Коммерциялық банктің несиелік саясаты. (ақ «қазақстан халық банк» мәліметтері негізінде)


Мазмұны.
Кіріспе . . .
1. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі . . .
1. 1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі . . .
1. 2 Несие туралы түсінік . . .
1. 3 Несиенің формалары мен түрлері . . .
1. 4 Несиенің қызметі мен заңдары . . .
2. Бөлім. АҚ «Қазақстан Халық Банкіне» экономикалық сипаттама . . .
2. 1. АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» даму тарихы мен қаржылық жағдайы . . .
2. 2. АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» атқаратын операциялары . . .
3. Бөлім. Коммерциялық банктің несиелік саясаты. (АҚ «Қазақстан Халық Банк» мәліметтері негізінде) . . .
3. 1. АҚ «Қазақстан Халық Банкіндегі» несиенің түрлері мен мәні . . .
3. 2. АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелендіру тәртібі мен жүзеге асыру жолдары . . .
3. 3. АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелеу механизмі мен несиелік процесіне талдау . . .
Қорытынды . . .
Кіріспе.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар мен ұйымдар, халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір бөлігі жүргізіледі, уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады. Несие жүйесінің экономиканы және хлықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив операцияларына жатады. Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінен екіншісіне төлемдік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Несие ақщалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен алушылардың арасындағы қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беретін ссудалық капиталға айналады.
Нарық заманында Қазақстандағы банктердің несиелері қарқынды дамуда, былай айтқанда жеке несиелеу, оның ішінде тұтынушылық пен ипотекалық несиелер. Бұл қаржылық сектордың тұрақтылығымен, халықтың кірісінің өсуімен және экономикалық өсудегі кәсіпорындардың несие бәсекелестілігінің артуымен, халықаралық нарық капиталындағы қаржы қорларының арзандауымен байланысты. Ескеретін бір жайт, тұтынушық несие әлемдік тәжірбиедегі банк операцияларының ішіндегі ең көп тараған түрінің бірі. Тұтынушылық несиенің қолдану аясы анағұрдым кең. Қазіргі кезде тұтынушы несиесін қосқанда, екінші деңгейдегі банктердің қызмет көрсету аясы кеңіген.
Қазіргі кезде елімізді банктік несиелеуге байланысты жақсы шарттар бар. Атап айтсақ, біріншіден, бұл - инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты Жалпы ішкі өнімнің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің көбеюімен байданысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, дәстүрдің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады. Қазақстанда нарықтық экономиканы білетін және басқару тәжірбиесі бар менеджерлердің қалыптасу да өзіндік ықпал етеді. Сонымен қатар, ішкі сұраныс қазіргі жағдай үшінжақсы болып отыр. Елімізде төлем жүйесі дамып, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін қаржылық жүйе қызмет етуде. Сол уақытта Қазақстан Республикасы әрі қарайғы тұрақты дамуы екінші деңгейлі банктерде несиелік ресурстардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі даму кезеңіндегі қаржылық жүйе құрлымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі: банктер несиелік қызмет нарығында монополистер болып табылады. Қаржылық жүйенің басқа элементтерінің озып келе жатқан дамуына қармастан, банк жүйесінің рөлі мен мәні ерекше болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктер активтерінің шамамен 60% - ын банктік емес заңды тұлғаларға берілген несиелер құрайды. Осы көрсеткіш бойынша олар АҚШ және Жапонияның банк жүйелерімен бірдей деңгейде. Алайда, несие көлемінің Жалпы ішкі өнімге қатынасы жағынан Қазақстан жоғарыдағы елдерден артта қалған. Біздің ойымызша, активтердегі несиелердің үлес салмағы 80% - ға дейін көтеру керек. Қазір, біздің ойымызша, бұл көрсеткішті 83% - ға жеткізуге болады. Алайда, Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің ресурстық базасының ерекшеліктері, сонедай - ақ сапалы жобалардың болмауы осы мәселені шешуге мүмкіндік бермей отыр.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің ресурстық базасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде «қысқа мерзімді ақшалар» жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына 3 жыл және одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері беретін несиелерінің валюталық құрлымы мен мұнай бағалары арасындағы байланыстылықты көруге болады. мұнай бағасы төмендегенде шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы өседі.
Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар мен ресурстық база өсіп отырған кезде несиелік нарық қаржы нарығының серпінді даму үстіндегі салаларының бірі болып табылады. Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Несие, бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысына ие. Несие - банктің қаржысын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын, сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіреді. Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігі болып табылады. Экономикалық категория ретінде несие, кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай - ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын және тауарлар мен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берілуін сипаттайды.
Дипломдық жұмысымның мақсаты - несиелік операциялардың нысанымен жан - жақты танысу. Несиелік операциялардың бүгінгі мен ертеңін дәлелдеу. Коммерциялық банктің несиелік саясатын зерттеу барысында несиеге байланысты өзекті мәсәлелерді талқылау арқасында тақырыбымды ашу болып табылады.
Дипломдық жұмысымның нәтижелері - тақырыбым бойынша Қазақстан Республикасындағы несие жүйесіне теориялық сипаттама беру, несие туралы түсініктің пайда болу, олардың қажеттілігі мен мәніне, несиенің формалары мен түрлеріне, несиенің қызметі мен заңдарына толық анықтамалар жасалды. АҚ «Қазақстан Халық Банкіне» экономикалық сипаттама оның ішінде, АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» даму тарихы мен қаржылық жағдайын, атқаратын операциялары туралы мәліметтер жасалды. Коммерциялық банктің несиелік саясаты ( АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» мәліметтері негізінде) АҚ «Қазақстан Халық Банкіндегі» несиелердің түрлері мен мәнін ашу, несиелендіру тәртібі мен жүзеге асыру жолдарына зерттеу жүргізу, АҚ «Қазақстан Халық Банкіндегі»несиелеу механизмі мен несиелік процесіне талдау жасалды.
Дипломдық жұмыстың обьектісі - АҚ «Қазақстан Халық Банкі» мәліметтері негізінде.
Дипломдық жұмысымның өзектілігі - несиенің қазіргі нарық экономика кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады. Несиелік операциялардың қазіргі нарық жүйесін қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел - Қазақстан Республикасының экономикасы мен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатыпұлттық валюта - теңгенің нығаюына негізделген.
Дипломдық жұмысымның құрылымы - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері, отандық және шетел экономикалық әдебиеттер қолданылды.
1 - Бөлім. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі.
1. 1. Несие туралы түсінік.
Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар. Бірақ несиені зерттеу кезінде мынадай экономикалық түсініктер қалыптасқан: «қарыз», «жалға беру», «несие». Бұл түсініктердің көбісі мағыналары жағынан синоним ретінде қолданылады.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Экономикалық теория түсінігінде «қарыз» бен «несие» түсініктері мағыналары жағынан тепе - тең. Көбінде бұл түсініктер бірін - бірін анықтайды. Несие - қайтару негізінде берілетін ақшалай немесе тауар түріндегі қарыз, әдетте үстеме пайыз төленеді. Е. В. Соколов өз еңбегінде: «Қарыз - несиелік қатынастар формасы, бір жақ екінші жаққа ақшалай немесе табиғи түрде қарыз беру» - деп жазды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің өозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты, себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуіде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғым білдіреді. Несиенің ақшалай капиталдан ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар, несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылуы, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрлымы бір брімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілері болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке салықтарға байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай - ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа сұранысы бар тұлға. Қарыз беруші қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда. Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтерімен заңына қатысты саясат орын алуда. Несинің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалды. Натуралистің несие теориясы 18 - ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак - Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несиенің обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысы емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымның жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрмайды, - деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табысының көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама - қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байлық пен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Д. Ж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, кпитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолдаушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумпетер, А Ган. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол «Өндіргіш капитал » болып табылады, ал банктер - «Несие фабрикасы». Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды. Міне осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді.
20 ғасырдың екінші жартысында ақша - несие реттеуінің кенсиандық емес мектебінің пайда болғаны белгілі. Бұл мектептің өкілдері американдық ғалымдар П. Самуэльсон, С. Харис, Э. Хансен, Л. Ледокер, Дж. Гэльбрейт болды. Дж. Кейнстің «несиенің көмегімен шаруашылық процестерге мемлекеттің белсенді араласуы» туралы идеясын дамытты. Несиенің қазіргі уақыттағы экономикалық жүйеде кеңінен қолданып жүрген бір қатар анықтамаларына тоқталсақ, «несие- тауарларды немесе ақшаны несиеге беру» деп қарастырсақ. Бұл жерде, несие - тауарлармен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берулуін білдіреді.
Енді несие қазіргі уақытта экономикалық жүйеде кеңінен қолданылып жүрген бір қатар анықтамаларына тоқталып өтсек, несие - тауарларды немесе ақшаны несиеге беру. Бұл жерде несие - тауарлар мен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берілуін білдіреді. Ал капиталдық несие - бұл қарыз капиталының нағыз қозғалысы. Ол капиталдық қарыз алушыға қайтарымдылық және пайыз төлеу шартымен беріледі. Бұл жерде несиенің екі түрлі шартпен берілетіндігі қайтарымдылық және пайыз төлеу туралы айтылған.
Жалпы «несие» латынша «creditum» - «сенемін, сенім білдіремін және қарыз, несие» - деген екі мағынаны білдіреді. Бұл анықтамалар, шын мәнінде екі емес үш бірдей мағыналы үғым келтірілген: сенім, қарыз, несие. Тағы да бірнеше анықтамаларға тоқталатын болсақ, несие шаруашылық субьектілері арасында уақытша бос ақша қаражаттарын мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық шартында экономикалық қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие - бұл ақша және тауарларды қайтарымдылық, төлемділік, мерзімділік шартында қарызға беру.
Несиенің ғылыми теориясының негізін қалаушы К. Маркс болып табылады. Ол несиенің экономикалық табиғаты мен пайда болу шарттарын анықтайды, қарыз пайызының қайнар көзін ашты, оның нормасының қалайша анықталатындығын айшықтады, коммерциялық және банктік несиелерге сипаттама беріп, банк қызметтерін белгілі тәртіппен қарастырды, капиталистік өндірістегі несие рөлі мен негізгі белгілерін анықтады.
Бірақ несиенің маркстік теориясының құрлымы мен мағынасы жағынан ғана емес, экономикалық құблыстар мен капиталистік өндіріс процесін танып білуде қолдануының әдіснамалық жағынан да жеткілікті түрде күрделілігін ескерген жөн. Осының нәтижесінде несие туралы ғылымды түрлендіру жүргізілді, әсіресе несиенің теориясы мен практикасы ғылымның жекелеген саласы түрінде даму алды. Кеңестер дәуірінде несиені зерттеудің банктік және ақша мектептері екі даму кезеңінен өтті.
Бірінші кезең (20 - шы жылдардың басы) әрбір мектептің қарсыластары жағының сын - пікірінсіз өздігінен даму алуымен сипатталады. Екінші кезең (20 - шы жылдардың екінші жартысы) әр түрлі талас - тартыс пікірлердің басталуымен сипатталады. Бұл З. С. Кацеленбаум 1925 жылы «несие теориясының кейбір мәселелері» атты тақырыбында жасаған баяндамасын оқыған соң басталған болатын. Бұл баяндамада банктік депозит пен несие эмиссиясының мәніне қатысты әр түрлі сұрақтар талданды. Екінші кезеңдегі пікір таластар арқылы банк пен несиеге байланысты пікірлердің қарама - қайшы көзқарастар мен теорияларға ие болу сипаты күшейді. Әсіресе К. Маркс тарапына, оның теорияларына байланысты ресми сілтемелер белең алды. Мысалы, К. Маркстегі несиенің мәні мен мағынасына қатысты сұрақтар «Милл, Коклен және Сэйдің түсініктерінде де орын алған», яғни К. Марксте несиені зат - капитал деп қарайды, Марксше «несие капиталдың қарыз берушіден қарыз алушыға көшуі» деген сияқты пікірлер айтылды. К. Маркске қатысты осындай екінші ресми сілтемені З. Кацеленбаум несиеге анықтама бере отырып жасайды. «Маркстің ізінше мен де несиені өзге кәсіпорындардағы капиталдың айналымы тұрғысынан түсінемін», - деп жазды ол. Бұл жерде ол К. Маркстің несиені өндірістік қатынастар және несиемен қарыз капиталы тұрғысынан қарастырғанын түсінген жоқ.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай - ақ ол енді-қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік жіне жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасладуда. Бірақ, бұл нарықта әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр. Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфраұүрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енд - енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпорациялық бағалы қағаздар түрлі обьективті себептерге байланысты мүлде дамымымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияның әрі қарай монетаристер дамутуда. М. Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары - несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айнылымдағы ақша жиынының өзгерістері болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай - ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңындағы өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады. Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолдануда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып отыр.
Қазақстаннің несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптасты. Осы уақыт ішінде сызбада көрсетілген құрылым қалыптасты.
1 1. 1. сызбасы. Қазақстанның несие жүйесінің құрлымы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz