктері мен әсер етуші факторлар және құрылыс кешені қызметтерінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесі;
- тұрғын үйді тұтынушылардың әлеуметтік топтары бойынша тұрғындарды бөлудің әдісі мен бөлу тәртібі;
- үй құрылыс кешеніндегі шағын және ірі кәсіпорындардың өндірістік кооперациялық бірлесуінің құрылымдық-қисындық әзірленген үлгісі;
- тұрғын үй құрылысы өндірісін дамытудың математикалық-статистикалық үлгілері мен келешекке жасалынған болжау нәтижелері;
- қаржылық дағдарыстың отандық құрылыс кешені мен ипотекалық несие алушыларға, үлескерлерге әсері және оның салдарын жою жолдары.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжiрибелiк маңыздылығы. Ғылыми зерттеудiң негiзгi жағдайларын жүзеге асыру үй құрылыс кешенін қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ететін экономикалық тетiгiн анықтауға, тұрғындарды сұранысына қарай пәтермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру әдiстері мен құралдарын жетiлдiруге, оларды реттеудiң кешендi iс-шараларын әзірлеуге мүмкiндiк бередi. Берілген ұсыныстар мен тұрғын үй құрылысының болашаққа дамуының математикалық-статистикалық үлгілерін, ғылыми-әдiстемелiк әзірлемелерін мемлекеттiк мекемелер, сонымен қатар құрылыстық кәсiпорындар, ұйымдар қолдана алады.
Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы және сынақтан өткізілуі. Зерттеудің негізгі нәтижелері «Индустриалды-инновациялық даму - Қазақстанның тұрақты экономикасының негізі» (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Шымкент, 2006ж. ), «Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы тетігін дамытуды жетілдіру - бәсекелестікке қабілеттіліктің айғағы» (Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент, 2007ж. ), «Новое качество экономического роста: инновации, конкурентоспособность, инвестиции» (Ташкент: Молия, 2008ж. ), «Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері» (Академиялық инновациялық университет. Шымкент, 2009ж. ) сияқты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып талқыланды. Зерттеудің кейбір нәтижелері республикалық және шетелдік ғылыми-тәжірибелік баспасөз беттерінде («Ізденiс-Поиск», «АльПари», Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ «Хабаршысы», «Қазақстанның жоғары мектебі») басылып шықты.
Зерттеу жұмысындағы негізгі қорытындылар Оңтүстік Қазақстан облысының Құрылыс басқармасында баяндалып, жұмыстың нәтижелері өндірісте қолданылды. Оның тәжірибелік маңызын дәлелдейтін енгізу актісі алынды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертация жұмысының негiзгi нәтижелерi көлемi 4, 4 б. т. тұратын 15 ғылыми еңбекте көрiнiс алды, оның 7-уі ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің рұқсат берген ғылыми басылымдарында баспадан шықты.
Диссертацияның құрылымы мен көлемi. Құрылымы жағынан диссертациялық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Тұрғын үй құрылыс кешенін қалыптастыру және дамытудың теориялық негіздері
Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне тұрғын үй құрылысы саласы жатады. Оның тұрақты қызмет жүргізуі көп жағдайда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға алып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы дамытудың басымдылықтары ретінде келесі: « . . . жылжымайтын мүлік нарығын дамыту және тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешу; жалға беру нарығын дамыту; жеке тұрғын үй құрылысын дамытудың кең масштабын құру . . . » бағыттарын атап өтті. Яғни, тұрғын үй кешенін қалыптастыру мен дамыту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі болып, тұрғындардың өмір сүруі мен қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған.
Тұрғын үй құрылыс кешені макроэкономиканың ұлғаймалы өндірісінің құрылымдық өзгеруі мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайын есепке ала отырып, қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгі тетік құралдарының бірі болуы тиіс. Ол барлық түрғындарды белгіленген уақыт мерзіміне қарай тұрғын үй құрылысы өнімінің қажетті көлемімен, құрылымымен, сапасымен қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған.
Құрылыс кешені материалдық өндірістің бір саласы ретінде, басқа салаларға қарағанда көп белгілерімен ерекшеленеді. Мұнда қызмет өзінің арнайы, ерекшеленген заңдылықтары арқылы жүргізіледі, басқарудың түрлері мен әдістерін дұрыс таңдауда оны есептеу ең қажетті шарттың бірі болып табылады. Мұндай ерекшеліктер ретінде келесілерді көрсетуге болады: біріншіден, соңғы құрылыс өнімі қатаң белгілі бір аумаққа бекітіледі (тұрғын үйдің мекен жайы болады) және көлікпен тасылмайды, яғни қоймаға қою үшін өндірілмейді. Құрылыс өнімдерінің басқа өнеркәсіп өнімдерінен айырмашылығы олар бір саладан екінші салаға қозғалып, қосылмайды. Ол - қозғалмайтын мүлік, тек сол салалардың өзінің ауысуымен сипатталады: күрделі құрылыс саласынан кейін дайын нысандар тұрғын үй құрылысы кешенінің негізгі қорлары саласына өтеді және тапсырыс берушілердің балансында есепке алынады; соңғы құрылыс өнімі (тұрғын үй) жоғарғы деңгейдегі еңбек сыйымдылығымен, материалдық сыйымдылығымен, нәтижеде капитал сыйымдылығымен сипатталады.
Екіншіден, тұрғын үйді сату, негізінен, белгілі сатып алушыға оның дайындалуын бастамас бұрын тапсырыс берушіге және оның құрылысындағы технологиялық кешеніне өткізу болып табылады; дайын құрылыстық өнімді алуы мүмін болған тұтынушылар арасында инвестиция құюға мүмкіндігі бар инвесторларды іздеу құрылысты жобалау сатысында жүзеге асады. Бұл құрылыс саласында сұраныстың ұдайы өндіріс қызметінің, сұранысқа бейімделу қызметінен біршама жоғары екендігіне алып келеді; құрылыс өнімдері нарығы тұрғын үй құрылысы кешенінің барлық салаларын қамтиды.
Үшіншіден, құрылыс ұйымы сатылатын тұрғын үй мен алынатын табыстың қажетті көлемін өнімнің сапасымен өзара байланыста қамтамасыз ету арқылы өндірістік және құрылыс өнімін сату мәселелерін келіскен түрде шешуі қажет; құрылыс өнімдерін құру мерзімінің ұзақтығы және құруға көптеген маманданған тауарөндірушілерді тарту қажеттілігі инвестициялық-құрылыс үрдісін басқарудың қазіргі заманғы тиімді түрлерін, құрылымын және әдістерін қолдануды талап етеді.
Жұмыста, зерттеу мәліметтері негізінде, үй құрылыс кешенінің құрылыстық қызмет атқаруын қамтамасыз ететін анықталған негізгі шарттары мен ондағы құрылымдық инвестициялық саясатта қалыптасқан ерекшеліктері нәтижесінде олардың қызметі мен өзара байланыстарының негізгі қатысушыларын бейнелейтін оның келесі құрылымдық сызбасын ұсынып отырмыз (Сурет 1) .
Мұнда мердігерлік нарықтың негізгі қатысушылары инвесторлар (тапсырыс берушілер) болып табылатын құрылыс өнімдерін сатып алушылар мен бас мердігерлікті атқарушы құрылыстық ұйымдардың құрылыс өнімдерін сатушылар қатысады.
Құрылыс саласының қызмет ету үрдісінде жобалық, бас мердігерлік және кіші мердігерлік құрылыс ұйымдары, құрылыс индустриясының кәсіпорындары және көлік ұйымдары инвесторлардың тапсырысы бойынша құрылыс өнімдерін жаратуға қатысады. Ақпараттық жарнама қызметін атқарушы ұйымдар, банктер, сақтандыру ұйымдары сатушылар (инвесторлар) мен сатып алушылар (мердігерлер) арасындағы мердігерлік қатынасқа, яғни құрылыс өнімдерін несиелеу және сақтандыру, келісім-шарттарды ұйымдастыру, жарнама жасау, кеңес беру т. б. жолымен қызмет көрсетеді.
Құрылыс кешенінің қызмет етуінің ерекшелігі құрылыс өнімдеріне тапсырыс берушілердің (инвесторлар) өздері ол өнімді пайдалануға қатыспауы мүмкін, оны жалға беруі немесе басқа тұлғаларға сатуы мүмкін. Осылай, құрылыс өнімдерінің соңғы тұтынушылары болып мемлекеттік және жергілікті басқару ұйымдарының қызметкерлері, сонымен бірге елдің тұрындары бола алады.
Ұсынылған құрылымдық сызбада құрылыс кешенінің мердігерлік нарығында мемлекеттік реттеудің қызметтері бөлініп көрсетілген, ол инвестициялық-құрылыстық бизнестің шаруашылық заңдылықтары мен әкімшілік қадағалау арқылы салықтық міндеттемелерді және амортизация жарналары нормаларын, монополияға қарсы іс-шараларды, бюджеттік ассигнациялардың және субвенциялардың бөлінуін анықтау негізінде жүзеге асады.
Біздің көзқарасымыз бойынша қазіргі дағдарыс жағдайында құрылыс кешенінің қызмет етуінің негізгі кемшілігі оның құрылымында қажетті байланыс сатысының, яғни стратегиялық басқару үрдісін қамтамасыз ететін және жүзеге асыратын сатының болмауында болып тұр.
Ескерту - Сызба автордың зерттеуі бойынша құрастырылған.
Сурет 1 - Тұрғын үй құрылысы кешенінің (ТҮҚК) қызметтік құрылымы
Дамыған шетелдердiң тәжiрибелері көрсеткендей тиiмдi тұрғын үй нарығының қалыптасуы үш құрамдас бөлік негiзiнде жүреді. Олар - жеке меншiктегi тұрғын үйлер, коммерциялық немесе әлеуметтiк жалға тиесiлi жалдық тұрғын үйлер және мемлекеттiк, яғни муниципалды үйлер.
Кесте 1 - Құрылыс кешенін дамытудың шетел үлгілері мен сипаттамалары
Құрылыс кешенін
дамыту үлгілері
Германия, Франция, Швеция, Англия,
Дания, Испания, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Финляндия, Голландия, Ирландия және т. б.
Ресей, Украина
Беларуссия және т. б.
аймақтарда бағаны реттеу тетіктері, жеңілдетілген несиелен- діруді қолдау, төменгі пайызбен несие беру; тұрғын үй құру үшін
инвестицияның құйылуын ынта-ландыру; салықтық жеңілдіктер орнату, лизингтік тетікті пайда-лану; мекен-жайлық мақсатта мемлекеттік дотациялар мен субсидиялар, ипотекалық несие-лер беру; дағдарыста жол картасы негізінде үлескерлер үшін бітпеген тұрғын үйлерді тұрғызу.
Экономикасы дамыған елдерде орта және жоғары табысты адамдардың жеке меншiк баспаналары бар, төмен дамыған мемлекеттердiң өзiнде жеке меншiк баспананың үлесi - 50% құрaca, Германияда бұл көрсеткiш - 40%, Швецияда - 43%, Голландияда - 45% құрайды, ал қалған 50% жалға берiлетiн үйлердiң үлесiнде: оның 40% жекеменшiк иелерi бар жалға берiлетiн үйлер (табысты үйлер), 10% әлеуметтiк жалдық үйлер (муниципалды жалдық үйлер) .
Жалдық тұрғын үйді қалыптастыру мен дамыту кезiнде, барлық нысандар сияқты оған сыртқы және iшкi факторлар ықпал етедi. Егер коммерциялық мақсатқа негiзделген үйлер жалға берiлсе, онда пәтердiң ерекшелiктерiне байланысты оны жалдау ақысы да жоғары. Егер қоғамның аз қамтылған отбасылары үшiн мемлекеттiк тарапынан салынған коммуналдық үйлер жалға берiлсе, сәйкесiнше бұл сегменттiң жалдық төлемi де төмен. Жалдық тұрғын үй нарығының қызметтері, тұрғын үйдің ерекшелiгімен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz