Сөз әдебі


Сөз әдебі
Адам баласы белгі бір қоғамда бірлесіп өмір сүріп, бірлесіп еңбек етеді. Қандай да болмасын қоғамнның көпшілік қабылдаған әдет-ғұрып, қарым-қатынас жасау дәстүрі болды. Адамдардың бір-бірімен араластығы сол қағидаларға негізделеді. Одан ауытқу өзара қалыптасқан қарым-қатынасқа қаяу түсіруі мүмкін. Сондықтан әркім белгілі қоғамның бір мүшесі ретінде, көпшілікке аян дәстүрлі қағидалар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеп отыруға тиіс.
Адамдардың өзара қарым-қатынасы алдымен тіл арқылы жүзеге асады. Тіл пікір алысу құралы ретінде адамның тек ойфн ғана емес, сезімін де білдіреді. Сөйлеудегі ізет, құрмет, сыпайыгершілік кісінің сезіміне әсер етеді. Өмірде жиі қолданылатын амандасу, қоштасу, ризалық білдіру, кешірім сұрау, құттықтау, көңіл айту т. б. Сөйлеу этикеті деген ұғымға саяды. Адамдардың дидарласуына, ең алдымен, дәнекер болатын да-осылар.
Сөйлеу этикетінің өзіне тән нормалары мен ерешеліктері болады. Оған жете мән бермесек, жылы шырай, жақсы қарым-қатынасқа жарықшақ түседі.
Байыптап қарасақ, сөйлеу этикеті, сөз әдебі жайында әңгіме қозғауға түрткі болар жайттар аз емес тәрізді. Жақсы сөз де жарық сәуле сияқты айналаға жылылық сеуіп, көңілді қуанышқа бөлейді. Адамдардың ынтымағын күшейтеді.
Сөз арасында қолданылатын кешірінің, ғафу етіңіз, мүмкін болса, қажет деп тапсаңыз, рұқсат етсеңіз, қалауының білсін т. б. сөздер елеусіз көрінгенмен, тілге сырайылық үстеп, ізеттілікті білдіреді.
Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің тілімізде сан-алуан түрлері бар. Тіл жұмсау дағыдымызда мұндай сөздерді жиі қолданамыз. Сондықтан болар, бұл сөздер тілімізге еш қиындықсыз орала кететін оп-оңай нәрседей көрінеді. Мысалы, амандық сұрасудың ешқандай қиындығы жоқ тәрізді (Армысыз! Сәлем бердік! Ассаламағалейкум! Кеш жарық т. б. ) .
Алайда бұлардың толып жатқан түрлері, синонимдері, варианттары бар. Сондықтан оларды талғап, таңдап қолдануға тура келеді.
Амандық сұрасу - тұрмыста жиі қолданылатын, құлаққа жиі естілетін сөздеріміз. Бірақ бұларды мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді. Мысалы, «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа, ресми жағдайда қолданыла беретінін байқасақ, ал «Ассаламағалейкум!» деп амандасуды ауылдағы кейбір жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады.
Сөйлеу эткетіне жататын сөздердің бірі қоштасуға қатысты сөз легі: «Сау болыңыз, қош болып тұрыңыз, келесі кездескенше, көріскенше күн жақсы, жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, жолыңыз болсын, сапар сәтті болсын т. б. ». Ситуацияға орай қолданылатын мұндай сөздерде мағыналық реңк, айырма бар. Мысалы бүгін ертең немесе таяу күнде кездесетін, хабарласатын қызметтес адаммен көріскенше күн жақсы, аман болып, сау қайтыңыз! -деп қоштаспайтынымыз белгілі. Ал алыс жол, ұзақ сапарға аттанып бара жатқан танысымызға сау болыңыз! Деп қана қою салғырттықты білдіреді, сондықтан мұндайда сапар сәтті болсын!, жолыңыз болсын! Тәрізді эмоция, экспрессия басымдау сөз орамдарын қолданамыз.
Этикет сөздің молдылығын ещбір тіл зиян көріп, зардап шекпейді. Ондай сөз орамдарының елеусіз жүргендерін ескерпі, ескісін жаңғыртып отырсақ, сөйлеу этикетін байытып, бояу нақышын құбылта түсерміз анық.
Қырман басында келген қария сөз сабақтамастан бұрын «Қырман тасысын», «Қызыл көбейсін!», «Диқан дарысын!» дейді. Бұйымтайын, шаруа жайын қозғамас бұрын шопанға «Бағар көбейсін!», «Көгенің қозылы болсын!» деп, алдымен жақсы тілегін аңғартып алады. Мұндай этикет әдептілікті, сыпайылықты аңғартумен қоса, тілге тиек те болады. Ақжарқын кейіпті танытып, жақсы ұғынысуға жол ашады.
Тіл мәдениетіне ден қойған адам сөйлеу этикетіне айрықша көңіл бөледі. Сөйлеу ізетінің өзіндік қыр-сырын аңғара біледі. Шаруашылығы мен мәдениетіне, ғылымы мен өнеріне аса зор еңбек сіңірген әйгілі қайраткерлерді халық зор құрмет тұтады. Мәңгі есте қалдырады. Ондай адамдардың есімін атай салмай әртүрлі эпитеттермен атайды: Ұлы Абай, жыр алыбы Жамбыл, күй атасы Құрманғазы т. б. қоғам қайраткерлері, әйгілі ғалымдардың айтқан пікірлеріне сүйенгенде: «Ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай . . . , әйгілі ғалым Қ. И. Сәтбаевтың зерттеулерінде . . . » тәрізді сөз сабақтау - оларды тек бедел тұтқандық қана емес, құрметтегендіктің белгісі.
Өзге ұлттың де прогресшіл қоғам қайреткерлерін, халық мүддесі үшін күрескен ұл-қыздарын, адамзат мәдениетіне еңбек сіңірген әйгілі адамдарды ізетпен атау - оларды қастерлеудің белгісі. Бұл тәрізді ерекшелікті тіл этикетіне сіңіре білу өнегелікті көрсетіді.
Адам баласы табиғатында темірдей төзімді, гүлдей нәзік. Қапелінде айтылған бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуану да оңай. Сөз қуаты шексіз. Не бір сөз асылын айтпағанның өзінде, күнделікті қатынаста жүрген этикер сөздердің қолдануында қаншама қыр-сыр жатыр. Сөйлеу этикетін әдеппен қолданып, мүмкіндігін аша білсек, ізгілікке нұқсап, ізеттілікке бастайтын болды.
Қадірмен, даңқы азаматтардың өзгелерін жақсы қасиеттерінің бірі басқаға қарап сөйлеу мәдениетінде болатын. Қазақ интеллегенттерінің өнегелі кісілерінің арасында, алдымен Қ. И. Сәтбаев, М. О. Әуезов, Т. Т. Тәжібаев сияқты кісілер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz