Сталинград шайқасында


СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ
1942 жылы маусымда, жаудың соққы беруші тобы Донның үлкен иініне бұзып өткен кезде, екінші дүние жүзілік соғыстың ұлы шайқасы өріс алды. Ол 1942 жылы он жетінші маусымда басталып, 1943 жылы екінші ақпанда аяқталды. Ұрыс әрекеттерінің сипатына қарай Сталинград шайқасы екі кезеңге бөлінеді. 1942 жылдың он тоғызыншы қарашаға дейін созылған қорғаныс кезеңі және Дон мен Волга өзендерінің аралығында аса ірі стратегиялық топты талқандаумен аяқталған шабуыл кезеңі.
Маусымның орта шенінде-ақ дұшпанның, Сталинград аймағында Волгаға бұзып өтуге, осы маңызды стратегиялық пунктті және аса ірі өнеркәсіп ауданын басып алуға тырысып отырғаны Кеңес командованиесіне айқын болды. Гитлершілдер елдің орталығын Кавказбен байланыстырып отырған біздің негізгі қатынас жолымызды осылайша үзіп тастауға үміттенді. Қызыл Армия өте ауыр жағдайда қалды. Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік майдандардың кейін шегініп келе жатқан әскерлері жауды тоқтата алмайтын болды.
Кеңес үкіметі жауға тойтарыс беруді ұйымдастыру үшін шаралар қолданды. Соғыс Кеңесінің мүшесі етіп Н. С. Хрущевті, штаб бастығы етіп генерал П. И. Бодинді бекітті.
Герман командованиесі өзінің оңтүстіктегі табыстарын асыра бағалағанын оқиғалар көрсетіп берді. Ол мұнда Кеңес әскерлері бір жола күйреудің шегінде тұр деп санады. Гитлершіл Германияның ұрысқа ең қабілетті армияларының бірі 6-шы армияның ғана күштерімен төменгі Волга өнеркәсіп ауданын басып алып, Волгаға шыға аламыз деп ұйғарды. Бұл армия жүрген жерінің бәрін қанға бояп, Еуропада ұзақ жол жүріп өткен болатын. Енді Кеңес жеріне ойран салып, ажал төндіріп, аласұра Волгаға ұмтылды.
Маусым айының осындай аптап ыстық күндері Кеңес жауынгерлері ерлік пен батырлықтың асқан үлгілерін көрсетті. Сонымен гитлершілдердің Волгаға келген бетте бұзып өтпек болған жоспары іске аспады.
Бесінші тамызда Ставка Сталинград майданын екіге: Сталинград және Оңтүстік-Шығыс майдандарына бөлді. Шиеленіскен ұрыстар кезінде майданды бұлайша бөлудің қате екенін оқиғалардың барысы көрсетті. Тоғызыншы тамызда Ставка Сталинград майданын Оңтүстік-Шығыс майданының қолбасшысы генерал А. И. Еременкоға бағындыру жөнінде бұйрық берді.
Кеңес жауынгерлері төтенше ерлік көрсете отырып, дұшпанның басым күштерінің қысымына тойтарыс берді және оның Волгаға бұзып өтпек болған жаңа әрекеттерін іске асыртпады. Гитлершілдер орасан зор шығынға ұшырай отырып, бір ай ішінде алпыс, сексен километр ғана алға жылжыды. Алайда жаудың күштері әлі де көп еді. Волга мен Дон өзендері аралығындағы ұрыстар күннен күнге күшейе түсті.
Сталинград түбінде өріс алған оқиғалардың айрықша маңыздылығын есепке ала отырып, Ставка майдандарға көмек көрсету үшін бұл аймаққа тамыздың бірінші жартысында Бас штабтың бастығы генерал А. М. Василевскийді, ал айдың аяқ шенінде Жоғарғы Бас командашының орынбасары генерал Г. К. Жуковты жіберді.
Жиырма сегізінші қыркүйекте Ставка жаңа майдан - Дон майданын құрды. Оның құрамына Сталинград майданы армияларының бәрі дерлік енді. Басқарушы болып генерал К. К. Рокоссовский, соғыс Кеңесінің мүшелігіне - корпустық комиссар А. С. Желтов. штаб бастығына - генерал М. С. Малин тағайындалды. Әскерлері қалада және оның оңтүстігінде шайқасып жатқан Оңтүстік-Шығыс майданының құрамынан нақ сол кезде Сталинград майданы құрылды. Екі майдан да тікелей Ставкаға бағынды. Сталинградты қорғаушылар ұзаққа созылған қан төгіс ұрыстарда фашист әскерлерінің құтырынған қысымына тойтарыс беріп, мұнда теңдесі жоқ ерлік, батырлық пен қаһармандық көрсетті. Әскери ерлік көрсеткен жауынгерлердің есімдері ешқашан ұмытылмайды. Павлов Үйін қорғауда даңқы шыққан Я. Ф. Павловтың, И. Ф. Афанасьевтің, И. В. Вороновтың және олардың серіктерінің есімдері батырлар шежіресінен лайықты орын алады.
Сталинград облысы мен қаланың еңбекшілері қажып шаршау дегенді білмеді. Заводтардың жұмысшылары соңғы күндерге дейін майданға соғыс өнімін берумен, қолдарына қару алып, туған қаласының іргесінде жаумен алысумен болды. Волга бойындағы шепті ержүрек қорғаушылар өздерінің алдына Жоғары Бас командование қойған негізгі міндетті орындап шықты. Волга мен Дон аралығындағы кескілескен шайқаста маусым-қараша айларында жау өлген және жараланған жеті жүз мыңдай солдаты мен офицерінен, бір мыңнан аса танкісінен, екі мыңнан астам зеңбірегі мен миноментінен, мың төрт жүзден аса самолетінен айрылды. Кеңес әскерлерінің Волга мен Дон өзендері аралығындағы қорғану шайқасы жүз жиырма бес күнге созылды. Соғыс оқиғаларының барысын бүкіл дүние жүзі орасан зор ынтамен қадағалап отырды. Кеңес жауынгерлерінің бұрын-соңды болып көрмеген табандылығы бүкіл прогресшіл адамзатты таңдандырды. Сталинград шайқасының қорғаныс кезеңі жеңіске жету жолындағы ірі белес болды. Ол Қызыл Армияның қарсы шабуылға шығуы үшін қажетті жағдайды әзірледі. Қызыл Армия күн санап құдіретті күшке айнала бастады. Алайда фашистік армия да әлі күшті және қауіпті дұшпан күйінде қалды.
Теңіз майдандарында 1942 жылы жағдай шамалы өзгерді. Баренцево теңізінде Солтүстік флот одақтастардың соғыс-теңіз күштерімен бірлесе қимыл жасап, біздің теңіз арқылы тасымалдарымызға бөгет жасамақ болған дұшпан әрекеттеріне ойдағыдай тойтарыс берді. Корабльдерінің басым көпшілігі Ленинград қорғанысына пайдаланылған біздің флотты Балтықта жау құртып жібереміз деп енді ойламады, тек флоттың Балтық теңізіне шығуына жол бермеуге ғана тырысты.
Қызыл Армияның ойдағыдай қарсы шабуыл жасауына керекті жағдайлар майданда ғана емес, тылда да - Кеңес адамдарының қаһармандық еңбегімен жасалды, 1942 жылдың күзіне қарай елеулі табыстарға жеткен соғыс өнеркәсібі майданды қарумен, оқ дәрімен, соғыс жабдықтарымен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды.
Қыркүйек айының орта шенінде Ставка Сталинград аймағына өзінің өкілдері генерал Г. К. Жуков пен генерал А. М. Василевскийді жіберді. Оларға майдандағы жағдайды мұқият зерттеп біліп, әскерлеріміздің қорғаныстан қарсы шабуылға шығуға әзірлігін, сондай-ақ бұл үшін қажетті қосымша күштер мен құралдарды анықтау тапсырылды. Қыркүйектің ақырында Ставка олардың барып қайтқан жұмысының нәтижелерін талқылап, болашақ қарсы шабуыл жасау жоспарының жалпы түрін белгіледі. Бұл жоспар картаға түсіріліп, Жоғарғы Бас командашының орынбасары генерал Г. К. Жуков, Бас штабтың бастығы генерал А. М. Василевский жоспарға қол қойды және Жоғарғы Бас командашы И. В. Сталин бекітті. Жоспар жөніндегі бұдан былайғы жұмыс Бас Штабта жүргізілді. Бұл жұмысқа сондай-ақ әскер түрлерінің командашылары және Қызыл Армияның Соғыс-Әуе Күштерінің командашылары тартылды. Сонымен, Сталинград түбінде неміс-фашист әскерлерін талқандаудың стратегиялық жоспары Кеңестің әскери бастықтары коллективінің - Жоғарғы Бас командованиенің, Бас Штабтың, Ставка өкілдерінің, қарулы күштер түрлерінің, әскерлер түрлерінің командованиелері мен штабтарының және майдандардың соғыс Кеңестерінің үлкен творчестволық жұмысының қорытындысы болып табылды. Әрине, бұл операцияны жан-жақты жоспарлап, қамтамасыз ету жөніндегі негізгі және шешуші роль Ставка мен Бас Штабқа тиісті. Қызыл Армияның шарт бойынша “Урал” деп аталған қарсы шабуыл жоспары жағдайды және күштердің ара салмағын нақты бағалауға негізделді.
Кеңес жауынгерлерінің көрсеткен қаһармандығы жалпылама сипат алды. Жау олардың тегеурініне төтеп бере алмай, асығыс шегіне бастады. Тұтас бөлімдер, тіпті құрамалар да тұтқынға берілді. Жиырма бесінші қаңтарда 21-ші армияның әскерлері батыстан Сталинградқа басып кірді. Нақ осы кезде 62-ші армия шығыстан жасаған қысымын күшейтті. Дұшпанның қасарысқан қарсылығын күйрете отырып, екі армия жиырма алтыншы қаңтар күні таңертең Мамаев Курган аймағында бір-бірімен тоғысты. Осының нәтижесінде қоршаудағы бүкіл топ екі бөлікке - оңтүстік пен солтүстікке бөлінді. Қаладағы ұрыстар бірнеше күнге созылды. Гитлер жаңадан ғана генерал-фельдмаршал атағын берген, алтыншы армияның командашысы Паулюс бастаған неміс әскерлерінің оңтүстік тобы отыз бірінші қаңтарда тұтқынға берілді. Екінші ақпанда солтүстік топ та тізе бүкті.
Волга мен Дон өзендері арасында стратегилық топты жоюмен екінші дүние жүзілік соғыстың аса үлкен қырғын соғысы аяқталды. Осы қарсы шабуылдың барысында жойып жіберілген екі неміс армиясынан басқа екі румын армиясы және бір итальян армиясы талқандалды. Қызыл Армия жауға фашистік Германияның бүкіл соғыс машинасын шайқалтқан соққы берді.
Сталинград түбіндегі жеңіс шет елдердегі миллиондаған еңбекшілердің арасында Кеңес халқын қатты құрметттеушілік сезімін туғызды. Олар Кеңес адамдарының қаһармандық күресіне, олардың адамзат үшін жасаған ерлік істеріне шын ниетімен масаттанды. 1943 жылы қараша айында одақтас үш держава басшыларының Тегеранда болған конференциясында Великобританияның премьер-министрі Кеңес делегациясына құрмет семсерін - Великобританияның королі Георг алтыншының Сталинград азаматтарына фашистік басқыншыларды жеңу құрметіне деген тартуын берді. 1944 жылы мамыр айында АҚШ президенті грамота жіберіп, онда былай деп жазды: “ Мен Америка Құрама Штаттары халқының атынан Сталинград қаласына оның ержүрек қорғаушыларына өзіміздің таң-тамаша қалғанымызды атап көрсету үшін осы грамотаны тапсырамын, өйткені бұлардың 1942 жылғы он үшінші қыркүйектен 1943 жылғы отыз бірінші қаңтарға дейінгі қоршаудағы кезінде көрсеткен ерлігі, рухани күші мен жан қиярлығы барлық ерікті адамдардың жүрегін мәңгі-бақи тебірентетін болады. Олардың даңқты жеңісі шапқыншылықтың желігін басып, Одақтас Ұлттардың агрессия күштеріне қарсы соғысының бет бұрыс пункті болды”.
1942-43 жылғы қыстағы жеңімпаз шабуылдың нәтижесінде біздің әскерлеріміз дұшпанды кейбір участоктарда батысқа қарай 600-700 километрге дейін ығыстырып тастады және төрт жүз тоқсан төрт мың шаршы километр территорияны азат етті. Мұның өзі СССР-дің орталық бөлігін оңтүстікпен байланыстыратын аса маңызды қатынас жолдарын қатарға қосуға мүмкіндік берді. Миллиондаған Кеңес адамдары фашистік құлдықтан құтқарылды.
Неміс-фашист әскерлерінің майданда қатты жеңіліске және орасан үлкен шығындарға ұшырауы Германияның саяси-соғыстық және экономикалық жағдайын кенет нашарлатып жіберді, оны аса қатты дағдарысқа душар етті. Нацистік партияның да жағдайы әлсіреді. Билеп-төстеуші гитлерлік басшылар арасында Гитлерге қарсы оппозициялық ағым туды. Паулюс армиясының апатқа ұшырауы жөнінде гитлершілдер жариялаған қаралы күндерде шіркеу қоңырауларының бүкіл Германияға жаңғырықтырған азалы үні миллиондаған немістерді сергітіп, оларды шындыққа тура қарауға мәжбүр етті. Геббельс насихаты желіктірген адамдардың санасында алғаш рет сөзсіз жеңіліске ұшыраудың қаһарлы елесі туды.
Ғасырлар, мыңдаған жылдар өтер, ал Волга қамалының ер жүрек қорғаушыларының өшпес даңқы ерлік пен қаһармадықтың барынша жарқын үлгісі ретінде дүние жүзі халықтарының жүрегінен мәңгі орын алатын болады.
Қазақстандықтар Сталинград шайқасында
Ол рас, Сталинград батырлары.
Уақыт мұрша бермей жатыр әлі,
Сендердің алдарыңда әлі күнге
Парыздар жер үстінің ақындары.
М. Әлімбаев
Қазақ халқы Коммунистік партияның басшылығымен Ұлы Отан соғысы жылдары даңқты істерімен қаһарман, батыр халық ретінде өзін бүкіл дүние жүзіне танытты.
Ал Волга жағасындағы даңқы мәңгі өшпейтін ерлік шайқас Ұлы Отан соғысы тарихына оның бір алтын беті болып енді. От жалыны екі жүз тәулік бойы лаулап жанған осы Сталинград шайқасы еліміздің өміріндегі ең ауыр да, ең қатал сындардың бірі болды. Азаттықтың арайлы таңына тағы да бір серпіліс осында басталды. Ұлы жеңіске тағы да бір қарышты қадам осында жасалды.
Соғыс басталған кезде қолына қару мен қаламды бірден алған атақты жазушы Илья Эренбург фашист жендеттері жаулап алған қалалардың күндері мен аттарын жазу дәптеріне тізіп отырыпты. “Үш айдың ішінде біз бүкіл Франциядан анағұрлым көп территориядан айырылдық” деп жазған екен.
Қандай қайғылы да, қаралы еді сол кез. Қазір бұл тек тарихтың сарғыш тартқан беттері ғана болып қалды. Бірақ сол беттен біз басқан жерін аяусыз қиратып, бейбіт жатқан халықты қырып-жойып, қазақ әскерлерінің тұрған жерлері мен маңызды объектілерді үсті-үстіне бомбалап жатқан дұшпан самолеттерін, оған қарсы қаһармандықпен күрескен қазақ жауынгерлерін көргендей боламыз. Сондықтан да біз ата менен әкенің, аға менен ананың еліміздің бостандығы үшін, арайлы жарқын болашақ қоғам үшін жаумен аянбай күресіп, небір ғаламат ерлік көрсеткенін шын мақтаныш тұтамыз.
Сталинград шайқасы - екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Бұрын-соңды тарих білетін шайқастардың барлығынан өзінің көлемі жағынан асып түскен Волга эпопеясын сипаттайтын бірнеше факті мен цифрға жүгінсек, жүз мың шаршы километр территорияны қамтыған осы шайқастың кейбір кезеңдерінде ұрысқа екі миллионнан аса адам, жиырма алты мың зеңбірек пен миномет, екі мыңнан аса танк және осы мөлшердей самолет қатысты. Қаланы қорғаушылар сегіз жүзден аса шабуылға тойтарыс берді. Қорғаныс кезінде, яғни шілде айынан қарашаға дейін Гитлер армиясы мен Германия сыбайластары алты жүз елу мыңдай солдаты мен офицерінен айырылды. Гитлершілдер мен олардың одақтастары 1942 жылдың 19-қарашасынан бастап 1943 жылдың 2-ақпанына дейінгі аралықтағы қарсы шабуыл кезінде бір жарым миллиондай адамы оққа ұшты, жараланып қолға түсірілді. Ал мұның өзі соғысқа қатысқан жаудың барлық күшінің төрттен бір бөлігі еді. Сөйтіп, Қазақ Армиясы стратегиялық инициативаны мықтап қолға алып, оны бұдан былайғы кезеңде де босаңсытпады.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында бүкіл қазақ халқы Отанымыздың ар намысын, тәуелсіздігін қорғады. Қазақстандық жауынгерлер орыстармен, украиндармен, белорустармен, СССР-дің барлық халықтарының өкілдерімен қол ұстасып, Москва түбінде, Сталинград окоптарында, Курск түбіндегі ұрыстарда, Днепрден өткенде, жаудың тылында және Еуропаны азат еткенде мың төрт жүз он жеті күн мен түн ұдайы қаһармандық шайқас жүргізді.
Қазақ адамдарының барлық қасиетін, бейнесін суреттейтін, олардың халқына, Отанға деген зор сүйіспеншілігін көрсететін мына бір құжатқа назар аударалықшы: “Жолдас жауынгер, сержант, офицер. Мен - гүлденген Қазақстан ұлымын, Отанымызды қорғаудамын. Қазақстанды қанша жақсы көрсем, Сталинградты да сондай жақсы көремін - оны да қорғап жатырмын. Олай болса мұның бәрі де Қазақстанды зұлым жаудан қорғадым деген сөз.
Неге десеңіз?
Мен 1921 жылы Кеңес үкіметі тұсында тудым. Ұлы Отан соғысы кезінде мен қатардағы солдаттан офицерлікке жеттім; жауынгерлерді жауға қарсы ұрысқа бастадым. 1943 жылы 9 қаңтарда Великие Луки түбінде жау менің ағамды өлтірді. Жау менен құтылып кете алмайды. Кірейін деп тұрған ұрыста, жеңіс үшін және жүздеген фрицті құртамын. Олар құтылып кете алмайды”.
Міне, ұрысқа кірер алдында лейтенант С. Рақымжанов осылай тебірене жазған еді. Қазақ халқының ардақты ұлдарының бірі С. Рақымжановтың айтқан осы сөзінен-ақ қазақстандық жауынгерлердің Отанды жанқиярлықпен қорғауға, халқына деген шын берілгендігі айқын сезіліп тұр.
Соғыс жарияланғаннан кейінгі келесі күні Алматының Фрунзе аудандық әскери комиссариаттарына түскен арыздар екі жүзге жетті. Түрксіб теміржолшыларынан мың адам өздерін майданға жөнелтуді сұрап өтініш жасады. Батыс Қазақстан өңірінің бес мыңнан астам адамы ерікті түрде майданға баруға тілек білдірді. Ал Қарағанды облысынан жиырма бес мың арыз түсті, олардың ішінде он мың әйел болатын. Сол кезде өз еркімен майданға баруға өтінген, әсіресе Сталинградты қорғауға сұранған арыздар көптеп түсті. Ал олар майданның алдыңғы шебінде болып, қайсарлық пен табандылықтың тамаша өнегесін көрсетті.
- Біз үшін жер жоқ. Неге Ұлы өзен атанып тарихта өшпес із қалдырған Волганың жасыл жағалауындағы әсем жер біздікі емес пе еді. Өз қолымызбен жайнатып, өз жүрегімізбен сомдаған жоқ па едік әр тасын, әр түп ағашын. Олай болса осы сөз қалай шықты. Өзі туып өскен кең-байтақ елінің төрінде тұрған адам “Волганың ар жағында біз үшін жер жоқ” деген сөзді айтуға неге мәжбүр болды. Бұл жүректен шыққан жалынды сөз сол кезде Сталинградты қорғауға қатынасқан әр қазақ азаматының ұраны еді. “Отан” үшін, “туған жер үшін” деп борап тұрған оққа қарамастан алға ұмтылған әр жауынгердің “қасықтай қанымыз қалғанша қорғаймыз Сталинградты” деп берген серті, соңғы шешімі еді.
1942 жылдың жазында фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылмауын пайдаланып, кеңес-герман майданының оңтүстік қанатына соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экономикасы маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23-інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Егер үлкен өнеркәсіп ауданынан айрылар болсақ, онда біздің қарулы күшіміздің еліміздің орталық аудандарымен, Кавказбен байланысы үзіліп, дұшпанға оңтүстік және солтүстік бағытта еш кедергісіз әрекет жасауға мүмкіндік туатын. Осыған байланысты қала қорғанысын күшейту жолында нақты шаралар белгіленді.
Сталинградты қорғауға әзірленудің барысын Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті тікелей бақылауға алып, ерекше назар аударып отырды. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару-жарақтың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (Қолбасшысы генерал-лейтенант В. И. Чуйков) және 64 (қолбасшысы генерал-майор М. С. Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады.
Қаланы қорғауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары, тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1942 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбіне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал-полковник А. М. Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г. К. Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13-15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15-іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы - Дон (қолбасшысы генерал-лейтенант К. К. Рокоссовский) және Оңтүстік Шығыс майданы (қолбасшысы генерал- полковник А. И. Еременко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz