Саяси сана және саяси мәдениет


Саяси сана және саяси мәдениет
Саяси сананың жалпы сипаты. Қайта құру саясатының барысында халықтың саяси белсендідігі артты және демократияландыру ісі каркынды жүрді. Бірақ қайта құру саясатының сәтсіздігі, үміттің ақталмағандығы қоғамның қалың бұқарасының қапаландырып, саяси-баскару құрылымы мен саяси көсемдерге сенімді жойды, соның нәтижесінде саяси оқиғаларға кызығу нашарлады. КОКП Орталық Комитетінің социологиялық зерттеу орталығының 1989 жылы жаздағы деректері бойынша сұрауға жауап берген адамдардың төрт проненті ғана саясатты түсінбейтіндер және оған қызықпайтындар, ал 70 проиепті саясатқа елеңдей құлақ түретінін айтқан. 1990 жылы жазда сурау салынған адамдардың 35 проценті саясатқа немқұрайды қарайтынын, 28 проценті мүлде керек етпейтінін жариялады.
Саяси сана мәселесін зерттеген жағдайда саяси психологияны пайдалану қажет. Оны пайдаланбау зерттеу жұмысына үлкен нұқсан келтеді.
XIX ғасырдың аяқ шенінде еңбекшілердің саясатқа қатысуы жандана түсті. Олар өздерін саясатқа қатыстыруды талап етті. Ол тенденция Париж коммунасы мен 1905 жылғы Ресейдегі төңкерістен керінді. Бұл оқиғалар қоғамның теменгі қатарында саяси сананың өсе бастагандығын көрсетті. Бірақ теориялық жұмыстар интеллектілік еңбектерде ғана болды.
Бұқаралық саяси мінез-құлықты алғашқы зерттегендер Густав Лебон мен Владимир Ильич Ленин еді. Лебон иррационалдықпен, инстинктпен, жеке адамдармен айналысса, Ленин саяси сана проблемасымен айналысты. Лебон саясатта да, психологияда да негізінен тұқым қуалаушылық пен әсерлі сезімді (эмоцияны) асыра бағалауының салдарынан пессимнстік және консервативтік көзқарас ұстанса, Ленин ұйымдастыру бағытында таным теориясымен айналысып, оптимистік көзқараста болды деп көрсетеді америка саясаттану-шысы Т. Брайдер.
«Тобырдың психологиясымен» айналысқан Лебон жоғары және төменгі нәсілдер туралы зерттеуінде нәсілшіл болды. Ол социализмді қылмыстылардың мінез-құлқына теңеді.
Лениннің ойынша, жұмысшы өзінің кунделікті тәжірибесінен саяси құрылыска балама іздеудің қорытындыларына көшкенде оның санасы артады. Ленин теориясы тәжірибеге үлкен мән берді. Тәжірибе әсерлі сезімнің рөлін кемітеді. Казіргі саяси психология Ленин ұсынған теорияға жакын тұр. Осы күнгі саясаттанушылар, әсіресе Америка бихиоверистері психологиялық процестерге көбірек мән береді. Баска бағыттарды саяси пснхологня және сошюдогия ығыстырып шығара бастады.
Саяси психология мына белгілермен сипатталады:
1) басқарудын белгілі бір формасы мен саяси мінез-кұлықтың қалыптасуы;
2) өкімет ииститутына сенім;
3) лидерлерге табыну;
4) қоғамның әлеуметтік және саяси мұраттарына психологиялық тендік;
5) өз ойын жүзеге асыруға үміт;
6) үрей, қауіп;
7) ашу-ыза.
Артур Боднардың ойынша, саяси сана: саясатты білу, оған қызығу; өкімет билігін жүзеге асыру бағытында саяси көріністерге баға беру, пікір алысу; ұстанған саяси жолы тұрғысынан отанға сүпіспеншілік, жауға өшпенділіктің әсерлі сезімі; қоғамдағы саяси міиез-құлықты үлгілі деп тану.
Саяси санада саяси идеологнянын маңызы өте зор, ол саяси психологияның өзгеруіндегі және дамуындағы анықтаушы фактор болып табылады. Саяси идеология әлеуметтік тұтастықтың негізгі мүдделерін көздейді, оның қоғамдық дамудағы орны мен рөлін негіздейді. Ол әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер бағдарламасының-түсініктік негізі болып табылады. Саясаттың ерекшелігі өкімет билігі арқылы таптық және басқа да әлеуметтік-топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған адам қызметінін өрісі болуында.
Саяси сана таптық, ен алдымен саяси мүдделерді керсететін және жүзеге асыруды көздейтін қоғамдық сананын керінісі. Саяси сана қоғамнын карама-қарсы антагонистік тап болып белінуіне байланысты туды, оның дамуында нзқтылы қоғамдық-экономикалық формапнянын сипатына сай негізгі тарихи кезендері мен тұрпаттары болады. Саяси сана халықтан өз құрылысынын канаушылық снпатын жасырады. Социалистік саяси сананың мазмұны коммуннстік тәрбиенің басты бағыттары мен мақсаттарын белгіледі, ор турлі қоғамдық сананы байланыстыруды көздеді, олардын барлығын мораль, ғылым, өнер арқылы жүргізуге әрекеттенді. Социалистік саяси сана социалистік мемлекетті танып, коммуннстік идеяға берілгендігін жариялады. Таптар, ұлттар арасындағы қатынастардын алдынғы қатарлы түрін, азаматтық сананын құндылығын көтеруге тырысты. Социолистік сана кеңес қоғамдық әлеуметтік - саяси идеялық бірлігін қамтамасыз ету бағытында болды, буржуазиялық және ревизионистік идеологияға төзімсіздік көрсетті.
Қоғамдық пікір саяси сананың бағыты, пісіп-жетілген дәрежесі, оның дамуы қоғамдық пікірден көрінеді. Олардың әлеуметтік және саяси өзара байланысы екі жақты сипатта болады.
Біріншіден, ешқандай саясат және басшылық шешімдер қоғамдық пікірмен санаспайынша жүзеге аспайды. Тарихта қоғамдық пікірге сәйкес келмейтін шешімдерді мәжбүр етіп қабылдаткан уақыттар болды.
Бірақ ол жағдайда еріксіздік, жазалаушы шаралар колдануға тура келіп отырды. Оған тарихта мысалдар көп. Оған соңғы кездегі басқарудың сталиндік өміршіл-әкімшіл әдісін жатқызады.
Саяси сананы қалыптастыруда мемлекеттік мекемелердін, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, бұкаралық саяси ақпарат құралдарының, идеялық-тәрбие жұмыстарының рөлі зор. Саяси сананың баюында үлкен орын алатын нәрсе жалпы адамдык кұндылықты барлық таптардың, партиялардыи пайдалануы болып табылады.
Бұл бағытта коммунистік идеологнядан бас тарттылған кейін біздін республнкамызда жаңа идеология дамуын болмады. «Шамасы, біздің жаңылған жеріміз. - деп көрсетті Президент II. Назарбаев, идеологиялық кызмет мәселелері жөніндегі республикалық кенесте жасаған баяндамасында, - жүргізіп отырған жұмысымыздың сипатын адамдарға тусіндіре алмауымызда, біздің мақсатымыз бек ұмтылысымызды жеткізе алмауымызда болар. Іс жүзінде бізде талап жасалған бағытқа барабар кұндылықтар бағдарынык, көзқарастар мен идеялардың жүйесі жоқ».
Осы күнгі дайындалып жатқан идеологияның, онын
тұкырымдамасының басты мақсаты тәуелсіздікті нығайту, біздің халқымыздың ғасырлар бойы қалыптаскан рухани байлығын, дәстүрлерін қиратпай, терең дағдарыстан шығу, дүниежүзілік өркениетке косылу болып отыр.
Онан әрі былан делінген:
«Қазақстандағы демократияны қазіргі көптеген ұғындырушылардың принципті қателіктері осы дәстүрлердің саяси мәдениетіміздегі рөлі мен маңызын түсіне алмауында жатыр. Саяси көзқарастар мен бағалар, сенімдер мен әуестіктер заң арқылы жасалмайды. Оның сыртында адамдардың тағдыры ғана емес, ұрпактар елегінен өткен мінез-құлықты реттеудін қағидалары тұр. Біздің өмірімізге батыстық үлгідегі либералдық әкелген мұраттардың барлық жағдайда және барлық уақытта бірдей Казақстан қоғамынын шындықтарымен сәйкес келе бермейтіні, міне, сондықтан. Мәселе либералдық идаология- ұзақ тарихи дамудың - жемісі екенінде. Ол жеке меншіктің дамыған инститтына, шын мәніндегі нарық экономикасына, саяси демократия мен дарашылдық. Психологияға негізделген». Осы негізде мемлекеттік жаңа идеология жасада көп жұмыстар істеліп жатыр. Гуманитарлық білімнің косентрациясы жасалды.
Саяси өмірдін құрамды бөлімінің бірі - саяси социалкзация. Социализация дегеніміз - адамдардың әлеуметтік дамуы, заттық-қимылдық дамуы. Ол адамды қоғамдык қатынастар жүнесіне енгізуден басталады. Саяси социализацнянын мәні адамдарды саяси қатынастардың жүйесіне енгізу, саяси өмірге қатыстыру. дүниеге көзкарасын қалыптастыру, саяси білім мен тәжірибені ұғындыру, саяси белсенділігін арттыру болып табылады. Ол қоғамның саяси жүйесін тұрактандырады, оның дамуын жылдамдатады, саяси мәдениетті қалыптастырып жетілдіреді. Саяси социолиция саяси өмірге кіріспе болып табылады. Оның қызметі әдісі, мақсаты шеңбері саяси жүйемен оның қоғамдық тарихын негізіне сүйенеді жеке адам шеңберінде оның көрінісі саяси сананың халі жеке адамның қоғамдық жағдайына байланысты болады: социализатция ең алдымен топ, ұйым, тағы басқалары арқылы жүргізіледі.
Қоғамның дамуында субъективтік факторлардың маңызының артуы саяси сананын дәрежесінің көтерілуін кажет етеді. Саяси сана адамдардың мемлекет пен партия, саяси құндылық пеп даму мақсаты, дәстүрлер және саяси өмірдін қалпына, нормасына катынасып көрсететін көзкарастардын жиынтығы болып табылады. Ол сананың кегізі - білім, оны әлеуметтік өз-герістерге пайдалану. Саналы мінез-қүлық саяси істі күні бұрын белгілеуге мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz