Мектеп баласы мылтықпен жүр



1 Қоғамда жасөспiрiмдер тәрбиесi
2 Осы қоғамнан жасөспiрiм қандай үлгi алады?
2015 жылы халық санын 20 миллионға жеткiзу бүгiнгi күннiң көкейкестi мәселесiне айналса да, сол ұрпақтың тағдырына алаңдайтын күн де туды. Жас ұрпақ тәрбиесiнде қордаланған проблемалар көбейiп келедi. Жасөспiрiмдер арасында "қиын" балалар проблемасы пайда болды. Осы жағдайды зерттеушiлер мынаған көз жеткiздi. Ең алдымен әке-шешенiң терiс үлгiсi, ата-аналардың бiрiнiң болмауы, отбасында болып тұратын ұрыс-жанжалдар осы жағдайдың туындауына әкеп соғады екен.
Кiнәлiнi табу оңай да, қордаланған мәселенi шешу қиын. Бұған қоғамдық ұйымдар, ата-аналар, ұстаздар қауымы бас қатырып, дөңгелек үстөлдер, пiкiр-сайыс ұйымдастырып, қызыл кеңiрдек болып жатыр-ақ. Дегенмен қоғамда жасөспiрiмдер тәрбиесi көкейкестi күйiнде қалып отыр.
Қазiргi кезде зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, сананы улайтын сан-алуан фильмдер теледидардан көрсету тоқтар емес.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕП БАЛАСЫ МЫЛТЫҚПЕН ЖҮР
2015 жылы халық санын 20 миллионға жеткiзу бүгiнгi күннiң көкейкестi
мәселесiне айналса да, сол ұрпақтың тағдырына алаңдайтын күн де туды. Жас
ұрпақ тәрбиесiнде қордаланған проблемалар көбейiп келедi. Жасөспiрiмдер
арасында "қиын" балалар проблемасы пайда болды. Осы жағдайды зерттеушiлер
мынаған көз жеткiздi. Ең алдымен әке-шешенiң терiс үлгiсi, ата-аналардың
бiрiнiң болмауы, отбасында болып тұратын ұрыс-жанжалдар осы жағдайдың
туындауына әкеп соғады екен.
Кiнәлiнi табу оңай да, қордаланған мәселенi шешу қиын. Бұған қоғамдық
ұйымдар, ата-аналар, ұстаздар қауымы бас қатырып, дөңгелек үстөлдер, пiкiр-
сайыс ұйымдастырып, қызыл кеңiрдек болып жатыр-ақ. Дегенмен қоғамда
жасөспiрiмдер тәрбиесi көкейкестi күйiнде қалып отыр.
Қазiргi кезде зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, сананы улайтын сан-алуан
фильмдер теледидардан көрсету тоқтар емес. Бұған етiмiздiң үйренгенi
соншалықты, бетiмiз қызармайтын да болды. Әрине, заңды фильмдер көрсетiлiп
жатса, бiр сәрi. Әсiресе "пираттық" жолмен келiп жатқан тауарлар
Қазақстанда жеткiлiктi. Бұл дүниелердiң заңсыздығын анықтайтын прокуратура
органдары. Дегенмен шендi шенеунiктер батыл iске кiрiскен жоқ. Ал Ресейде
заң органдары осындай лицензиясы жоқ сананы улайтын видеокасеталарды
тәркiлеп, шынжыр табанды техниканың табанына салып, көзiн жоюға белсене
кiрiстi. Бұл да үлгi алатын iс. Бiрақ бiздiң Қазақстанда жасөспiрiмдер
тағдыры соншалықты құқық қорғау органдарын ойландырмайтын сияқты.
Билiктiң тұтқасын ұстаған әкiмдер мiнберге шығып бар кiнәнi ата-аналардан
iздейтiндi шығарды. Әлеуметтiк жағдайы сын көтермейтiн кiнәлаудан оңай
нәрсе жоқ. Өйткенi әлеуметтiк жағдайы төмен отбасылар бала тәрбиесiмен
емес, оларға киiм-кешек, тамақ тауып берумен әуре. Билiктегi шенеунiк пен
базарда нәпәқа тауып тұрған сан-мыңдаған азаматтардың әлеуметтiк жағдайы
бiрдей емес. Шенеунiк пен ауылдағы дихан қауымның жағдайы да тепе-тең деп
айта алмаймыз. Қазiр көптеген оқу орындары және демалыс аймақтары,
сауықтыру орындары, бәрi ақылы. Қалтасында ақшасы барлардың талтаңдайтын
заманы туып тұр. "Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесiн" деген күн
туды. Жемқорлардың жемсауы дүние-байлыққа тояр емес. Түйенi түгiмен, сиырды
сирағымен қылғытып жатса да ашкөздiк танытып жатыр. Парақорлық асқынып
кеттi, қу құлқын жыбырлауын қоймайды.
Осы қоғамнан жасөспiрiм қандай үлгi алады? Сондықтан шығар, Оңтүстiк
Қазақстан облысында жасөспiрiмдер арасында қылмыс өршiп кеткен. Нелiктен?
деген сұраққа жауап iздеп көрейiк.
Iшкi iстер саласы құқық бұзушылық пен қылмысты ашатын орган, ал мектеп адам
тәрбиелейтiн орын. Оқушы тәрбиесiне жауапты, әрi мiндеттi мектеп басшылығы
мен ата-ана болса, көп жерде олардың арасында тығыз байланыс жоқ. Мектеп
директоры өз оқушысы жасаған қылмысты жасыруға тырысады, өйткенi олар
баланың болашағынан гөрi, өзiнiң абыройын көбiрек ойлайды. Демек, дана
халқымыздың "ауруды жасырғанды, өлiм әшкере қылады" дегендi көбiмiз ұмытып
кетемiз.
Бiздiң мектептегi психолог штаттардың көп екенiн де, олардың өздерiнiң
тiкелей қызметтiк мiндеттерiн атқармайтынын да бiлемiз. Сол баяғы
ағайынгершiлiкке салынып, үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салқам Жәңгір
Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны
Батыр-жырау Қожаберген туралы
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Қазыбек би
Қазыбек би Келдібекұлы
Қазақтың атақты биі - Қазыбек
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ
Пәндер