Менеджменттің мәні және қызметтері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Менеджменттің мәні және қызметтері.
  2. Менеджменттің әдістері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі - ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.

«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралддары мен формалары жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалынып қабылданады. Ал соы түсініктемеге сәйкес «менеджмент» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бас іскер адам, өз ісін егжей-тегжелі білетін мамандандырылған басшы.

Менеджмент - кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытуды стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.

Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады

Менеджмент мәні

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белігілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректін «манус», яғни «қол, күш » деген сөзінен шықса, алғашқы кезде мал бағу аясында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
ә) билік және басқару өнері;

б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
в) басқару органы, әкімшілік белігі.

«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген:

«Менеджмент - бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалану процесі».

Профессор И. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге пайдаланған дербес кәсіби кызметтің түрімен қарастырады.

Беларусь ғалымы Н. И. Кабушкиннің ойынша менеджмент - бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Ф. Русинов пен М. Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби кызметтің ерекше түрі деп түсіндіреді.

Э. А. Уткин «Курс менеджмента» еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шарушылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принциптері мен қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.

Менеджмент - бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д. Д. жетекшілік еткен ғалымдар тобы «Основы менеджмента» деген кітапта береді.

Біздің ойымызша, бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәріне тән ортақ нәрсе - менеджмент. Бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі. Терминологиялық пікір талаптар мен 59-дан астам менеджмент анықтамасының интерпетациясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипаты мен мазмұнын зерттейтін ғылым екендігін атап өту керек. Менеджментке анықтама бермеген О. С. Виханский мен А. И. Наумов дүрыс жасаған.

Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби. кызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.

Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше, менеджмент - ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі.

П. Друкердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға ұқсастау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының» авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру. Нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметтегі алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның дербес менеджменті болуы тиіс. Осы түрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретіңде қарастыруға болады әрі ол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді және айқындалады.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше колданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

1. Үкімет. Менеджмент үғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы
анықтамасына сәйкес келеді.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді үйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізудіжүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетті ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

  1. Бизнес - менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
  2. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес - менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлерде ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай ерекшеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлкы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұксас келеді.

Көрнекті америка экономисі В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы».

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысты фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Вольфганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады?» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент - бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер Батыста кез келгені кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыкқа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.

Сонымен, менеджменітің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.

Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немесе меиеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.

Жеке кәсіпорынның, өінің құқықтық нышандарына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, баскаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы: менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі, олар өзінің экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсак, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім - бүл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы таразылауға болады.

Менеджменттегі басты нәрсе - кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент») . Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығы менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.

Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың қызметке ерлердің жұмысын ұйымдастыру.

Кәсіпорындар адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналалы. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарықтан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады, олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен менеджменттің екі ұғымы бар:

Біріншіден, менеджмент - бұл басқару, басшылық ету органы.

Екіншіден, менеджмент - бұл адамдарды басқару (әрекеті) . Менеджментті зерттей отырып, оның атқаратын қызметтерін және әдістерін игеру қажет. Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

- кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

- ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;

- алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

2. Менеджмент әдістері

Менеджмент әдістері - бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.

Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, олар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын шешімдердің сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын теориясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық модельдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын моделдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, «бұтақты ағаш тәрізді шешімдер» тәсілі қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін Полжау тәсілін қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Қаржылық менеджменттің маңызы
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Банк менеджменті
Менеджменттің қысқаша даму тарихы. Басқару стильдері. Менеджменттің атқаратын қызметтері: ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, ынталандыру
Өндірістік менеджменттің атқаратын қызметтері және оның ара қатынасы
Менеджменттегі жігерлендіру туралы
Дамыған елдердегі менеджменттің негізгі концепциялары
Менеджмент қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz