«Жылдық өнімділігі 6300000 тонна ЭЛТС-АҚ қондырғысын жобалау»


АННОТАЦИЯ
ЭЛТС - АҚ қондырғысының берілген дипломдық жобасы келесі тараулардан тұрады.
Республикадағы халық шаруашылығындағы мұнай өндірісінің мәні кіріспеде берілген.
Әдеби шолуда мұнайды алғашқы өңдеу процесі бойынша отандық және шет елдік әдебиеттер боынша талда жасалынған. Талдау нәтижесінде өндіріс әдісі таңдалып, қондырғының құрылыс орны таңдалынған.
ЭЛТС - АҚ қондырғысының технологиялық кестесі жазбасымен келтірілген .
Негізгі аппараттың технологиялық есептеулері жүргізіліп, сейсмикалық және жел жүктемесіне есептелінген.
Технологиялық есептеулер негізінде өндірісті аналитикалық бақылау және негізгі, қосалқы құрал-жабдықтар таңдалынған.
БӨҚ ж А тарауында қондырғының кейбір бөліктері автоматтандырылған және деңгей, шикізат шығыны, қысым, температураны көрсететін құралдар орнатылған.
Қоршаған ортаны қорғау тарауында қоршаған ортаға тигізетін шығындар есептелген.
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі тарауында қондырғыдағы қауіпсіздік жұмыстары бойынша күтпеген жағдайларда қолданатын шаралар жасалған.
Дипломдық жобаның экономикалық бөлімінде қондырғының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері есептелген.
Дипломдық жоба 30 кестеден тұрады. Дипломдық жобаның графикалық бөлімінің сызбалары және сызбалардың спецификациялары сызылған. Дипломдық жобаның графикалық бөлімі 7 беттен тұрады.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы дипломдық жобада келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылған:
МЕСТ 22387. 2-77. Көмірсутекті газдар. Құрамындағы күкірт сутек мөлшерін анықтау әдісі.
МЕСТ 3900-85. Мұнай және мұнай өнімдері. Тығыздықты және салыстырмалы тығыздықты пикнометрмен анықтау.
МЕСТ 19134-74. Мұнай және мұнай өнімдері. Кокстенуді анықтау әдісі. МЕСТ 2177-82. Мұнай және мұнай өнімдері. Фракциялық құрамды анықтау әдісі.
МЕСТ 10120- Фракциялық кұрамды анықтау әдісі МЕСТ 511- 82. Бензиндер. Октан санын анықтау әдісі
МЕСТ 6321- 69. Мұнай және мұнай өнімдері. Мыс пластинкасындағы зеттеу МЕСТ 20287-74. Мұнай және мұнай өнімдері. Қату температурасын анықтау әдісі.
МЕСТ 33-82. Мұнай және мұнай өнімдері. Кинематикалық тұтқырлықты анықтау әдісі.
МЕСТ 6258-85. Мұнай және мұнай өнімдері. Шартты тұтқырлықты анықтау әдісі.
МЕСТ 38. 153-74. Мұнай және мұнай өнімдері. Фракциялық құрамды анықтау әдісі
МЕСТ 2477-65. Мұнай және мұнай өнімдері. Құрамындағы суды анықтау әдісі
МЕСТ 3122-67. Дизель отындары. Цетан санын анықтау әдісі
МЕСТ 5985-79. Мұнай және мұнай өнімдері. Қышқылдықты және қышқыл санын анықтау әдісі.
МЕСТ 4039-49. Бензиндер. Индукциялық кезеңді анықтау әдісі.
МЕСТ 6365-75. Мұнай және мұнай өнімдері. Лап ету температурасын анықтау әдісі.
СН-245-71. Өнеркәсіп орындарын жобалаудың санитарлық нормалары.
СНиП ІІ-90-90-81. Өнеркәсіп орындарының өндірістік ғимараттары. Жобалау нормалары.
СНиП ІІ-92-76. Өнеркәсіп орындарының қосалқы ғимараттары мен бөлмелері.
СНиП II-106-79. Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Жобалау нормалары.
СНиП ІІ-33-75. Жылу беру, желдету және ауаны кондиционирлеу. Жобалау нормалары.
СНиП ІІ-2-80. Ғимараттар мен құрылғыларды жобалаудың өртке қарсы нормалары.
СНиП ІІ-89-80. Өнеркәсіп орындарының бас жоспарлары. Жобалау нормалары.
МЕСТ 12. 2. 020-76. Жарылыстан қорғалған электр құрал-жабдықтары.
МЕСТ 12. 2. 021-76. Жарылыстан корғалған электр құрал-жабдықтары.
МЕСТ 12. 1. 005-76. Жұмыс аймағының ауасы. Жалпы санитарлық-гигиена-лық талаптар.
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
МЕСТ - мемлекеттік стандарт
«ПКОП» ЖШС - «ПетроКазахстан ойл Продактс» жауапкершілік шектеулі
серіктестігі
АВҚ - атмосфера-вакуумдық құбырлы қондырғы
СН - санитарлық нормалар
СНиП - құрылыс нормалары және ережелері
ЛК-6у -жылына 6 млн. т мұнай өңдейтін құрама эмбебап қондырғы
ББФ - бутан-бутиленді фракция
ШОТ - шартты оын тоннасы
ЖЭО - жылу электр орталығы
ШТ - шартты тұтқырлық
ТШ - техникалық шарттар
ССТ - салалық стандарт
К-1, К-2 - колонналар
Т-1 - жылуалмастырғыш
Н-1 -сорап
КХ-1 - ауа конденсаторы
ЦК-201-1
3 - ортадан тепкіш қыздырғыш
Е-1 - сыйымдылық
ИТК - шын қайнау температурасы
КЕО - табиғи жарықтандыру коэффициенті
МӨЗ - мұнай өңдеу зауыты
МХЗ - мұнай химиясы зауыты
МЭА - моноэтаноламин
ШМК - шекті мүмкін концентрация
МАЗМҰНЫ
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Белгілеулер және қысқартулар
Кіріспе
1 Әдеби шолу . . .
2 Өндіріс әдісін таңдау және оның құрылыс орны . . . ……… . . .
3 Шикізат, реагент және дайын өнімнің сипаттамасы . . .
4 Технологиялық кестенің жазбасы . . .
5 Процестің материалдық тепе-теңдігі . . .
6 Негізгі аппаратты технологиялық есептеу.
7 Негізгі аппаратты механикалық есептеу.
8 Негізгі және көмекші құрал-жабдықтары таңдау. .
9 Өндірісті аналитикалық бақылау.
10 Бақылау-өлшеу құралдары және процесті автоматтандыру. . …. .
11 Қоршаған ортаны қорғау. . . .
12 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.
Азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралар . . .
13 Процестің техника-экономикалық көрсеткіштері . . .
14 Бизнес план . . .
Қорытынды. . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Мұнай өңдеу және мұнай өндірісінің негізгі міндеттерінің бірі - мұнайды қолдану тиімділігін арттыру, және оны ары қарай терең өңдеуді қамтамасыз етіп, белгілі қуатты реконструкция және интенсификация есебінен прогрессивті қалдықсыз өңдеу технологиясын, шығарылатын өнімнің көлемін көбейтіп, оның сапасын жоғарылату болып табылады.
Мұнай өңдеу өндірісіндегі технологиялық процестерде сапасы нашар мұнайдан мотор отындарының, майлағыш майлардың, майлағыштардың және басқа мұнай өнімдерінің ассортиментін кең көлемде шығымын жоғарылатуды қамтамасыздандыру қажет.
Ең негізгі талаптардың бірі мұнайды рационалды пайдалану, яғни отындық дистилляттарды АҚ және АВҚ қондырғыларында айдау арқылы шығымын жоғарылату болып табылады. 350 0 С-қа дейін қайнайтын ашық фракциялар және АҚ қондырғысындағы ашық мұнай өнімдерінің жиынтығы арасындағы потенциалдар айырмасы өңделуші мұнайдың сапасына, алынаын өнімдер ассортиментіне байланысты, және олардың қатынасы 5-7 % (масс. ) мұнай массасына құрайды.
Мұнай өңдеу зауытында мұнайды алғашқы өңдеу қондырғылары үлкен роль атқарады. Газды бөлу, каталитикалық крекинг, кокстеу және т. б. тазалау процестерінің тиімділігі оның жұмыс істеу көрсеткіштеріне байланысты болады.
Еңбек өнімділігін арттыру, тауар өнімдерінің құнын төмендету, энергетикалық шығындарды, металдың меншікті шығынын, капиталдық салымдар және эксплуатациялық шығындарды қысқарту қондырғылардың техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.
Алғашқы айдау қондырғыларын жинақтау құрылысы үлкен экономикалық артықшылық болып саналады. Мұнай өңдеу зауытындағы процестерді жинақтау негізгі өндіріс аумағының шағын орналасуына, технологиялық және энергетикалық коммуникациялардың санын азайтуға, жалпы зауыттық шаруашылықтың көлемін қысқартуға, қызметшілер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Мұнайды алғашқы өңдеу процестерін ары қарай жетілдіру үшін қондырғысының тиімділігі барынша жоғары және негізгі құрал-жабдықтарды автоматтандыру қажет.
Мұнай өңдеу өнеркәсібінің дамуы, басқа сала өнеркәсіптері сияқты ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнайды зерттеудің негізгі мақсаты - өндірістік шикізат ретінде отындар, майлар, битумдар және басқа тауарлық өнімдер алу болып табылады.
Осы жұмыстың міндеті - анағұрлым қуаттылығы жоғары мұнайды атмосфералық қондырғысын жобалау, және де Батыс Сібір және Құмкөл мұнайы ашық түсті мұнай өнімдерін максималды шығару мақсатында қоспаның тиімді қатынасын анықтау болып табылады.
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
Процесті жетілдіру - мүмкіндігінше мақсатты өнімдер шығымын жоғарылату, қажетті жоғары сапаны қамтамасыз ету, минималды шығындар жұмсау және қоршаған ортаны қорғау шараларының талаптарын анықтай отырып, қалдықсыз технология принциптерін енгізуді қамтамасыз ететін процестер мен әдістерді таңдаудан тұрады.
Мұнай өнімдерін өңдеу және дайындау процесін жетірдіруге - физика-химиялық механика принциптерінің негізінде мұнайдағы эмульсия дисперстілігін реттеу және мұнай өнімдері бірлігіндегі күрделі құрылым өлшемдерін реттеу арқылы қол жеткізуге болады. Физикалық механика көзқарасынан қарағанда тікелей айдау - қалыпты жағдайда құрылымдануға бейім емес мұнай жүйелерін (газды, бензинді, керосинді-газойлды фракциялар) алу және құрылымдануға жоғары қабілетті жүйелерді (мазуттар және гудрондар) алудан тұрады.
Мұнайды атмосфералық қысымда айдауды жетілдіру процесіне - көбіршіктер өлшемдерін реттеу және оларды мұнайлы жүйеден (мұнай өлшемдерін) аластату интенсивтілігі есебінен қол жеткізу мүмкін, және ССЕ қосылысы ядросы бетінде сольватталған қосылыстар мөлшері 10-50 %- ке жетуі мүмкін, және ССЕ компонеттерге бөлу үшін қосымша энергетикалық шығындарды талап етеді.
Осыған байланысты мұнай өңдеушілер алдына қойылған міндет - мұнай өңдеуді тереңдету болып табылады. Мұнай өңдеуді тереңдетуде - АВҚ-ны айдауға энергетикалық шығындарды арттырмай, атмосфералық және вакуумдық бөлігін интенсификациялаудың жаңа әдістерін іздеу жоғары маңызға ие.
Мұнайды айдау және ректификациялау проблемаларында технологиялық есептер үшін негіз болып табылатын сыртқы жағдайы және оның құрамына байланысты мұнайлы жүйе ұшқыш компонеттері парциалды қысымын есептеу арқылы - сұйық-буды оқу маңызды болып есептеледі. Осы жағдайларда есептеулерде r D болғанда будың жазық беттегі қысымы қолданылады. Ал r 0 жағдайларда сыртқы әсерлер есебінен көбіршік радиусы коллоидты-дисперсті аралықта өзгереді, мұнда Томсон-Уильвин теңдеуін пайдаланған жөн. Томсон- Уильвин теңдеуі өсуші бет қисығы және көбіршік ішіндегі қысым өзгеруін, жазық беттегі қысымға қарағанда сәйкестендіреді:
Мұндағы: r - көбіршік радиусы;
R-газ тұрақтысы;
Р
-сұйықтың жазық бойындағы бу қысымы (r
) ;
1моль массасы, беттік керілу және сұйықтың тығыздығы
Equation. 3 - көбіршік ішіндегі қысым
Бұл теңдеу (1) қаныққан бу қысымы көбіршік бетінде
көп болған сайын жоғары және r аз болған сайын артатынын көрсетеді. Теңдеу (1) бойынша есептерден су тамшысының өлшемдерінің 1 тәртіпке өзгеруі (r =10
5
-тен r =10
-6
см дейін)
қатынасы екі тәртіпке өзгеретінін байқауға болады. Теориялық көзқарастан мұнайлы жүйелерді айдауда жақсы нәтижелерді
Олардың бірінші экстремалды жағдайларда болғанында күтуге (r mіn ) болатынын көрсетеді.
Бірінші экстремалды жағдайға әртүрлі әдістермен қол жеткізуге болады (r mіn ) :
- әртүлі мұнайларды белгілі бір қатынаста біріктіру (қатынас тұрақтылық факторы бойынша анықталады) ;
- мұнайлы жүйеге үстемелер енгізу арқылы;
- жүйедегі қысымды өзгерту жолымен (вакуум жасау жолымен) ;
- әртүрлі типті өрістермен әрекет ету арқылы (механикалық, электрлік) :
Әртүрлі мұнайларды жай араластыру және айдауда атмосфералық бөлікте экстремалды жағдайда ашық түсті фракциялардың шығымы 3-5 %-ке, аддитивтілік ережесі бойынша есептеуден алынған мәліметтермен салыстырғанда өсуі мүмкін.
Айдау процесін интенсификациялаудың бірден-бір жолы күрделі құрылымды бірліктерді (КҚБ) активті жағдайға ауыстыру болып табылады, ол мұнай шикізатының әртүрлі табиғатты үстемелерді оптималды концентрацияда енгізу, және де белгілі бір қатынаста әтүрлі мұнайларды араластыру жолымен жүзеге асырылады.
Активтеуші үстемелер ретінде келесі химиялық және мұнай өңдеу зауыттары жанама өнімдері қолданылады: жоғары ароматттандырылған бензин, пиролиз шайыры бензині, пиролиздік шайыр (ПШ) және де құрамында парафин-нафтенді көмірсутектері бар қума бензин.
Айдау процесін интенсификациялаудың бір жолы мұнай шикізатының құрылымын ароматты үстемелер әсерімен өзгерту болып табылады. Ароматты үстемелер ортаның РК арттырады., ол мұнда көбіршіктер өлшемін және ассоциаттарды өзгертеді. Көбіршіктердің минималды өлшемдері мұнай өнімдерін айдауда КҚБ экстремалды жағдайларының бірін сипаттайды.
Ароматты ортада асфальтендерді диспергаторлармен өңдегенде және еріткенде аиримагнитті орталықтардың концентрациясы төмендейді. Бұл фактор ароматты және асфальтенді және алифатты көмірсутектер арасында дипольдік әрекеттесуді көрсетеді.
Атмосфералық-вакуумдық айдау шикізаты ретінде Қазақстандық кен орындар Маңғышлақ және Мартышы мұнайларының Атырау МӨЗ алынуы қарастырылды, және де ПМӨЗ алынған Батыс Сібір мұнайлары қарастырылды. Атырау МӨЗ жоғары парафинді мүнайлар үшін модификациялаушы үстемелер ретінде пиролизді шайыр (ПШ) - жоғары ароматты жанама өнімдері қолданылды, ал жоғары ароматтандырылған Батыс Сібір мұнайы үшін - керосин және дизелді отынды гидротазалау қондырғысы жанама өнімдері, атап айтқанда жоғары мөлшерде парафин -нафтенді көмірсутектері бар бензин-қалдық қолданылды.
ММ айдаудағы өнімдер шығымы пиролизді үстеме мөлшеріне байланысты экстремалды өзгереді. Өнімдерді анағұрлым жоғары шығымы (6%, 4% масс. ) пиролизді шайырды 1% масса енгізгенде мүмкін болады. Бұл пиролизді шайырдың ароматты көмірсутекті үстемелердің РС ортасының жоғары болуымен түсіндіріледі.
КҚБ құрылымдануында ІІ типінде табиғи жаратылысты майда еритін БАЗ үлкен маңызға ие, ол мұнайды және үстемелерде кездеседі. Мұндай қосылыстар фазалар шекарасы бетіне адсорбциялана отырып беттік керілуді төмендетеді. Ребиндер полярлық теңдеуі ережесіне байланысты беттік керілудің сәйкес теңдеуі сұйық-газ шекарасы бетінде минималды критикалық радиусты көбіршіктердің түзілуіне жағдай жасайды.
Пиролизді шайыр мөлшерінің 1% масс дейін жоғарылату РС ортаны жоғарылатады. Нәтижесінде БАЗ ассоциация дәрежесі төмендеуі және оларды асфальтенді ассоциаттар бетіне адсорбциялануы жүреді, ол олардың молекуласының булы көбіршіктері бетіне жиналуына әрекет етеді және бу-сұйықтық шекарасында беттік керілуінің төмендеуіне алып келеді. Бұл құбылыстар жүйеден көбіршіктердің жобалауына қолайлы жағдай жасайды, және де сольватты қабыршақтың жеке компонетттерінің аластауына жағдай жасайды. Ортаның РС өсуі ІІІ типті үлкен радиусты ядро КҚБ құрылымдануына алып келеді, және сольватты қабыршақ қабырғасы қалыңдығын төмендетеді. Сондықтан мұнай шикізатының 1%-і пиролизді шайырмен активтелуінде бензин, дизель фракциясы және вакуум газойлінің шығымы сәйкесінше 1, 8; 2, 5; 1, 8 % массаға өседі.
Пиролиз шайыры үстемесі мөлшерінің (1% жоғары) артуы айдау өнімдері шығымының төмендеуіне алып келеді, ол орта РС әсерінен КҚБ өлшемдерінің кері өзгеруімен байланысты /6, 8/. Сәйкес сольватты қабыршақтың еруі бұзылуға дейін жүреді, ол ІІІ типті КҚБ-ң бірінші экстремалды жағдайға жақындауына және вакуум газойлі шығымының төмендеуіне әрекет жасайды.
Маңғышлақ мұнайының композициясының атмосфералық айдалуында қоспада дистиллятты фракциялардың шығымы аддитивтілігі бойынша ерекшеленеді. Ортаның РС жоғарылауына байланысты БАЗ молекулалары ериді, ол молекулалар ассоциаттар бетіне адсорбцияланған күйде болады. БАЗ молекуладан үлкен құрылымы өлшемдері өсуімен, көбіршік беттеріне беттік керілуді төмендете отырып сольватталады. Ол тікелей айдауда бензин шығымының жоғарылауына алып келеді. Маңғышлақ мұнайы және Мартышы мұнайларын оптималды қатынаста араластырғанда құрылымдалған КҚБ ІІІ типті өзінің максималды мәндеріне жетпейді. Бұл өз бетінде БАЗ артық мөлшерінің сольватталуына алып келеді, ол жүйеден көбіршіктердің аластау процесін тежейді және дистиллятты фракциялар шығымының жеткіліксіз өсуімен аяқталады.
Композиционды мұнайларды активтеуде қолданылатын пиролиз шайырының оптималды мөлшері 1% масс болып табылады, бос мөлшерде бензин, дизель фракциясы және вакуум газойлі шығымдары сәйкесінше 1, 5; 1, 9; 2, 3%-ке өседі.
Мұнай дистилляттарын активтендіру үшін жоғары ароматтандырылған және де құрамында жоғары мөлшерде парафинді көмірсутектері бар үстемелер қолданылады.
Қума бензинмен әртүрлі мөлшерде активтендірілген Батыс Сібір мұнайын атмосфералық айдауда бензиннің ең жоғарғы шығымына 3% масса үстеме қосқанда қол жеткізуге болады. Батыс Сібір мұнайлары үшін жоғары мөлшерде ароматты көмірсутектердің болуы тән, ол дисперсиялы орталықта ортаны жоғары РС қол жеткізуге мүмкіндік береді. БАЗ ассоциациясы дәрежесінің төмендеуі, олардың артық мөлшерінің жүйеден аласталынушы көбіршіктер бетіне соьваттануын тудыра отырып, сонымен бірге ішкі қысымды төмендетеді. Сондықтан бұл барлық құбылыстар дистилляты фракциялар жүйесінен жағымсыз заттардың толық аластауына кері әрекет жасайды.
Айдалынып жатқан Батыс Сібір мұнайына жоғары мөлшерде парафин-нафтенді көмірсутектері бар (85, 87% масс. ) қума бензинді 1% масс дейін енгізгенде, ортаның РС төмендеуі жүреді, ол БАЗ ассоциациясына алып келіп және сонымен бірге олардың көбіршіктер бетіне сольватталуын төмендетеді. Ортаның РС төмендеуі ассоциат бетіне жұқа сольватты қабыршақтың түзілуіне оң әрекет етеді. Батыс Сібір мұнайына қума бензинді одан жоғары мөлшерде (1% масс көп) енгізу тек бензинді фракцияның жоғарылауына алып келеді.
Жоғары парафинді мұнайларды жоғары мөлшерде ароматты көмірсутектері бар жанама өнімдермен активтендіру және де жоғары парафинді мұнайларды парафині аз мөлшердегі мұнайлармен оптималды мөлшерде араластыру және оптималды мөлшердегі үстемелермен активтелген мұнайларды қосымша қосу арқылы активтендіру жолдарымен атмосфералық-вакуумды айдау өнімдері шығымын және олардың сапасын арттыруға болады.
Мұнайлы қоспаның маңызды сипаттамасы - барлық қоспаның қайнау температурасы шегімен және сәйкес таңдамаларда тар фракциялар құраушыларымен анықталатын фракциялық құрамы болып табылады. мұнайды фракциялық құрамы негізінде (мақсатты фракциялар) мұнайдағы мақсатты өнімдердің потенциалды мөлшері анықталады, ал фракциялық құрам негізінде маңызды эксплуатациялық сираттамалар есептеледі.
Мұнай қоспасының маңызды сипаттамасы - барлық қоспаның кайнау температурасы шегімен және сәйкес таңдамаларда тар фракциялар құраушыларымен анықталатын фракциялық құрамы болып табылады. Мұнайды фракциялық құрамы негізінде (мақсатты фракциялар) мұнайдағы мақсатты өнімдердің потенциалды мөлшері анықталады, ал фракциялық құрам негізінде маңызды эксплуатациялық сипаттамалар есептеледі.
Мұнай қоспасының фракциялық құрамы дефлегмациямен, жай айдаумен немесе ректификациямен анықталады, жеңіл фракцияларды айдауды төмен температураларда және жоғары қысымда жүргізеді, орта фракцияларды атмосфералық қысымда, ауыр фракцияларды вакуумда айдайды. Айдау үшін әртүрлі мақсаттағы аппаратттарды қолданады: Энглер, Богданов, АРН-2 және басқалар.
Жеңіл мұнай өнімдері фракциялық құрамын хромотографиялық әдіспен анықтауға болады. Бұл әдіс фракциялық құраммен қатар бензин фракциясы жеке көмірсутектері құрамын анықтайды, сонымен бірге талдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Өндіріске өңдеудің жаңа процестерінің енгізілуіне байланысты, және де, мұнай өнімдері ассортименті мен олардың сапасына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты. Мұнайды мақсатты қолдану және оны жақсарту бағдарламасын қайта қарау керек болады. Мұнайды қолданудың кеңейтілген бағдарламасында мұнайды айдаудың қисығын анықтау, фракция шығымының қайнау температурасына байланыстылығын анықтау және сапасын анықтаушы параметрлерді: қаныққын бу қысымы, күкірт мөлшері, асфальтендердің шайыры, селикогельдер, парафиндер мөлшері, қышқылдық саны, кокстелуі, күлділігі, элементтік құрамы, отындық фракциялардың негізгі эксплуатациялық қасиеттері (бензиндер, керосиндер, дизель отындары), топтық көмірсутектік құрамы, дистилляттық және қалдық шығымы және сапасы т. б. анықтау қарастырылады.
Мұнай сапасының негізгі сипаттамалары - айдау қисықтары, ИТК қисықтары, тығыздығы, молекулалақ салмағы, тұндыру температурасы, тигельдегі салынған мұнайдың тұтану температурасы болып табылады. Бұл үшін мұнайды АРН-2 аппаратына 3%-ті фракциямен атмосфералық-вакуумдық ректификациялауға тартады, одан соң онда талдау жүргізеді.
Мұнай өңдеудің оптималды варианттарын таңдауда таңдалынған аналитикалық тәуелділіктерді қолданған жөн. 200-ден 300 0 С дейінгі аралықтағы әртүрлі мұнайлар үшін жеңіл фракцияларды анықтау үшін шығымды және мұнай тығыздығы арсындағы корреляциялық байланысты қолдануға болады.
В 200 =294-313ρ 4 20
В 300 =313-313 ρ 4 20
Келтірілеген тәуелділіктер мұнайдың фракциялық құрамы үшін шешуші мәндерге мұнай тығыздығы әрекет ететінін көрсетеді.
Мұнайдан ашық фракцияларды (350-360 0 С-қа дейінгі фракциялар) алу тереңдігін жоғарылату - мұнайды өңдеуді тереңдетудің заманға сай үрдістерімен байланысты, парафин өндірісі үшін шикізат ретінде дизель отыны құрамы бойынша мұнайды алғашқы айдау технологиясының маңызды міндеті болып табылады. Қума бөлу дәлдігін жоғарылату да мұнай өңдеу технологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, себебі дистиллятты фракциялардың негізгі сапасы дистилляттардың фракциялық құрамына байланысты болып табылады.
Атмосфералық айдауда мұнайды дистиллятты фракцияларға және мазутқа бөлу негіздері бойынша фракциялардың ауырлауы бойынша бөлу дәлдігі нашарлайды. Нәтижесінде бөлінуші фракциялардың салыстырмалы ұшқыштығы және флегма саны төмендейді. Атмосфералық айдауда барлық жылу колоннаға шикізатпен бірге келетін болғандықтан, ректификация дәлдігін және ашық фракцияларды алу тереңдігін арттыру үшін шикізаттың берілуін арттырады, соның арқасында максималды қыздыру есебінен және колоннадағы қысымның төмендеуінен ауыр көмірсутектердің термиялық тұрақтылығы атмосфералық айдауда мұнайды, бензинді, керосинді және дизель фракцияларын мұнай құрамын өзгертпей алу үшін 350-360 0 С -қа дейін қыздыруға мүмкіндік береді.
Мұнайды алғашқы айдау
Мұнай өте күрделi парафиндер, нафтендер, ароматикалы және аралас көмірсутектердің бiр-бiрiнде еритiн, молекулалық массасы және қайнау температуралары әр түрлi қоспалардан тұрады. Оны бiрегей жеке компоненттерге бөлу мүмкiн емес және ондай бөлу мұнай өнiмдерiн өндiрiсте пайдалануда қажет емес те. lс жүзiнде мұнайды көмiрсутектерiнiң фракцияларына және топтарына бөледi де, олардың химиялық құрамын өзгерту мақсатында өңдейдi. Мұнайды өңдеу алғашқы (бiрiншi) және екiншi процестерне бөледi. Алғашқы процестерiне мұнайды, қайнау шектерiмен бiр бiрiнен айырмашылығы болатын, фракцияларға бөлудi, ал екiншiге- термиялық пен термокаталитикалық өңдеу процестерiн, тағы да мұнай өнiмдерiн тазалауды жатқызады.
Мұнайды алғашқы өңдеудегi негiзгi алғашқы немесе тура айдау болып саналады, оны дитилляция мен ректификация қолданып жүргiзедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz