Педагогикалық іскерлік ойындар



1. Педагогикалық іскерлік ойындар
2. Сабақтан тыс уақытта қимыл.әрекет ойындары
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артатынын атап көрсеткен.
Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Кім тез», «Қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Асауды ұстау», «Аударыспақ», «Вагондарды құрау», «Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
«Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық іскерлік ойындар
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық
ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг,
күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н.
Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-
баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің
талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала
ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті
жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артатынын атап көрсеткен.
Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып
қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау
сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық
жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото,
грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: Кім тез,
Қуаласпақ, Құсбегі, Кедергіден өту, Кім болам?, Асауды ұстау,
Аударыспақ, Вагондарды құрау, Қай әріп жоғалды, Лоторея ұту,
Жасырынбақ, Атын айт, Түсін таны т.б. ойындар
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
Синтаксистік касса ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі
(адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады.
Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
Сөйлем қуаласпақ ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер
көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-
толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
Кедергіден өту ойыны. Интерактивті тақтадан кедергілер
көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар
топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ
жеңіске жетеді.
Вагон құрау ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1
вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен
тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске
жетеді.
Атын айт ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше
суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді белгісі арқылы топтан
себебін түсіндіреді.
Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. Туған
күні, Ақ терек, көк терек, Ақ тоқаш, Айға ұшу, Кім болам? сияқты
ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ
жаттайды, мысалы:
Бүгін Анардың туған күніне
Ақ тоқаш пісірдік
Үлкендігі мынадай
Кішкентайлығы осындай
Ақ тоқаш-ау, ақ тоқаш
Біреуді сайлап, өзің қаш.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзыреттіліктерін
дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылар алдына
түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнай отырып, сол туындаған
проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім
тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: Біздің үйіміз ойыны. Топ өздері
тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы
үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен
байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-
физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың
даму қуралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола
отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір
адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза,
жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына,
қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе,
кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға
араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға
басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың
тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің
де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-
әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине
ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның
өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне бай-ланысты.
Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық,
дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар.
Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі,
білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке
тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек,
артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко
былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар.
Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады.
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу
алдымен ойында басталады. Мысалы; сюжеттік - рөлді ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың
қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан
кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның
өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Бастауыш мектеп оқушыларының табиғат қорғаудағы іс-әрекетін қалыптастыру
Информатика сабағында "іскерлік" ойындар өткізу әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формалырын қоладану
Ойын баласын оқытудың басты жолы - ойын әдісі
Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жіктелуіне сипаттама
Химия сабақтарында ойын әдістері арқылы қатысушылардың танымдық қызметтерін оңтайландыру
Бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда рөлдік ойындарды оқушыларды, коммуникативті құзыреттілігін қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасы ретінде, мазмұнын және рөлiн анықтау
Инновациялық оқыту туралы
Дәстүрлы окыту
Пәндер