Ахмет Яссауиге телінетін Пақырнама, Мирату-л-Құлуб және Диуани Хикметтің мазмұны мен ғылыми сипаттамасы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Пақырнама.

«Раисале» деп аталатын бұл еңбек Қазақстан республикасы ұлттық кітапханасы сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі 3990-47/1622-386 нөмірінде сақтаулы.

Зерттеушілер бұл еңбектің Ахмет Яссауидің өз шығармасы екендігін және бұл еңбектің Ахмет Яссауидің өз шығармасы екендігін және білім әлемінде құпия бір мұра екендігін жазуда.

Еңбектің тілі Шағатай деалектісінде болып, ақ қағазға сиямен хусн-и хатпен жазылып, 88 парақ 175 беттен құралған. Бірақ енбектің қашан жазылып қашан бітірілгені белгісіз.

Еңбекте Ахмет Яссауидің дінге, дүниеге деген көзқарасы, ислам дінінің принциптері, дәруіштіктің 40 мақамы, мүрид-мүршид байланыстары, шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқат мағаналары мел Яссауи тариқатының әдебі мен негіздері сияқты тақырыптар баяндалады.

Мирату-л-Құлуб .

Шығарманың түлнұсқасы Швейцарияның Упсала қаласындағы университеттің кітапханасының бөлімінің 472 санында сақтаулы. Еңбек 158-177 парақтары қолжазбаларынан құралған кішкене бір шығарма.

Бұл еңбекті Жармұхамедұлы Қазақстан ұлттық кітапханасындағы "Пақырнама" атты шығарма деп хазса, профессор доктор Ф. Көпрүлү оны А. Яссауи мен Исмаиыл атаның пасабнамалары мен А. Яссауидің Суфи Мухаммед Данышман тарапынан жинақтаған сөздер қамтылып, "Мирату-л-Кулуб"'деп аттан дейді иман дәлел ретінде, Le Monte Onetal XX. 1-3 Upsela, 1928 атты еңбекті негізге алады. Бұл шығарма шариғат, тәриқат және хақиқат деген үш бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімі шариғат жайында болып, онда мемлекет басқарушыларын үш топқа бөледі.

1-Шариғат басшылары. Олар ғалымдар мен қағандар.

2-Тариқат басшылары, шейхтар (пірлер) . сопылар.

3-Хақиқат басшылары, Олар арифтер.

2-ші бөлім тариқат жайында болып, жүрегі таза болмаған адамның тариқатқа кіре алмайтынын ескертеді. Ол үшін адамның дүние, халық, шайтан және нәпсі дарияларынан етуі керек екендігін түсіндіреді.

3-ші бөлім хақиқат жайында болып, хз. Пайғамбардың миғражға шығуы жайлы баяндайды.

Диуани Хикмет

Ахмет Яссаундің ашқан және аштырған теккелері, жегілдірген мүридтері мен алып ерендері арқылы Орта Азияда және Волга жағалауындағы кең өлкеде өмір сүрген, түріктер арасында бірлікті, түрік ислам тасаввуф әдебі мен негіздерің үйретуде "бірлік бар жерде тірлік бар" екенін дәлелдеген. Ахмет Яссауи, адамды жетістікке жеткізу мақсатымен иршадтарын, сөздерін, пікірлерін
ислам дінінің негіздерін және өзі құрған тариқаттың әдебі мен рүкіндерін үйрету мақсатында халық әдебиетінен алып, буын өлшемімен таза, халықтың өз тілі түрік тілінде өлең жолдарын жазған.

Хикмет деп аталатын бұл өлеңдері маңайындағы мүридтері арқылы қағазға түсіріліп, қолдан қолға, ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа шәмкірттерін мен дәруіштері арқылы алыстағы көшпенді түріктерге де жеткен. Кейін бұл хикметтер жинақталып, «Диуани Хикмет» атымен қолжазба шығармалары дүниеге келді. Құран Кәрімде «Хикмет» сөзі ақыл, білім, мағрифат, хақиқат деген мағыналарға келеді және Аллаһ қалаған құлына (2/269) хабарлайды. Ахмет Яссауи де осындай ұлы орынға жеткен Аллаһ достарының бірі. (2/269) хабарлайды. Ахмет Яссауи де осындай ұлы орынға жеткен Аллаһ достарының бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яссауидің шығармашылығы: Диуани Хикмет, Пақырнама және Мирату-л-Құлубтың мазмұны мен тарихи-әдеби маңызы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығы: Диуани Хикмет және Мирату-л-Құлуб зерттеуі
Қожа Ахмет Йассауи ілімі және Диуани Хикметтің философиялық-идеялық талдауы
Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы: Диуани Хикметтің тәрбиелік және рухани маңызы
Қожа Ахмет Яссауи: өмірі, Диуани Хикметтің аудармалары мен онда қолданылған сопылық идеялардың зерттелуі
Қожа Ахмет Иассауи: Диуани Хикметтің поэтикасы, сопылық мәні және дастандық құрылымы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, сопылық ағымы және Диуани хикметтің маңызы
Қожа Ахмет Ясауидің өмірі және Диуани Хикметтің тарихи-идеологиялық рөлі
Қожа Ахмет Ясауидің Диуани Хикметі мен ризалалары: мәтіндік тарих, тіл мен мазмұндық ерекшеліктер және Құранды түсіну
Қожа Ахмет Яссауи: өмірі, ілімі және Диуани Хикметтің сопылық мәтіндік мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz