«Ұлдан – ұлағат, Қыздан – инабат»


Мақсаты
Сабақтың көрнекілігі
Сабақтың барысы
Әкенің міңез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көрегенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой» - деп мадақтайды.

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабюақ алады. Ол ерінің аджал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «шешесіне қарап қызын ал» - деген.

Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сезімі және негізді.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






№ 15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы

Тәрбие сағаты

Сынып жетекшісі: Жезмурзаева Индира Ділдабекқызы

Түркістан қаласы

Тақырыбы: Ұлдан – ұлағат,
Қыздан – инабат

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке,
қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке,
әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз
халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп
әліпесін дарыту.


Сабақтың көрнекілігі: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке
байланысты суреттер, интерактивті тақта,
слайд.


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қауым! Бүгінгі №10 топ оқушыларының
ұйымдастырылуымен Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат атты тәрбие сағатымызға
қош келдіңіздер!
Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Мақпал: Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя
мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші
басты талап-тілектері – баланың әдепті бала болып өсуі. Сондықтан қазақ
жанұясы әрдайым: Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма деген
сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз
баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай
тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты
болып шыға келеді.

Нұрсұлтан: Ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат
сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз
беделдерін жоғалтудың, бала-шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың
үстіне, олардың жанына кейін үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің
ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: Әкеңмен ақылдас, Әкең
біледі, Әкеңнің айтқанын істе т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді
айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты Абай эпопеясында халқымыздың осыған
орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар.
...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен,
13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін шешеге қарай
жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: Әй, балам, анда әкеңдер тұр,
әкеңе барып сәлем бер! - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік
жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай
бір шеткерірек оқшау тұрған топқақарай адымдай жөнеледі. Ұлы жазушы
М.Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету
үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да
келтіріп отырғаны анық.

Жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел.
Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген
сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан
танығыштықпен нығая, биіктей береді. Келесі кезекті Құлтасов Нұрболаттың
орындауындағы әсем әнге береміз.

Ән: Анашым

Жүргізуші: М.Шахановтың Төрт ана өлеңінде айтылғандай, әр адамның өз
анасынан басқа төрт анасы болу керек екен: туған жері, туған тілі, салт-
дәстүрі және тарихы. Осы төрт асылды қастерлеп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізу – біздің борышымыз.

М.Шаханов Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқама,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және де туған тарихы, еске алуға қаншама,
Ауыр, әрі қасіретті болса да,
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың,
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –
Тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күресудің ұлысы.

М.Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясы: әйелдер галереясынан: Зере,
Ұлжан, Айғыз, Ділда, Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбалалар, көненің
көздері – Бөжей, Байсал, Құнанбай, Жақып, Абай тұстарынан: Жиренше, Ербол,
Базаралы, Абылғазы, Тәкежан, Оспан, Көкбайлар ас пен тойда, құдалық мен
руаралық қақтығыста, жаулықта, жер мен жесір дауылда, жан жадыратар
жайлаулары мен аязды, боранды, қыс-қыстауларында, аңшылық-саятшылықтарында
бірге болып, бірге тыныстады: күйінсе – күйінді, сүйінсе – сүйінді, ауыр-
жеңілін бірге көтерісті. Ұлы жазушының бұл роман-эпопеясынан отбасы жайлы,
ондағы адамдардың қарым-қатынасы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға болады.

Жүргізуші: Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі,
асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен
апалардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ
деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.

Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие
болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да
сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан.
Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін
де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.

Әкем менің әрқашан,
Кішіпйіл бол дейді.
Ақыл сөзі санамда
Матанбауды жөн көрем.
Әкем менің әрқашан
Бол дейді бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда,
Қаншама дос бауыр бар.
Әкем менің әрқашан бол дейді тілалғыш.
Үлкендерден содан да
Алып жүрем көп алғыс.
Әкем менің әрқашан
Мейірімді бол дейді.
Жасы үлкенге жол берем.
Әкем менің әрқашан
Ынтымақшыл бол дейді.

Жүргізуші: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деп келесі
Әке мен бала атты көрінісімізді тамашалаңыздар.

Көрініс: Әке мен бала

Жүргізуші: Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда.

Әкенің міңез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың
көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта
біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: Оның әкесі немесе атасы жақсы
кісі еді, көрегенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой - деп мадақтайды.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер дегендей, отбасында ұлдар
әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен.
Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар
аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында
жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік,
аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған
әулеттер қазір де баршылық.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дейтін қазақ қыз
балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін
бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабюақ алады. Ол
ерінің аджал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне,
шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы
алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары
қыз баланы қонақ деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең
бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ шешесіне қарап қызын ал -
деген.

Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған
қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы
тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен
жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана
ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие
сезімі және негізді.

Жүргізуші:
Көп жасаған қария, Ата салты – ардақты,
Ақылы теңіз дария. Әрбір сөзі – салмақты.
Көп өнеге сөзі бар Сол сөздерді ұқпасаң,
Сөзі – соқпақ, өзі нәр. Тістерсің бір күн бармақты.
Көрініс Бабалар сөзі – тәрбие көзі сауалнама-әңгіме міз қарт ата мен
жас жігіт арасындағы болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке
қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз
ойын айтып беруін көрсетеміз.

Көрініс: Бабалар сөзі – тәрбие көзі

- Арман деген не? – депті қария.
Бала - Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала -
өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам
дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ұлдан ұлағат, қыздан инабат туралы ақпарат
Ұрпаққа ұлағат
Ұлағат сөздер. Келін болу әдебі
Қазақ радиосындағы «Ұлағат» және «Парыз» бағдарламаларын талда
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Батырлар және батыршылдық
Ұлылардың ұлағатты сөздері
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері
Сараның өмірлік әлеміне шолу жасау
Қазақстан жануарлары
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь