Мектепке дейінгі балалардың уақыт бойынша бағдарлауын дамыту міндеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі балалардың уақыт бойынша бағдарлауын дамыту міндеттері.

Физиологиялық зерттеулердің көрсетуінше, ерте жастағы балаларда уақытқа деген шартты рефлекстерді тәрбиелеу жылдамдығы әр түрлі, ал мектеп жасына дейінгі балаларда үлкен қиындықпен келеді және аса тұрақсыз да.

Уақыттың созылмалы өтіп жататынын, оның қайтымсыздығын және периодтылығын балалардың қабылдауы аса қиын, өйткені көрнекі формалар жоқ. Балалар үшін уақыт қатынастарын белгілейтін сөздің мәнісін түсіну де күрделі, өйткені ол салыстырмалы сипатты; мысалы, енді-қазір немесе бүгін-кеше-ертең т. б. сөздер нені білдіреді, айырмашылығы неде. «Бұл уақыт белгілеулердің мәні теңбе-тең болғанда реалды нақтылы момент, олардың көрсетіп отырғаны, үздіксіз жылжып отырады. Бұл баланың бірден игере алмайтын қиындығы», -деп жазды С. Л. Рубинштейн. Сондықтан мектепке дейінгі балалар ересек адамдардан: «Бүгін деген ертең бе, ал енді бүгін ба?», «Жел деген айналып тұратыны рас пе?: жаз еді, өтіп кетті, тағы орала ма? » дегендерді жиі сұрайды.

Ерте даму кезеңдерінде бала уақыт жөнінен уақыттан тыс, сапалық белгілер негізінде бағдарлайды. Ал ұзағырақ уақыт аралықтары жөніндегі түсінікке келсек, ересек балаларда да олар дәл емес. Аса көне заман жөніндегі олардың түсінігі тіпті де бұлдыр. Солай бола тұрса да, ертеде өткендерге балалар қызығады, алайда әр бала уақыт тұрғысынан әр түрлі шектейді, бұның бәрі ересек адамдардың баларды уақыт қатынастарымен таныстыра ма, балаға белгілі әр түрлі уақиғаларды уақыт тұрғысынан шектеу жөнінде әңгімелесе ме, соған байланысты. Байқасақ, дұрыс басшылық берілсе, бала көптеген нәрсені игере алады екен.

Мысал келтірейік. Ересек адамдар Пушкин тауарларына баратынын әңгімелеп отыр. Сана Н. (5 жас 2 айда) қуанып отыр. Мамасы: «Біз пушкин тауларына барамыз. Пушкиннің тұрған және қызмет еткен жері Михайловск селосына барамыз. Сен оның бәрін өзің көресің»-«Ой, мама, күлдірмеші». Пушкин қайтыс болды емес пе?- «Қашан?», «Әлдеқашан, 100 жыл өтті ғой». «Әлдеқашаны қалай: сенің кішкене кезіңде ме?»-«Қойшы мама» (күледі) ! Сен де, папам да Пушкин қайтыс болған кезде болмаған едіңдер. Сен білесін бе мама, оны тіпті өлтірмеген де де ол қазір қартайып барып өлер еді. Ол, бәлкім, мен тіпті кішкене кезімде өлген болар еді».

«Балалар бақшасында тәрбиелеу программасы» ересек топтағы балаларды кейбір тарихи оқиғалармен таныстырады, осы жастан бастап-ақ балаларда уақыт жөнінен бағдарлай білуді қалыптастыру қажет. Уақиғалардың уақыт бойынша өту ретін дәлірек шектеу және түсіну қабілетін дамыта келе, осы уақиғалардың себептік тәуелділіктерін санамен түсіну мүмкін болапды, ал негізгісі сол алуан түрлі уақыт эталондарымен пайдалана білу іскерлігін дамыту, мұның өзі уақыт қатынастарын сан көрсеткіштері жағынан өрнектеп көрсетуге мүмкіндік береді.

С. Л. Рубинштейін былай жазды: «Уақыт жөніндегі түсінік балаларда әдетте кеш дамитын болғанмен (әсіресе оны тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлмеген жағдайда), оған баланың ой-жотасы жете бермейді деп қорқуға болмайды». Уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар ролі үлкен: ұзақтығы әр түрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстракцияланады және қорытындыланады: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл т. б. Осы арнаулы атаулармен балалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарының әрқайсысының нақты мазмұны қандай, ол қандай негізгі белгілермен сипатталады-соған байланысты. Алайда қандай уақыт аралықтарын болса да сипаттайтын нақтылы белгілер аса шектеулі келеді, өйткені олар адам өмірінің тұрмыстық, экономикалық және географиялық шарттарымен айқындалады. Күн дегенде - ол әр уақытта да, қай жерде де жарық және халықтың еңбек етуі деп, ал түн болса-қараңғы және халық ұйықтайды деп сипаттала бермейді. Сондықтан, тәуліктердің жыл мезгілдерінің т. с. с. алмасу тәуелділігін айырып көрсететіндей, көрнекі құралдарды табу аса маңызды. Қай эталонды болсын түсіну үшін ортақ белгілерді табу қажет. Мәселен, кеше, бүгін, ертең т. б. сөздердің мәнісін айқындау үшін, ең алдымен тәуліктердің өтіп жататын және алмасып отыратынын түсіну қажет. Әдетте бір тәуліктің екіншімен алмасу белгісі деп кішкене балалар Москва куранттарының соғысын біледі. «Тәушлік айналып тұрады» дейді төрт-бес жасар балалар. «Тәулік» эталонын оның құрамын (ертеңгілік, күн, кешкілік, түн), олардың ұзақтығын және алмасуын үш-төрт жасар балалар ересек адамдар дұрыс басшылық беріп отырған жағдайда саналы түрде түсіне алады. Тәуліктің алмасып отыруын түсіну оқушыларды уақыттың басқа эталондарының (апта күндері, айлар мен маусымдар, жылдар т. б. ) мәнісімен таныстырғанда негізге алынады, бұлардың әрқайсысын балалар өзінше бірнақтылы белгілермен байланыстырады.

Мектеп жасына дейінгі және төменгі кластардағы балалар уақыт категориясын іс-жүзінде қалайша айтады екен? Зерттеулердің көрсетуінше, алты-жеті жасар балалар уақыт үстеулерін орынды қолданатын көрінеді. Бірақ уақыт категориясының бәрін бірдей бірден саналы түрде түсіне бермейді әрі дұрыс айта да бермейді. Уақиғаларды уақыт жөнінен шектейтін және шапшаңдығын өрнектейтін үстеу сөздерді тез игерсе, ұзақтығы мен ретін өрнектейтін үстеу сөздерді баяу игереді: Алайда балалар қиын ұғынатын уақыт үстеулерін ашып түсіндіру жөнінен бірнеше сабақ өткізсе, олардың түсінігін нықтай түсер еді. Бұдан шығатын қорытынды: алты-сегіз жасар балалардың уақыт ұғымдары сөйлеу процесінің үздіксіз өсу стадиясында болады. Бұлайша даму баланың алты-жеті жасар аралығында, егер ол процесті біреу басқарып отырса, әсіресе қаулап өседі. Алайда уақыт қатынастарының мектеп жасына дейін аса нәзік дифференциясы аса баяу қалыптасады және де жалпылама баланың ақыл-ой әрі сөйлеу қабілетіне тікелей байланысты. Баланы оқыту мен тәрбиелеу-оларды басқарудың құдіретті құралдарының бірі.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту

Баланың дамуы мен тәрбие өзара тығыз байланысты. Дұрыс жолға қойылған тәрбие дамуға көмектеседі. Даму тәрбие үшін қажетті жағдай болады. Мынандай бір мысал алайық, кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл- ойы алгебралық абстракцияларды ұғынуға әлі жетілмеген. Орта мектеп жасындағы балаларға алгебраны оқыту, олардың абстракты ақыл ойын дамытуға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың даму мәселелеріне толық тоқталуымыздың себебі-бұл мәселе оқулықтарда сөз бола қалса, тым қысқа айтылатындығында. Сөйлеу нышаны және басқалардың дамуы ортаға, тәрбиеге байланысты. Егер бала адам сөзін есітпейтін жерде өмір сүрсе, онда баланың сөйлеу нышаны дами алмаған болар еді. Нышандар тәрбие жұмысын жүргізу үшін зор мүмкіншілік тудырады.

Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерінің міндеттерін және оларды байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие және дене тәрбиесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлау ерекшеліктерін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытудың теориялық сипаты
«Мектепке дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері»
Мектеп жасына дейінгі балаларды математика элементеріне оқытудың негізгі принциптері
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Мектепке дайындық
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz