Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру механизмі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Бөлім. Мемлекеттік бюджет туралы
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы ... .14
1.4.Бюджет балансы . Бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2. Бөлім. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы
2.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылымы ... ... ... ... ... ... .22
2.1. Бюджеттік жүйе туралы Қазақстан Республикасының Заңының жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.3. Бюджеттің әзірленуі, қаралуы және бекітілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.4. Кредит беру және қарыз алу мен бюджеттің атқарылуы ... ... ... ... ... ... ... 44

3 Бөлім. Республикалық бюджет және Қазақстан Республикасында бюджеттік процесті ұйымдастыру
3.1. 2006 жылға арналған республикалыќ бюджет туралы ... ... ... ... ... ..49
3.2. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесті ұйымдастыру...61

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84
Кіріспе.

Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды.
Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге нақты мүмкіндік береді.
Бюджет - қайта өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды құралы және алғы шарты болып табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыуға, қоршаған ортаны сақтауды қамтамаыз етуге, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға, қорғаныс қабілетін ұстауға, басқалай мемлекеттік қызметтерді атқаруға жағдай жасайды. Осыған орай, шаруашылық механизмінің бірқалыпты қызмет етуі бюджеттік қатынастарды жетілдірусіз, ғылыми түрде жасалған бюджеттік саясатсыз, бюджеттік процесті басқарудың тиімді жүйесінсіз мүмкін емес. Нарық, корпорация және мемлекет арқылы басқарылатын экономикаға өту мемлекеттік бюджетті, кәсіпорын және сала қаржыларын, аумақтық және жергілікті деңгейдегі қаржы қатынастарының жаңа блогының дамуын, бюджеттен тыс қорлардың терең реконструкциялауды қажет етеді [4].
Бюджеттің жаңа типі бюджет пен салыққа мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынатын қоғамдық игіліктер категориясы негізіндегі тәсіліне сүйенеді. Осы тәсіл бюджетке, оның қазіргі заманғы қызметтері нарықтық көзқарсына тән. Мемлекет бюджетті біріккен қажеттілікті қанағаттандыруға (қоғаныс сипатындағы өнім, инфрақұрылым, ғылым, мәдениет, білім беру, басқару игіліктері) арналған ерекше игіліктерді, қоғамдық тауарларды ұсыну мүмкіндігіне ие болу үшін құрады.
Біздің елде экономикалық реформалаудың жеңісі қоғамның қаржы жүйесінің қай бағытта жүретініне, мемлекеттің бюджеттік саясатының уақыт талабына қалай жауап беретініне байланысты болады.
Экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу қоғамның қаржы жүйесін түбегейлі жаңалауды талап етті. Дағдарыстан шығу жолының құрамдас бөлігі болып Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 24 желтосанында қабылданған №125-1 «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» заңы саналды. Ол заң Қазақстан Ресбуликасында бюджеттік заңдылық принциптерін және бюджет жүйесі мен бюджеттік процестердің қызметінің құқықтық негіздерін белгіледі. Осыған байланысты бюджет жүйесін, бюджеттік процестерді, бюджеттік механизнің қызметінің заңдылық негіздері мен нақты тәжірибесін зерттеу қазіргі кезде ерекше өзекті болып отыр.
Бюджеттік әсер етудің нәтижелілігін көтеру көп жағдайларда осы жүйенің мәніне, оның дамуын анықтайтын факторларды білуге, керекті өзгерістердің теориялық негізділігіне байланысты болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Богачева О.Б. Проблемы укрепления бюджета //Финансы. 1999. №8.
2.Жарекешева А.Х. Бюджет и социальная сфера// Экономика Казахстана. – 1997. - №1.
3.Зейнельгабдин А.Б. Закон «О бюджетной системе Республики Казахстан – основа реформирования финансовой системы//Экономика Казахстана. – 1997. - №2.
4.Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Саткалиева В.А. Государственный бюджет. – Алматы: РИК, 1994
5.Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана «Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев»//
6.Носков А.И. Государственный бюджет. М.: Прогресс, 1998.
7.Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики. Учебное пособие. М.: Юристъ, 1999.
8.Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики (в вопросах и ответах) М.: ИНФРА-М, 2000.
9.Петров В.А. Финансовые механизмы экономического роста бюджета. // Финансы. 1999. №8.
10.Сидорович А.В. Курс экономической теории: Учебное пособие. – М.: ДИС, 1997.
11.Чепурин М.Н., Киселева Е.А. Курс экономической теории: Учебное пособие. – А.: Университет «Кайнар», 1994.
12.Шишкин А.Ф. Экономическая теория. Учебник в 2 кн. –М.: Гуманит.изд. центр ВЛДОС, 1996.
13.Финансы /Под ред. А.М. Ковалевой. М.: Финансы и статистика, 1998.
14.Финансы /Под ред. В.М. Родионовой. М.: Финансы и статистика, 1997.
15.Финансы/Под ред. В.Д.Мельникова, К.К. Ильясова. А.: Каржы-Каражат, 1997.
16.Финансы. Денежное обращение. Кредит: Учебник для вузов / Л.А. Дробозина, Л.П. Окунева, Л.Д. Андросова и др.; Под ред. проф. Л.А. Дробозиной. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
17.Финансы: Учебное пособие / А.М. Ковалева, Н.П. Баранникова, В.Д. Богачева и др.; Под ред. проф. А.М. Ковалевой. - М.: Финансы и статистика, 1997.
18.Финансы/Под ред. М.В.Романовского, О.В.Врублевской, Б.М.Сабанти. – М.: «Перспектива», «Юрайт», 2000.
19. Қазақстан Республикасының 2006 жылға арналған бюджет Заңы.
20 Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Саткалиева В.А. Ақша несеи, бюджет. – Алматы: РИК, 2000
21. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Алматы- 2005 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру механизмі
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Бөлім. Мемлекеттік бюджет туралы
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
ролі ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы ... .14
1.4.Бюджет балансы . Бюджет
тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..19

2. Бөлім. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы
2.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылымы
... ... ... ... ... ... .22
2.1. Бюджеттік жүйе туралы Қазақстан Республикасының Заңының жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29
2.3. Бюджеттің әзірленуі, қаралуы және
бекітілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.4. Кредит беру және қарыз алу мен бюджеттің
атқарылуы ... ... ... ... ... ... .. ..44

3 Бөлім. Республикалық бюджет және Қазақстан Республикасында бюджеттік
процесті ұйымдастыру
3.1. 2006 жылға арналған республикалыќ бюджет
туралы ... ... ... ... ... ..49
3.2. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесті ұйымдастыру...61

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84

Кіріспе.

Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының
қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған
экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады.
Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі
мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы
жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын
құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген
қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін
кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды.
Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында
жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік
қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет
мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола
отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта
құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын
ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек
көрсетуге нақты мүмкіндік береді.
Бюджет - қайта өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды құралы және
алғы шарты болып табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды
жүзеге асыуға, қоршаған ортаны сақтауды қамтамаыз етуге, ғылыми-техникалық
прогресті ынталандыруға, қорғаныс қабілетін ұстауға, басқалай мемлекеттік
қызметтерді атқаруға жағдай жасайды. Осыған орай, шаруашылық механизмінің
бірқалыпты қызмет етуі бюджеттік қатынастарды жетілдірусіз, ғылыми түрде
жасалған бюджеттік саясатсыз, бюджеттік процесті басқарудың тиімді
жүйесінсіз мүмкін емес. Нарық, корпорация және мемлекет арқылы
басқарылатын экономикаға өту мемлекеттік бюджетті, кәсіпорын және сала
қаржыларын, аумақтық және жергілікті деңгейдегі қаржы қатынастарының жаңа
блогының дамуын, бюджеттен тыс қорлардың терең реконструкциялауды қажет
етеді [4].
Бюджеттің жаңа типі бюджет пен салыққа мемлекеттің қоғам мүшелеріне,
салық төлеушілерге ұсынатын қоғамдық игіліктер категориясы негізіндегі
тәсіліне сүйенеді. Осы тәсіл бюджетке, оның қазіргі заманғы қызметтері
нарықтық көзқарсына тән. Мемлекет бюджетті біріккен қажеттілікті
қанағаттандыруға (қоғаныс сипатындағы өнім, инфрақұрылым, ғылым, мәдениет,
білім беру, басқару игіліктері) арналған ерекше игіліктерді, қоғамдық
тауарларды ұсыну мүмкіндігіне ие болу үшін құрады.
Біздің елде экономикалық реформалаудың жеңісі қоғамның қаржы жүйесінің
қай бағытта жүретініне, мемлекеттің бюджеттік саясатының уақыт талабына
қалай жауап беретініне байланысты болады.
Экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу қоғамның қаржы жүйесін
түбегейлі жаңалауды талап етті. Дағдарыстан шығу жолының құрамдас бөлігі
болып Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 24 желтосанында қабылданған
№125-1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы заңы саналды. Ол
заң Қазақстан Ресбуликасында бюджеттік заңдылық принциптерін және бюджет
жүйесі мен бюджеттік процестердің қызметінің құқықтық негіздерін белгіледі.
Осыған байланысты бюджет жүйесін, бюджеттік процестерді, бюджеттік
механизнің қызметінің заңдылық негіздері мен нақты тәжірибесін зерттеу
қазіргі кезде ерекше өзекті болып отыр.
Бюджеттік әсер етудің нәтижелілігін көтеру көп жағдайларда осы жүйенің
мәніне, оның дамуын анықтайтын факторларды білуге, керекті өзгерістердің
теориялық негізділігіне байланысты болады.

1 Бөлім. Мемлекеттік бюджет.

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.

Қаржылық байланыстардың көп түрінің ішінен жекелеген жалпы белгілермен
иерекшеленетін, шартталған сфераларды бөлуге болады. Жалпы қоғамдық
өнімінің құндық қайта бөлуінің ерекше облысын қаржылық қатынастар құрайды,
ол мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, тұрғындармен
қарым қатынасынан қалыптасады. Бұл қатынастарға олардың тікелей қатысушысы
мемлекет болатын, бөлу процесінде пайда болатындығы жалпы тән және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған, ақшалай қаражаттардың
орталықтандырылған қорларын құру мен пайдаланумен байланысты. Қаржылық
қатынастардың осы жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталатын түсініктің
экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджет
объективті сипатта болады. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір
сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғаты мен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жылпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет [20, 8б].
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды
дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне
шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды - жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынатарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын ерекше белгілер
бар: бюджет қатынастарының бөлшгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүргізіледі. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір
өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшылықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастарының айрықша
экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын
материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет
ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің
айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар,
экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында
құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысаныдағы қозғалысы мен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және
одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары
материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-
ақша қатынасымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес нақты материалдық-
заттық түрде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорында - бюджеттік қорында затталады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып
жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және
пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.
Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің
белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа
әлеуметтік мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыу үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шартталған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен
пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшылығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сиқты сипатты функцияларды
атқарады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңг, әдетте бір жылға жасалынады,
бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының
шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп
мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарының
жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша
ролін анықтайды [20, 90б].
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туарлы заңына
сәйкес орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудағы басты механизмдердің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтғы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретінде
бюджеттің ролі осыдан көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандыылған ақша
қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен
әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылау процесінде қаржы ресурстарын қайта
бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда
айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. ( 1 сызбаны қараңыз)

Негізгі қаржы жоспары Қондырма бөлігі
(Субъективті
жағы)
Мемлекет заңы
Әлеуметтік - экономикалық дамуды
басқару механизмі
Мемлекеттік бюджет
Базис бөлігі Мемлекеттік орталықтандырылған ақша Ресурстар
(Объективті қоры
жағы)
Экономикалық категория Қатынастар

1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың 30%? Жалпы
ішкі өнімнің 20 пайызы, жалпы қоғамдық өнімнің 10 пайызы бөлінеді және
қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстаның бүкіл аумағында өндірістік күштерді
неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің
талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін
пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағыттауы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін қолдау,
сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс
істеп тұруы.
Қаржылық жоспарлау процсінде ұлттық шаруашылықтың салаларына және
өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықөпал етеді. мемлекеттің
ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып,
бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысты.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы-шаруіашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

1.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.

Мемлекттік органдардың өздерінің функцияларын орындау үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын
жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады.Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы
бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының бюджет құрылысын құрайды [20, 92б].
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына,аумақтық - әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол
экономикалық қатнастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі
бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі бюджет жүйелері өзінің құрылымы,
бюджеттердің жекелеген түрлері болып келеді, өйткені олардың аумақтық
құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттердегі бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет,федералдық бюджет, орталық мемлекеттің бюджеті.
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ штаттарының,ГФР жерлердің,
Канада провинциялардың, Ресейде федерация субъектілерінің бюджеттері ).
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады:орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, барлық әдеттегідей әлеметтік – экономикалық процестерді
орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендігі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының
унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан федералдық емес, басқарудық
Президенттік нысаны және сайланатын бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық
қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі
деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды.
Қазақстан жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге ұшырады.Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеттері
сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық
бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттеркөрсетілді. Ол
оақтық бюджеттен,15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды.
Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50 % тиді,
оның 35 % республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 % жергілікті
бюджеттерінің қарамағында болады.

2 сызба. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланды.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын
қаржыландыру есебіне қалыптастырылады және өзіне Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін
Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға
Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың,
аудандардың бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет
Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың
шешімдерімен бекітілген. Бюджет жүйесінің істеуі бюджеттердің әр түрлі
деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау,
бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай – ақ республикалық және
жергілікті бюджеттер туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық
бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялылығы
қағмдаттарына негізделді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді [20, 95б]. Бірлік қағидаты КСРО – ның
бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінеді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстары жөніндегі
құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіретеді. Бюджеттердің
бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет жалпы жүйесінің өмір
сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде көрінеді. Бұл қағидат
бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның
әлеуметтік – экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілді береді.
Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік
қаражаттардың қозғалысына тиісті бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет
жүйесінің бірлігі біріңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағыттылған және
ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің жалпы экономикалық
және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерінің пайдалану
арқылы барлық деңгейінің бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларға қаржылық
қолдауға, сондай- ақ ішінара қайта бөлудің мақсаты және аумақтық бюджет
қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі біріңғай құқықтық негізбен, Қаржы
министрлігі бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттік
бір деңгейінен басқа деңгейінеберіліп отыратын мемлекеттік қаржы
статистикасынысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша
жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етеді. Бюджет жүйесінің бірлігі салық
саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік экономикалық саясат іске асырады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің
дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің
тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын
белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етеді.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны
атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен
шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Сонымен бірге
бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтық әлеуметтік –
экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты
функцияларымен, құзырымен анықталады.
Бюджеттік толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын
шоғырландыру, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен шығыстары
ескерілетін бюджетті жесауды білдіреді. Қазақстан Республикасының салық
және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде
мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерліқ кәсіпорындарда алынатын
түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерді міндетті және
толық көрсетілумен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен
басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап,
жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты
барлық ақша түсімдерін, сондай –ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылығы
бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске астындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпы мемлекеттік қажеттілікті
есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автаномды түрлі болып
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтін орынды деп есептейді.
Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған
әдісі қабылданған байлықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке
бюджеттен тыс қорлардың зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, жол, халықтың
жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына
сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының
индикативтік жоспарларының, аумақтары дамытудың экономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдері сәйкес келтіру арқылы қол жеткізеді.
Сондықтан оның көрсеткіштері күн нұсқалы есеп – қисаптармен негізделу тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларынажасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
қажет. Дүниежүзілік бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға,
анағұрлым ұзақ мерзімгі үлгілеуді, сондай- ақ оларды нақтылы жағдайлардың
өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішіндетүзетуді пайдаланады. Нақтылық
қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті
деңгейдегі бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылық қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шыншыл көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бюджеттік шығыстар бағыттарының есеп қисаптарының негіздігімен
анықталады.
Бюджеттердің жариялығы бекіткен бюджеттер мен алдағы қаржы
жылына арналған туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы
есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етеді [2, 12б].
Жариялылық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді
сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы ( ең
алдымен салықтар, алымдар арқылы)бюджет кірістерінің курстарының бағытталу
сияқты шаруашылық жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің
мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың
көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай – ақ бюджет қаражаттарының
көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай – ақ бюджет қаражаттарының
бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан
Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылкы
бюджет рәсімінің қатысушылар үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі
бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша
бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері,
шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (
шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы)жария
етеді.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген
және бірін бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің
Конституциясында және Бюджет жүйесі туралы, Жергілікті өкілді және
атқарушы органдар туралы , Қазақстан Республикасының жергілікті
мемлекеттік басқару туралыарнайы заңдарда және басқа да актілерінде қамтып
көрсетілген. Төменгі жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс
істеуінің шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерңмділігі бюджет қаржы
саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қараужәне
бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі
бір мөлшерін белгілеу мүмкін. Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебіне
жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі
нысандары мыналар болып табылады.
Мемлекеттік қарыздар шығару.
Кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу ағымдағы
қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір
пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің органдары
анықтап, бекітеді.

1.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс ерекше экономикалық
нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар
құндық бөліністің және көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де
бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы
болады кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді,
шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктер
сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және
шығыстарды. Нарықтық қатынастарға дейін КСРО – ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет
кірістерінің жалпы сомасының 90%құрады және негізінен екі төлемнен айналым
салығы мен пайдадан тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір
сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және
басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер
қолданылыпқызметінің жекедара нәтижелерін бағыттап отырды. Дағдыдағыдай,
кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен
құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы
тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет жүйесі заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады.
1. түсімдерден
кірістерден
алынған ресми трансферттерден ( гранттардан )
бұрынғы бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты
өтеу.
2. шығыстардан және кредит беруден
шығыстардан
кредит беруден
3. бюджет тапшылығынан ( профицитінен )
4. бюджет тапшылығын, қаржыландырудан
Бюджеттік түсімдерден бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен ( және бір уақытта санатымен )яғни тауардарды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға,кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер
бойынша ( қайтару негізінде берілген бұрынғы жылдардағы несиелендіру
)мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай
қаражаттарды түсуі болып табылады. Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық
топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар борышқа
қызмет ету функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін әкімдер аппаратын және кіші
бағдарламалар қарыздар бойынша сыйақылар төлеу және қарыздарды
орналастырылғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы
министрлігін бөле отырып жүргізеді.
Кейін өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық
бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте функционалдық
топ болып табылатын несиелендіруде көрседіледі. Бюджет тапшылығы шығыстар
мен бюджеттен қайтарылды негізгі бөліммен кредиттер ауқымының бюджетке
түсетін түсімдердің жалпы сомасының асып түсуін қамтып көрсетеді.
Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және
жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы
қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетеді [20]. Ал бюджет
профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер
түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі
борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде
бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің
көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі пайдамен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі бюджет тапшылығын
қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекет борышын өтеу жөніндегі шығыстарды
қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар.
1)тапшылық болған жағдайда ішкі көздерден ( Ұлттық банктен,
комерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша,
шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының
қалдықтары )және сыртқы қағаздардан қаражаттар тарту.
2)профеция кезінде жоспардан тыс түсімдерді,бірінші кезекте
мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік
бағдарламаларда қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей – тегжейлі тізбесі мен топтамасы
бюджеттік сыныптамасы айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бюджеттік
сыныптама функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар
бойынша бюджетке түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастыруын
белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан,
шығыстардың функциоеалдық және экономикалық сипаттамаларынан тұрады.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекекттің экономикалық және
әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен,
министрліктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы
жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді жеке сметалар мен қаржы
жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің
жазбаша тізбесі арасындағы үйлесімділік қамтамасыз етеді.
1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді
қамтиды, бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген
сыныптама бюджет қаражаттарын жобалаудың,оған есеп жүргізудің және
бақылаудың, сондай – ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман
талабына сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап ол жаңа
халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды. Жаңа
бюджеттік сыныптамасына сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін
болды,олар санат,сынып, ерекшелік. Мысалы бюджеттің кірістері мына
стандарттарды қамтиды, салық түсімдері, салыққа жатпайтын түсімдер,
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер, алынған ресми
трансфорттер, бюджеттен берілген кредиттерді өтеу жалпы қаржыландыру
қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер кірістерді кіріс көздерін неғұрлым
тәптіптеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салық түсімдеріндегі сынып – салық
тобын, ішкі сынып – салық түрін, ерекшелік нақты салық төлеушіні немесе
салық объектісін білдіреді. Шығыстарда функционалдық , экономикалық және
ведомстволық сыныптама қарастырылған функционалдық сыныптама
қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы қатысушыларының кең көлемді
сипаттамасы болып табылады. Функционалдық сипаттамаға байланысты шығыстар
бес бөлімге бөлінеді, функционалдық топ, ішкі функция мемлекеттік мекеме
бағдарламалардың әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама аталған деңгейлердің
ұштастырылуы шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодын құрайды.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасыолардың экономикалық
белгілері бойынша төрт бөлімге бөледі,санат, ішкі сынып, ерекшелік. Санат
мыналарды қамтиды, ағымдағы шығыстар,күрделі шығыстар кредит
беру,қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және шығыстардың арналымы мен сипатын
нақтылай түседі, мысалы, ағымдағы шығыстарда тауарлар мен қызметтер
көрсетуге жұмсалатын шығыстар жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі
жалақысы.
Бюджеттің атқаруы кезінде екі сыныптаманың негізгі бөлімшелерді
қамтитын тоғыспалы сыныптама түрінде функционалдық және ұштастырылуы
пайдаланады. Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың атқарылуы мен
бюджеттік несиелендіру әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын, мысалы,
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Парламентінің шаруашылық
басқармасы, Премерминистрдің Кеңсесі, облыстар мен Астана және Алматы
қалаларының әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан
Республикасының басқа ведомстволары мен службалары бойынша топтастыруды
білдіреді. Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құрамдарын қолданылатын
басқарудың жоғары жеделдігіне жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан –
жақты, айқын және арнаулы етіп жүйелеуге мүмкіндік береді. Бюджеттік
жоспарлау – мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына бағындарылған қаржылық
жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай экономикалық мәні елдің жалпы
ұлттық әлеуметтік – экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі
бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің
буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта
бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының
мемлекеттік бағдарламаның экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне және
табиғи, материал, еңбек және қаржы ресурстарына белсенді ықпал жасайды.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға
2) заңнамалық актілер мен кірістерді республикалық және
жергілікті бюджеттер арасында бөлу нормативтерін, облыстық
өкілді органдардың шешімдерімен кірісті облыстық бюджет
аудандар бюджеттерінің арасында бөлудің тұрақты нормативтерін
белгілеуге
3) заңнамалық актілермен республикалық бюджеттен облыстық
бюджеттерге берілетін субвенциялардың және облыстық
бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен
республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алынымдардың ұзақ
мерзімді мөлшерін, облыстық өкілді органдардың шешімдерімен,
облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне облыстық бюджетке
берілетін алынымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін белгілеуге.
4) Қаржы министрлігімен келісе отырып, оьлыстар мен Астана және
Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын
анықтауға
5) Тиісті қаржы арналған республикалық бюджет туралы заңда және
жергілікті бюджет өкілді органдардың шешімдеріне облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдарының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимитін
белгілеуге
6) Үкімет белгілейтін тәртіп пен жергілікті атқарушы органдар
тарататынқарыздар жөніндегі сыйақының шекті мөлшерін
белгілеугі.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған
нарықтық қатынастарға көшу кезеңі, оның бюджеттін маңызына, кірістері мен
шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің әсіресе оның
шығыстарының обсолютті және отнасителді тез оған тән сипат болып отыр. Бұл
инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының
кеңеюінен, Қазақстаннаң ішкі және сыртқы қауіпсіздігі өзі қажеттілігінен
туып отыр.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмай негізде салықтардан
алымдардан және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, сондай – ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін
кірістердің көлемі. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы
заңына сәйкес республикалық бюджетке түсетін мыналарды қамтиды.
1) республикалық бюджеттің кірістерін, олар мыналардан тұрады.
а)салықтар,алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерімен
(корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға алынатын салық, импортқа
салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен
салықтары әкелінетін тауарларға салынатын кеден бажы әкетілетін тауарларға
салынатын баж салығы және басқа салықтар, алымдар мен төлемдер)
ә)салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық мемкәсіпорындар
пайдасының үлесі. Ұлттық банк кірісінен алынатын түсім. Үкіметтің
депозиттері бойынша алынған сыйақылар, республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тиесімі мүліктерді сатудан
түсетін түсімдер, республикалық меншік болып табылатын акциялар бумаларына
түсетін дивиденттер мемлекеттік лотереялардан алынатын кірістер жер қойнауы
туралы ақпараттай пайдалануға бергені үшін төлемдер республикалық бюджеттен
кредиттер берілуі үшін алынған сыйақылар республикалық меншікті мүлікті
жалға беруден алынатын түсімдер тәркіленген мүлікті, белгіленген тіртіппен
республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті сатудан алынатын алынатын
түсімдер, соның ішінде мемлекеттің пайдасына бас тартудан кеден режимінде
тауарлар мен көлік құралдары, Қазақстан Республикасы азаматтарының
төлқұжаттары мен жеке куәліктері бергені үшін төлем мемлекетке өткен
мүлікті, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе оны өндіріп
алудан немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілетін
қызметтердің құнын өндіріп алудан алынатын сомалардың түсімдері өнімдерді
лицензиясыз әкеткені үшін төленетін айыппұл сомалардың түсімдері,
лицензиялық тәртіп белгіленген казино, татолизаторлар мен ойын бизнесі
қызметтерінен алынған кірістерді қоспағанда, өзіне лицензиялық тәртіп
белгіленген лицензиясыз қызметтен алынған кірістерден түсетін түсімдер,
атқарушы санкция, басқа да салыққа жатпайтын түсімдер)
б)капиталмен жүгізілетін опирациялардан алынатын кірістерден
мемлекеттік резервтардан алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және
мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдерден.
2)мына төмендегілерден алынған ресми трансферттерді (грантарды)
заңды және жеке тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден бюджеттік
алынымдардан.
3)республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі
борышты өтеуден.
Бюджеттің шығыстары – бұл негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің қаражаттары жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
көрсетуді қорғаныс қабілеті қамтамасыз етуді, қауіпсіздік қамтамасыз етуді,
республикалық деңгейдегі жалпы орта, орта кәсіптік және қосымша білімді,
республикалық деңгейде азаматтарға тегін медециналық көмектің кепілдік
берілген көлемін заң актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен арнаулы
мемлекеттік жәрдемақылар зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды жерлеуге
берілетін жәрдемақылар республикалық деңгейдегі әлеуметтік қамсыздандыру
және әлеуметтік көмек саласындағы қызметті республикалық деңгейдегі
мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтерді ауыл, орман, су, және
балық шаруашылығының басым бағдарламалары.

1.4.Бюджет балансы . Бюджет тапшылығы.

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни
баланытандырған дұрыс. Баланс- бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде
негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-
күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын-профицитін көрсетеді. Ол
мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың бос
қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің
аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен
жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарында есептелді және кассаның
айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының
мемлекеттік борышын жабуға пайдаланады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда
бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер
қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының
дағдарыстық жай күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3
пайыз мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар
шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы
мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар
мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша эмиссиясымен
қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының
бұзылоуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс
деңгейінің төмендеуіне апарып соқтырады.
Бюджет тапшылығы экономикалық жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның
болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес
келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды,
басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Бюджет тапшылығын жабудың мынандай әдістері бар:
а) мемлекеттік қарыздар;
б) салық салуды көбейту;
в) ақша эмиссиясы.
Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда
да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды
коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық
банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың
арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалды саясат үш тұжырымға негізделеді:
1. Жыл сайын теңдестіретін бюджет. Мұндай бджет мұндаға дейін
фискалдық саясаттың мақсаты деп есептеліп келді. Алайда
бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың
тұрлауландырушы, циклға қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті
теңдестіру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы
мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының
құлдырауы кезінде салық түрлері автоматты түрде қысқарады.
Бұл жағдайда бюджетті теңдестіру үшін мемлекетке не
салықтардың мөлшерлемерін арттыруы, не мемлекеттік шығыстарын
қысқартуы, не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы керек.
Қорытындысы жиынтық сұрныстың қысқаруы және өндірістің одан
сайын құлдырауы болып табылады.
Бюджетті теңдестіру саясаты сонымен бірге инфляцияны да үдетуі мүмкін.
Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың атруы автоматты түрде
салықтардың түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына
шараларды қолдануы қажет: не салықтардың мөқлшерлемелерін төмендетуі, не
мемлекеттік шығыстарды көбейтуді, не екі шараның да ұштасуын.
2. Циклдық негізде теңдестірілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға
сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында
теңдестіріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет
тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтьады және
шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде
мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал
пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы
тапшылықты өтеуге бағытталады. Сөйтіп циклға қарсы фискалдық
саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңдестіру
жүргізіледі.
3. Қаржының функционалдық тұжырымдамаының мақсаты
макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық
қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы
теңдестіру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті
теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары
мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының болуына рұқсат
етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі
бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді,
ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын
болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады
деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс
жүзінде шексіз айла-шарты жасай алады және бюжеттің
тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге
тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты
экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдық негізде және функционалдық қаржы тұжырымдамасында
бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын,
бюджет тапшылығынң қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары
бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық
шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

2. Бөлім. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіжәне Заңы туралы

2.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылымы

Бюджет жүйесі жекелеген бюджеттердің экономикалық қатынасы мен заңды
нормаларына негізделген жиынтықты сипаттайды.
Бюджеттік құрылым - бюджеттік жүйені құрудың принципі, оның
звеноларының өзара байланысының ұйымдастыру формасы.
Қазақстан Республикасының Құрамына төмендегілер енеді: республикалық
бюджет, жергілікті бюджет, облыстық, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық
бюджеттер (сызба 3).

3 сызба. Қазақстан республикасының бюджет жүйесінің сызбасы

Бюджеттік жүйені құру негізіне бюджеттердің бірегейлігі, жекелігі
және теңдесу принциптері қойылған.
Бірегейлік принципі біріңғай құқықтық базамен, біріңғай ақша
жүйесімен, біріңғай бюджеттік классификация мен құжаттарды пайдалану,
керекті ақпаратты бюджеттің бір деңгейінен келесі деңгейіне республиканың
мемлекеттік бюджетін жасау үшін ұсынумен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік
жүйенің бірыңғайлылығы реттейтін кірісті қайнар көздерді пайдалану,
мақсатты және аймақты бюджеттік қорларды құру арқылы жүзеге асырылатын
барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделеді. Бюджет
жүйесінің біріңғайлылығы біріңғай әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде
салық саясаты арқылы жүзеге асырылады.
Бюджеттердің жекелігі бюджеттің барлық жүйесінің заңмен белгіленген
кірістерінің қайнар көздерін қамтамасыз етеді және республика заңымен
белгіленген тәртіп бойынша, сәйкес биліктің өкілеттілігі шеңберінде
бюджеттік қаражаттарды пайдалану құқықығ қамтамасыз етеді.
Барлық деңгейдегі бюджеттің тепе теңдігі бюджетті- қаржы саясатының
керекті жағдайы болып еептелінеді. Бюджетті бидік пен басқарманың сәйкес
органдары мен қарау және бекіту кезінде бюджет жетіспеушілігінің шекті
мөлшері белгіленеді.
Бюджет жетіспеушілігін ақша эмиссиясы жолымен жабуға заңмен рұхсат
берілмейді. Бюджет жетіспеушілігін жабудың негізгі формалары: мемлекеттік
займдарды шығару; несеи ресурстарын пайдалану.
Жетіспеушілікті азайту немесе оны болдырмау мақсатында секвестр
пайдаланылады - ағымды қажы жылының қалған уақытына барлық баптар бойынша
мемлекеттік шығындардың белгілі пайызға пропорционалды төмендеуі.
Қорғалатын баптар құрамы республиканыңы Парламенті мен биліктің жергілікті
огандары арқылы анықталады.

2.2. Бюджеттік жүйе туралы Қазақстан Республикасының Заңының жалпы
ережелері

Бюджет туралы Заң әртүрлі денгейдегі бюджеттерді калыптастыру
процесінде калыптасатын каржы катынастарын реттейді, республикалык және
жергілікті бюджеттердің әзірлену, каралу, бекітілу, атқарылу және бақылану
тәртібін белгілейді [20].
1-бап. Бюджет туралы Заңда қолданылатын нeriзri ұғымдар:
• Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі -жергілікті бюджеттік
бағдарламаларды каржылық жағынан негіздеуге және icкe асыруға жауапты
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар;
• Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі—республикалық
бюджеттік бағдарламаларды қаржылық жағынан негіздеуге және iciкe
асыруға жауапты орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық
мемлекеттік органдар;
• бюджет — мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекіттетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне
арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер,
капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кipicтep, салыққа
жатпайтын және заң акттерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен
кұрылатын орталыктандырылған ақша қоры (қалыптастыру кездерін
Қазақстан Республикасының Президенті айқындап, Қазақстан
Республикасының Президенті құратын қорлардан басқа, бұл қорлар
қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне
хабарланады);
• бюджеттік заңдар — Қазақстан Республикасы Конституциясының
нормаларынан, осы Заңнан, тиісті жылға арналған Республикалық бюджет
туралы Заңнан, тиісті жылға арналған жергілікті бюджет туралы
маслихаттардың шешімдерінен және бюджеттік рәсімдер мәселелері бойынша
өзге де нормативтік құқықтық акттерден тұрады;
• бюджеттік өтінім — бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган
белгілеген құрамда және нысандар бойынша бюджетті әзірлеу кезінде
бюджеттік бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын айқындау
үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынатын құжаттардың
жиынтығы;
• бюджеттік алу—заң актісімен белгіленген сомалар шегінде облыстық
бюджеттер мен Астана және Алматы калаларының бюджеттерінен
республикалық бюджетке берлетін ресми трансферттер немесе
мәслихаттардың шешімдерімен белгіленген сомалар шегінде аудандар мен
калалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін ресми
трансферттер;
• бюджеттік сыныптама — функционалдық, ведомстволық және экономикалық
сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік процесс: оның кезеңдері
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі
Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалдық саясатын жүзеге асыру шарттары
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу механизмі
Бюджеттік құрылым
Мемлекеттік бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуы
Бюджеттік жүйе
Пәндер