Мемлекеттік бюджет ұғымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы

2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы

3 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру

Сан алуан қаржы байланыстарыңда жекелеген ерекшетіктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорыңдармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу- процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жүмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуте, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны кажет етеді.

Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен, мемлекеттің табиғатынан обьективті қажеттілік туындайтын болып табылады.

Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.

Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып , пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды.

Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:

жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;

құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған;

қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астасып жатады.

Мемлекеттік бюджет құрьлымы, алдымен сол елдің мемлекеттік құрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемекеттерде бюджет жүйесі екі қабаттан тұратын құрылым түрін алады - мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федералдық мемлекеттік құрылымы бар елдерге (АҚШ, ФРГ) арабуын болады - штаттардың, жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың бюджеті.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:

республикалық бюджет;

жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.

■ мемлекеттік капиталымен жасалатын операциялардан түсетін Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де
түсімддер;

Ресми алынған трансферттер (гранттар), олар мыналардан
тұрады:

- ішкі трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан алынатын

■ халықаралық ұйымдармен шет мемлекеттерден алынатын
сыртқы ресми трансферттер;

3. Республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі
және сыртқы көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын Үкімет
қарыздары;

4. Бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді
өтеуден түскен түсімдер, сондай-ақ; міндеттемелерді өтеу үшін
мемлекеттік меншік акцияларының мемлекеттік бумасын сатудан түскен түсімдерді біріктіреді.

Мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің жобасын әзірілеуі және алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан, жергілікті бюджеттерге қаржы аудару нормативтерінің және республикалық бюджетпен жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезінде негізіне алынатын іріктірілген параметрлерін айқындау үшін негіз болып табылады.

Республикалық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін бюджеттік жіктеуге сәйкес әзірленеді.

Республикалық бюджет туралы заң жобасында түсімдердің барлық түірінің жйынтығы, ретке келтіруші жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу нормативтері сондай-ақ бюджетте жіктеуте сәйкес, бюджет тапшылығының мөлшері, оны жабу кездері атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер кіші қызметтер мен мекемелер

шығыстардың шекті мөлшері, сондай-ақ ресми трансферттердің жобаланып отырған мөлшері көрсетіледі.

Бюджеттік жоспарлау - қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Бюджеттік жоспарлаудың негізі -республиканың әлеуметтік -экономикалық даму жоспарлары мен болжамдары және оның мақсатты бағдарламаларының көрсеткіштері мен болжамдары.

Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең мағынасында тек бюджетті жоспарлау ғана емес, сонымен қатар оның ать; атқарылуы да жатады. Өйткені бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір принципке негізделгендіктен, бірін - бірі толықтырады, белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы. Алдағы жьлға тікелей бюджет құрал : ағымдағы жылдағы орындалу барысына қарап және шаруашьшық органдарға жіберілген қаржы нормалары мен нормативтер негізінде жүргізіледі.

Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра білген жөн. Бюджет процесі - бюджеттің сан алуан жұмыстары кезеңінде құрылып, орындалу тәртібі, бұл жұмыстың орталық пен жергілікті ұйымдастырылуның нақты формалары хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің шаруашылық, басқару органдары, жоспарлау - қаржы органдары, банкілері бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында бюджетті қарау мен барлық қаржы жоспарларының теориясы және әдістемелік мәселелері енеді. Мемлекеттік бюджетті құралдың екі кезеңі бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қаржы қызмет
«ҚР қаржы құқығы» пәні бойынша лекция тезистері
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Қаржы жүйесінің мәні мен түрлері
Экономикалық ақша қатынасы
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz