Онтогенез



1 Онтогенез
2 Клетканың бөліну кезеңіндегі физиологиялық және
биохомиялық өзгерістер
3 Клетканың созылып өсу кезеңі
Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен қурап өлгенге дейінгі аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі (проэмбриональды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэмбриональды). Тұқымды өсімдіктерде онтогенез әдетте тұқым-ның өсе бастаған кезінен бастап, өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта байқалады.
Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің әртүрлі систематикалық топтарында бірдей болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа, ал баобабалар мен секвойяларда мыңдаған жылдарға созылады.
Онтогенезде вегетативті органдардың өсуі мен дән байлауының ара қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бірақ рет дән байлайтын монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән байлайтын — поликарпты өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің екінші жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сәбіз, қызылша) және тіптен вегетативтік органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер). Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл сайын гүлдеп дән байлайтын, көп жылдық өсімдіктер жатады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Онтогенез
Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен қурап
өлгенге дейінгі аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады:
ұрыққа дейінгі (проэмбриональды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі
(постэмбриональды). Тұқымды өсімдіктерде онтогенез әдетте тұқым-ның өсе
бастаған кезінен бастап, өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта
байқалады.
Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің әртүрлі систематикалық топтарында
бірдей болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа, ал баобабалар мен
секвойяларда мыңдаған жылдарға созылады.
Онтогенезде вегетативті органдардың өсуі мен дән байлауының ара
қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бірақ рет дән байлайтын
монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән байлайтын — поликарпты
өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің екінші
жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сәбіз, қызылша) және
тіптен вегетативтік органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен
соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер).
Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл
сайын гүлдеп дән байлайтын, көп жылдық өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің бұл
тобының вегетативтік органдары жыл сайын өсіп отырады.
Онтогенездің барысында өсімдіктер жүйелі түрде белгілі бір фазалардан
өтеді. Өсімдіктердің әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі болуы мүмкін,
сол топқа ғана тән болуы мүмкін. Мысалы, бір жылдық қос жарнақтыларда
мынадай фазаларды белгілейді: дәннің өсуі, өскіннің пайда болуы, нағыз
жапырақтың алғашқы жұбының түзілуі, өркеннің пайда болуы, бітеу гүлдің
(бутон) түзілуі, гүлдеуі, дән байлауы, ал бір жылдық астық тұқымдастарында
-тұқымның өсуі, өскіннің пайда болуы, түптенуі, түтіктің түзілуі, бас
байлауы, гүлдеуі, дәннің толысуы және дәннің пісуі. Жыныссыз көбейгенде
онтогенез аналық организмнің бөлінуінен немесе маманданған клетканың пайда
болуынан немесе клеткалардың тобының түзілуінен (мысалы, өнім бүршіктері)
басталады. Олардан жаңа организмнің бастамасы (зачаток) пайда болады.
Себілетін өсімдіктер үшін, онтогенезде олардың жекелеген органдарының
пайда болуының заңдылықтары мен қалыптасуының мезгілін білудің маңызы
үлкен. Ф.М.Куперман мен оның ғылыми қызметкерлері өсімдіктердің жекелеген
органдарының пайда болуы мен қалыптасуының жүйелілігін және қарқындылығын,
басқаша айтқанда оргоногенездің кезеңдерін фундамен-талдық тұрғыдан жан-
жақты зерттеп, оларды бақылаудың тәсілдерін жолға қойған. Осы тәсілді
пайдалана отырып, агроном астықтың түсімінің қалыптасуы туралы мәліметтер
алады және оргоногенездің қарқындылығын жеделдетуге немесе тежеуге қажетті
шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

Клетканың бөліну кезеңіндегі физиологиялық және
биохомиялық өзгерістер
Клетканың бөлінуге дайындалуы мен (интерфаза) бөлінгенге дейінгі
(митоз) мерзім митоздық цикл деп аталады.
Митоздың алғашқы сатысы профаза — клетканың қайта құрылу кезеңі болып
есептеледі. Бұл кезеңде клетканың бөлінгенге дейінгі құрылымы бұзылып,
ядроның сулануы көбейіп, көлемі үлғаяды, хромосомалар жинақталап ядрошық
ыдырай бастайды.
Цитоплазмадағы органоидтар ядродан қашықтап клетканың жиектеріне жылжиды
да, ядроның айналасыңдағы цитоплазма біркелкі қоймалжың күйге ауысады.
Ядроның көлемі қабықшасы жарыл-ғанға дейін үлғайып, жарылғасын күрт
кішірейеді.
Ядро қабықшасы ыдырағаннан кейін клеткада ұршыкща (веретено) пайда
болады. Оның құрамында 90% белок, 6% РНҚ және липидтер мен полисахарвдтер
кездеседі. Ұршықшаның құрылыстық бөліктері полюс аралық - 10% және көптеген
хромосомалық деп аталатын екі топ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтогенез процесі
Онтогенез және филогенез
Онтогенез сатылары
Жасушалардың жіктелуі
Онтогенездің генетикалық негіздері
Өсімдіктер онтогенезін зертеуге жол ашқан шетелдік ғалымдар
Онтогенез барысындағы тұқым қуалайтын ақпараттың іс жүзіне асырылуы
Геннің әрекеті
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері
Пәндер