Түйсік түсінігі туралы


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Түйсік түсінігі
- Түйсік түрлері
- Түйсіктер қасиеті
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Түйсік түсінігі
Материладық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық процестерді түйсік деп атаймыз.
Түйсік процесі қалай шығады ? Ол біздің сезім органдарымызға : көзге, құлаққа, теріміздің сыртқы жағына т. б сыртқы тітіркендіргіштердің (заттың немесе процестердің) әсерінен пайда болады. Мысалы : көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады. Ал ол нерв талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт - бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай сапалы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдайда адам кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сыртқы байланысты шектесе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы несесе ерте жастан мұндай халге душар болған субьектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Сонымен түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші обьектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталды да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайдв болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі -арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі. әр талдағыш үш бөліктен тұрады:
- сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар;
- қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер;
- шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері.
Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецепторлар жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге ие. Мысалы, тері қабатына әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т. б бәрі де пайда болуы мүмкін.
Слнымен түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше әрекетке келу қасиетінен туындап отыр.
Түйсік түрлері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру, түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден - ақ адам өзінің сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бары белгілі. А . Р. Лурияның пайымдауынша, түйсіктер негізгі екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық (қызметіне орай), б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған : интрорецептік, проприорецептік, экстрорецептік.
Интрорецептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі өте қарапайым түрі. Интрорецептік түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіндіріп білу өте қиын, сонымен бірге нақты қозу нүктесіне ие емес, яғни, диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңіл - күй қалпына жақындау келеді.
Пропирорецептік түйсіктер дененің кеңістіктері қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының семіздік негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (тельца Паччани) . Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге ерекше қасиеттерге ие теңестік және тұрақтылық түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары ішкі құлақтың шеңберлі сайларында жайласқан.
Экстрорецептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстрорецептік түйсәктер тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталған екі бөлікке жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуына іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері сезілу мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту, және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте қарапайым шарпулы, (аффекті), толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т. б) ;
2) эпикритикалық жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды (санамен барластыраылатын), яғни адамның негізгі сезім мүшелеріне пайда болатын түйсіктері.
Түйсік қасиеттері
Түйсіктердің әрқандай түрлі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларында шексіз сан алуандығын дәлелдеді.
Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштертің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы сипау, сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.
Түйсіктің тітіркендіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді. Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап тұрған шам кенеттен сөне қалса, көз алдынызда шам орнындағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан.
Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі де тән қасиет. Әрқандай тітіркендіргіштер әсері дене бетінде жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу түйсіктері тітіркендіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді.
Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб, см суды 1 градусқа көтеру үшін 6 жыл қажет екен.
Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіштер белгілі бір сандық деңгейге көрсетілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретінде біздің денемізге әр мезете түсіп, қонып жатқан көзге көрінбес шаң, тозаң түйіршіктерін келтіруге болады.
Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіштер неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігінің бұл әсерлерді қабылдауы соғыұрлым жоғары маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді. (шектен тыс дауыс құлақты жарып жібереді, аса күшті жарқыл көзді тұндырып, кейін жарыққа қарай алмаймыз) . Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күшімен уақыт арасы және т. б)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz