Табысты инвестор құпиясы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Табысты инвестор құпиясы

Бұл әлем құпияларға толы екенін бәрі түсінетіндігіне сенімдімін. Алайда әрқайсымыз өмірде кілтін таба алмаған кейбір құпиялардың бар екені анық, ал басқалар үшін олардың құпия болып табылмайтыны белгілі. Дүниеде табысқа қол жеткізген миллиондаған инвесторлар бар, олардың бәрі бір кездері өздері үшін алғаш рет капитал жұмсау әлемін ашқан. Олар үшін көп нәрсе құпия болған еді. Кейбір құпияларды өздері ашып жатса, кейбірін кеңесшілері, кітаптар, конференциялар, небір тренингтер мен жеке оқыту арқылы қол жеткізген. Соған қарағанда бұл мақсатқа өз бетімізбен жеткеннен гөрі табысқа қол жеткізген инвесторлардың дайын тәжірибесін пайдаланған дұрыс екенін жақсы түсінеміз.

Сол себепті сіздерді әлемдегі табысқа жеткен инвесторлардың ең маңызды құпияларымен таныстырмақшымын.

Қазіргі сөз болатын мәселе нәтижелі инвестициялаудағы ең маңызды сәттері туралы түсінігіңізді толықтай өзгерте алады. Бұл жерде әмбебап стратегияларды немесе басқаларын талқылаудың маңызы жоқ. Олай болса, бастайық.

Құралдар

Ең үздік құраларды таңдай отырып, міндетті түрде үлкен нәтижеге қол жеткіземіз! Осы бір сөзді қор нарығындағы жалған ұстаздан жиі естуші ме едіңіз? Өзіме үнемі естуге тура келеді. Әдетте мұндай сөзді инвестициялауда ешқандай тәжірибесі жоқ адамдар айтады. Енді тоңазытқышымыздан байыппен шығарып алатын сорпағамызға келейік. Тиісті нәтижеге қол жеткізу үшін дұрыс ингредиенттер таңдау жеткілікті ме? Әрине, жоқ! Ингредиенттерді таңдаудағы пропорциялардың дұрыс болмауы, уақыттың дәл келмеуі және ас дайындаудағы реттіліктің сақталмауы аспаздың бүкіл еңбегін зая кетіреді.

Маймылдың қолындағы компьютер - шеге ұруға арналған балғамен бірдей

Кез келген құрал-сайманмен бір нәрсені қиратып, тұрғызуға болады. Нарықта да бәрі солай жүзеге асады. Бізге тиісті құралдарды таңдау жеткіліксіз, ол үшін құралдарды қолдануда біліктілік қажет. Құралдарды таңдау - сәтті инвестициялауды құрайтын бөліктердің бірі болып табылады. Алайда маңызды болғанымен, бұл ең негізгісі емес. Қор нарығына жаңадан келгендер бұлай ойламайтын болу керек. Олар күн сайын құралдарды таңдауға көп уақытын кетіреді. Олардың ойынша, ыңғайлы кен көзін тапса ақша өздігінен құйылатындай көрінеді. Олар өз оқытушыларынан құралдарды таңдауда үсті-үстіне жаңа жүйелерді талап етіп, оқудың өзге де маңызды тұстарын ескере бермейді. Олардың осы бір ниетін тоқтатып көріңізші! Бәрі бекер. Ақыл тоқтатуға, сөзге құлақ салып, кеңесшілердің ұсыныстарына байыппен қарауға себеп болатын жалғыз нәрсе - капиталдан айрылу. Біле білсеңіз мұндай талдаумен бірен-саран адамның ғана шұғылдануға қабілеті жетеді. Көпшілігі өздері нашар жұмыс істейді деп санайтын стратегияларды тастап, келесі түрін қолдануға кіріседі. Өздеріңіз түсінгендей, бұл жағдай олардың инвестициялық есебі таусылғанға дейін орын алады.

Тоқтаңыз! Мәселе құралда емес. Үлкен өзеннен өтем десеңіз алдымен істі жағада тындырыңыз. Бәріне айналасындағыларды кінәлайтын жолы болмағандардың қателіктерін қайталамаңыз. Өзіңіз көріп отырғандай бұл кітап қаржы жұмсау үшін құралдарды қандай әдістермен таңдау керектігі туралы тараудан басталмайды. Себебі бұл мәселе ондаған жылдан бері тиісті нәтижеге жеткізе алатын өз шешімін тапқан.

Дүниеде жаңа ештеңе жоқ!

Сан алуан стратегиялар жазылған мыңдаған кітаптар кейбір адамдарды табысқа жеткізіп, кейбіреулердің көңілін қалдырып, банкротқа ұшыратып жатады. Қате стратегиялар деп ойлайсыз ба? Әлде авторлардың сөзі жалған ба? Жоқ! Табыстың қосындыларын оның негізгі құрамымен шатастыруға болмайды. Біздің кітабымызда әмбебап инвестиция жүргізу үшін акцияларды таңдаудың бірнеше жүйесі көрсетіледі. Бұл жүйелер жүз мыңдаған инвесторды қаржылық еркіндік жағдайына жеткізіп, сізді де сондай күйге жеткізе алады. Дегенмен бұл жүйелер де табыстың басты себебі болып табылмайды. Сондықтан кідірмей сиқырлы граальді әмбебап инвестициялаудан іздеуді жалғастыра беруді ұсынамын.

Қаржы

Үлкен қаржының болуы тиімді инвестициялық стратегияларды қолданушы инвесторға бірден пассивті пайда табуға мүмкіндік беретіні түсінікті. Өзінің инвестициялық портфеліндегі активтерді дұрыс үлестіру арқылы акциялар мен облигациялардың иесі болып табылатын инвестор компания төлейтін өз активтерінен дивидент алу мүмкіндігіне ие болады. Ал табыстың ең үлкен бөлігіне инвестор активтер құнының жоғарылауы арқылы қол жеткізеді. Мысалы, портфелдегі активтер құны бір жыл ішінде 30 %-ға көтерілсе, инвестор құнды қағаздардың бір бөлігін сату арқылы табыстарды пайдалана алады. Бұл, қолда бар активтерден алдағы уақытта табыс табу арқылы капитал жасау - әмбебап инвестициялық стратегияның негізгі мақсаты болып табылады. Алайда инвестор өз акцияларының 30%-ынан айрылуы да мүмкін, себебі бір жыл ішінде, кейде 2-3 жыл бойына қор нарығы төмендеп кетіп жатады.

Бұл жағдайда инвестордың негізгі мақсаты өз капиталын биржаға енгізу және үйлестіруде жүйелі әрі дәйекті амалын қарастыру. Қаражаты бар инвестор пассивті табыс алу жолында уақытты қысқартады.

Тұтыну мәдениеті мен бюджет бойынша жұмыстанудың қажеттігі жоқ, капитал жасауда да аударым жүргізудің қажеті болмайды. Ең бастысы - қаржылық еркіндік нәтижесін күту.

Капитал - бұл жылдамдық пен жайлылық (комфорт) . Капитал - уақыт машинасы, бұл машинаны өз қолымызбен жасауға да болады.

Бұл әрекетті қор нарығында жүргізсе болады, бүкіл әлемдегі миллиондаған адам дәл осылай істеуде. Капиталды бизнесті дамыту арқылы да табуға болатынын мойындау керек. Мен осы екі бағытта дамуды инвестициялауды сенімді, ал бизнесті жедел жолы ретінде құп көремін. Жедел жол капиталды қалыптастыру мерзіміне әсер етуге, ал сенімді жол шұғылданатын салаңызға қарамастан қаржылық еркіндік жетістігіне сүйенуге мүмкіндік береді. Өкінішке орай, қаржылық еркіндік туралы армандайтын көптеген адамдардың қажетті табысты алуға капиталы жоқ! Ал қор нарығында жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Әмбебап инвестициялық стратегиялар бірінші, әрі екінші санаттағы адамдарға арналған. Сондықтан қолда капиталдың болуы инвестиция жасауда табысқа жетудің басты құралы болып табылмайды.

Қолайлы жағдаят (ахуал)

Соңғы 6 жыл ішінде қор нарығы қарқынды түрде өсті. Әрине, құлдыраулар да болды, дегенмен негізінен даму үрдісі бел алды. Дамушы нарықтың өз капиталыңды арттыруға мүмкіндік беретіндігінде сөз жоқ, осылай бола тұра нарыққа қатысушылардың көпшілігі неге нарықтан ұтылады немесе ешбір пайда таппайды? Бұл сауалға жауап бере отырып, біз табысты инвесторлардың сыйқырлы құпиясын ашамыз. Тіпті, нарық алдағы кезеңдерде 100 % - ға өссе де, ол мұндай өсудің тек үштен бір бөлігін ғана кездейсоқ алып қалуы мүмкін. Мәселен, соңғы үш жыл аралығында егер РТС индексі 20 % -ға кемитін болса, онда бұл ойыншының қандай жағдайда болатындығын сізге түсіндірудің қажеті бола қоймас деп ойлаймын. Ол ойыншы биржадан кеткен, өздерінің сәтсіздіктерге ұшырағандықтары үшін өзін емес, өзгелерді кіналайтын адамдар тобырына қосылатындығында дау жоқ.

Қолайлы жағдаяттар тек капиталдың артуына ғана ықпал етеді, алайда табысқа жетудің алғышарты болып табылмайды.

Сондықтан нарықтағы оң нәтижелі жағдайлар сізді қаржылық жағынан еркіндікке жеткізеді деп топшылау дұрыс емес.

Білім

Инвестор нарық ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қалай баюға болатындығын түсіну үшін қор нарығын жіті зерделеу барысында ол ұшан-теңіз әртүрлі ақпаратқа қол жеткізеді. Кітаптар, курстар, тренингтер, тәлімгерлер, сонымен қатар осындай ақпараттар ағынын саналы түрде қабылдауға көбіне кедергі келтіретін жеке өмір тәжірибесі инвестордың басым бағыттардың, негізгі деген нәрселердің ара-жігін ажыратып, не нәрсенің маңызды, не нәрсенің жанама екендігін ұғынуын қындатады. Инвестор қор нарығындағы алпауыттардың бірінің ұсыныс-нұсқауларына енді ғана ден қоя бастаса, екінші жақтан тағы бір үйретуші - кітап немесе семинар - пайда болады да, келесі бір әдісті пайдаланып көруді ұсынады. «Қайықтан» «қайыққа» секіріп жүріп біз жұмыс жүріп жатыр, алға қарай ілгерілеп жатырмыз деп ойлаймыз. Ал, шын мәнінде бұл қарбалас тірлікті тереңірек қарастыра келе, ешнәрсенің өзгермегендігін және ешқашан да өзгермейтіндігін аңғарамыз.

Үстелдің үстіне 200 грамдық бос ыстақанды қойыңыз. Шәйнекті алып, оның ішіне 1 литр су құйыңыз. Қалай, ойдағыдай болды ма? Иә! Тек 800 грамм судың ыстақанға сыймай қалғаны болмаса. Су лас болды ма? Жоқ, сапасы ыстақандағы сумен бірдей-ақ. Әрине, мұндай кішкене ыдысқа судың осындай мөлшерін сыйғызу тіптен де мүмкін емес. Біздің басымыздан өткізіп жатқан жағдай да дәл осы тәрізді.

Ақпарат табысқа қол жеткізіп, пайда келтіруі үшін біраз уақыт керек. Егер біз ақпарат қолымызға тиген сәттен бастап әрекетке кірісетін болсақ, онда алғашқы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сосын барып біз алынған нәтиже жөнінде тұжырым жасаймыз, яғни оның теріс немесе оң, тиімді немесе тиімсіз жақтарына баға береміз; ойлағандағыдай болды ма әлде жоқ па деп ойланамыз. Қолымыз жеткен нәтиженің негізінде бұл тәжірибені ары қарай жалғастыруға болатындығын немесе болмайтындығын анықтаймыз. Содан кейін ғана барып біз келесі ақпаратқа ауыса аламыз. Бірақ мұндай жағдай үнемі бола бермейді. Тәжірибені айтпағанның өзінде, ақпарат алынғаннан кейін де біз әрекет жасап үлгере алмай жатамыз, өйткені қолымыздағы ақпаратты автоматты түрде ысырып тастайтын келесі бір ақпарат пайда болады. Тіпті, сіздің жолыңыз болып, қандай да бір инвестициялық әдістемені пайдалануға ден қойып отырсаңыз да, мен сізге мынандай жағдайды ескерткім келеді: инвестициялаудың белгілі бір тиімді әдісін қолданатын 100 адамның 10-ы ғана қаржылық табысқа қол жеткізеді. Неге? Егер сіздің бойыңызда кез-келген табысты инвестордың аса маңызды құпиясы болмаса, тек біліммен ғана табысқа қол жеткізу мүмкін емес. Байқап отырғаныңыздай, білім немесе оқып-үйрену аса маңызды және негізгі құпия болып табылмайды.

Ақпарат - ол пайдалану жөніндегі нұсқаулық түріндегі тәжірибе ғана.

Ал сіздің осы нұсқаулықты қалай пайдаланатыныңыз инвестордың құпиясын меңгеруіңізге байланысты болмақ.

Тәртіп

Мен сіздерді қажыта бермейін, құрметті достар! Егер сіздің қолыңызда қомақты қаржы болып, қажетті білімді игерсеңіз де, озық әдіс-тәсілдер мен нарық дамуының қолайлы сәтін таңдап алсаңыз да ойдағыдай табысқа қол жеткізе алмайсыз. Өйткені мұнда тәртіпті қатаң басшылыққа алу қажет. Дәл осы қатаң тәртіп қана инвестициялаудағы ойдағыдай табыстың кепілі болып табылады. Адамның, ең алдымен көңіл-күйдің шырмауында жүретін адамның белгілі бір жоспармен ғана тіршілік ете қоюы қиын нәрсе. Күн сайын біздің санамызға алуан түрлі ақпараттардың ағыны дамыл бермейді. Біз тіршілік етеміз, жаңа тәжірибе аламыз, бейтаныс адамдарды кездестіреміз, жаңа мүмкіншіліктерге ие боламыз. Біз күн сайын өзгереміз, басқа көзқарастағы адамға айналамыз. Біздің өзгергіміз келе ме, келмей ме, мәселе, тіпті онда да емес. Біз әлемді және оның бізге тигізер ықпалын тоқтатуға дәрменсізбіз. Егер бүгінгі күні біз өз еркімізбен ойнап жүрген ойынның ережелерін ескеріп отыратын болсақ, онда біраз уақыттан кейін жаңа мүмкіншіліктердің немесе жаңа ақпараттың нәтижесінде ойын басында құрылған жоспарды басшылыққа алуымыз қиын болады. Әлі қолымыз жете қойған нәтижелер жоқ, жуық арада көре қоюымыз да күманды, сол себепті анағұрлым жылдамырақ нәтижелерге қол жеткіземіз деген үмітпен жаңа ақпаратты игеруге ден қойған жеңілірек.

Елестетіп көріңізші, қандай жағдайда болмасын сіз акция сатпайтын стратегияны ойлап таптыңыз. Қор нарығында жағымсыз жаңалықтар құлаққа шалына бастады, үш ай бойына акциялар өзінің құнын 25% -дан астам мөлшерде жоғалтады. Теледидар экрандарынан, ақпараттар сайтынан және брокерден бұл әлі бас жағы ғана, құлдырау әлі де жалғаса береді деген мәліметтер беріліп жатыр. Мұның үстіне және тағы бір жаман хабар қосылады, сізге жан-жақтан қысым көрсетіле бастады. Осы жерде сіздің әрекетіңіз қандай болмақ? Күн сайын қысым көрсетіліп жатыр. Сарапшылардың айтқандары келіп, нарық құлдырап барады. Енді сіз не істеуіңіз керек? Статистика көрсетіп отырғандай, нарыққа қатысушылардың 90% - ы нарықтан кетеді. Осындай жағдайдан кейін көбінесе не болатынын айтып берейін бе? Дұрыс, жаңа стратегиямен эксперименттер жасау. Біздің стратегиямыз ұзақ жылдарға, көптеген жағдайда ондаған жылдарға белгіленген. Осыншама уақыт аралығында өтпейтін, өзгермейтін нәрсе болмайды: ұрыс-жанжал, банкротқа ұшырау, дағдарыс, салықтық наразылықтар, басшыларды қамауға алу, бәсеке саудалар, бірігу және тағы басқалар. Міне, осының бәрі акцияның құнына, әрине, бізге және біздің әрекеттерімізге де ықпал етеді.

Мұнымен қатар, біздің өміріміздің айналасында инвестициялауға тікелей қатысы жоқ алуан түрлі оқиғалар өтіп жатады. Мысалы, сізге аяқ астынан ақша қажет болып қалды, ал сіздің қолыңыздағы жалғыз ғана табыс көзі, ол - қажетті ақшаны тез арада оңай алуға болатын сіздің инвестициялық шотыңыз. Мұндай жағдай алғашқы кезде сіздің инвестициялық жоспарыңызда болмауы да мүмкін.

Тек тәртіпті және психологиялық жағынан орнықты инвесторлар ғана өздерінің көзқарастары мен инвестициялық стратегиясын өзгертпестен ойдағыдай табысқа қол жеткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын бағалау қажеттілігі
Жоба жұмыстарының мерзімін қысқарту
Компаниялардағы бизнес - жоспарлау міндеттері мен функциялары
Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі
Қаржылық менеджмент туралы
Венчурлық кәсіпкерлік
Банктік салым шартының элементтері
«Инвестиция мемлекеттік реттеу обьектісі ретінде»
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Мүлікті бағалау тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz